«Бірлік» совхозының директоры болған Сәбит Тілеубердиев әңгімелер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:
ЕСКЕ АЛУ
Мен, Сәбит құданың құдағиларының бірімін. Сәкеңнің кенже қызы Сажида - менің келінім. Сәбит құда - қандай жақсы адам екенін; аңқылдаған ақкөніл, өзімшіл емес көпшіл, кімге болмасада мейірімін төгіп тұратын өте адал жан болатын. Үлкен - кішімен әзілдесіп, қарқылдап күлгені, өзінің табиғат берген рең - басына жарасып тұратын еді.
Бұл сөздерімді барлық ағайын туыстары, достары және жекжаттары - осы күнге дейін айтып отырады.
Ал менің есімде ұмытпай қалғаны мына жәйт еді:
Өзім дәрігер болғандықтан Сәкеңнің өмірінің ақырғы сағаттарында, өмір мен өлімнің арасында күресіп жатқанында, жағдайын аз да болса жеңілдетуге қолымнан келген әрекеттерімді істеп көмектестім.
Сондай қиналып жатқанында, сырттан келіп амандасқандарға (әрине келушілер өте көп еді), шамасы келгенше басын изеп, көзін ашуға шамасы келмесе де, дауыстарынан танып, қолын әзер көтеріп амандасып, тіпті бәрімен құшақтасқысы келгендей болды.
Сондай ауыр жағдайда, өзінің жағдайын ойламай, келгендерге жылы ілтипатпен амандасып жатты.
41 жыл дәрігерлік қызметте жүріп, әрине, көп нәрсені көрдік ғой. Алла тағалладан бұйрық келгесін, дәрігерлер тек себепші ғана ғой.
Бірақ, Сәбит құданың өмірмен қоштасуы ерекше еді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқалы болсын!
Құдағиы Қалима - дәрігер
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ҚАЛАДЫ
Айналамыздан көріп, оқып біліп, жасы үлкен - аға буындардан есітіп, өткенді зерделей жүріп, өмірден түйгеніміз әрбір пендеге берілген өмір, уақыт, өте аз екенін бізден бұрында сан ғасырлар бойы өмір сүрген небір жақсылар айтып, жазып, жырлай кеткенін білеміз.
Әрбір адам баласы 20-25 шамасына келгенше жас балалықпен уақыт өткізіп, одан әрі 60-65 жасқа дейін ғана аз уақыт бары жоғы 30-35 жылдай ғана өзі туып өскен Елге, жерге қызмет ететіні белгілі. Осы бір азғана уақытта болсада әркім алланың нәсіп еткен уақытын, өзінің шама шарқына қарай еңбек етіп, талпынып-тырбанып азда болса лайықты із қалдырып жататынын білеміз. Сол бір аз уақытта біреулер Ел басқарып, тер төгіп, ағайынға, дос-жарандарға, жалпы Елге айтарлықтай қызмет етіп, еңбек сіңіріп Елдің ризалығын алып, артына атын өзінің қадір қасиетін елге силап жатады.
Соданда болар дана халқымызда жақсының аты қалады, оқымысты ғалымның хаты қалады деген, көргендігі - білгірлігі канша жылдар өтседе, тіпті замандар өзгеріп қанша ғасырлар өтседе жақсының сол бір азғана өз өмірінде Еліне, жеріне істеген, атқарған игі істері әрбір жақсы адамдардың артында көп жылдар ұмтылмай айтылып, халықтың жанында мәңгі қалатыны белгілі, демек кейбір жақсылар сол өзінің азғана өмірінде халықтың алдыңа жарқ етіп шығып өте көп іс тындыратыны белгілі, сондай жақсы адамдардан бірі-бірегейі біздің Сәбит Тілеубердиев еді.
Сәбит бауырымыз сол 1970-1980 жьглдары Оңтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінде жауапты қызметтер атқарып, сол қызметтерін елге көрсетіп өзініңде, елдіңде жақсы істерін паш етіп, сол кезде біздің облысты басқарған дарынды басшылар Аманолла Рамазанов, Асанбай Асқаровтар біздерді жинап арнайы жиындар жасап тәжірибені іс жүзінде көрсеткен еді.
Сол жылдары облысымыздың Келес ауданы Бірлік қой совхозында директор бола жүріп, совхоздың өзінде 60-70 мың қойы болатын, оның өзі бір кісі- бір директорға жетіп артылып жататын жұмыс болатын, оған қосымша арнайы жастарды ұйымдастырып Өзбекстанға өтетін үлкен күре жолдың жанынан 60 мың қойды бІр орында тұрғызып бордақылайтын сол заманның озық іс тәжірибесіне сүйене отырып комплексті қой бордақылау базасын жасап, сол 50-60 мың бас қойды жылына 2-3 рет «оборот» айналдырып бағып, семіртіп, әр жылына 150-160 мың қойды семіртіп етке өткізіп отыратын еді.
Мен өз басым сол жылдары Ордабасы ауданы Задарьия асыл тұқымды қаракөл қой зауыты директоры болып жұмыс жасаушы едім, сол кезде бізде де 20 мың қойды бір жерде тұрғызып бордақылауға арналған комплексті база болды. Сол жылдары жалпы Кеңестер одағында Волга өзені жағалауындағы өлкелер мен облыстарда қой малын әр жерлерде шоқым-шоқым етіп аздан бордақылаудан гөрі осылай молынан ұйымдасқан мал бордақылау саясаты болатын. Мысалы: сол жылдары Қазақстанның Алматы облысында 100-120 мын қой малын бордақылайтын «площадка» деп атайтын жаз айларында жылы күндері далада, суық күндері жеңіл бастырма астында тұратын жайлары бар, бірнеше шақырымға созылып жатқан қой бордақылау комплексін
ұйымдастырғанын онда көптеген жылдар қой бордақылап жүздеген мың қойлардың етке өткендегі тірілей салмағы 50-60кг дейін жеткенін біз пресса беттерінен оқитынбыз.
Сол кездерде Алматы облысы партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров туралы орталық пресса беттерінде үлкен басшы-ұйымдастырушы экономист ретінде көрсетіп жүретін сол кездегі озық әдіс технологияларды Келес аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Спақұл Малдыбеков, облыстың партия комитеті бірінші хатшысы Аманолла Рамазанов екеуі ақылдасса керек осы Бірлік қой совхозы жанынан -совхоз директоры осы Тілеубердиев Сәбит Әдіқұлұлы болатын, Сәбит ол кезде кісі көрсе көзі тоятын ақ құба, бойшаң барлық уақытта күле сөйлейтін, жылы жүзді - иман жүзді жігіт болатын, оның үстіне жаңалық десе жаны құмар білімді-біліктіде директорды, шамасы райком бірінші хатшысы бүгінде марқұм болып кетті иманды болғыр Спақұл Малдыбеков Рамазанов екеуі сол комплексті мал бордақылайтын «хозрасчтеный» шаруашылық ретінде осы Бірлік қой совхозы жанынан осы Сәбит Әбдіқұловқа артып, бұл жігіт сол жылдары облыс, аудан басшыларының ойынан шығып тамаша еңбек үлгісін көрсеткен еді.
Жүздеген жас жігіттер мен қыздар комсомолдық жолдама алып келіп абырой атақ жинақтап, тәжірибе жинақтап жоғарғы оқу орнына түсіп жүрді, оқу бітіргендері комсомолдық жолдамамен түрлі қызметтерге жайғасып кетіп жатқаны, сол кезде пресса беттерінен көп көрініп жүрді.
Сол жылдары облыс көлемінен қой совхоздары директорлары тағы басқада қызметкерлерін мезгіл-мезгілімен осы Бірлік қой совхозы жанындағы Сәбит басқаратын қой бордақылау комплексіне шақырып семинар-кеңестер өткізіп газет журналдар беттерінен түспей, радио-телевидение арқылы талай-талай жақсының жақсылығын айтып дәріптегенін есітіп көрген едім. Көп малды бір жерде жинап бордақылау тәсілдерін үйренуге өз басым қасыма мамандарды алып келіп көріп үйреніп қайтқан кездерім болған еді.
Менің өз басым осы Тілеубердиев Сәбитті құрмет тұтып жақсы көруімнің басты себебі бұрында осы облыстың Ленин ауданында ауылшаруашылығы саласында басшы қызметтерде жүргеннен басталып, әсіресе осы Бірлік қой совхозында директор бола жүріп жоғарыда айтылған қой бордақылау комплексін ұйымдастырғанын бірнеше рет өзім келіп көріп, әсіресе жас ұлдар мен қыздарға жасаған қамқорлығымен жұмысты озық үлгіде ұымдастырғанын көріп, осы жылдары әсіресе қатты құрметтеуден басталған еді. Кейінде көп жылдар Шаян, қазіргі Бәйдібек ауданында, бұрынғы Ленгір, қазіргі Төлеби аудандарында колхоз-совхоз басқарып сол аталған аудандарда аудандық ауылшаруашылығы басқармаларын басқарып жүрген кездері, әсіресе Төлеби ауданында Сәкен Сейфуллин атындағы өте үлкен колхозды басқарған жылдары да жұмыс бабымен бір жерлерде кездесе қалсақ бейне бір шын ықыласпен амандасып, сұрасып жүруші едік, қалада-облыс орталығында кездескен сәттерде Сәкең ылғыйда шайға шақырып, сол дәм үстінде арқын-жарқын сөйлеп, көрген білгенін ақтарыла айтып беретін, аузын ашса бүкіл жан дүниесі көрініп тұратын жайсаң азамат еді.
Сәбит өз өмірінің кейінгі жылдарында таулы аудандарда қызмет етті. Жалпы біздің Оңтүстік Қазақстан облысы бірнеше табиғи аймақтарға бөлінетін: таулы, жартылай таулы-сулы, суы мол жерлерге, жартылай таулы-жаңбыр, көбірек жауатын аудандарға жататын, ал енді бір үлкен бір бөлігі йен дала шөл және шөлейт аймақтарға жататын жерлер болып келеді. Осы үш трлі климаты - ауа райы түрлі сол жерлерде біріне қой, түйе малдары басым болса, бір жерлерде жылқы, қарамал басым, мысалы: Сыр бойында қырғауыл, қояндарға тоғай толы болса, Дарияда балықтың түр-түрлері үлкен жайын балықтар, адырда қой қоздап түйе боздап өзіне лайықты сән салтанат беріп тұратын сияқты көрінетін, мысалы: мамыр айында ерте туып марқайып калған марқа қозыны қуалап ұстағанда, жануар, кейбір қозылардың құйрығы жыртылып-айрылып кетіп жататын, немесе, шөл және шөлді аймақтарда, әсіресе жаз ыстық кездерде салқын үйлерде иісі мұрынға анадайдан жұпар аңқытып тұратын шұбат -қымыран, семіз жарқа қозы етіде аталарымыз құрмет тұтқан тағам болып есептелетін тағам.
Шөбі шүйгін, жері от, ауа райы салқын, таулы жерлерде сары қымызды бабына келтіре сапырып, тауда жоталарда, төменде асыға ағып жатқан кішкене - кішкене тау сулары жағасында бие байлап сары қымызға саба толтырып, гүрілдетіп сабаны пісіп жүрген жігіт қыздардың төрінде отырып семіз ет пен сары қымыз дейтін сияқты тағамдарда мейман күте білетін от басыларына барып Ел жақсылары азаматтармен бірер сағат әңгімелесіп сұрасып арқа-жарқа болып қайтуды да атамыз қазақ өте жоғары бағалағаны белгілі.
Міне осы түрлі аймақтарда жарқырай жүріп, Ел басқарып, көрген жерде аулына конаққа шақыра жүретін кісілердің бірі - осы Сәбит еді. Тағдырдың жазмышына не шара. Досымыз елге ардақты азамат, ініміз Тілеубердиев Сәбит Әбдіқұлұлы өмірден ерте кетті, ағайын туыс дос жарандарын ұл-қыздарын күйіндіріпте, сүйіндіріпте бақилыққа аттанды, енді Алла Сәбитті алдыңан жарылқасын демекпін.
Шүкірбеков Боранбек
Социалистік Еңбек Ері,
Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.
ЖІГІТТІҢ СЕРІСІ ЕДІ
Сәбит. ., оны еске алсам биік түлғалы, бүйра шашты, жазық мандайлы, күлімдеген қой көзді, жылы шырайлы жігіт көз алдыма келеді. Келбеті де, қимыл-әрекеті де, сөз саптауы да, мінез бітімі де нағыз қазаққа тән еді. Кішіпейіл, араласқан ортасын үйіріп әкететін. Адамына қарай сөзді де тауып айтатын. Кісі көңіліне тие бермейтін. Дастархан басында барынша ақжарқын еді. Әзіл-қалжыңды төгіп-төгіп жіберіп, айналасын күлкіге батырып, өзі де аңқылдай күліп, айызы қанатын. Қажет жерінде ән де салып, ақындардың отырған ортаға дөп келетін өлең жолдарын да жатқа айтатын. Кейде Төлеби бабасындай көсіле сөйлеп, шешендігімен де маңайыңдағыларды таңдай қақтыратын.
Қайран Сәбит! Жігіттің төресі еді-ау! Қашанда жүрегін ақтара ақ сөйлеп, жарқын күлетін. Көңіл түкпірінде кір сақтамайтын. Кейде біреудің бет-жүзіне, шен-шекпеніне қарамай ашығын айтатын алмас қылыштай өткірлігімен тәнті ететін.
. . . Жә, нақтылы өмірге көшейін. Мен Арыс ауданына қарасты Жданов атындағы совхоздың Тоғансай-Бақырша бөлімшелеріне зоотехник едім. Мәскеудегі малдәрігерлік академиясын бітіріп, арнайы жолдамамен келгенмін. Оң-солымды танып, малшылармен таныса бастағанмын, Кенет мен совхозға зоотехник-селекционер болып ауысатын болдым.
Сол кезде Алматы зоотехникалық - мал дәрігерлік институтынан зоотехник мамандығын алған Сәбит Тілеубердиев жолдамамен жетті. Мен оған сол кездегі тәртіп бойынша әр отардағы қой мен қозыны аға шопанның қатысуымен санап өткіздім. Ең соңында Әшім Жорабаевтың отарындағы қойды кеш қараңғылығы түсе санадық. Түн бойы есеп-қысап жасап, қатысты шоландар мен мамандар қол қойды. Сондағы сұңғақ бойлы, өз ісін білетін білімді, самбырлап сөйлейтін зоотехник Сәбиттің кескін-келбеті маған ұнаған әсер қалдырды.
Ол бойдақ еді. Қасына ата-анасын алдырды. Әкесі Әбдіқұл бір отар қошқар қабылдап, қой бақты. Ол кезде қой шаруашылығында қошқар баққанға жоғары жалақы төленетін. Әбдіқұл қария біртоға, көп сөйлемейтін, шаруа баққан кісі еді. Ісімен өзіне артық сөз айтқызған жоқ.
Сәбит те ата-анасын қуантып, күзге салым үйленді. Бүкіл совхоз болып тойын дүрілдете өткізіп, Зәбира келінді ақ босағадан аттандық. Жарасымды жұпқа бақыт тілеп, ән салып, би билеп, есте қаларлықтай той тойладық.
1963 жылы іріленген «Коммунизм» совхозына бас зоотехник болып тағайындалдым. Жданов совхозының директоры С. Оспанов аға сонда «Бекер асықтың, осында да бас зоотехник болар едің» деді. Мен тәуекелге бел байлағанымды, алған бетімнен қайтпайтынымды есіттірдім. Мамаңдармен, соның ішінде тәп-тәуір араласып жүрген Сәбитпен де қимай қоштастым.
1967 жылы Ленин (қазіргі Қазығұрт) ауданы қайта құрылғанда Сәбит аудандық ауыл шаруашылығы баскдрмасынын, бас зоотехнигі болып келді. Араластық, ашық ойын бүкпесіз айтатын, сөзімен де, әнімен де жан дүниенді баурап әкететін Сәбит қызметке адал, айналасындағыларға талап қоя білетін. Істеген жылдарында кадрлар жауапкершілігін көтеріп, мал шаруашылығын өркендетуге өз үлесін қосқаны әр шаруашылықтан сезіліп тұрды. Біздің «Коммунизм» совхозына да қамқорлық жасап, жанашырлық танытты. Өзімен бірге оқыған Шахизада Жолдасова бізде бір бөлімшеде істейтін. Хабарын алып, көмектесіп тұрды. Адамгершілік қасиетке аса бай болатын.
1974 жылы Келес ауданындағы «Бірлік» қой совхозының директорлығына тағайындалды. Мал көп, оның үстіне республикадағы екпінді комсомол-жастар бригадасы қой шаруашылығын игеруге тартылған еді. Арада бір жыл өткенде Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қалыбек Манасов бастап барлық шаруашылық басшылары "Бірлік" совхозына барып, тәжірибе алмасып қайтқанбыз. Шаруашылықтың өркендегеніне, жастардың мал шаруашылығын игерудегі ерен ісіне тәнті болғанбыз.
Өкініштісі сол, Сәбит осы шаруашылықты тәуір бастама көтеріп, жоғары энтуазизммен басқарғанына қарамай орнынан алынды. Партиядан шығарылып, істі болып барып, әупіріммен аман қалды.
Неге дейсіз ғой?! Себебі белгілі. Ол директор болып барған кезенде шаруашылықта екі мыңдай қой жетпеген. Партия саясатына орай жас басшы басқарып, комсомол-жастар бригадалары баққан қойдан шығын шығарылмай, төл жыл сайын қолдан жасанды түрде көбейтілген. Есепке қосып жазылған. Мұның ақыры жақсылыққа апармасын Сәбит алдың ала білген. Бірақ, ол кезде жоғарыдағылардың айтқанынан шығу, оған қарсы келу көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. «Кейін реттейміз» дегеніне амалсыз келісуге мәжбұр болған. Сонымен бірге шаруашылықтың ішкі зандылықтары, мамандармен санасу, олардың сөзіне қалтқысыз сену, көңілін жықпау да Сәбитті ақ жолдан шығарып, адастырды.
Арыз жазылып, тексерілгенде мал басы жетпей, әлдекімдердің сөзіне сенуі Сәбитті сүріндірді. Денсаулығы да күрт төмендеп, жүрегі мен жүйкесіне салмақ түсірді. Факті анықталып, бұрыннан жетпейтін мал басын есепке қосып қабылдағаны үшін жауап берді. Жоғарыдағылар да жазығы жоқтығын, басқа біреулердің Сәбиттің қолымен от көсеген қателігі үшін жауап беріп отырғанын сезсе де, көмектесуге партия талабынан қорықты. Жұмысынан алынып, партия қатарынан шығарылып, бас бостандығы сақталып қалынды. Басқа қызмет істеуіне мүмкіндік берілді.
Қиын сәтте Сәбитке қол созып, қызметке шақырған достары облыс көлемінде аз болған жоқ. Ленгір, Ленин аудандарының шақыруынан өзі бас тартты. Бірде болмаса бірде әлдекімдер жіберген кемшілігін бетіне басар деген қауіп биледі. Алғабас ауданында ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, кейін бір шаруашылықтың бас зоотехнигі қызметін жап-жақсы атқарды. Басына іс түскен Сәбитке алғабастық басшылар да, қызметтес достары да дұрыс көзқарас қалыптастырды. Түзу ниет білдіріп, көңіл кірбінін кетіруге күш салды. Жақсы қырынан танытып, партия мүшелігіне қайта қабылдады. Ел арасында іскер, талапшыл маман ретінде танылды.
Өз ағаттығын, шалыс басқан қадамын адал еңбегімен жуған Сәбит облыс көлемінде басшы кадрлар резервіне қойылды. Өзі туып-өскен Ленгір ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы ұжымшар мүшелері жалпы жиналысында ұжымшар төрағасы етіп сайлады. Бұл Сәбиттің де, оның біз сияқты жанашырларының да рухын өсірді. Шаруашылықтың мал басы көбейіп, егіншілігінен мол өнім алынды. Экономикасы көтеріліп, жыл сайын таза табыс алуға жетуіне де Сәбит білгірлігімен, ұйымдастыру қабілетімен үлес қосты.
Дегенмен, бұрынғы жүйке мен жүрекке түскен салмақ қайта сыр беріп, денсаулығы әлсіреген Сәбит басқа жұмысқа өз еркімен ауысты. Өз шамасын біліп, шаруашылықты биігінен түсірмей, саналы түрде төрағалықтан кетуі де кім болса соның қолынан келе бермейтін ерлікке пара пар шешім еді.
Аудандық "Отан" партиясына төрағалық ете жүріп, зейнеткерлікке шықты.
Алайда, өмір соқпағындағы ауыртпалықтар, табанының негізсіз тайғанауы денсаулығына әсер етті. Сөйтіп, түрлі қиындықтардың егеуіне төтеп бере алмай, сері де, қайсар Сәбиттің жүрегі мезгілінен ертерек тоқтады.
Дегенмен, «Орнында бар оңалар» дегендей, орнын басқан ұлы Аңсарбек Сәбит ошағының отын сәндірмей, анасы Зәбира екеуі тұрмысқа шығып кеткен қыздарына төркін, туған-туыстарына сүйікті ағайын болып отырғаны біздің де көңілімізге үлкен медеу.
Молдабай ИЛЬЯСОВ.
Партия, совет ардагері
Қазығұрт ауданының
құрметті азаматы
ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАНЫ ЖАҚЫН ЖАН ЕДІ
Бүкіл жастық шағымыздың куәсі болған Келес ауданы туралы көптеген әңгімелер айта аламын. Келес деген керемет аудан еді ғой. Осынау қасиетті де киелі жерде тұңғыш рет коммуна орнап, адамдар колхозға бірігіп, сауаттарын ашып, егін, дән, мақта, жеміс, жүзім егіп, асыл тұқымды мал асырап, Мәскеуге дейін аты дүркіреп шығып еді. Дәл осы ауданнан он екі Социалистік Еңбек Ері, бір Кеңестер Одағының Батыры шығуының өзі көп нәрсені аңғартқандай.
Келестегі төрт мақта, төрт жүзім, бір мал шаруашылығымен айналысатын совхозды қандай еңбекқор, қандай ақылды, сабырлы, жақсылық жасауға жаны жақын адамдар басқарғанын да жақсы білемін.
Солардың бірі «Бірлік» совхозының директоры болған Сәбит Тілеубердиев ағамыз еді, Сәкең «Бірліктің» тасын өрге домалатқан директор ғана емес, ертелі-кеш, күні-түні еткен еңбегін біреулер жокқа шыгармак болып, жала жапқанда да жан-дүниесін сол күйі сақтаған. әділдік, адалдық үшін күресе білген, басына түскен талай қиындықты мойымай көтерген дара тұлға еді.
Бәріміз де әкіметке де, халықка да жан аямай еңбек еттік. Бүкіл жастық жылдарымызды, ең бір мықты кезімізді, өгіздей өрге сүйрер күшімізді өкіметке бердік. Өз заманымыздың тарихын маңдай терімізбен жаздық. Сәбит аға да сондай жандардың бірі еді. Жас адам көрсе ағалығын, үлкендігін жасап, мейіріммен қарайтын. Үлкендерге құрметін төмендетпейтін.
«Бірлік» совхозы кезінде Семейдегі шұбартаулықтардың бастамасын қолдап, жас шопандар бригадасын құрғаны белгілі. Сондағы Сәкеңнің жастарға, олардың еңбегіне риза болып. олардың арасындағы білімге, ғылымға құмарларын оқуға жіберіп, жастарды жанымен жақсы көріп, өсіруге ұмтылғанының да куәсіміз.
Сәкең соңынан ерген жастарды ертеңгі елдің болашағы деп ағалық қамқорлығын аямайтын. Ауылдан шыққан, алыста жүрген жас іні, қарындастарын да ылғи іздеп жүретін. Жақсы адамдардың жанында көп жүретін. Жақсыларға жаны жақын азамат еді. Сондай асыл азаматтың дүниеден озғанына да жыл толып қалыпты. «Орнында бар оңалар» дегендей Сәкеңнің перзенттері әке жолын жалғастырып келеді. Аяулы әкеге арнап ас бергелі отырған балаларға бақ тілеп, әкелеріңіз жақсылыққа жаны жақын жан еді. Мүмкіндігінше Сәбит аға сияқты адамдарды аялап, жақсылардың жанында болып, адал еңбектің үлгісін көрсетіп биіктерге самғай беріңдер деген тілек айтқым келеді.
Келеске келген сайын асыл ағалардың текті іздерін іздеймін. Баяғы жастық жылдар еске түсіп, алдыңнан айналайын деп шығатын ақкөңіл ағалар құстай ұшып қарсы келе жатқандай күй кешемін.
Келестің майса көгал иінінен
Жасымнан керемет бір күй ұғып ем
Қазақтың арғы-бергі тарихына
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz