Әділет – исламдағы ең маңызды әлеуметтік ұғым
1 Әділет . Исламдағы ең маңызды әлеуметтік ұғым
2 Діндар мен дінпаздың айырмашылығы
3 Дінді қиындатудың өзі дінге жасалған қиянат

Діннің пайда болу себептерін бізге, «Құдай жоқ» деген атеистік кеңес заманында өскен кешегі ұрпақ пен көпдінділікке тап болған бүгінгі ұрпаққа Аллаһ Тағаладан ешқашан қол үзбеген ұрпақ өкілі әрі кәсіби дінтанушы ретінде сіз түсіндіріп беріңізші.
М.Б. – Діннің адам өміріндегі пайда болуын біріншіден дінге қатысы бар ғылымдар тұрғысынан, екіншіден, діннің өзінің тұрғысынан түсіндірген жөн. Дінтану, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, философия, археология, антропология, этнология, этнография, тарих тәрізді ғылымдар бұл жөнінде өз тұжырымдарын жасаған. Дін өзінің қалай пайда болғаны жайлы және түсіндірген. Осы екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ғылымдар тұжырымдамасы бойынша діни сенім адамзат өміріндегі ең ежелгі қоғамдардан бері адаммен бірге жасасып келеді. Адамдар әрқашан белгілі бір діни қағидалар бойынша өмір сүрген. Адам баласы туғаннан өлгенге дейін атқарылатын діни рәсімдер ерте дәуірлерде қалыптасқан. Яғни, діннің пайда болуы адамзат қоғамының дамуымен тікелей байланысты. Адам өзі білмеген, түсіне алмаған нәрсенің қыр-сырын табиғат күштеріне арту арқылы натуризм сенімдері пайда болған. Бұл сенім адамдарға қорқынышты, түсініксіз нәрселерді түсіндіруден, олардан сақтанудан бастап, қоғам мүшелерінің арасындағы түрлі қатынастарды, мәселелерді реттеуге шейін барған. Адамның ойлау деңгейі дамыған сайын адам баласы да политеистік (көптәңіршілік) ұғымнан, монотеизмге (біртәңіршілік) бет бұрған. Көптәңірлі көне дәуірде инкарнацияланған, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын, антропоморфты, адам кейпіндегі тәңір (пұт) бейнесі көбірек таралған болса, кейінірек біртәңірлі, абстрактылы, көзбен көруге болмайтын, адамға, жалпы, ешнәрсеге ұқсамайтын, бейнесін адамның ақыл-санасы ойлап тани алмайтын, айтып жеткізе алмайтын тәңір (Құдай) сипатына қарай ойысқан. Ғылымның көзқарасын қысқаша түсіндірсек осылай. Көне дәуірлерде тотемизмді, тотемге табынушылық, фетишизм – пұтқа табынушылықты, анимизм – рухтарға табынушылық, натуризм – табиғатқа, өсімдік пен жануарларға табынушылықты сол кездегі рулық-тайпалық қоғаммен етене араласқан сенімдер ретінде көреміз. Әр ру-тайпаның өзінің қамқоршы, қорғаушы, киелі пұттары болған.
Дін өзінің қалай пайда болғанын өзгеше түсіндіреді. Мәселен біртәңірлі діндерге жататын Ислам діні дінді Жаратушы тарапынан пайғамбарлар арқылы адамзатқа жіберілген сенім және тіршілік жүйесі ретінде түсіндіреді. Жалпы дінтану ғылымында монотеистік діндерге иудаизм, христиандық және ислам діндері жатады. Бір қызығы бүгінгі күні көптәңірлі сенімдер қатарынан табылатын көне Иран және Үнді діндерінің сарғыш тартқан жазбаларынан біртәңірлі сенімнің сарқыншақтары әлі де болса кезігіп жатады. Мәселен, ең көне веда жырларындағы «Брахма» сөзінің мағынасы «Жаратушы», ал, «Вишну» – сөзінің мағынасы «Қамқоршы» дегенді білдіреді және Брахманың бір ғана жаратушы екені, оның теңдесі жоқ екені айтылған (Чандогя Упанишад жыры, 6-тарау, 2-бөлім, 1-шумақ және Светасватара Упанишад, 6-9). Вишнудың сұлбасының жоқ екені айтылған (Ригведа жыры, VI-том, жыр №45-16 және Яжурведа жыры 32-3). Үнділердің веданта, ригведа, яжурведа сияқты көне жырларында жоғарыда сипаттары аталған тәңірдің бірлігі және Құран сүрелеріндегі сипаттамалармен үндес келетін мәліметтерді табуға болады. Бірте-бірте сол дәуірдегі халықтардың сауатсыздығына байланысты, таптық жүйеге қарай діннің атын жамыла отырып, оны кәсіпке, дүние табу көзіне айналдырған дінпаздардың (дін саудагерлері, дінбұзарлар, діни каст – М.Б.) қанаушылық, озбырлық әрекеттері нәтижесінде бастапқыда біртәңірлі болған нанымдар пұтқа табынушылыққа бет алған тәрізді.

Әділет – Исламдағы ең маңызды әлеуметтік ұғым
Ө.А. – Сұхбатымыздыең негізгі мәселелердің бетін ашып алудан бастайық.
Діннің пайда болу себептерін бізге, Құдай жоқ деген атеистік кеңес
заманында өскен кешегі ұрпақ пен көпдінділікке тап болған бүгінгі ұрпаққа
Аллаһ Тағаладан ешқашан қол үзбеген ұрпақ өкілі әрі кәсіби дінтанушы
ретінде сіз түсіндіріп беріңізші.
М.Б. – Діннің адам өміріндегі пайда болуын біріншіден дінге қатысы бар
ғылымдар тұрғысынан, екіншіден, діннің өзінің тұрғысынан түсіндірген жөн.
Дінтану, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, философия, археология,
антропология, этнология, этнография, тарих тәрізді ғылымдар бұл жөнінде өз
тұжырымдарын жасаған. Дін өзінің қалай пайда болғаны жайлы және
түсіндірген. Осы екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ғылымдар
тұжырымдамасы бойынша діни сенім адамзат өміріндегі ең ежелгі қоғамдардан
бері адаммен бірге жасасып келеді. Адамдар әрқашан белгілі бір діни
қағидалар бойынша өмір сүрген. Адам баласы туғаннан өлгенге дейін
атқарылатын діни рәсімдер ерте дәуірлерде қалыптасқан. Яғни, діннің пайда
болуы адамзат қоғамының дамуымен тікелей байланысты. Адам өзі білмеген,
түсіне алмаған нәрсенің қыр-сырын табиғат күштеріне арту арқылы натуризм
сенімдері пайда болған. Бұл сенім адамдарға қорқынышты, түсініксіз
нәрселерді түсіндіруден, олардан сақтанудан бастап, қоғам мүшелерінің
арасындағы түрлі қатынастарды, мәселелерді реттеуге шейін барған. Адамның
ойлау деңгейі дамыған сайын адам баласы да политеистік (көптәңіршілік)
ұғымнан, монотеизмге (біртәңіршілік) бет бұрған. Көптәңірлі көне дәуірде
инкарнацияланған, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын, антропоморфты,
адам кейпіндегі тәңір (пұт) бейнесі көбірек таралған болса, кейінірек
біртәңірлі, абстрактылы, көзбен көруге болмайтын, адамға, жалпы, ешнәрсеге
ұқсамайтын, бейнесін адамның ақыл-санасы ойлап тани алмайтын, айтып жеткізе
алмайтын тәңір (Құдай) сипатына қарай ойысқан. Ғылымның көзқарасын қысқаша
түсіндірсек осылай. Көне дәуірлерде тотемизмді, тотемге табынушылық,
фетишизм – пұтқа табынушылықты, анимизм – рухтарға табынушылық, натуризм –
табиғатқа, өсімдік пен жануарларға табынушылықты сол кездегі рулық-тайпалық
қоғаммен етене араласқан сенімдер ретінде көреміз. Әр ру-тайпаның өзінің
қамқоршы, қорғаушы, киелі пұттары болған.
Дін өзінің қалай пайда болғанын өзгеше түсіндіреді. Мәселен біртәңірлі
діндерге жататын Ислам діні дінді Жаратушы тарапынан пайғамбарлар арқылы
адамзатқа жіберілген сенім және тіршілік жүйесі ретінде түсіндіреді. Жалпы
дінтану ғылымында монотеистік діндерге иудаизм, христиандық және ислам
діндері жатады. Бір қызығы бүгінгі күні көптәңірлі сенімдер қатарынан
табылатын көне Иран және Үнді діндерінің сарғыш тартқан жазбаларынан
біртәңірлі сенімнің сарқыншақтары әлі де болса кезігіп жатады. Мәселен, ең
көне веда жырларындағы Брахма сөзінің мағынасы Жаратушы, ал, Вишну –
сөзінің мағынасы Қамқоршы дегенді білдіреді және Брахманың бір ғана
жаратушы екені, оның теңдесі жоқ екені айтылған (Чандогя Упанишад жыры, 6-
тарау, 2-бөлім, 1-шумақ және Светасватара Упанишад, 6-9). Вишнудың
сұлбасының жоқ екені айтылған (Ригведа жыры, VI-том, жыр №45-16 және
Яжурведа жыры 32-3). Үнділердің веданта, ригведа, яжурведа сияқты көне
жырларында жоғарыда сипаттары аталған тәңірдің бірлігі және Құран
сүрелеріндегі сипаттамалармен үндес келетін мәліметтерді табуға болады.
Бірте-бірте сол дәуірдегі халықтардың сауатсыздығына байланысты, таптық
жүйеге қарай діннің атын жамыла отырып, оны кәсіпке, дүние табу көзіне
айналдырған дінпаздардың (дін саудагерлері, дінбұзарлар, діни каст – М.Б.)
қанаушылық, озбырлық әрекеттері нәтижесінде бастапқыда біртәңірлі болған
нанымдар пұтқа табынушылыққа бет алған тәрізді.
Қазіргі кезде аталмыш діндердің ең көне діни мәтіндерін зерттеп жатырмын.
Себебі, олар, Веда жырлары болсын, Заратуштраның Авестасы болсын,
Будданың өсиеттері болсын, Библия, Көне және Жаңа өсиет болсын, бәрі де
көптеген қол сұғушылықтарға ұшыраған. Атақты дін көсемдері тарапынан
жазылған діни мәтіндер көбінесе жазбаша жеткен жоқ, ауызша ғана жалғанған.
Көсемдердің шәкірттері, шәкірттердің шәкірттері толықтырып, өзгертіп, алып-
қосып отырған. Бірақ, соның өзінде бұлардың ішінде, оқтын-оқтын болса да,
Құрандағы Аллаһ, Жаратушы, бір-ақ тәңірдің сипатына сәйкес келетін сөздер
бар. Сикхтердің діні де сондай. Олар өздеріне тән монотеизмді ұстанады.
Заратуштра да өз кезінде біртәңірлі дінді уағыздаған болуы әбден ықтимал.
Кейінірек оның үгіттері дінпаздардың қолында диалектикалық дуализмге ауысып
кеткен сыңайлы. Құран аяттары бойынша дінді – Жаратушы жіберген. Діндегі
үкім ету билігі тек діннің Иесінің құзырында. Мына аяттарға қараңыз; 3030,
1240, 1826-27, 385. Мысалға екі аятты бере кетейін: Күдіксіз, нағыз
үкім тек Аллаһтікі. Ол Өзінен басқаға құлшылық етпеулеріңді әмір етті.
Нағыз өзгермейтін тура дін, міне, осы. Бірақ та, адамдардың көпшілігі
білмейді! (Йұсұф сүресі, 12 40) және Аллаһ Өзінің үкіміне ешкімді де
ортақ етпейді! Жаратқан Иеңнің кітабынан саған уахи етілгенді
(білдірілгенді) оқы! Оның сөздерін өзгертетін ешбір құдірет жоқ! (Кәһф
сүресі, 1826,27).
Ө.А. – Осы мен тағы бір маңызды мәселенің бетін ашып алсақ деп едім...
М.Б. – Сәл тұра тұрыңыз. Біз алдымен дін сөзінің мағынасын түсініп
алайық. Дін сөзінің арабшада қарыз, борыш, сенім, мәжбүрлеу, мойынсұну,
жақындау секілді көп мағыналары бар. Ол жаза, үкім, әдет, жол дегенді
тағы білдіреді. Жалпы дін сөзімен түбірлес сөздер көп. Мысалы, медине
сөзі. Ол қала деген ұғымды білдіреді. Осыдан келе діннің мағынасын сенім
және тіршілік жүйесі деп түсінемін. Бұл адамның Жаратушының алдындағы
борышы. Құран дінді бүкіл ғаламды жаратқан Аллаһтың бізге жіберген
жүйесі, үгіті, бұйрығы, ұсынысы ретінде танытады. Құран бойынша Жаратушының
жүйесін адамдарға жеткізетін, түсіндіретін, баяндайтын хабаршылар, жаршылар
жіберілген. Оларды пайғамбарларлар, яғни елшілер деп атаймыз. Олардың нақты
саны бізге белгілі емес. Құран біразын ғана атаған. Мәселен Ниса сүресінде
(4164) және Ғафир сүресінде (4078) пайғамбарымыздан бұрын да көптеген
жаршылардың жіберілгені, олардың кейбірі туралы хабарланғаны, ал кейбірі
туралы оған әңгімеленбегені жөнінде айтылған. Демек, бізге де олардың
бәрінің қашан, қайда, қалай өткенін білудің қажеті жоқ.
Осы жерде бір мәселенің басын ашып алуымыз керек. Құранның аяттарын
тұтастай алып, оларды бірімен-бірі үйлесіп жатқан біртұтас жүйе ретінде
оқып, саралап, таразылап, талқылап қарағандағы түсінгенім – Аллаһ біздерге
дін деген бір ғаламат кеңістікті беріп отыр. Бұл кеңістікте тек Аллаһ
Тағаланың бұйрығы ғана жүреді. Дінге адамдар қол сұға алмайды. Жаратушыға
тиесілі осы кеңістікте, алаңда өзгерістер болмайды. Осы өзгермейтін сенім
және өмір сүру жүйесі күллі адамзатқа, күллі ғаламға, күллі заманаға бірдей
тән. Өзгермес діннің не екенін түсіну үшін де бізге Құранды жіберген. Құран
– оқулық, көп зерттелетін, көп оқылатын деген мағынаны білдіреді. Дін
адамзаттың борыштар жүйесі болғанда, сол жүйені бізге анықтап, түсіндіретін
оқулық – Құран. әл-Расұл сөзі расала етістігінен өрбіген; жол жүру,
тапсырысты, аманатты, жолдауды жеткізу дегенді білдіреді. Расұлаллаһ –
Аллаһтың аяттарын, яғни өзіне тапсырылған, жүктелген мәліметтерді адамзатқа
жеткізуші, жаршы, хабарлаушы, жіберілуші деген сөз. Осындай Құрани
ұғымдарды дұрыс түсінбей, дінді де дұрыс түсіне алмаймыз. Ал, ислам сөзі
берілу, өзін-өзі тапсыру дегенді білдіреді. Осы түбірден шыққан
мұслим сөзі берілген, тапсырылған, тәсілім болған дегенді
білдіреді. Яғни, мұслим (мұсылман) сөзі оқулықты (Құранды) оқып, борыштар
жүйесінің Иесінің билігіне берілген, тапсырылған, бой ұсынған адам деген
мағынаны береді. Исламның бір мағынасы берілу болса, екінші мағынасы
тыныштық, бейбітшілік. Кімде-кім Жаратушы жіберген оқулықты оқып, сонда
көрсетілген бейбітшілік жүйесі бойынша өмір сүріп, Жаратушы құдіреттің
билігіне бой ұсынатын болса, ол адам берілген һәм тынышталған адамға
айналады. Негізгі тұжырым осы жерде жатыр.
Осы тұрғыдан қарағанда адам өмірі екі алаңнан тұрады. Біріншісі – діни
алаң. Онда өзгеріс жоқ, оған қол сұға алмаймыз, оның шекаралары Жаратушы
тарапынан белгіленген, Жаршы тарапынан жария етілген. Екіншісі – діннен тыс
алаң. Мұнда адамның өзінің ықтияры, ерік-қалауы, таңдауы жүреді. Барлық
нәрсе атымен Құранда аталмауы мүмкін. Бүгінгі өміріміздегі көптеген
мәселелер, ғылыми-технологиялық табыстар, дүниелер атымен аталмауы мүмкін.
Құран түскен дәуірдегі қоғамда болмаған түсініктердің қазіргі өмірде болуы
заңды. Құранда атымен аталмаған мәселелер туралы болса ақыл, ғылым,
жаратылыс заңдылықтары, логика сияқты инструменттерді Құрандағы тәухид,
әділеттілік, адам құқықтары, ізгілік, теңдік, пайдалылық т.б. сияқты басты
құндылықтар мен қағидалар бойынша талқыға сала отырып, өзіміздің ерік-
қалауымызбен таңдау жасап, шешім қабылдай аламыз. Демек, ислам діні адамға
үлкен кеңістік, яғни еркіндік алаңы береді. Құран қияметке дейін
өзгермейтін негізгі принциптерді анықтаған. Қалған мәселелерде адамға өз
еркімен қимылдауға мүмкіндік берілген. Олай болмаса адам баласына ақыл-ой
мен сана-сезімнің берілуінің де мағынасы болмас еді. Сонымен қатар, адам
баласының бұ дүниедегі ісі үшін о дүниеде жауап беруінің де мәні қалмас
еді. Аллаһ Құранда: Сендерге аяттарды әбден анықтадық, бәлкім
ойланарсыңдар! (Құран, 3118) деп ашық айтқан. Құран сауда-саттық, ел
басқару, билік ету, руханият, ғылым қатарлы көптеген саланы қамтитын
үгіттерден құралған. Иманды пенде түсірілген және көрсетілген аяттарды
басшылыққа алады. Түсірілген аяттар деп Құранды, ал көрсетілген аяттар деп
барлық ғалам мен оның ішіндегілерді айтып отырмын. Мәселен – әділеттілік.
Құранда көп қайталанады. Бір аятта былай делінген: Ей, иман еткендер!
Әділет пен турашылдықтың куәгерлері ретінде Аллаһ үшін қарайласушылардан
болыңдар! Бір қауымға деген жеккөрушіліктерің сендерді әділетсіз болуға
итермесін! Әділетті болыңдар! Бұл сақтық танытушылар үшін жарасымды!
(58). Тағы бір аятта: Аллаһ сендермен дін бойынша соғыспаған және
сендерді жұрттарыңнан шығармаған адамдарға ізгілік жасауларыңа, оларға
әділетті болуларыңа тыйым салмайды. Күдіксіз, Аллаһ әділеттілерді жақсы
көреді! (608) делінген. Демек, әділеттілік мұсылман қоғамының ең маңызды
әлеуметтік ұстанымы. Оның маңыздылығы соншалық, Аллаһ оны өзінің көркем
сипаттарының біріне жатқызған. Қоғамдық қатынастардағы тағы бір маңызды
қағида – әл-қист деп аталтын әділеттіктің бір формасы. Ол негізінен сауда-
саттықтағы, алыс-берістегі әділеттілдікті анықтайды. Саудада алдамауды,
таразыдан жемеуді, адамзатқа зиян әкелетін тауарларды өндірмеуді, оларды
сатпауды, өнімді сапалы етіп шығаруды айқындайды. Үшінші қағида – адам
құқықтарын бұзбау, таптамау. Құранда сенім еркіндігіне рұқсат етіледі. Бұл
туралы Бақара сүресінің 256-аятында: Дінде зорлық (жиіркеніш, қысым)
жоқ! Шынында турашылдық (ақиқат) адасушылықтан (жалғаннан) өте айқын түрде
ажыратылды (2256) делінген. Исламда зорлық-зомбылық жоқ. Әр адам өзі
қалаған сенімімен жүре алады.
Билік иелері, яғни әміршіліер де өз үкімдері мен жасаған істері бойынша
Жаратушының алдында сұралады. Құранда барлық адамзаттың, тіпті, оның ішінде
пайғамбарлардың да жауапқа тартылатыны туралы анық айтылған (76,7). Бұны
неге айтып отырмын? Діндегі Аллаһқа тиесілі алаң мен пендеге тиесілі алаңды
шатастырмас үшін айтып отырмын. Билік иелеріне бағынуды талап ететін аяттың
өзі адамға билік жүргізу құқығы мен кеңістігінің берілгендігін дәлелдейді.
Ал, христиандықтағы теократиялық билік Исламда жоқ. Өкінішке қарай, кейбір
азаматтар (бұл біздің мұсылман дінінде де, иудаизмде де, христиан дінінде
де, басқа да діндерде орын алған жайт – М.Б.), Аллаһтың құзырындағы нәрсені
өзі иемденіп алып, бұ дүниеде жүзеге асыруға тырысады. Қалайша? Мысалы,
Аллаһ Құранның көптеген аяттарында бұ дүниеде істеген тірліктерімізге қарай
ақыретте үкім берілетіні жайында айтқан. Тіршіліктегі ісіңе қарай не
сыйлық, не жаза аласың. Ал, кейбір дінпаздар (дінді қанаушылар – М.Б.) ол
жазаны о дүниеге жеткізбей-ақ, бұ жақта бергісі келеді. Тірі адамды
тозақтық деп жариялайды. Инквизицияда осы жайт орын алды ғой. Христиан
дінпаздары ғасырлар бойы Құдайдың атымен (!) халыққа қан жұтқызды ғой! Ал,
бұл Жаратушының ғана құзырындағы нәрсе, кімді тозаққа, кімді жұмаққа
жібереді, Өзі ғана шешеді. Мына аяттарды олар неге оқымайды: Ешкім
ешкімнің орнына өтемін бере алмайтын күннен қорқыңдар! Сол күні ешкімнің
шапағаты (басқа біреудің күнәсін кешіруі – М.Б.) қабыл етілмейді! Сол күні
ешкімнен құн (бодау) алынбайды (әділетсіздік етілмейді – М.Б.)! Және
ешкімге жәрдем берілмейді! (248). Еркек болсын, әйел болсын,
имандылықпен ізгілікті істер жасағандардың барлығы да жәннетке кіреді және
олар бір нүктедей әділетсіздікке ұшыратылмайды! (4124). Тіпті қолдағы
Інжіл мәтіндерінде Иса пайғамдардың мынадай бір сөзі бар: Кайзердің
құқығын кайзерге, Құдайдың құқығын құдайға беріңдер! (Матфей, 2215-22).
Кайзер деген сөздің мағынасын түсінесіз бе?
Ө.А. – Иә, патша деген сөз ғой, латында с әрпінің бірде с, бірде к
болып оқылуына байланысты кейде цезарь деп, кейде кайзер, немесе
кесарь деп оқылады. Орысша мәтінде бұл сөз Отдайте богу – богово, кесарю
– кесарево болып оқылады.
М.Б. – Мейлі. Билік иесінің, әміршінің үкіміне оның қол астындағылар
бағынуы керек, әйтпесе тыныштық, тәртіп болмайды. Бұл жөнінде Құранда: Ей,
иман еткендер! Аллаһқа бағыныңдар! Пайғамбарға және өздеріңнен әмір
(бұйрық, іс) иелеріне де бағыныңдар! делінген (459). Осы аятта назар
аударатын мәселе пайғамбардың тірі кезінде әмір, бұйрық иелеріне бағынудың
бұйырылғандығы. Әмір иелері де өз үкімі, өз шешімі үшін Жаратушының алдында
жауап береді. Бұдан біздің ұғатынымыз Ислам дінінде фәни адамға да билік
жүргізу, үкім ету құқығының берілгендігі. Ал, теократияда адамға билік
жүргізу құқығы берілмейді, ол тек Құдайдың тікелей уәкілі шіркеудің
жарлықтарын орындайды. Міне, діндегі осындай нәзік мәселелер дұрыс
түсіндірілмегендіктен көп жағдайларда дін адамға еш ырық бермейтін бір
зомбылық жүйесіне айналдырылуда. Адамға қалдырылған кең алаңның орнына оның
әрбір сәтіне билік жүргізетін тар шеңберлер мен құрсау-қалыптар
қойылғандықтан, адамға тыныштық пен рахат беруге тиісті дін оның орнына
өмірді қиындатушы қанау құралына айналдырылуда. Бір жағынан догматизм,
догмаға, яғни ешқандай ақыли яки ғылыми дәлел келтірмей-ақ, талассыз
мойындалатын шіркеу бұйрықтарына арқа сүйейтін ілім, екінші жағынан өмірден
алшақ жатқан – схоластицизм, міне, бұл екеуі бүгінгі пенденің қолында
бұрмаланған құрама діндердің басты аурулары. Адамның дінге қол сұғуы, тіпті
онымен де қоймай, Жаратушының құқығын иемденіп алып, Оның атынан жер бетіне
үкім жүргізуі, әсілі, қалың бұқараны билеп-төстеудің, айдап-салудың, қанап-
жаншудың амалы ретінде көрінеді.
Ө.А. – Мысал келтіре кетіңізші.
М.Б. – Түсінікті болуы үшін мұсылман әлемінен мынадай бір мысал келтірейін.
Құранда адамға діни сенім еркіндігі берілді дедік. Оның өз дінінен басқа
дінге өтуіне де тыйым салынбаған. Ал, кейбір мұсылман елдеріндегі діни
ағымдар, мәселен Ауғаныстандағы талибандар, басқа дінді қабылдаған адамға
өлім жазасын бұйырады. Былтыр ғана Ауғаныстанда басқа дінге кірген бір
әйелді ату жазасына кесіп еді, бүкіл әлем дүр сілкінгеннен кейін кері қадам
жасауға мәжбүр болған. Осындай Құранға қайшы, заманауи адам құқықтарына
қайшы әрекеттер Ислам дінінің имиджін бұзуда және адамдарды діннен
қашыруда. Бұл – Аллаһтың құқығына, Құранда ашық көрсетілген діни алаңға қол
сұғушылықтың бір көрінісі. Есесіне дінімізді қаралағыштардың қолына
таптырмас материал. Құранда (2217) Исламнан басқа дінді таңдағандардың
ақыретте зиянға ұшырайтыны айтылған. Ал, дінпаздар Құранның берген
еркіндігіне қарсы дінді күшпен мойындатуды діни үкімге айналдырған.
Тағы бір мысал келтірейін. Ауғаныстанда билікке келген талибандар теледидар
көруге, музыка тыңдауға тыйым салған. Әйелдердің құқықтарын шектеген.
Еркектердің сақалын уыстап өлшеген. Тыңдамағандарды халықтың көзінше дүре
соғу арқылы аяусыз жазалап отырған. Бұлардың ешқайсысы да Құранда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz