Әлеуметтік-экономикалық қатынастар


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

I. ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР МЕН КАТЕГОРИЯЛАР

Хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қарасүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед (632 жылы өлген) пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана ақсүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бәрі қарасүйек саналды. Қоғамның тектік-топтык белгілері бойынша бөлінуі мен осы белгілермен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принципі қатаң түрде дәйекті сақталды.

Қазақтарда сұлтандар ақсүйек топ деп саналып, қарастырылып отырған кезде қазақ қоғамының ең ықпалды саяси күшіне айналды. «Сұлтан» деген сөзбен бастапкы кезде жоғарғы билік - әміршілдік, үстемдік, сондай-ақ өкімет, үкімет туралы жинақтаушы ұғым білдірілген. Бұл термин ерте дегенде X ғасырдың орта шенінен бастап азаматтық биліктің, патшаның жеке атағын иеленушіге де қолданыла бастады: бұл сөзді алғаш рет ресми түрде пайдаланып, теңгелерде белгі салғандар салжұқтар болатын. Осман империясында патша сұлтан деп аталды. Қазақстан мен Орта Азияда, бері дегенде, көшпелі өзбектер кезінен (XIV ғ. ) бастап, «сұлтан» деген сөз Шыңғыс-ханнан таралған әулеттің кез келген мүшесінің атағы болды.

Шыңғыс-ханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе оғлан термині қолданылған. Алайда, «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды - жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, атап айтқанда, чиновниктер мен қазы, билерді де білдіру үшін қолданылған.

Шыңғыс ұрпақтарының балалары туа салысымен құқық бойынша атақ қана емес, сонымен бірге осы әлеуметтік топқа әлеуметтік жағдайларына қарамастан, мирасқорлық жолымен тиесілі құқықтарды да, сондай-ақ белгілі бір адамның адамгершілік, ақыл-ой және дене қасиеттерін де алып отырған. Хан тағын жеке иелену құқығы тек Шыңғыс ұрпақтарында ғана болған, олар үшін билік жүргізу құқығы тегі бойынша өздеріне табиғи тән белгі еді. Бұл орайда Шыңғыс ұрпақтарының іс-қимыл аясы орын алған этникалык немесе мемлекеттік шекараларға байланысты болмаған: Шыңғыс ұрпақтарының әрқайсысы өзінің Шыңғыс-хан ұрпақтарының нақ қай әулетіне жататындығына қарамастан, монғол империясының дәстүрлері азды-көпті дәрежеде әлі де сақталған кез келген жерде хан атағынан дәмелене алатын еді. Қазақ болуы. Оның үстіне бұл тәуелділік мейлінше толық болатын және «Жеті жарғы» бойынша, құлды тірі қалдыру мен өлтіруге оның иесі ғана билік еткен. Сонымен кез келген еркін адамның меншігі болып табылатын құл өз мырзасына қызмет етіп қана қоймай, одан тамақ, киім-кешек түрінде белгілі бір сыйақы алып отырған.

Сөйтіп, хандық кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-бірімен тығыз және жан-жақты байланыста болған сословиелік топтар мен жіктердің иерархиялық жағынан ұйымдасқан әлеуметтік құрылымы болды. Әлеуметтік иерархияның жоғары сословиесін сұлтандар мен қожалар құрады. Шыңғыс ұрпақтарынан тарайтын текке жатпайтын рулық-тайпалық шонжарлар бір саты төмен тұрды. Қоғамдық сатының төменгі сатысын қатардағы көшпелі-малшылар құрады. Құлдар ерекше топ болды.

Барлық әлеуметтік иерархияның ең биік хан атағы берілген адам еді. Тек сұлтанды ғана хан жариялауға болатын. Ғұрыпқа сәйкес хан атағын алатын тектің үлкенінде басымдық құқық болған, мысалы, ханның інісі өз немерелерінің, хан ұлдарының бәрінен үлкен деп саналды. Бірақ бұл ғұрып жиі бұзылып тұрды. Шынына келгенде, жоғарғы билік әкесінен баласына көшіп отырды. Алайда бұл тәртіп әрқашан да қатаң сақтала бермеген. Тақты мұралану тәртібінің заң мен қатаң бекітілген ережелерінің болмауы себепті бірнеше сұлтандар арасында жоғарғы билік үшін күрес жиі болатын және хан өлгеннен кейін әр уақытта дерлік далада аласапыран туып отыратын. Қазақ хандығының тарихында Қасым хан, Тахир хан, Шығай хан, Есім хан өлгеннен кейінгі кезендер сондай аласапыран уақыттар болды. Сонымен бірге билік құрушы сұлтандардың біреуінің хан атағын алу реттері сирек кездеспейтін. Сондықтан қазақ ұлыстарындағы жағдайды жақсы білетін авторлардан «қазір Дешті хандарының ең үлкені және аса белгілі басшылары» нақ мыналар деген нақтылауды кездестіруге болады. Кейде хандықтағы жоғарғы биліктіпт генеалогиялық дәстүр мен мұрагерлік принципін бұза отырып, билік етуші әулеттің үлкен тармағынан кіші тармақ өкілдеріне ауысып отырған.

Жаңа әміршіні таққа көтерген кезде дәстүр бойынша ақ киізге салып көтеретін ежелгі ғұрып сақталған хан жарияланатын сұлтан оның ниетінің тазалығын, оның шыққан тегі мен байлығын көрсететін жұқа ақ киізге отыр-ғызылып, хандықтың сұлтандар мен билерден тұратын ең беделді адамдары оның шетінен ұстап үш рет көтеріп: «Хан ! Хан ! Хан !» - деп айқайлаған. Хан отырған ақ киіз дала шөбіне тиер-тиместе оны жүгіріп келген топ ұстап алып, тағы да көтеріп, киізді жерге түсірген. Сонан соң тақ сияқты болған киіз быт-шыт етіп жыртылып, әрбір адам өзінің салтанатты түрде хан жариялауға катысқанының ескерткіші ретінде бір жұлымын алып кетуге тырысқан. Салтанатты түрде, тәртіппен басталған бұл ғұрып көп күнге созылған думанды тоймен

Қоғамдағы хан билігінің сипаты орта ғасырлардағы деректемелерде жалпы белгілері жөнінен былай белгіленеді: хан өз бодандарына «анасының» балаларына қамқорлық жасайтыны сияқты қамқор болуға міндетті, ал бодандары ханды «өз әкесіндей» көріп, оған шын көнілмен бағынуға тиіс. Егер нақты айтатын болсақ, хан билігі белгілі бір құқықтармен белгіленді және бірқатар міндеттер атқаруға байланысты еді. Ханның бұл құқықтары мен міндеттері кем дегенде бесеу болатын.

1. Билік етуші әулеттің басшысы және барлық қазақ тайпаларының жоғарғы сюзерені ретінде ханның бүкіл хандық аумағына, ұлысқа қарасты барлық жерге жоғары дәрежеде билік ету құқығы, оның негізгі қызметі мең басты міндетінен - елді сыртқы жаулардан қарумен қорғауынан туындайтын құқығы болды.

Соғыс жариялау және бітім жасау құқығы тек ханға ғана берілді, мұның өзі әскерлердің жоғарғы басшысы міндетінен туындайтын еді.

Ханның шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге жоғарғы дәрежеде
құқығы болды, мұның өзі мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеу
міндетінен туындайтын.

Ханда өзіне бағынышты адамды өлтіру немесе тірі қалдыру құқығы -
оның жоғарғы билік міндетінен туындайтын құқығы болды. Ханның бұл құқығы мен міндеті қазақтардың «Жеті жарғы» құқық нормаларында айқын көрсетілген.

5. Сондай-ақ, ханда заңдар және қоғамның барлық мүшелері үшін міндет бұйрықтар шығару құқығы - оның сол кездегі қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтау міндетінен туындайтын құқығы болды.

Дала әміршісінің төңірегінде әрқашанда көптеген көмекшілер, кеңесшілер, әскербасылар топтарын, сондай-ақ жасақ (оның өзін, оның отбасын және мал-мүлкін күзетуді қамтамасыз еткен) және қоңсылары (ханға күнделікті тұрмыста қызмет еткен) болғаны айтылатын деректемелердің тікелей мағлұматтары бар. Бірақ сонымен бірге деректемелерде хан сарайлары туралы, жалпы қазақ хандарының XVII ғасырға дейінгі тұрақты тұратын жері туралы ештеңе айтылмайды. Қазақ хандарының үкіметтік қызметі, тым болмағанда XV-XVI ғасырларда, бұрын болып келгеніндей, қырдағы көшіп-қонатын қоныстарда жүргенде жүзеге асырылған. «Бұл елде король мен ақсүйектер, деп жазған, мысалы, И. Шильтбергер XV ғасырдағы Дешті Кыпшақ туралы - қысы-жазы өзінің әйелдерімен, балаларымен және табындарымен бірге көшіп-қонып, өзінің басқа да бүкіл байлығын алып, осы бір мидай тегіс далада бір жайылымнан екіншісіне кезіп жүретінін атап өткен жөн».

XVI ғасырда қазақ хандарының бір жайылымнан екіншісіне аттан түспей үнемі дерлік көшіп жүргенін Мұхаммед Хайдардың төмендегі мағлұматына қарап та аңғаруға болады, онда Қасым ханның жесірі Тахир ханға қартайғанын және далада жүруге шамасы жоқтығын сезінетінін айтып шағынған. «Мен, - деген ол, - қалған өмірімді қалада, тыныш әрі алаңсыз бір жерде өткізе алуым үшін, мені өзімнің жиенім Сұлтан Саид ханға апарып тастағаныңды қалаймын».

Ханның ұлыстарды үнемі аралап жүруін оның жоғарғы билік, басты қорғаушы міндеттерін атқару қажет екендігі де, сол кездегі қазақ хандығы бодандарының негізгі бұқарасы тұрмыс салтының өзі де талап етті. Хандық экономикасына көшпелі мал шаруашылығы сипатты белгі болғаны жоғарыда атап өтілді: соған сәйкес халықтың көшпелі бөлігі үшін салық жүйесі өнім беру мен өзара есеп айырысудың өзіндік түрлерімен белгіленді. Ал ханның пайдасына жыл сайын алымды көшпелі малшылар нақтылай түрде төлейтін болғандықтан, көшпелілердің басшысына сол арада, жергілікті жерде өз малын, өзінің «басқа да байлығын» еселей түсу үшін, іс жүзінде бір орталык болмағандықтан, оған апарып бере алмайтын азық-түлік қорларын пайдалану үшін болса да, ұлыстарға барып жүруге тура келді. Көшпелілердің жоғарғы басшысы өмірінің осында суреттеліп отырған кұбылысын Дешті Қыпшақтың көшпелі өзбектерінің басшысы Шайбаниханның «Михман-наме-ий Бұхара» үстінде отырған. Егер жай қазақ мақтанып, өзін сұлтан деп атаса, оған 15-тен 30-ға дейін қамшымен дүре соғылып жазаланған. Ал егер карасүйек адам өзін сұлтан тұқымы деп, сұлтанның қызына немесе оның туысына үйленсе, оған толық құн төлеттірген, яғни ер кісіні өлтіргені үшін құн төлеумен белгіленетін жаза қолданылған.

Шонжар ақүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталды. Сұлтандар мен қожалардан айырып, қарапайым адамдардың әр түрлі категорияларын атау үшін бірнеше термин: қараша (караджи), қара кісі, кұл-құтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды.

Деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қараша - өзіндік және мүлік құқықтары бар заң жүзінде еркін адам. Жеке басы еркін көшпелі өз қалауы бойынша мүлікті мұраға калдырып, куәлік айғақтар бере алатын еді және т. б. құқығы болды. Әлеуметтік және қоғамдық жағдайы әр түрлі адамдарға заң бойынша заңдық жағынан әр түрлі мән берілгенімен, қатардағы көшпеліні өлтіруге жаза қолданылды. Бірақ еркін адамдардың жеке бас бостандығы мен мүлік құқықтарын қорғауды мемлекеттік аппарат емес, түгелдей ру мүшелерінің ынтымақтасуы жүзеге асырды; билер арқылы жүзеге асырылатын мемлекет, мысалы, өлтірілген адамның туған-туысқандарына қанға-қан алу құқығын, ұрлық үшін барымта құқығын және т. т. қамтамасыз етті. Сөйтіп, жеке адамның ру бөлігі ретінде ғана мағынасы болды, ру ғана заңды тұлға еді. Құқықтарды жүзеге асырудын көшпелі тұрмыска тән осы әдісі руы безінген адамның сол арқылы мүлде қорғаусыз болып шығуына, заңсыз болып қалуына әкеп соқты.

Ақсүйектер тегінен айырмашылығы қарасүйектер өкілдерінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қазақтардын барлық тайпалары үш жүзге: Ұлы жүзге, Орта жүзге және Кіші жүзге біріктірілді. Революцияға дейінгі тарихи әдебиеттерде орыс тіліне ерте кезден енген «орда» термині қолданылған.

Бұл арада жүздер тегін айтылып отырған жоқ. Қазақтардың хандығында қоғамдық құрылыстың негізгі принциптерінің бірі рулар мен тайпалар иерархиясы болды. Жекелеген қарасүйек өкілдерінің әрқайсысының қоғамдық жағдайы, ол ата-бабасынан би немесе қатардағы көшпелі болсын, тиісінше оның руы мен тайпасының артыкшылық дәрежесімен анықталған. Үш жүздің болуы қазақтар қауымдастығын маңызына қарай терең белгіленген қауымдастыққа айналдырды. Этнографиялық байқауларға қарағанда: 1) жауынгерлік саптағы орынның белгіленуі кезінде; 2) соғыс олжаларын бөлісу кезінде; 3) үйге кіру және орналасып отыру кезінде; 4) салтанатты ашу кезіңде; 5) конақта және тойларда табақ тарту кезінде үлкендік тәртібі сақталып отырған.

Қазақ қоғамында, әрине, адамдарды мүліктік жағдайына қарай бай - кедей деп бөлу де орын алған. Ибн Рузбиханның айтуынша, «арбалы үйді» қоса алғанда, малының саны мен жылжымалы мүлкі көп кез келген «ықпалды бай адам» бай деп аталған. Ол кезде байлық биліктен бөлінбейтін еді, ал «дала адамдары», Мұхаммед Шайбани ханның айтуынша, «қойды көбейту арқылы аз уақыт ішінде көп байлық жинауға және осы бір ұшы-қиырсыз далада ұсақ мал өсіру арқылы мол дәулетке жетуге барынша күш-жігер салып, соның жайын ойлайды». Қазақтардың ірі байларының ондаған арбалы-үйлері, жүздеген түйесі, сан мындаған қойы және 15, 18, тіпті 26 мың жылқысы болған. Мал иеленушілер үшін байлық мақтаныш пен дақпыртты даңқ үшін қызмет етті.

Көшпелі қазақтарда байлар қоғамның едәуір басым бөлігі болды. Алайда бұл арада байлардың ерекше тегі болмағанын, сұлтаңдар арасында да, билер арасыңда да, қатардағы көшпелілер арасында да байлар болғанын ерекше ескерте кеткен жөн. Басқаша айтқанда, байлар қоғамның әлеуметтік жағынан біртектес тобы болған жоқ. Сөз жоқ, материалдық игіліктің молдығы зор пайда келтіріп, қоғамдағы беделді айқындап отырды. Солай бола тұрса да, ерекше саяси құқықтар дәулеттің мол болуымен байланыстырылмады. Жекелеген байлардың қоғамдағы орны олар жататын тектің орнымен айқындалды. Мысалы, әлдебір сұлтанның экономикалық жағынан тіпті қайыршы болуы да мүмкін еді, бірақ ол қоғамның сол әлеуметтік тобының үнемі бірлесіп иеленуіне заң бойынша берілетін барлық құқықтар мен артықшылықтарды пайдаланатын.

Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары -билердің ғана ерекше құқықтары болды, Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде XV ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі монғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді.

Билердің (бектердің) ықпалы өздері басқаратын рулардың адам санының басым және қуатты болуымен де, тегінің ежелден келе жатқандығы және айбыңдылығымен де айқыңдалды. Қазақ ұлыстарының билері кейбір құқықтарды пайдаланды: өздерінің қол астындағы рулар шегінде сот және әкімшілік билігі де, әскери билік те (ханды қоспағанда) тек билердің ғана қолында болды. Бұл билік билерге белгілі бір саяси салмақ берді, ол билердің сұлтандар мен қатар жыл сайын шақырылатын «халық жиналысына» бірге барып, жалпы мемлекеттік істерді шешуге қатысуынан көрінді. Ен ықпалды рубасылары хан жанындағы «билер кеңесіне» кірген.

Хандықты басқару жүйесіндегі маңызды буын болған билер, сонымен, кем дегенде төрт міндетті: әскербасы, әкімшілік адамы, би және дала ақсүйектерінің өкілі міндеттерін ұштастырып отырған. Билер - алыста қалған уақыттың мирасқорлары, олардың бүкіл басқару міндеттерін мейлінше етене меңгергені сондықтан. Өйткені Дешті Қыпшақтың билері Шыңғыс ұрпақтарынан да ертеректе болған. «Ұлтқа жатпайтын» текті Шыңғыс ұрпақтарына қарағанда, билер, былайша айтқанда, «ұлттық» ақсүйектер, әлеуметтік қарасүйек тобының бетке шығарлары саналды.

Көшпелі қазақтар қоғамыңда ақсүйектер мен қарапайым адамдардан, байлар мен кедей, бірақ жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған. Құлдарды толықтырудың негізгі көздері: тұтқынға түсіру, құл саудасы, борышын өтей алмаушылық еді. Заң жүзінде құлдар қоғамның ең құқықсыз тобы есептелді. Еріксіздік жағдайының өзі құлды құқығы бар адам артықшылығынан айырды, оны зат, мал қатарына қойды. Құл куә бола алмады, қожайыны барынша қаталдық жасаса да, ол жөнінде шағым жасай алмады. Құлдар өз қылмыстары үшін жауап бермеді. Құлдардың жасаған Қылмыстары үшін олардың иелері жауап беріп, олар зардап шеккен жаққа құл жасаған залалды өтеп отыруға міндетті болды. Өз кезегінде, кұлдарға катысты істер билер сотында қаралмады. Еріксіз құл жасаған әрекеттердің барлық турлері үшін жазалау шараларын кінәлінің Қожайыны белгіледі. Кұлдар ешқандайда мемлекеттік міндеткерлік атқармады. Барлық құлдарға тән, оларды қоғамның басқа топтарынан ерекшелендіретін жалпы белгі - қожайындарға жеке тәуелді ұлыстарында Шыңғыс ұрпақтарының, мысалы, бірде қарақалпақтар мен қырғыздардың падишахы, бірде Бұхара мен Хиуаға қойылған хан рөлін атқаруы сондықтан. Бұл орайда сұлтаңдардың өздері қазақ та, өзбек те болмағанын, өздерін түрік-монғол тайпаларының ешқайсысына жатқызбағанын, буындарға бөлінбегенін атап өткен маңызды. Олар тегі жөнінен Шыңғыстан тарағандар, яғни Шыңғыс-ханның еркек кіндікті, билік жүргізуге мирасқорлык алған ұрпақтары болды. Шыңғыс ұрпақтарының генеалогиялық құқыққа ғана негізделген, мазмұны мен сипаты жағынан саяси билігінің ұлттық мәні болған жоқ.

Қазақ ұлыстарының сұлтандары жалпы мемлекеттік басқаруға қатысу құқықтарын қазақ қоғамының барлық топтары мен жіктеріне қатысты істерді жүргізетін жиналыс - жыл сайын шақырылып тұратын құрылтайға жиналу арқылы жүзеге асырып отырған. «Жеті жарғы» тармақтарының бірінде былай делінген: «Ханның өзі, сол сияқты сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен

билеушілері халық істерін талкылау үшін күзді күні даланың ортасыңдағы бір жерге жиналып отыруы керек».

Қазақтар дала мемлекеттілігінің дәстүрлерін сақтап қалды және Шыңғыс-хан ұрпақтарының әрбір ыкпалды сұлтанның бір ұлысты билеу жөніндегі орныққан құқықтарын теріске шығармады. Қазақтардың XVI ғасырдағы әкімшілік-саяси құрылысын Ибн Рузбихан белгілі бір әр ұлыста өздерінің толық билік жүргізетін сұлтаны бар, ол өз халқымен бірге белгілі бір жерде, «байырғы жұртында» жүреді деп сипаттайды. Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзіңде жайылымдарды, су көздерін және т. б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді.

Сонымен, сұлтандар билігінің белгілі бір саяси және аумақтық маңызы болды, бірақ, дәстүрлі түсініктерге сәйкес, әрбір жеке сұлтанның билігі оның өз басының хандықты бірлесіп басқаратын билеп-төстеуші текке жататындығымен айқындалды, ал ол текке жатпаған жағдайда оның билігінің аумақтықта, саяси да мәні болмады. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленушісі емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. Сол кездегі саяси ой-пиғылдар санатына сәйкес, барлық жердің жоғарғы меншіктенушісі жалпы билік етуші әулет болған, яғни ұлыс аумағы барлық Шыңғыс ұрпақтарының тектік-топтық меншігіне қарады, бірақ нақты бір кезеңде жоғарғы дәрежеде басшылық етуді олардың біреуі - билеп-төстеуші әулеттің басшысы, яғни хан жүзеге асырды, бұл орайда оның жеткілікті дәрежеде күшті болуы, ұлыс аймағына билік етуге құқығы да, сұлтаңдарды иеліктерінен айырып, оны басқа бір сұлтанға беру құқығы да болуға тиіс еді.

Шыңғыс ұрпақтарының генеалогиясына байланысты саяси мән-мағынасы барлык сұлтанды басқа да қоғам мүшелері алдында артықшылықтар беретін бірқатар занды принциптер туғызбай коймайды, ал осы ерекше артықшылықтар, атап айтқанда, хаңдықта қолданылған заң бойынша белгілі бір қылмыс үшін әр түрлі әлеуметтік топ адамдарынын. түрліше жазалануынан, ренжітіп, қорлағаны үшін әр түрлі жазаға тартылуынан байқатады. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті жарғы» қаулыларыңда, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның кұнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамының түрлі топтарының жауапкершілігін бағалау жөніндегі бұл теңсіздік заңнан олардың жағдайында да тендік болмауы туындады: сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерлік атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтаңдарының «Арқар» деп айтылатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық - қарасүйектердің колдануына болмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
Құқықтық сана түрлері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат
Салықтық құқықтық нормалар
Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары
Қаржылық құқық. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz