Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар


Жоспар
1. Іскерлік әңгіме
2. Іскерлік қарым-қатынас
3. Іскерлік қатынаста қаратпа сөздердің қолданылуы
4. Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
5. Іскерлік кездесу
6. Еңбек келісімі
Пайдаланған әдебиеттер
Іскерлік әңгіме
Үлкен бір істі жүзеге асыру барысында іскер адамның алдында сол іспен айналысып жүрген басқа мекеме адамдарымен қарым-қатынас, іскерлік келіссөздер жүргізу міндеті тұрады. Іскерлік келіссөзге отырмас бұрын қолға алынатын іс жөнінде, ол істің екі жаққа пайдалы тұстарын айқындау үшін іскер адамдар кездесіп, мәселесін жан-жақты зерттеу мақсатында іскерлік әңгімелер жүргізеді. Іскерлік әңгімені жүргізудің көптеген жақсы қалыптаскан әдіс-тәсілдері бар.
Орнымен айтылған қалжың, әзіл әңгіменің өзі арадағы қатынасқа жаксы өсер етіп, әріптесіңмен тіл табысуға жәрдемін тигізеді. Сонымен қатар қалжыңың мен әзіл әңгімеңнін негізгі тақырыбы талкыланатын іске жақын болса, ол алдағы болатын әңгіменің өзін сол арнаға бағыттауға ықпал етеді.
Маңызды сұрақтарды талқылайтын тығыз уақыттағы кездесулерде, істің мақсаты мен мәнін қысқа, дәлелді тұжырымдап, бірден негізгі мәселеге көшу орынды.
Мәлімет алмасу барысында өз ойыңның нақтылылығына, жүйелілігіне, сонымен қатар сөйлеу мәнеріне баса назар аударып отыру керек. Өзіңе қажетті мәліметтер алу үшін, әңгімелесушіге орнымен сұрақ қоя білу де қажет. Алайда әріптесіңнің кейбір "қитұрқы" сұрақтарына да жауабыңның дайын болуын естен шығармау керек. Әңгіме тізгінін әрқашан өз қолыңда ұстасаң, әріптесің де әңгімеге белсенді түрде араласып отырады. Талқыланып отырған мәселенің өз пайдаңа шешілуі - сенің әңгімені жүргізе білу шеберлігіңе байланысты.
Әңгіме барысында әріптесіңе сұрақ қоюда сұрақтың мақсатына қарай мына сөз орамдарын пайдаланған орынды:
Кіріспе сұрақ. Сұрақтың бұл түрі әңгіме басталар алдында, әріптесіңнің талқыланатын мәселеге қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылады. Мысалы: "Қазіргі кезде оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі кезек күттірмейтін іс болып тұр. Біздің мекеме бұл істі шешуді өз мойнына алады. Бұл орайда сіздердің ұстанған бағыттарыңыз қандай?"
Нақты сұрақ. Ә ріптесіңді сөзге тарту үшін: "Бұл мәселе туралы сіз не ойлайсыз?" "Бұл жайында сіздің ойыңыз қандай?" "Сіздің көзқарасыңызды білгім келеді?" "Сіз қалай есептейсіз?" деген сұрақтар арқылы оны әңгіме тақырыбына жетелеп отыру керек.
Балама сұрақ. Мұнда әріптесіңе сұрақтағы жауаптың бірін таңдауына мүмкіндік бересің. Мысалы: "Сіз бұл мәселені қашан шеше аласыз? Ертең бе, әлде жұма күні ме?"
Мақұлдау сұрақ. Бұл сұрақты өзара түсіністікке қол жеткізу үшін қояды. Әңгіме барысында талкыланып отырған мәселеге әріптесіңнің келісімін алу мақсатында " Сізді дұрыс түсінсем, бұл мәселені сіз дұрыс деп есептейсіз ғой?" - деп, оның келісімін алған соң, келесі мәселелерді талқылауға батыл кірісуге болады.
Байқау, бақылау сұрағы. Бұл сұрақ әріптесінің әңгіменді көңіл қойып тыңдап отырғандығын немесе немқұрайды бас шүлғып орындағандығын байқау үшін қолданылады. "Бұл туралы сіз не ойлайсыз?" - деп, сұрақ қою арқылы оның жауабынан өз әңгімеңді оның қалай ұққанын байқайсың.
Қайрау сұрағы. "Бұл істі орындау сіздің қолыңыздан келе ме?"- деген сұрақты беру арқылы әріптесіңнің бұл іске деген көзқарасын, оны орындауға деген ынтасын анықтайсың.
Шешуші сұрақ. Іскерлік әңгімені аяқтау мақсатында қолданады. "Бұл мәселенің сіздер үшін де, біздер үшін де тиімді екендігіне сіздің көзіңізді жеткізе алдым ба?" - деген сұрақтан соң, әріптесіңнің келісімін алғаннан кейін, істі жүзеге асыру мерзімін бірден келісіп алған жөн. "Бұл істі 20 шілдеге дейін немесе 20 тамызға дейін орындағанымыз дұрыс болар еді", - деп, әңгімені қорытындылаған орынды.
Іскерлік әңгіме барысында қойылатын сұрақтарға жауап беру кезінде мына қағидаларды естен шығармау керек:
Күрделі мәселелерді шешуге байланысты өзіңнің ой таразыңнан өткен нақты ойың болса ғана жауап беруің керек. Мұндай айқын жауабың, нақты шешімі болмаса, жауап беруге асықпа, әйтпесе бұл мәселе бойынша іс барысында сәтсіздікке ұрынасың.
Қойылған сұрақта саған ұнамайтын ұсыныс болса, немесе сұрақ барысында өзіңе жағымсыз сөз, я сөйлем қолданылса, оны жауабыңда еске түсіріп, қайталаудың қажеті жоқ.
Қайрау, арандату сұрақтарына жауап бермей-ақ қою тиімді.
Сұрақ қоюшының көңіл күй, сезімге бой алдырған "лепірме" сұрақтарына қысқа, тұжырымды жауап қайтарған дұрыс.
Сөйлеуші неғұрлым сезім жетегіне берілсе, жауап беруші әрқашан салқынқанды, сабырлы болу керек.
Өз көзкарастарың мен ұсыныстарыңды дұрыс негіздеу үшін дәлелдер мен қарсы дәлелдерді пайдалана білу қажет.
Іскерлік карым-қатынас әдебінің негізгі қағидаларының бірі - әріптесіңді өзіңмен тең тұту, оған құрметпен қарау, оны бағалай білу. Әңгіме барысында әріптесіңнің пікірінің дұрыстығын ашық мойындай білу - мейлі ол сенің көзқарасыңа қарсы болып, сенің позицияңды әлсіретсе де, іскер адамның бойындағы жақсы қасиет. Сен бұдан ешқашан ұтылмайсың.
Қаралып отырған мәселе төңірегінде бірден кесіп жауап беруден аулақ бол.
Іскерлік қарым-қатынас
Адам өмірі қоғамдағы басқа адамдармен күнделікті байланыста, қарым-қатынаста өтіп жатады. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өзара тиімді, үйлесімді және пайдалы болуын көздейтін әдеп ережелерін адамдар ежелден-ақ қалыптастыра бастаған.
Әдеп дегеніміз - адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.
Әдеп терминін алғаш қолданған ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. з. д. 384-322 жж. ) . Алайда әдепке байланысты ережелер жинағы б. з. д. 2350 жылдарда ежелгі Египетте қалыптаса бастаған.
Сол кездің өзінде-ақ "Мінез-құлық ережелері" атты кітап жазылған. Ал Ежелгі Қытайда күндіздионизм атты діни-философиялық ағымның негізін салушы Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций (Кунцзи) (б. з. д. 551-479 жж. ) өз еңбектерінде әдеп нормаларының ережелеріне айрықша көңіл бөлген. Конфуцийдің ойынша әдеп адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастырады және өмірдің әр түрлі жағдайларында адамның өзін дұрыс ұстай білуін жүйеге салып отырады, тұйықтан шығуға бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар әдеп нормалары адамның өз отбасында өзін дұрыс ұстай білуіне жөн сілтеуден бастап, патша мен оның қол астындағылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауының негізгі бағыт-бағдары болып табылады.
Адамдармен күнделікті қарым-қатынаста болсын, іскерлік ортадағы қалыптасқан қарым-қатынас нормаларында болсын әдептіліктің басты шарты ежелден-ақ кішіпейілділік болып саналған.
Кез келген ортада өз сөзін өткізе білетін, іскерлік саласында да табысқа жетуді көздейтін адамның басты құралы - кішіпейілділік болуы шарт. Аристотельдің айтуынша кішіпейілділіктің үш түрі бар: "Бірінші түрі - адамдармен кездескенде қалай қол беріп, сәлемдесуінен, екіншісі - бақытсыздыққа ұшыраған кез келген адамға көмектесуінен, ең соңғы үшінші түрі - адамның қонақты қабылдауынан көрінеді".
Әр дәуірдегі қоғамның өзгеруіне байланысты белгілі бір жүйеге түскен әдеп ережелері де өзгертіліл, толықтырылып отырады. Біздің қоғамымыз нарықтық қатынастар жүйесінде даму кезеңін басынан өткізуде. Демек, адамдар арасында істі дұрыс ұйымдастыруда басқа мекемелермен, шет елдермен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесі күн тәртібіне қойылады. Істі ұйымдастыруда оң нәтижелерге жету үшін қоғамның басқа мүшелерімен байланыс орнату, қарым-қатынас жасау ауқымы да кеңейеді.
Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде? Істі ұйымдастыруда, іс барысында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін, әдеп нормаларын бұзуда.
Іскерлік байланыста, іскерлік қарым-қатынаста адамдармен сөйлесе, әңгімелесе білу өнері ең басты рөл атқарады. Іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтамай, үлкен табыстарға жету, өзін мәдениетті адам ретінде көрсету мүмкін емес. Яғни іскерлік ортаға тән сөйлеу түрі, сөйлеу мәнерін, сөздік қорды, бір сөзбен айтқанда, іскерлік ортада қалыптасқан сөйлеу ерекшеліктерін толық меңгеру кажет. Іскерлік ортадағы сөйлеу, әңімелесу тек әдемі сөздердін тізбегінен құралған жылтыр тіркестер емес, белгілі бір жүйеге түскен, адамдар арасында қолдануда қалыптасқан әдеп нормаларының ең бастысы. Іскер адамның ой-өрісі, қандай ортада төрбие алғандығы, іскерлік саладағы қарымы оның сәлем беруінен-ақ байқалады.
2. Іскерлік қатынаста қаратпа сөздердің қолданылуы
Адамдармен қарым-қатынас жасауда, оны қалай атау керектігі, жалпы әр халықтың өзінің ұстанған әдеп нормалары бар. Әр адамға басқа адам тарапынан өз атын есту жағымды әсер қалдырады. Дегенмен адамды қалай атау ол адамға кімнің, қалай қарым-қатынас жасауына, жас ерекшелігіне, қызмет дәрежесіне үйлесімді болу керек. Мысалы, өзіңнен жасы үлкен адамдарды, жоғары дәрежедегі қызмет адамын, мекеме басшысын атымен атауың ол адамды басқа адамдар алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады, әрі сенің мәдени өреңнің төмендігін көрсетеді. Өз басшыңды атымен атау, қарамағындағы адамдар алдында оның беделіне нұқсан келтіреді, тіпті мекемедегі тәртіпті төмендетуі мүмкін. Отбасында ата-анаңды атымен атау әдеп нормаларын бұзғандық болып саналады.
Іскерлік ортада әріптестердің атын әкесінің атымен қосып атау немесе олардың аттарының алдында "мырза", "ханым", "бикеш" сөздерін қолдану қалыптасқан. Іскерлер арасында адамдарға бұлай қарым-қатынас жасауды дұрыс деп есептесек, ал күнделікті жолдастарыңмен, жақын туыстарыңмен, сыйлас адамдармен тілдесуде аталған тіркестерді қолдану ресмилікке әкеліп соқтырады, жылы қарым-қатынасты алшақтатады.
Қазіргі кезде адамның атақ-дәрежесін атымен қоса айту күнделікті өмірде қолданыла бермейді. Атақ-дәрежесін айтып тілдесу тек арнайы кездесулерде, ресми жиындарда ғана қолданылады.
Бұрыннан келе жатқан достар, таныс адамдар біріне-бірі "Ереке, Әбекеңді кездестірмедіңіз бе?" деген орайда сөйлесе алса, ал ресми орындарда "Ербол Жұманұлы, Әбен Қазыбекұлын кездестірмедіңіз бе?" деп сөйлескені дұрыс.
Қорыта айтқанда, адамдармен қарым-қатынас жасауда қазақ халқының "Сіз деген - сыпайылық, сен деген - анайылық", "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді" деген ұлағатты сөздерін естен шығармаған абзал. Төмендегі сөз орамдарын қолдануда сөйлесетін адамдардың жас ерекшелігін ескеру қажет.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауда қолданылатын сөз орамдары.
Жақын таныс адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын сөз орамдары:
- ақсақал 8. сіңлім
- ата 9. інім
- әже 10. балапаным
- апа 11. айналайын
- аға 12. шырағым
- қарындас 13. қарағым
- көке 14. қалқамРесми ортада қолданылатын сөз орамдары:
- Нұрболат Кәдірбекұлы - Маржан НұрланқызыРайхан ханым - Директор ханымЕңлік бикеш - Полковник мырзаБазарбек мырза
Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Әр адамның қызмет барысында көптеген құжаттар жазуына тура келеді. Оқушы, студент өмірінде конспект, тезис, шығарма, реферат, курс жұмыстарын жазу жиі ұшырасып отырса, қызмет бабындағы адамдарға жұмыс есебін, баяндама, анкета толтыру, басқа мекемелерге іс барысына байланысты хаттар жазуға тура келеді. Аталған жазба жұмыстары бір күн ғана оқылып тасталатын дүние емес, ол сенің оқудағы немесе қызметіңдегі алға қойған мақсатыңа жеткізетін, табысқа бастайтын негізгі құжат болып есептеледі. Сондықтан кез келген іс қағазының мәтінін жазуға жоғарыда аталған талаптар мен принциптерді негізге ала отырып үлкен дайындықпен келу керек.
Енді осы құжаттарды қалай, кім үшін, не мақсатпен жазу керектігін, оларды жазуда ескерілетін басты талаптар қалай болу қажеттігін анықтау мақсатында олардың кейбір түрлеріне тоқтала кетейік.
Анкета құрамы
- Аты - жөнің, мекен жайың, телефон нөмірің.
- Анкета толтырудағы мақсатың - қандай қызмет орнын алғың келеді.
3. Қысқаша өмірбаяның. Қайда, қашан дүниеге келдің, отбасы жағдайың, балаларың, денсаулығың, кей жағдайларда бойың мен салмағыңды да жазуға тура келеді.
Кейбір сарапшылар денсаулық, бой, салмақ туралы мәліметтерді жазудың қажеті жоқ деп есептейді. Егер мұндай мәліметтер жұмыс берушінің сен туралы толық мағлұмат алғысы келетіндігіне қажет болса, оның дұрыс пікірін қалыптастыра алса, онда неге жазбасқа. Алайда бұл мәліметті өмірбаяннан соң жазған орынды. Мұнда істің оң шешілуіне кері өсерін тигізетін нәрсе - ол сенің жасың. Қызмет орнына қызығып жасыңды не үлкейтіп, не кішірейтіп көрсетуге болмайды. Әңгімелесу барысында немесе сенің мінездемеңді оқығанда жұмыс беруші бәрібір сенің жасыңды біледі. Сондықтан жасыңды өтірік керсету өзің үшін тиімді емес. Оның үстіне өзің туралы оң пікір қалыптастырмайды.
- Білімің, ғылыми атағың, марапаттарың. Алған марапаттарыңды хронологиялық жүйемен көрсетесің. Сонымен қатар қай оқу орнын қай жылы бітіргеніңді көрсет.
- Әскери қызметің. Кейбір сарапшылар бұл бөлімді толтыру қажет емес деп есептейді. Егер сен соңғы бес жыл ішінде әскер қатарында болсаң және осы жұмысты алуға септігін тигізеді деп ойласаң, онда міндетті түрде жазу керек. Мүмкін жұмыс беруші де әскер қатарында қызмет еткен болар. Онда ол әскер өмірін жақсы түсінеді. Әскер қатарында қай жылдар аралығында қызмет еткеніңді, керек.
- Сенің қызмет көрсеткішің. Соңғы он жылдағы жұмыс орның, оның мекенжайы, атқарған қызметің жайлы толық жазып, қызметіңнің өсу сатыларына ерекше мән бере көрсеткен жөн.
- Егер жұмыс барысында шеберлігіңді арттыруға жәрдемін тигізеді немесе жұмыс берушінің де қызығушылығын оятады деп есептесең өзіңнің әуестігің (хобби) туралы жаза кетуге болады.
- Қажет еткен жағдайда сенің бұрынғы жұмыс орныңнан алған кепілхат (рекомендация) болса, әңгімелесу барысында қолыңда болған жөн.
Анкета толтыру кезінде қандай жалақыда жұмыс істегің келетінін жазуға болмайды. Анкетада өз жетістіктеріңді асыра көрсетіп, тіпті шын мәнінде атқармаған жұмыстарыңды жазуға болмайды. Анкетадағы мұндай жалғандық бәрі-бір байқалмай қалмайды, онда сенің жұмыс алудағы мүмкіндігің жоққа тән болады. Анкетаны қайта қарап, артық сөздерден арылтып, қателерін түзетіп, екі дана етіп дұрыстап жазу керек.
Анкетаңды оқыған жұмыс беруші сен туралы тыңғылықты, білімді, іскер адам деген пікірде қалатындай болсын.
Қазіргі заман талабы күнделікті болып жатқан өзгерістер, нарықтың экономика, әрбір минутты тиімді пайдалану - қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезіне де көптеген өзгерістерді енгізуде. Сондай өзгерістердің бірі - түйіндеме (резюме) өткізу. Қазір әрбір мекеме жұмысқа адам қабылдар кезде оның алдын ала тапсырған түйіндемесімен танысады. Түйіндемеде (резюме) жұмысқа тұратын адамның бүкіл мәліметі қысқа-қысқа сөйлемдермен беріліп, толық қамтылады. Түйіндеменің қысқа, нақты, сауатты болуына баса көңіл аударылады. Түйіндеменің анкетадан айырмашылығы: анкетада адам өзі жайлы мәліметті бүге-шігесіне дейін қалдырмай толығымен баяндаса, түйіндемеде нақты, бірақ, қысқа толтырады. Жұмыс беруші түйіндемедегі мәліметтерге қарап жұмысқа қабылдайды. Соңғы кезде түйіндемені факс арқылы жіберу де жиі қолданылуда. Түйіндеменің жазылу стилі еркін.
Іскерлік кездесу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz