Жамбыл облысындағы спирт өндірісінің пайдасы мен зияны туралы


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ: 66. 062. 5. (574. 52)

А 39

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СПИРТ ӨНДІРІСІНІҢ

ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ

Ү. М. Иманқұлов, А. Т. Алтынбекова

№ 47 орта мектеп, Тараз қаласы

Өнеркәсіпте біратомды спирттердің алынуы-катализаторлар қатысуымен алкендерді гидраттау, әрі бұл реакцияда асимметриялық алкендерге судың қосылуы Марковников ережесі бойынша өтеді. Спирттер құрамында функционалдық тобы бар көмірсутектердің туындылары. Зертханада (кейде өнеркәсіпте) осы спирттерді қыздырғанда көмірсутектердің галогентуындыларын сумен немесе сілтінің ерітіндісімен әрекеттескенде алады.

Спирттер-органикалық синтездің шикізаты, ерітінділер ретінде және қағаз, полиграфия, парфюмерия, фармакология, тамақ өнеркәсібінде пайдаланады. Спиртің көптеген түрлері бар. Солардың ішінен кеңінен таралған этиль спиртті.

Этиль спирті - өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, судан жеңіл, 78, 3 С температурада қайнайды, суда жақсы ериді және өзі көптеген бейорганикалық және органикалық заттарға еріткіш бола алады. Этиль спиртінің молекулалық формуласын және оның құрамындағы элементтердің валенттіліктерін біле отырып, спирттің құрылысын бейнелеп көрейік. Этиль спирті-гомологтық қатардың бір мүшесі. Қатардағы басқа спирттердің химиялық және электрондық құрылысы ұқсас болып келеді. Молекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше функционалдық гидроксил топтары бар органикалық заттар спирттер деп аталады.

Жамбыл облысы республикадағы өнеркәсібі жан-жақты дамыған ірі аймақтың бірі болып табылады. Жамбыл облысында шарап шығаратын кәсіпорындар: “Тараз АҚ-ы”, “БМ” ЖШС сияқты спирт шығаратын екі ірі кәсіпорындардың өнімдері республикадан тыс жерлерге де кеңінен мәлім. Сонымен бірге, “БМ” ЖШС-нің шығаратын табиғи шырындары, жемістен жасалатын басқа да өнімдері. Германия, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей сияқты елдерге сатылады.

Жеке кәсіпкерлердің іскерлік қызметі қанат жаюда. “БМ” ЖШС-і дәрі-дәрмекті, табиғи шырындары, кетчуп, тосап, джем шығаруды, сондай-ақ, тығындар өндіруді ұлғайтып, ұн тарту цехын және тәулігіне 150 тонна протеиндік қоспа жем шығаратын зауытты іске қосты. Облыста «Шарап» АҚ-ы, “Виза”, “Құрылыс құралымдары зауыты” ЖШС-і өз өндірістен жетілдірді. Металл құралымдары зауыты цистерналар және республикамыздың мұнайшылары үшін металл құралымдарын, ал «Промхиммонтаж» АҚ-ы пластикалық терезелер, аяқ жолға төселетін плиткалар, “Триплекс-Автосервис” ЖШС-і автомобильдердің алдыңғы әйнегін, «Қарат» және «Дера» ЖШС - тері жиһаздар шығаруды игерді.

Өңдеу өнеркәсібі құрылымында жоғары үлес салмақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының да еншісіне тиіп отыр. Өңдеу өнеркәсіп орындары ірімшік пен сүзбе, сары май шығару, басқа да сүт өнімдерін өндіру, көкеністер мен жеміс шырындарын, арақ шығару сияқты тамақ өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтты. Сонымен қатар, өнімдерге тұтыну сұранысының төмендегеніне байланысты, шикізат сатып алуға айналымдағы қаржының жеткіліксіздігінен, өнімдердің кейбір түрлерінің сапасы төмендігінен бәсекеге жарамсыздығынан және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуынан «Тараз» ААҚ-ы этиль спиртін өндіру «Қант» ААҚ-ы қант, алкогольсіз сусындар, ликерлер шығару, шараптар өндіру деңгейі төмендегендігі орын алды.

«БМ» ЖШС-і облыстың ең ірі инвесторларының бірі болып табылады. Онда клейковина өндіру цехы пайдалануға берілді. «БМ» ЖШС тоқыма саласында да кең орын алды. Тоқыма және тігін өнеркәсібінің кәсіпорындары 15, 9 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне 49, 9 %- ды құрайды. Саланың кәсіпорындары жыл басынан бері ерлер мен балалардың сырт және арнайы жұмыс киімдерін тігуді көбейтті. Сонымен қатар, тапсырыстың қысқаруына байланысты төсек- орын жабдықтарын, әйелдердің сыртқы киімдерін, теріден тігілетін әйелдердің пальтосын және тондарын тігіп шығару көлемі қысқарды. «БМ» ЖШС халық тұрмысына қажеттіні өңдірді. Өнімдері: сода, шыны терезелер, қант, шырындар. «БМ» ЖШС кәсіпорны адам тіршілігіне осындай көптеген заттар өндіріп адамдардың тұрмыс-тіршілігіне көптеген пайдасы бар. «БМ» кәсіпорны осының бәрін өндіріп жатқанда, ол кезде зиянды лас заттар бөлініп жатты. Сүзгінің болмауына байланысты зиянды заттар: Талас өзені аңғарына, Тараз қаласының Теміржол бекеті үстіндегі ауылдардағы кішігірім суларды ластап жас ұрпақтардың денсаулығына зиянды әсерлер келтіруде. Ауладағы ойнап жүрген балалардың үстіне әр түрлі қышыма аурулары көбеюде. Жалпақтөбе тұрғындары көкөніс дақылдары топырақтың улануына байланысты көкөніс өсіре алмай отыр. Ал егер ауыл шаруашылығы көкөніс өсіре алмаса ол халыққа зияны келеді. Осыны біліп отырған «БМ» басқарушысы топыраққа, экологияға көптеген зиян келтіріп отырғанын білгеннен олар халыққа қаражат төлеп отыр. Халыққа төлем ақының да қажеті бар. Бірақ қазақтың құнарлы топыраған кім қайтадан орнына келтірер. Экологияны енді кім тазартар. Осы арақтың да жасөспірімге зияны өте көп. Осы араққа салынып қанша жас балалар ата-анасын ұмытып, қаңғырып кеткен жасөспірімдер өте көп. Осы арақтың денсаулыққа деген зияны өте көп. Арақтан өкпе ауруы, цилироз т. б. көптеген аурулар бар. Спирттер организмге зиянды әсер етеді. Әсіресе метил спирті- күшті у. Ол тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде көз нервтері бүлініп, суқараңғы соқыр етеді. Спирттің 5-10 миллилитрінен организм қатты уланады, ал 30 миллилитрінің өлтіріп те жіберуі мүмкін[1] .

Этил спирті- наркотик. Ол ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, организмге күшті әсер етеді. Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімдігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады да соның бәрі оны жұртқа жеккөрінішті етіп көрсетеді. Ал алкогольді пайдалану салдары тіпті қауіпті, ондай адам ішімдікке дағдыланып алады да мүлде салынып, ақыр аяғында асқынып, алкоголизммен ауырады. Спирт асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабарұшында уытты жара, гастрит пайда болады. Бауырда спирт ыдырағанда оған күш түсіп, цирроз ауруына душар етеді. Спирт миға сіңіп, нерв клеткаларын уландырады, одан ақыл-ой, сөз, ойлау қабілеті бұзылады да рухани ауыр халге ұшырайды, сөйтіп дел-сал болады. Спирттер көптеген өндірістеде еріткіш ретінде қолданылады. Химиялық өнеркәсіпте оларды сан алуан синтездер үшін пайдаланады[2] .

Метил спирті пластмасса, сірке қышқылы және басқа органикалық заттар өндірісінде пайдаланылатын формальдегид алуға өте көп мөлшерде жұмсалады. Қазіргі уақытта метил спиртін бастапқы өнім ретінде пайдалану негізінде көптеген жаңа технологиялық процестер жасалуда, сондықтан халық шаруашылығына қажетті заттар мен материалдардың өндіру өнеркәсібінде оның маңызы барған сайын арта беретін болады.

Метил спиртін мотор отын ретінде пайдаланудың келешегі зор деп есептеледі, өйткені оны бензинге қосқанда жанғыш қоспаның октан саны артып, пайдаланылған газда зиянды заттардың түзілуін кемітеді[3] .

Этил спирті синтетикалық каучук өндірісінде көп мөлшерде жұмсалады. Спиртті тотықтырып, тағамға қажетті сірке қышқылын алады. Спиртті дегидраттану жолымен диэтил эфирін дайындайды, спиртті хлорсутекпен өзара әрекеттестіру арқылы операция жасалатын жерді жансыздандыруға пайдаланатын хлорэтан алады. Спирт көптеген дәрі-дәрмектер жасауға да қолданылады. Ол парфюмерияда әтір және иіс сулар жасауға да қолданылады. Олны кейбір елдерде жанармайдағы октан санын арттыру үшін мотор отынына қосады[4] .

Сондықтан жасөспірімдерге байланысты көптеген шаралар қолдану қажет. Бұрынғы Ресей халықтарында «Патшалар шарапханасы» құрылған. Әр адамға бір стақаннан артық арақ сатпайтын болған. Кәзір небір жандар барынан айырылып, тапқаның араққа айырбастап жүогені қатты қынжылысқа түсіреді. Ішімдікті пайдалануға оқу-орындарындағы ұстаздар, лауазымды шенеуліктер шеттеп қалды. Ішкіліктің кесірінен қыздардың әр түрлі жолға түсері де айдан анық. Көптеген жағдайларға анық қарайтын болсақ анасына жете алмай отырған балдырғандар, күл-қоқыстың ішінен табылып жатқан күнәсіз нәрестелер жанымызды түршіктіреді. Мәселен, көшеге шыққанда, автобус аялдамасында тұрғанда, көп қабатты үйлер арасында қазақ қыздарының спирттік ішімдік ішіп, темекі тартып жүргендеріне көз жеткізу қиынға соқпайды. Алкоголь жас адамдар үшін өте қауіпті, өйткені өсіп келе жатқан организмде зат алмасу процесі қарқынды жүреді де улы әрекетті дереу сезінеді. Сондықтан ересектерге қараған да жастар арасында алкоголизм ауруы жиі-жиі байқалады. Жастар тіршілігінен спирт атаулының барлық түрлерін толық жою қажет[5] .

Шарап- арабшадан аударғанда «жаман су» деген мағынаны білдіреді. Таза спиртті ең алғаш Рагез деген араб ойлап тапқан деген аңыз бар. Ол адам жүзім шарабында пайдасы көп дескен. Егер адамдар жүзім шарабын анда-санда мөлшермен ішсе, қанның құрамын байытып қысымын реттеп асқазан жұмысын жақсартып қышқылды орнына келтіруге ықпалы зор. Шындығында адамдар одан пайдадан гөрі зиянды көп шегір жатыр. Бұрында 1985 ж ішімдікке қарсы М. Горбачев бастаған ойластырылмаған науқанның зияны орасан болды. Осыдан кейін жұрт жаппай арақ-шарап жасауға кірісті. Олардан талай адам уланып о дүниелік болып кетті. Осынау солақай саясат облыста жүзім өсірумен шұғылданып шарап ашытатын 5 зауыт пен оның өнімдерін екінші қайтара өңдейтін Тараздағы «Шарап» зауытының шаңырақтарын шайқалтып кетті. Егер жасөспірімдер араққа салынбай осындай көптеген газет- журналдар оқыса өздерін қандай қауіпке салып тұрғанын түсінеді. Осы арақтан көптеген ауралар пайда болады. Егер арақ ішетін болса күннен күнге сырқаттана береді. Шылым шегу, ішкілікке салыну сияқты залалды әдептермен күресудің бір жолы деп айтуға болар, ол үшін мекемелерде, оқу орындарында, өндіріс рындарында жоспарлы түрде тәрбиелі шаралар, әңгімелер, лекциялар, фильмдер өткізуді қажеттілікке айналдыру керек. Осы арақтың кесірінен бір адамның жазасы ауырлатылды[6] .

Арақ- шарапқа әуестеніп, маскүнемдікке салынудың арты жақсылыққа соқпайтыны бесенеден белгілі жайт. Сөйте тұра, қайсыбіреулер осынау зиянды әдеттен арыла алмай, құрдымға кетіп жатқаны жан ауыртады. Ішімдіктің кесірінен қызмет пен жап-жақсы жұмыстан айырылып, отбасының берекесін кетіріп жүргендерді былай қойғанда, олардың кез-келген қылмысқа шімірікпестен баратынын қайтерсің! Әрі ондайлар алдын-ала тергеу мен сот процесі кезінде: «Қатты мас болып, есімді білмей қалыппын», деп ақталғысы келеді. Бірақ, мастықтың жазаны ауырлатпаса, жеңілдетпейтіні ондайлар біліп те жарытпайды. Әйтпесе, қолмен істегенін мойнымен көтерудің орнына, арақ-шараптың ақыл-есін билеп кеткендігін алға тартпас еді ғой.

Өткен жылдың қоңыр күзінде әкелері бөлек болғанымен, аналары бір Александр және Андрей Ивановскиилер Тараз қаласы М. Тынышбаев атындағы көшенің № 60 үйіндегі 1-пәтерде төс түйістіріп, бірнеше шөлмек босатқан. Соңғысы көне кенттегі 8- ші «Алатау» шағын ауданының № 22 көпқабатты үйіндегі № 67 пәтерде әйелімен тұрып жатса да Ресей Федерациясын біраз жағалап, жалданып жұмыс істеп қайтқанда. Шағын ауданнан шешесінің үйіне велосидпен келгендегі бастапқы ойы туған-туыстарына сәлем беріп, алыстан аман-есен келгендігін атап өту болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыра
Күн сәулесі - болашақтың сарқылмас энергиясы
КВАС ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ЗИЯНЫ
Алматы облысының жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктері
Күріш зиянкестері
Бие сүті және қымыздың құрамы мен қасиеттері
Агроөнеркәсіптік кешен
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
Қазақстан Республикасындағы алкогольды сусындар нарығы
Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz