Ахмет Яссауидің өмірі


Ахмет Ясауидің өмірі
ХІ-ХІІ ғасырларда жасаған атақты түркі сопысы, кемеңгер ойшыл, дарынды ақын Ахмет Ясауи Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. (Ахмет Ясауидің қай жылы дүниеге келгендігі жайында ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Мәселен, К. Эраслан оны 1083 жылы туылды десе, М. Жармұхамедов 1103 жылы туылды дейді, А. Ахметбек 1093-94 жылы туылды десе, Дәуітұлы 1040 жылы туылды дейді. )
Исфиджаб - Тарым өзеніне қарасты, Шахир өзеніне құятын маңдағы Жібек жолының бойында орналасќан кішкене қалашық. Осы бiр қала 840 жылы Нұх бин Әсәд басшылығымен Самани әскері жаулап алғандығы және халќы көп ұзамай, ислам дінін ќабылдағандығы тарихи жазбаларда кездеседi. Кейін бұл ќала ќарахандыќтардың ќол астына өткен, Иыған Тегін Сүлеймен Бұғра хан Талас немесе осы Исфиджабта туылған. Аталмыш қала ќарахандыќтардан кейiн Хорезмшах құрамына, одан кейін Шыңғысханның иелігіне өтті.
әл-Маќсиди өз заманындағы Исфиджаб (Сайрам) ќаласы туралы былай деп кеңінен мәлімет береді: “Исфиджаб үлкен сауда орталығы, ол әсіресе киім саудасымен танымал. Бұл ќалада төрт есікті мешіт орналасќан және мешіттің әр есігінің алдында ќонаќжай шатырлар бар…
Исфиджаб ќаласы өзінің жеміс ағаштарымен атақты, мұнда жеміс ағаштарының түрлі-түрлісі өсіріледі. Ал халќы көп ұлттан ќұралған. Исфиджаб халќының жүректері (көңілдері) ќатты, мәзћабтарына (дiндерiне) берік, оларда жамандыќ, жаќсылыќ бірдей кездесіп отырады”.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы Исфиджаб ќаласында сопылыќ тариќаттар мен теккелер де пайда бола бастаған көрінеді. Себебi, Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған.
Шейх Ибраћим орынбасарларының бірі - Мұса Шейхтың қызы Айша Хатунға (Қарашаш ана) үйленген, одан Гауһар Шахназ деген бір қызы және Ахмет деген бір ұлы туылған (Насабнамада келтірілгендей Ибраһимнің Ахметтен басқа Исмаил ата деген тағы бір ұлы болған екен. )
Ахмет Ясауидің ата тегі туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар болғанымен Алматы кітапханасында табылған “Насабнама” бойынша Ахмет Ясауидің ата тегі оның 15-інші атасы - Хазіреті Алиге барып тіреледі, яғни Ахмет Ясауидің тегі хазіреті Алидің әйелі ардақты Пайғамбардың қызы Фатимадан емес, хазіреті Алидің кейінгі әйелі Ханифадан туған Мұхаммед Ханифадан тарайды. Аталмыш жазбада Ахмет Ясауидің ата-тегі былай келтіріледі:
- Хазірет Әли радияллаһу анћү;
- Хазіреті Әлидің ( р. а. ) ұлы Имам Мұхаммед Ханифа;
- Имам Мұхаммед Ханифаның ұлы Имам Мұхаммед Баќи;
- Имам Мұхаммед Баќидің ұлы Имам Әли Мұса Риза;
- Имам Әли Мұса Ризаның ұлы Имам Хазірет;
- Имам Хазіреттің ұлы Садыр баб;
- Садыр бабтың ұлы Ысқақ баб пен Абду-л-жәлил баб;
- Ысқақ бабтың ұлы Абду-р-Рахим баб;
- Абду-р-Рахим бабтың ұлы Абду-л-баб;
- Абду-л-бабтың ұлы Исенханжа баб;
- Исенханжа бабтың ұлы Қарға баб;
- Қарға бабтың ұлы Мәжин баб;
- Мәжин бабтың ұлы Хорасан баб;
- Хорасан бабтың ұлы Хасан Хожа лақабы Қабаж ата;
- Хасан Хожа бабтың ұлы Ибраһим ата;
- Ибраһим атаның ұлы Хазірет Қожа Ахмет Ясауи мен Исмаил ата.
Ахмет Ясауидің үлкен ғұлама болуына әкесі Ибраһимнің еңбегі зор дей аламыз. Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ахмет анасынан жастай айрылған, әкесі Шейх Ибраһим де, Ахмет жеті жаста болғанда қайтыс болған. Ахметтің одан кейінгі өмірі әпкесі Гауһар Шахназдың қамқорлығында қалды.
Ахмет жастайынан зерек, ислам ілімдіріне ерекше ықыласты болып өскен. Ол кішкентай кезінде бізге беймәлім бір себеппен әпкесі екеуі Ясы қаласына көшіп келген. Осыған байланысты өз атына қосымша “ясылық” деген мағанадағы “Ясауи” деген атауға ие болған.
Түрік аңызы бойынша Оғыз ханның астанасы болған Ясы ќаласы батыс пен шығысты байланыстыратын Жібек жолының бойындағы сауда орталығы болған. Бұл ќаланың ескі аты “Шауғар” (Шавгар) .
Кейін бұл ќаланың орталығы Ясыға ауысқан, осы бiр кезеңнен бастап ќаланың аты Шауғар емес, “Ясы” деп атала бастаған. Қожа Ахметтiң заманында бұл ќаланың аты Ясы деп аталса керек.
Ахмет Ясауи Ясыға көшіп келгенде бұл ќалада сопылыќ жол кең жайылған болатын. Оған аңыз бойынша Ќұмшыќ ата деген сопы мен ќазіргі кездегі оның теккесі (дергаћ) дәлел бола алады. Сонымен ќатар бұл ќалада Арыстан баб есімді мәшћүр шейх ќұрған сопылыќ жол да бар болатын. Жас Ахмет Ясы ќаласында осы Арыстанбабќа ќол беріп, оның заћири (сыртќы), батыни (ішкі) ілімдерін үйренеді. Мұны халық арасындағы аңыздар да қуаттайды және Диуани Хикметте:
Жеті жаста Арыстанбабқа қылдым сәлем,
Хақ Мұстафа аманатын қылғын әнам.
Арыстан баб қайтыс болғаннан кейiн Қожа Ахмет сол заманның ғылым, бiлiм ордасы болған Бұхараға сапар шеккен. Аталмыш қалада ясылық шәкiрт атақты шейх - Қожа Жүсiп Хамаданиге қол бередi (дәрiс алады) . Ахмет Ясауидің үлкен ұстазы Жүсіп Хамадани (толық аты: Әбу Яқуб ибн Әййуб ибн Юсуф ибн әл-Хаман ибн Уахра Хамадани әл-Бүзенжири) Хамадан ауданындағы Бүзенжир қалашығында 1049-1050 жылы дүниеге келген. Өскеннен кейін ол Бағдат қаласына барып, Шейх Әбу Исқақ Ширазимен кездеседі де, одан шариғат (фықһ) ілімдерін үйренеді. Сосын Бағдат, Исфахан, Самарқанд қалаларындағы ұлы мұхаддистерден (хадисші) хадис ілімін үйренеді. Одан кейін Жүсіп Хамадани сопыларға тән өмірді қалап, әйгілі Шейх Әбу Али Фармедиге қол беріп, одан сопылық ілімді үйренеді де өмірінің ќалған бөлігін көңілін тәрбиелеумен өткізеді.
Жүсіп Хамадани жүннен және үнемі жамалған киім киіп, дүние істеріне аса мән бермей, патшалардың, үлкен кісілердің үйлеріне бармайды екен. Жүсіп қолында не бар болса мұқтаждарға таратып беріп, ешкімнен ештеңе алмайды болған. Ол 75 жыл бойдақ жүріп соңында үйленген. Сондай-ақ хамадандық Жүсіп ислам бойынша 700 шығарманы жатқа білген, 213 Шейхпен кеңес құрып, 8000 бұтқа табынушыны ислам дінін қабылдауына себепкер болған адам. Ол христиандар мен отқа табынушылардың (Мәжуси) үйлеріне барып, исламның ұлылығын түсіндіретін болған. Меккеге 37 мәрте қажылықа барған. Жүсіп Хамаданидің өмір сүріп тұрған кезінде Селжұқ империясының сұлтаны Сұлтан Санжар Жүсіп Хамаданиді қатты құрметтеген. Тіпті Хаманидің теккесі қаражаты үшін, 50 000 динар жіберген екен дейді. Қазір Жүсіп Хамадани мен Сұлтан Санжардың қабірі Мерв (Мары) қаласында.
Жүсіп Хамаданидің қартайған шағында оның өзге 3 шәкіртімен бірге Қожа Ахмет халифалық (орынбасар) дәрежеге жоғарылаған. Жүсіп Хамадани қайтыс болғаннан соң, Ахмет оның алғашқы екі халифасы - Ќожа Абдуллаһ Берки мен Қожа Хасан Андакидан кейін біраз уақыт Бұхарадағы Хамадани теккесін басќарады. Бірақ біз оның қанша уақыт Хамадани теккесін басқарғанын білмесек те, ясылық ғұлама барлық шәкірттерін 4-ші халифа - Қожа Абдухалық Гыждуаниге тапсырып, өзі Ясыға оралғанын бiлемiз.
Ислам дәруіштері тәрiздi Хорасан, Сирия, Ирак өлкелерiн аралап, Ахмет кезбелiк өмiр кешкенiн Диуани Хикметтегi мына өлең жолдарынан бiлемiз:
Дариға, не істемекпін ғаріптікке
Шын сорлы кезбе болып шықты міне.
Хорасан, Шам, Ираққа барып, тіпті,
Қанғудың көп қадырын ұқты міне
Қайтеміз Құдай салса, буған белмен
Қынғаннан-Жүсіпті ол қуған-ды елден.
Мүбәрәк Түркістаным - туған жерге,
Тасқа ұрып бауырымды келді міне
Түркi халықтарының ортақ пiрi ясылық Ахмет кiндiк қаны тамған берекелi мекенiне бiлiм сыпырасын (софра) жайған. Оның берекелi софрасында көптеген шәкiрттер ақиқат шуағымен азықтанған, түркi жұртының көңiлдерiне Аллаһ нұрымен иман ұрығын еккен. Халыќ арасындағы аңыздарға ќарағанда ұлы бабамыз 99 000 мүриді жетілдірген, оның 12 000-ы шейхының жанында дәріс алады екен. Әзіреті Сұлтанның рухани софрасында (дастархан) ақиқат нұрымен сусындаған мүридтері ұстазының нұсқауымен түркі әлемінің түкпір-түкпіріне жөнелтілгені халық арасындағы аңыздарда кереметтей етіп баяндалады.
Ахмет Ясауи ардақты пайғамбарымыздың сүннетін қатты ұстаған адам. Сондықтан пайғамбар жас - 63 жастан кейін, теккесінің жанынан жер астына өзіне орын қаздырып, өмірінің қалған бөлігін сонда өткізген.
Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім,
Мұстафаға қайғы тұтып кірдім міне
Алпыс үште сүннет деді естіп білдім
Мұстафаға аза тұтып кірдім міне.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz