Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының қалыптасуы және өркендеуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Тарау. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының қалыптасуы және өркендеуі . . . 7
1. 1 Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының маңызы мен алатын орыны . . . 7
1. 2 Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының қалыптасуы және өркендеу тарихы . . . 15
2 Тарау. Қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу жолдамасының тәртібі және қосымша тергеу кезеңінде туындайтын сұрақтар барысы . . . 30
2. 1 Қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдану негіздері . . . 30
2. 2 Қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберілуі және оны тергеушіні қабылдауы, тексеру кезенінде туындайтын ағымдық мәселелер . . . 40
2. 3 Қылмыстық істі қосымша тергеуге қацтару институтының жұмыс барысындағы туындайтын мәселелер, оның шешілу жолдары . . . 44
Қорытынды . . . 52
Пайдалынылған әдебиеттер . . . 61
Кіріспе
Тақырыптың өзекті мәселесі . Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істерді сот арқылы, қосымша тергеуге қайтару тәжірибесімен оны жүйелі түрде зерттеу теориясының күрделігінде.
Қазахстанда соттық-кұкұқтық реформаның бірінші кезеңі, өте нәтижелі өтті. Нәтиже көрінісі: 1995 жылы Конституция қабылданды1, Қазахстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу коднксі 1997 жылы 13 желтоқсанда2, «Қазақстан Республикасының судьялардың статусы және сот жүйесі» туралы Конституция заңы 2000 жылы 25 желтоқсан3, және қылмыстық істі жүргізуге бағытталған жаңа қалыптасқан ұйымдардың кұқығын қамтамасыз етуге бағытталған басқада заңдар қабылданды.
Кылмьтстық істі жүргізу кодексінің қабылдануы қоғамдағы сот үрдісі процесін зерттеу ғылымына жаңа актуальді бүгінгі таңдағы, теориялық және сот құжаттарына деген қатынастарды кадағалауды талап етіп отыр.
Оның ішінде, қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың кұқұғын қорғау, үкімнің заңдылығына қойылатын талаптар қойылып Қазақстан тәуелсіз мемлекет деп жарияланған соң, құқұқты қамтамасыз ету жөнінде әлемдік стандартқа сай болуды талап етіп отыр.
Қылмыстық іс жүргізуде жеке тұлғаның құқық қорғау дәрежесі қоғамның өркендеу деңгейіне әкелді, ондағы орын алып отырған қоғамдық қатынастардың арақатынасында негізгі фактор болып саналады. Қылмыстық процесс теориясында қылмыстық істі сот арқылы қосымша тергеуге қайтару институтын зерттеу совет заманында да, кәзіргі уақыттада орын алып отыр.
Бірақ, көптеген сұрақтар, қылмыстық істерді косымша тергеуге бағытталған сұрақтар, ғылымда да, іс жүзінде де, заң орындарында да әлі күнге өз шешімін таба алмай отыр.
Оның ішінде, құқұқтық қағиданы заң жағдайында реттеу, негіздеу және сот арқылы кылмыстық істерді қосымша тергеуге кері қайтару осының бәрін реттестіру аяқталған жоқ.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарында, кейбір талаптар әлі күнге дау-дамай туғызып келеді. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару көп жерлерде, қылмыстық істі тергеуге соттың бақылау элементі ретінде немесе қылмыстық істі тексерудегі соттың басқару формасы есебінде көреді. Көп жағдайларда кылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару ісі судьяларға келеңсіз жағдайлардан шығу жолы есебінде, яғни, кінәліні ақтауға, шешім қабылдауға іс-әрекеттерін жасыруға таптырмайтын жол болып табылады.
Өкінішке орай бұл құбылыс қылмыстық істер жүргізу тәжірибесінде әлі толық жойылып кете қойған жоқ.
Бұл мәселенің қажеттілігі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының № 19 кезекті отырысындағы «Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтаруы» туралы 2001 жылы 13 желтоқсандағы қаулысына4 сәйкес, сот тәжірибесін одан ары жетілдіру ұсыныстарды өңдеу жұмыстарын қылмыстық істі қосымша тергеуге қатысты, керектілігін көрсетіп отыр. Жоғарыда аталған жағдайлар, Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтына ғалымдардың, судьялардың, сот саласындағы қызмет басшыларының, сот отырысы хатшыларының, прокурорлардың, заң орнындағы барлық қызметкерлердің аса көңіл бөлуінің қажеттілігін көрсетіп отыр.
Ғылыми зертеушілер . Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы мына ғалмдардын ой пікірлеріне сүйемдім, Г. М Абдумажидова, В. П Бахина, М. К Белобабченко, В. И Власова, Г. А Ерофеев, Г. И Загорского, З. З Зинатулина, Л. Д Калинкиной, А. М Ларина, Е. Б Мизуалина, М. М Михенко, В. И Федорова, Л. П Исмакаев, В. М Савицки, В. Л Случевский, А. В Смирнова, В. Ф Статкуса, М. С Строгович, Д. С Сусло, Е. К Тарасовой, В. С Тульчиной, Ф. Н Фаткулина, И. Я Фойницкий, М. А Чельцова-Бебутова және тағы басқалар.
Қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу институтына бірнеше пікір таластар жүргізген ғалымдар: В. В Мельников, М. Ч Қоғамов, Б. Я Гаврилов, Х. Д Кушкалиев, А. Р Рыскалиева, Г. Ж Сулейменова, Б. Жаманбаев, К. Б Сейтказинов, Б. Т Булеулиев, К. А мами, А. Ф Аубакирова, А. Н Ахпанов, Ж. И Байшев, К. А Бегалиев, С. М Жалыбин, И. И Рогов, Т. Е Сарсенбаев, Г. Ж Сулейменова, М. С Таткеев, К. Х Халиков, А. Л Хана және тағы басқалар.
Ғылыми дисертациялар жазыла бастады ол, Керимова Күляш Қалимолдайқызының «Қылмыстық істі сотпен қосымша тергеуге жіберудін тарихы және қалыптасу кезеңдері» (2005 жылы) . және тағы басқалар.
Зертеудің мақсаты. Бұл тақырыпты зерттей отырып, мен, алдыма мынандай мақсаттар койдым:
1. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының теориясымен тәжірбиесін толығымен зерттеу жүргізу және оның шешілетін жолдарын анықтау.
2. Қылмыстық істі сот арқылы, қосымша тергеуге қайтару институтының тарихи және осы кезеңдегі сұрақтарына іс-тәжірибелік-құқықтық талдау жасау;
3. Қылмыстық істердің қосымша тергеуге қайтару барысында туындайтын проблемаларға байланысты ғылыми тұрғыдан қарап идеалогиялық жағдаймен салыстыра отырып терең зерттеу және сонымен қатар, қылмыстық процесске қатысушы тұлғаның құқықтық және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
4. Қылмыстық істі қосымша тергеуге кайтаруға негіз болатын жағдайларды анықтау;
5. Институт жағдайына терең талдау жасау тәжірбие жүзінде туындайтын
ішкі карама-қайшылықтардың орын алуын анықтау;
6. Қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтару барысында судьялардың айыптау істерін жүргізуінде тәуелсіздігіне әсер етуші факторларды анықтау;
7. Қылмыстық іс жүргізу заңының іс жүргізу талаптарын жетілдіру;
Бұл қойылған талап- мақсаттарды шешу үшін зерттеу барысында бірнеше объектілерге басты назар аудару қажет.
Зертеудің объектісі. Бұл үшін негізгі болып табылатын бірнеше обьектілерді басты назарға алу кажет :
1. Қылмыстық істі сот арқылы қосымша тергеу жіберу институтының қылмыстық іс бойынша, қылмыстық іс жүргізу заңдарында орын алып отырған заңдылықтарды, сондай-ақ оған қатысушылардың құқығымен заңды мүдделерін қылмыстық процесс кезеңінде қамтамасыз етуші органдардың іс-қимылдары.
2. Қылмыстық сот өндірісі уставының 1864 жылы қылмыстық істерді сот арқылы қосымша тергеуге қайтару институтына және 1997 жылы ҚР ҚІЖК қабылдануына өркендеуіне талдау жүргізу.
3. Сот төрағаларының қатысуымен және сот отырушыларының қатысуында басты сот талқылауында қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруының қажет жоқтығын айту керек соған қатысты заң қарастырылса болады.
Жұмыстың нысаны. Дипломдық жұмыс мыналардан құрылады кіріспеде мақсаттар және объектіс жазылды, екі тараудан тұрады, алты бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер.
1 Тарау. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының қалыптасуы және өркендеуі.
1. 1 Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының маңызы мен алатын орыны
Алдын ала тергеу барысында тергеуші және тексеру органы кей жағдайларда жеке тұлғалардың мемлекеттік маңызы бар, коғамның наразылығын туындатар конститутциялық заң бұзушылыққа жол беруі мүмкін. Заң осы жайларды ескере отырып аталған кемшіліктерді жою, істің мән-жайының жан-жақты, толық, объективті зерттелуін қамтамасыз етуге алдын ала тергеу органдардың жүйесін кұрған. Солардың арасында, ерекше орын алатыны, қылмыстық істерді косымша тергеуге қайтару институты.
Қазахстан Республикасында сот жүйесінің реформаланып-түзілу жағдайында сот рөлінің мықтылығы қабылданатын үкімнің кепілі ретінде, сот талқылауы барысында, маңызды орын алады. Істің айғақты мән-жайларын дұрыс анықтау, қатысушылардың құқықтарын сақтау істің дұрыс шешім табуына септігін тигізеді. Сот ісі өндірісі мен қоса бұл іс-шаралар, адам құқығымен азаматтардың еркіндіктерін қорғау мақсатында бағытталған.
Қүқұқтық әдебиетте, мынадай, тұжырымдама жазылған: «сот үкімінің орындалуы мен сот арқылы қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару ісі өз ара қисынын таппайды»5. Айта кету кажет, алдын ала тергеу орындары, істі сотқа жолдай отырып, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін, дәлелдерді қолдана отырып, жасалған қорытындыларды негіздеуге, соттың негізгі қорытындысы бойынша, қылмыстық істі косымша тергеуге жолдауы қажет (ҚР ҚІЖК нің 303 бап), сот, алдын ала тергеу орындарынан жеткілікті дәлелдер ала алмағандықтан, айғақты үкім шығаруға мәжбүр болады. 6
Әрбір кылмыстык іс, сотқа жіберілмес бұрын мүқият тексеріліп, зерттелуі тиіс. Сот өндірісінің негізгі саласы болмаса да, қылмыстық істі алдын ала тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу процессінің негізгі бөлігі болып қала береді, сол арқылы, соған ұқсас көптеген қылмыстық істер өтеді, және сот өндірісінің жұмысына, жоғарғы сот кеңесінің қалыпты жұмыстарына жағдай жасалуы қажет7.
Судьялардың дәлелдер жинау мүмкіншіліктеріне карағанда, тергеушілердің іс-қимыл шеңбері өте кең. Сондықтан, сотқа сапалы тексерілген, қылмыстық істің түсуі өте маңызды. Бірақ, алдын ала тергеу орындарының, жинақтаған материалдарында қорытынды нәтижесіне ғана, сүйеніп, алдын ала тергеу орындарының берген ақпарларына ғана сүйеніп, сот алқасы істі шешеді десек, қателесеміз.
Сол себепті, істі жаңадан, тексеруге жіберуге, жәбірленуші де, айыпталушы да, оның қорғаушысы да, егер, іс оның жағдайын ауырлатып
жатса, одан бетер, онша ынталы бола қоймйды.
Прокурор да бұны жиі жасай бермейді себебі сот үкіміне кол қоя
отырып, алдын ала тергеу барысындағы жинақталған мәліметтерге қорытындылармен келісетіндігін білдіреді.
Бұл жөнінде, К. Мами-дің ойы өте орынды қазіргі таңда әділ шешім
шығару үшін ақиқатқа жету үшін, бәрін жан-жакты қарау үшін,
сотқа берілген билік арқылы, алдын ала тергеудегі жіберген қаттелікті жою үшін кінәлі адамды соттап жібермеу үшін қосымша тергеуге жіберу аса кажет8.
Сот тексеру барысында бұл, қылмыстық істердің барлық жағдайларын
істің әділ шешілуі үшін барлық іс-қимылдары, амалдарды жағдайларды жаңа жақты тиянақты зерттеу қажет9.
Бұл арада, сот алдын ала тергеу орындарының қорытьшдыларымен
байланысты емес, яғни, қолындағы бар дәлелдермен ғана, шектеліп
қана коймайды.
Сот бұл жерде, алдын ала тергеу барысындағы жинақталған әлелдерге ғана емес, сондай ақ, сот тексеруі барысындағы қатысушылардан бөлек,
басқа да дәйектерге, дәлелдерді зерттеуге мүдделі.
Сондықтан, жоғарғы сот тексеру сатысы, қылмыстық істі тексеру
жөнінен, алдыңғы қабылданған шешімдерді тек тексеріп кана қоймай,
заңдылықтарын, сот өндірісіндегі атқарушы адамдардың, алдын ала
тергеу амалдарын жүргізуші адамдардың, заңға сәйкес іс-кимылдарын қадағалау.
Яғни, бұл сатыда, тергеу істерін жүргізу туралы сөз козғау орынсыз.
Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық істі жүргізіп отырған тергеушінің, сол іс бойынша сұрақтарға, ұғымының қалыптасуына едәуір әсерін тигізеді.
Осыдан қорытындылай келе, әділ сот үкіміне, тексеру амалдары кезең-
індегі жауап- дәлелдердің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.
Ал жағдай бұл жерде мынадай, аудандык соттар, баяғысынша үкім
шығаруда батылдық көрсетпей отырып іс материалдарына қарап, айыпталушыны ақтауға бола тұра, керісінше қолдағы бар дәлелдерге
ғана сүйеніп, ақтау үкімдерін шығарады, оның төрттен бір бөлігі, одан соң, жоғарғы сот өкілділігімен кейінге қалдырылады немесе
канағаттандырылмайды, күшін жояды.
Мұндай шешімдердің көпшілігі істі қосымша тергеуге заң талаптарынын өрескел бұзылуына әкеліп соқтырады.
Қабылданған қаулының үштен бірі, жоғарғы сот өкілеттігімен күшін
жоюы тектен-текке емес. Оның үстіне, көптеген судьялар, бұл көп жағдайда орын алып отырады, нашар жүргізілген істі соза береді.
Жағдай күрделене түседі және прокурордың нашар бақылауында болады,
Керісінше сот кезінде, айыптау жағын қолдап шыға келеді.
Аталған жағдайлар қылмыстық іс жүргізу аумағында елеулі кемшіліктердің орынның алып отырғанын дәлелдейді.
Қылмыстық іс практикасын зерделей келе, заң тұрғысынан алғанда, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтына, қылмыстық процесс теориясында, бірыңғай түсініктің болмауы үлкен қиындық тудырып отыр, аталған институтқа, бірыңғай бетбұрыстың жоқтығын дәлелдейді.
Бұл туралы түсінік авторлардың ойы бойынша әртүрлі мәлімдемелерге
тоғысады және бірнеше топқа жіктеуге болады.
Т. Е. Сәрсенбаевтың, А. Л. Ханның пікірінше: «тергеуші сот үкімінің
қиын жағдайға бағыт алмауын қатаң қадағалауы кажет, егер, айыптау қорытындысында, мына мәселелер расталмаса, қылмыс соңының ауыр жағдайларға соқтыруы, келтірілген шығынның көлеміне, мінездемесіне қарайдалыптасқан жағдайдың жауапкершілігіне байланысты, сот нақты дәлелдердің жоқтығына байланысты істі қосымша тергеуге жолдауға мәжбүр болады»10.
Л. И. Башкатовтың, Г. Н. Ветрованың, Г. Д. Донецконың, В. И. Зажицкийдің, В. И. Шестаковтың пікірлерінше: «қылмыстық іс жүргізу барысында, толық дәлелдер көрсетілмеген жағдайда, сот отырысының тыңдау алқасына ұсынуға жарамсыз жағдайда немесе қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде, бұзылғандығына байланысты, сондай ақ басқа да, дәйекті негіздер болмаған жағдайда, судья, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруға шешім кабылдайды11.
В. П. Божьевтың пікірінше: «қылмыстық іс материалының толық жиналғандығы, судьялар арқылы, сот алқасының отырысында өз шешімін табады. Бірақ, сот отырысында, бұған дейін белгілі болмаған
жағдайлар, ақпараттар, алдын ала тергеу орындары немесе тергеу бөлімдерінен келіп түсуі мүмкін, бұларды соттың іс жүргізу барысында, атқаруы мүмкіншілігі жоқ. Бұл жағдайда, істі қосымша тергеуге қайтару қажеттілігі туындайды». 12
А. С. Кобликовтың пікірінше: « сот тергеуіне жолданған қылмыстық істер, сотқа дейінгі тергеу өндірісінде, қылмыстық іс жүргізу занының елеулі түрде бұзылғандығына байланысты, қосымша тергеу өндірісіне жолдануға әкеп соқтырады, бұл, сот отырысында, орындау мүмкіндігі болмағандықтан, судья істі прокурорға, қосымша тергеуге кемшіліктерін, іс барысында кандай амалдарды терең, зерттеу қажеттілігін нақты, ашып жазып жіберіп, қосымша қандай іс-қимылдар, жасау керектілігін көрсетеді» 13.
П. А. Лупинскийдің пікірінше: «сот қылмыстық істі тексеру барысында қылмыстық істі қосымша тексеруге бағыттарын анықтауға үкім шығарады», сондай ақ, «сот тексеру барысындағы, осындай шешімге негіз болған жағдайда, ғана шығарылады.
Сот тексеруі басталғанға дейін, яғни, сот тексеру алдындағы дайындық бөлімдерінде, сот істі қосымша тергеуге, қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылған жағдайында, ғана бағыттайды»14.
Г. И. Загорскийдің пікірінше : «сот қылмыстық істі қосымша тексеру өндірісіне нақты, дәйекті дәлелдер, алдын ала тергеу орындарында анықталмаған жағдайларда қайтаруына болады, және сот отырысында бұл жағдайлар атқарыла алмауына байланысты»15.
К. Ф. Гуценко былай тұжырымдайды: «судьяның міндеті, өз аулысында, істін қандай негіздерге сүйеніп қайтарылғанын, және қандай мәселелердің жете анықталуы қажеттілігін ашып көрсету»16.
А. Т. Рыжаков болса: «қылмыстық істің косымша тексеру өндірісіне қайтарылуы судьялардың, ост отырысы сатысындағы, шешімдерінің бірі деп қана қабылдайды17.
И. Я . Фойницкий болса, сот өндірісі сатысындағы бұл институт туралы атамайды да. Оның пікірінше: «айыпталу функциясы, айыптаушыда, оған соттың араласуы, іс барысына кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, сот төрағасы да, сот коллегиялары да, тергеушіге айнала алмайды»18.
Ю. А. Воробьевтың пікірінше, қосымша тергеу барысындағы, реттеуші сұрақтар талаптары ерекшеленеді, бір жағынан керек емес қайталаулар көбейеді, ал, екінші жағынан, бір-бірімен тіл табысуы жақсы болмайды, түсініспеушілік туады мұндай талаптардың әр-қилы болуы, құқықтану тәжірибесінде қиындықтар туғызады. Оның пікірінше, қылмыстық істі қосымша тексеруге кайтару барысындағы, шешілуге тиісті мәселелер, «теориялық тұрғыдан қарағанда косымша тексеру іс барысындағы шұғыл шешім болып табылама»19.
Қорыта айтқанда, көпшіліктің пікірін, тұжырымдай келе, қосымша тергеуге қайтарылған қылмыстық іс, «сот өкілеттіктеріне, сондай ақ, алдын ала тергеу органдарына, қосымша тергеу өндірісінің немесе, оперативтік- іздестіру қимылдары бөлімінің қажеттілігінің ерекше екендігінде».
Республиканың жеке тұлғалы заңгерлері, істің қосымша тергеуге қайтарылуы, «соттардың намысына тиетін іс-әрекет деп біледі, мұнда, соттардың іс-қимылдарын қаралайтын астар бар, деп ұғындырады».
Ш. Андарбековтың пікірінше, «судья күмәнді адамның, кінәлі екендігін дәлелдей алмаған жағдай да, ол, өз өтініші бойынша, істі тоқтатуға тиісті» 20.
С. Амангалиев болса, : «тергеу органдарының кәсіби жарақталғанын ескере отырып, жапа шегуші жаққа да, заң орындары атқарушыларға да, әр бір нашар жүргізілген іс үшін, ақталу үкімін шығара бергеніміз, әділдік емес, ал, соттан тілегіміз- дәлелдер жинақтай беруді жедел түрде тоқтатсын»21 .
Сонымен, жоғарыда келтірілген пікірлерді жинақтай келе, қорыта айтқанда, қылмыстық істі қосымша тергеуге кайтару институтының маңызы жайлы, бүгінгі таңда, қылмыстық құқық ғылымында, бұл институтқа деген дәйекті, нақты, ғылыми тұжырым жоқтығын көріп отырмыз. Жоғарыда келтірілген авторлардың пікірлеріне сүйенсек, жалпы негіздерін, мақсаттарын, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару бағытындағы орын алған жағдайлар келтірілген . Сондықтан, мынандай қорытындыға келуге тура келеді:
1. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институты- қылмыстық іс жүргізуші құқық институты, қылмыстық іс жүргізу барысындағы талаптар жүйесіне сай нақты іс жүргізетін, прокурордың, соттын, судьяның, сот сатысындағы атқаратын жұмыстарын нақты тағайындайтын, тексеру барысындағы, жасальшған қылмыстың накты дәйектеріне, дәлелдеріне сүйенген, және қылмыстық іс жүргізу барысында, заң ережелерінің қатаң сақталуын қадағалайтын сот барысындағы кемшіліктерді, аяқталуына кедергі болатын жағдаяаттарды жоятын институт.
Мен, ҚР ҚІЖК-нің жалпы бөлімінің 7 бабына қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберудің анықтамасын ендіруді ұсынамын, себебі онда, қылмыстық істі қайта қарау жайлы нақты дәйектер жоқ.
2. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтын, ҚІЖК-нің құрамында сақтау кажет, себебі, ол, өзіне қойылған барлық талаптарды түгел орындады, және, өзін көрсете білді оның іс жүргізу формаларын жетілдіре түсу қажет.
З. Сот арқылы істі қосымша тергеуге кайтару үшін тарптардын арыздары мен үлкен мативті көрсету кажет.
1. 2 Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының қалыптасуы және өркендеу тарихы.
Сот реформасының қарқынды өркендеу кезеңінде, мемлекеттегі, сот жүйесінің, кемшіліктері мен құнды жақтарын, егжей-тегжейлі, талдау жасауы қажет, және өте маңызды.
Отандық сот өндірісі мен сот құрылымы жөнінде, негізгі қорытынды
ретінде, 1864 жыл сот реформасы боп келеді, және отандық сот өндірісі
тарихында, ерекше орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz