Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 151 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
АКАДЕМИЯСЫ

ӘОЖ 343.233 Қолжазба құқығында

ӘБІЛҚАСЫМОВ ЕГЕМБЕРДІ ДАЙРБЕКҰЛЫ

Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату

12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология;
қылмыстық-атқарушылық құқық

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
заң ғылымдарының докторы,
профессор Г.Р. Рүстемова

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты ќылмыстыќ
жауаптылыќтан босатудыњ түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
1.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты
мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданудың ерекшеліктері
мен өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .39
1.4 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасын қолдануда азаматтардың
Конституциялық құқықтарының
сақталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негіздері және оларды қолдану ерекшеліктері
2.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..73
2.2 Қылмысты бірінші рет жасау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .84
2.3 Жасалынған қылмыс онша ауыр емес немесе ауырлығы
орташа қылмыс санатына жату
ерекшеліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
2.4 Жәбірленушіге келген зиянның есесін толтырудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..111
2.5 Қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласу қажеттілігі ... 131

Ќорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .144

Қолданылған қайнар
көздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
55

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 166

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өз алдына мемлекет болып
тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, егемендігіне, азаматтардың өмірі мен
бостандықтарына тірек болатын, өзінің барша құқықтықќ негіздерін қайта құру
қажеттілігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Мемлекетті
басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті
саќтау, елді зорғау, сыртқы саясат қатынастарын реттейтін көптеген заңдар
мен жарлықтар қабылданып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауының жиырма бесінші бағытында:
Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз
демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің
өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет – деп құқықтық
мемлекетіміздің құқығын одан ары жетілдіру демократиямен тікелей байланысты
екендігін айқындап отыр [1, б. 5].
Қазақстан Республикасында қалыптасу, елде экономикалық реформаларды
жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы
айрықша күшейді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-
қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік
актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Осыған байланысты егеменді
еліміздің мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту,
мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Егеменді Қазақстанның конституциялық,
әкімшілік, азаматтық, еңбектік және қылмыстық құқықтық салаларының аса
маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті мәселелері жаңаша
қарастырылуда.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-құқықтық саясат, халықаралық
нормаларға сәйкестендіріліп, екі векторлы бағытқа ие болды. Атап айтқанда,
олардың алғашқысы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас
бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті күшейту, екіншісі қоғамға
үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстар үшін жазаны жеңілдету және
сотталғандарға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін
көбейту. Соңғы жылдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану
барынша қысқартылды. Оның орнына сотталған адамды қоғамнан оқшаулауды
көздемейтін балама жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босату жиі қолданылуда.

Жањадан ќабылданѓан ќылмыстыќ зањда негізінен баламалыќ жазалар
кењінен ќарастырылып қылмыстық құқықтық саясат ізгілікке баѓытталѓан.
Ќазаќстан Республикасыныњ Президенті Н.Ә. Назарбаевтыњ Ќазаќстан
Республикасы Соттарыныњ 3-ші съезіндегі баяндамасынан біз қылмыстық
құқықтың негізгі бағыттары, жалпы қылмыстық қудалауға тоқтам салып
қылмыстық құқықтағы жазалардың бас бостандығынан айыру түрлеріне баламалы
бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерімен алмастырып,
қажет болған жағдайда қылмыс жасаған адамға жаза тағайындамау,
мүмкіндігінше оларды қылмыстық жауаптылықтан да босату қажет екендігін
түсінеміз [2, б. 2].
Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясат тұжырымдасына сай
қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде
адам құқықтары мен бостандықтарының басым екендігін және ажырамастығын тану
негізге алынуы тиіс.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық-құқықтың негізгі қағидаларын
бұлжытпай сақтай отырып жүргізілуі тиіс екендігі тұжырымдама талаптарының
бірі болып танылады [3, б. 18-19].
1997 жылы 16 шілдеде қабылданып 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап заң күші
бар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында орын алған
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасы қылмыстық құқықта бірінші рет орын алып отыр. Бұл норма қылмыстық
құқықта алғаш рет орын алғанымен қылмыстық іс жүргізу құқығында осыған
дейін және қазіргі уақытта келелі орын алып келе жатқан норма болып
табылады. Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтың саяси бағыт бағдары қазақ
елінің бұрынғы замандағы Тауке ханның Жеті жарғы қағидаларына
сәйкестендірілу барысында пайда болған тәрізді. Себебі, Тауке ханның Жеті
жарғысы қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтардың барлығын
қамтыған заң нормалары болып келген. Қазіргі кездегі қылмыстық құқықтағы
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасы да қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық құқықтың міндеттерін
өз бойына жинауда.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасы статистикалық ақпараттарда арнайы көрсетілмеген. Оның себебі
аталған норманың өзі және оны қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы мен 38-баптарына
бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілуге байланысты екендігімен
түсіндіріледі.
Статистикалық ақпараттар негізінде Ішкі істер министрлігімен 2004 жылы
барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 87,4% тергелген болса, 2005
жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 86,4% тергелген [4, б. 4-
44]. Осыған орай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесі бойынша 2004 жылдың сәуір айында
ішкі істер органдарының тергеушілерімен сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға
2059 тергеуші ат салысып, олардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодекснің 65-бабы (Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату)
негізінде 4,5%; 66-бабы (Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату) негізінде 0,4%; 67-бабы (Жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 75,5%; 68-бабы
(Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде
2,1%; 69-бабы (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату) негізінде 2,2% қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданғандығы
анықталды. Көріп отырғанымыздай қылмыстық жауаптылықтан босату институты
түрлерінің ішіндегі іс-тәжірибеде көп, әрі сирек қолданылатыны
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасы екендігі анықталды [5, б. 201-237].
Алматы қаласының сотымен 2004 жылы 1677, 2005 жылы 1665 адамға
байланысты қылмыстық іс қысқарса, оның 2004 жылы 1467-і, 2005 жылы 1419-ы
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67-бабы негізінде қысқартылғандар қатарын
құрап отыр. Осы қылмыстық іс қысқартылған адамдардың 2004 жылы 71-і, 2005
жылы 70-і жасы кәмелетке толмағандар [6].
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасын іс-тәжірибеде жиі және жаппай қолдану азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының бұзылуына алып келуі сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабы мен Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38 және 37 бабтарының
арасында қарама-қайшылықтар орын алуда. Сонымен қатар, жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолдану барысында
қылмыстардың алдын алудағы мемлекеттің атқаратын рөлі көлеңкеде қалып отыр
деуге болады.
Елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық құқықтық саясаттың алға қойған
мақсаттары, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату нормасына талдау жасау қажет ететіндігін дәлелдейді. Мұның өзі осы
көрсетілген мәселені зерттеудің қажеттілігін және оның өзектілігін
көрсетеді.
Тақырыптың өңделу дәрежесі. Қылмыстық құқықта орын алып отырған
қылмыстық жауаптылықтан босату институты және жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату аумағында туындаған сұрақтарға
көптеген ғалымдар көңіл бөлді. Атап айтсақ, олардың ішінде жақын шет
елдердің белгілі ғалымдары: А.В. Василевский, В.В. Виттенберг, Л. Головко,
Е.В. Давыдова, А.В. Ендольцева, Л.Л. Кругликов, В.В. Ценева және еліміздегі
осы тақырып бойынша еңбек еткен белгілі ғалым заңгерлер: А. Ағыбаев,
Е.О. Алауханов, Т.Ә. Бапанов, И.Ш. Борчашвили, У.С. Джекебаев,
С.Е. Еркінов, А.Ж. Жылқыбаев, Е.І Қайыржанов, С.С. Молдабаев,
С.М. Рахметов, Д.В. Синев т.б.
Бұл ғалымдардың еңбектері қылмыстық жауаптылықтан босату институтының
дамуына қосқан үлестері мол, алайда олар аталған институттың барлық
қырларын айқындады деуге болмайды, себебі осы институт төңірегінде әлі де
болса талас тудыратын шешілмеген сұрақтар анықталып іс-тәжірибеде қылмыстық-
құқықтық саясаттың іске асырылуында кездесетін кемшіліктермен
түсіндіріледі.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасы бойынша 2001 жылы Ресей Федерациясында Е.В. Давыдовамен, 2002
жылы В.В. Ценевамен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
арнайы зерттеу жұмысы жүргізілген [7; 8].
Ал, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша
арнайы монографиялық зерттеу жүргізілмеген болып отыр.
Диссертациялыќ зерттеудіњ маќсаты және міндеті. Диссертациялыќ
зерттеудіњ басты маќсаты болып, жәбірленушімен татуласуына байланысты
ќылмыстыќ жауаптылықтан босату нормасының теориялық және практикалық
мәселесін кешенді түрде зерттеу, жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын жетілдіру бағытында ұсыныстар
жасау, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қылмыстық заңды теориялық және
тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны одан әрі
дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Көрсетілген
мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:
– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасының мағынасын ашып түсінік беру және оның мақсаты мен міндетін,
қылмыстық құқықта атқаратын рөлін айқындау;
– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасының іс-тәжірибеде қолданылу механизміне талдау жасай отырып,
кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерді анықтап оларды шешу жолын
қарастыру;
– алыс, жақын шет елдер қылмыстық құқығында орын алып отырған
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасы қалай қарастырылған және олардың өзара айырмашылығын салыстыра
отырып, талдау жасау;
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдануда
қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылар мен басқа да тұлғалардың
Конституциялық құқықтарының қорғалуына баға беру; зерттеліп отырған
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасы бойынша қорытынды жасап, аталған норманы жетілдіру бағытында
ұсыныстар жасау;
– Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі
сот практикасы туралы нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы деп аталатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулысының жобасын ұсыну.
Зерттеудің объектісі – жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықтағы рөлін айқындау, оған
талдаулар жасау, мағынасы мен түсінігін беру және оны іс-тәжірибеде
қолдануда туындап отырған өзекті мәселелерге тоқталу болып табылады.
Зерттеудің заты – қылмыстық құқық бойынша жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы және оны қолдануда
басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының заңдары табылады.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық
еңбектің методологиялық және әдістемелік негіздерін метериалистік
диалектиканың заңдары мен қылмыстық құқықтық зерттеудің негіздері мен
қағидалары құрайды. Зерттеуде сондай-ақ, жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолданудың тарихи,
салыстырмалы құқықтану, статистикалық әдістемеліктер, жүйелі- құрылымдық
талдау әдістері кеңінен пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық негіздерін жақын шет елдердің белгілі ғалымдары:
Х.Д. Аликперов, А.В. Василевский, В.В. Виттенберг, Л. Головко,
П.М. Давыдов, Е.В. Давыдова, А.Я. Дубинский, А.В. Ендольцева, Н.Г Кадников,
Л.Л. Кругликов, Д.Я. Мирский, А.В. Наумов, В.А. Новиков, Е.В. Ремзинов,
В.М. Савицкий, В.В. Скибицкий, Т.Г. Хатеневич В.В. Ценева және еліміздің
белгілі ғалым заңгерлері: Н.М. Абдиров, З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов,
Н.А. Абдиканов, А. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, Б.И. Ахметов, Б.Ә Әбдірахманов,
Е.Т. Әбілезов, К.Ж. Балтабаев, Т.Ә. Бапанов, И.Ш. Борчашвили,
У.С. Джекебаев, С.Е. Еркінов, А.Ж. Жылқыбаев, А.А. Исаев, Е.І Қайыржанов,
М.Ч. Қоғамов, Б.А Құлмұханбетова, К.А. Мами, А.Х. Миндағұлов,
С.С. Молдабаев, М.С. Нәрікбаев, М.О. Нүкенов, Р.Т. Нұртаев, Е.А. Оңғарбаев,
С.М. Рахметов, Г.А. Рахимжанова, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова, Д.В. Синев,
Қ.Ш Уканов, Д.С. Чукмаитов және тағы басқа ғалымдардың еңбектері құрады.
Зерттеудің нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу,
Азаматтық кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
нұсқауларына негізделді.
Салыстырмалы түрде Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс
жүргізу және 1998 жылға дейінгі Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс
жүргізу кодекстері; Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулылары; Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексі;
Ресей Федерациясының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері;
Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексі зерттелді.
Зерттеу жұмысына қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық,
Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс
жүргізу кодекстері, Қазақстан Республикасы, Қазақ КСР, КСРО, РКФСР Жоғарғы
Сот Пленумдарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
нұсқаулары, ғылыми заң әдебиеттер және іс-тәжірибиедегі Қызылорда облысы,
Ақмола облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласының 2000-2006
жылдардағы сот үкімдері мен қаулылары және прокурордың, тергеушінің және
анықтау оргындары қызметкерлерінің қаулылыры қолданылды.
Зерттеудің эмпирикалық негіздері. Диссертациялық жұмыстың теориялық
базасын бұрынғы және кейінгі жылдарда жарық көрген қылмыстық құқық бойынша
ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Сонымен бірге мерзімді баспасөзге
жарияланған материалдар және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
жанындағы құқықтық статистикалық ақпараттар орталығынан алынған 2000-2006
жылдардағы құқық қорғау органдарының жұмыстары жөніндегі статистикалық
ақпараттар пайдаланылды.
Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Ақмола
облысы бойынша 2000-2006 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 67-бабы негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған
432 құжаттар мен қаулылар және өндірістен қысқартылған 310 қылмыстық іс
құжаттар мен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулылар оқылып танысылды.
Өзге де ғылыми зерттеу бағдарламаларымен байланысы. Диссертациялық
зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Ғылыми кеңесінде
2001 жылдың 17 қыркүйегінде бекітілген (№ 18 хаттама). Зерттеу Қазақстан
Республикасы ІІМ Академиясының 2002 жылға арналған ғылыми зерттеу жұмыс
жоспарына (1.3 бөлім, 1.3.2 бөлімше, 194 позиция) сәйкес жүргізілген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату тақырыбындағы зерттеу жұмысы, Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңына енгелі бері теориялық және іс-тәжірибелік
материалдарға негізделіп жазылған тұңғыш монографиялық зерттеу болып
табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы диссертацияда келтірілген қорытындылар мен
мысалдардың, заң нормаларын жетілдіру процессінде қолданылу мүмкіндігімен
ұштасады.
Зерттеу нәтижесі мемлек тарапынан қылмыстылықтың алдын алу шараларын
жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық мен тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациядағы
теориялық зерттеу негізінде көрініс тапқан ғылыми ұсыныстарды қылмыстық
қудалау органдары мен сот органдары тәжірибеде кеңінен қолдануға болады.
Зерттеу нәтежиесінде құрылған ұсыныстар, қорытындылар, тұжырымдар
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасын қолданудың түсінігі мен негіздері туралы ұғым-білімінің өзгеруіне
әсер етеді, яғни қылмыстық құқықтағы жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданудың заңдылық негіздерін жетілдіруге
өзіндік үлес қосады. Сонымен қатар, диссертация материалдарын жоғарғы оқу
орындарының заң факультеттерінде, қылмыстық құқық пәнінен дәріс, семинар
және тәжірибелік сабақтарды өткізгенде, ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге
асырғанда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Қылмыстық құқықтағы
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасын қолдануда орын алып отырған өзекті мәселелерге талдаулар жасау мен
шешуде мынадай тұжырымдарды ұсынамыз:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабындағы
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасына Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату дегеніміз онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған
адамға, немесе бірінші рет адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына
ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмысты жасаған
адамға, жәбірленуші деп танылған адаммен татуласуына және оған келтірілген
зиянның есесін толтыруына байланысты мемлекетпен кешірім беріліп оны
қылмыстық жауаптылықтан босату деген авторлық түсінік беріледі.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын іс-
тәжірибеде қолдануда: заң нормасының бұрын қылмыс жасағандарға қолданылу;
қылмысты бірінші рет жасау деген ұғым; сыбайлас жемқорлық қылмыстар; арақ
құмар, нашақор, уытқұмар, есі дұрыс емес адамдармен жасалған қылмыстар
бойынша олқылықтар мен өзекті мәселелер кездесуде. Осыған байланысты:
– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасы бұрын қылмыс жасаған адамдарға; сыбайлас жемқорлық қылмыс
жасаған адамға; медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдануды қажет ететін
адамдарға қолданылмауы қажет.
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін Қылмысты бірінші рет
жасау деген 11-1 бабымен толықтырып, ол: Қылмысты бірінші рет жасау деп
бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған немесе қылмыстық жауаптылықтан
босатылмаған адамның қылмыс жасауы танылады деп көрсетілуі тиіс;
3. Көршілес жақын шет елдердің қылмыстық құқықтарындағы жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормаларын өз-ара
салыстыра зерттей отырып, осы елдердің барлығында аталған заң нормасын
қолдану факультативті екендігі анықталды, яғни қылмыстық іс жүргізу органы
оны қолдануға міндетті емес. Жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 67-бабының 1-бөлігінің негізінде қолданылуы міндетті болса,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабының 1-
бөлігі негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатуға құқық береді. Осы қарама-қайшылықты жою үшін келесі
ұсыным жасалады:
– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-
бабының негізінде тек қозғалған қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылып,
қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін болуы
тиіс.
4. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату заң нормасын қолдануда азаматтардың Конституциялық құқықтарының
сақталуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс жүргізу органдары қылмыс жасады
деп күдіктелген адамның қылмыстық іс-әрекетін толық және жан-жақты
дәлелдеуі қажет, демек оған қатысты келесі ұсынымдар жасалады:
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-
бөлігінің диспозицияда көрсетілген: Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық
жауаптылыққа тарту деген сөзден кейін немесе қылмыстық жауаптылықтан
босату деген мәтінмен толықтыру қажет;
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының
диспозициясындағы көрсетілген күдікті немесе қылмыс жасады деп айыпталған
деген мәтінді қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті деген сөзбен ауыстыру
қажет.
5. Ќазаќстан Республикасы Жоѓарѓы Соты Пленумыныњ 9 шілде 1999 жылғы
№ 7 Ќылмыстыќ процесті жүргізген органдардыњ зањсыз әректтері салдарынан
келтірілген зиянды өтеу жөніндегі зањды ќолдану тәжірибиесі туралы
қаулысыныњ 2-ші бабындағы ... ЌК-тіњ 67-бабында көрсетілген реттерде
жәбірленуші мен айыптыныњ, сезіктініњ достасқанынан деген сөйлемді алып
тастау қажет.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот
практикасы туралы нормативтік қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жаңа
жобасы ұсынылады (Қосымша).
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының атауына
және мәтініне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет ететін ұсыныстардың
қалыптасуына байланысты осы заң нормасын Кешірім алуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату деп атап, заң нормасының мәтіні: Қылмыстық
жауапқа тартылуға тиіс адамдар онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа
қылмысты бірінші рет жасап, жәбірленген тараптан кешірім алса және қылмыс
барысында келтірілген барлық зиян орнын толтырса немесе толтыру жөнінде
келісімге келсе қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Ескерту. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған адамға және медициналық
мәжбүрлеу шараларын қолдануды қажет ететін адамдарға жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату қолданылмайды деген
жаңа редакциядағы жобасы ұсынылады.
Зерттеу жұмысының сараптан өтуі, сыналуы (апробация). Зерттеудің
негізгі тұжырымдары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының қылмыстық
құқықтық саясат және криминология кафедрасында талқыланды, зерттеу тақырыбы
бойынша берілген есептерде және бірқатар оқу орындарында өткен ғылыми
теориялық, ғылыми тәжірибиелік конференцияларда жасалынған баяндамаларда
және басқа да жарияланған ғылыми еңбектерде кеңінен баяндалады.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қортындылары диссертанттың 9
ғылыми баяндамаларында қарастырылды. Мақалалар мен тезистер Қазақстан
Республикасының білім және ғылым саласында аттестациялау және қадағалау
бойынша Комитетімен бекітілген тізімдегі ғылыми баспасында және ғылыми-
практикалық, ғылыми-теориялық конференциялар материалдарында жарияланған.
Диссертациялық зерттеудің шешімдері, тұжырымдары және қортындылары
сот, прокуратура және ішкі істер органдары іс-тәжірибесінде, сонымен қатар
дәріс оқуда, басқа да сабақ түрлерін өткізу барысында игерілді.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен
міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және
оны құрайтын тоғыз бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған қайнар көздер
тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ЖӘБІРЛЕНУШІМЕН ТАТУЛАСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЌЫЛМЫСТЫЌ ЖАУАПТЫЛЫЌТАН
БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ, СИПАТТАМАСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатудың түсінігі

Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдарға мүше болуына байланысты
өзінің қылмыстық саясатын халықаралық қылмыстық саясатқа сәйкестендіру
жолына түсті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында
орын алып отырған Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату заң нормасы Халықаралық нормалардан алына отырып
енгізілген. Себебі, аталған норма қазіргу уақытта тек Қазақстан
Республикасында ғана емес, сол сияқты кешегі Кеңестік аумақтағы елдердің
қылмыстық құқығында кеңінен қолданылған.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,
қылмыстық құқықта ерекше орын алып отырған институт болуына байланысты оған
талдау жасап түсінік беріп көрелік.
Жәбірленушімен татуласуын байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасы қарастырылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-
бабының атауына назар аударып жәбірленушімен деген сөзге мән беретін
болсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабында
жәбірленушіні айыптау тарабына жататын тұлға ретінде түсініктеме
берілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-
бабының 1-бөлігінде Қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық,
дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам
жәбірленуші болып танылады деп көрсетілген [9, б. 34]. Осындай мағынадағы
түсінікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24
сәуірдегі № 2 Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен
міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы Қаулысының 3-
тармағында да Қоғамға кауіпті іс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүліктік
зиян оған тікелей келтірілген әрбір адам, қылмыс жасаған адамның
анықталғанына, оның жауапқа тартылатынына байланыссыз жәбірленуші болып,
танылады деп түсінік беріледі[10, б. 168].
Жоғарыда көрсетілгендей жәбірленуші болып тек қылмыс барысында
тікелей зиян келген адам ғана болып танылады, яғни бұл жерде заңды тұлғалар
емес тек адам ғана болатындығы айтылып отыр. Ал қылмыс барысында тікелей
зиян заңды тұлғаларға келтірілсе олардың өкілдері жәбірленуші болуы мүмін
екендігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-
бабының 12-тармағында Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген
заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің
құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады деп
көрсеткен. Осыған толығырақ тоқталар болсақ қылмыс барысында жәбірленіп
отырған заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкіндігі айқындалып отыр,
яғни ол жәбірленуші болуы міндетті болып танылмайды деген мағына береді.
Заңды тұлға өкілдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 77-бабының талабына сай азаматтық талапкер болып саналады.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасының негіздерінің бірі жәбірленушімен татуласуы тиіс, ал
азаматтық талапкер заң талабына сай жәбірленуші болып саналмайды,
сондықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату жәбірленушісі жоқ қылмыстарға қолданылуға болмайды деуге негіз бар.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6
нормативтік қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот
практикасы туралы нормативтік қаулысының 9-тармағында Жәбірленуші жоқ
істер бойынша ҚК-нің 67- бабын қолдануға болмайды делінген [11, б. 12-14].
Осыған орай толығымен тоқтала кетер жағдай, қылмыстық құқықта орын алып
отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату заң нормасының қолданылуы тек жәбірленушісі бар қылмыстық істерге
ғана қатысы барлығы өзінің мазмұнынан белгілі болып отыр. Сондықтан,
аталған норманы қолдану барысында жәбірленген тұлғаны анықтау басты назарда
болуы екендігі шарт.
Кез келген алдын-ала тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабының 2-бөлігінің және 242-бабының 2-
бөлігінің талаптарына сай оқиға болған жерді тексеру мен сараптама
тағайындау қаулысынан басқалары тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүзеге
асырылады. Ал қылмыс барысында тікелей зиян келген адам немесе заңды
тұлғаның заңды өкілі жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылуы
қажет. Қылмыс барысында тікелей зиян келген адамды немесе заңды тұлғаның
заңды өкілін жәбірленуші және азаматтық талапкер деп Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабының 3-бөлігі және 77-
бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық қудалау органдарының қаулысымен немесе
соттың ұйғарымымен танылуы қажет, яғни қылмыстық іс қозғалғаннан кейін
танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 80-бабының
талабына сай кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық
жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау
мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға, олардың заңды өкілдері қылмыстық
процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде тартылуға жатады. Ал,
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-
бабының 1-бөлігі 12-тармағының талабына сай Қылмыстық ізге түсуді
болдырмайтын жағдайлар тобына енгізілген. Яғни, қылмыстық іс қозғамай
қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға міндеттілік жүктеледі. Сонда ғана қылмыс
барысында тікелей зиян келген адамды немесе заңды тұлғаның заңды өкілін
жәбірленуші және азаматтық талапкер деп танымай жатып, оған
жәбірленушінің, азаматтық талапкердің заңда бекітілген мәртебесін,
құқыларын қалай беріп отырмыз. Осы жерде толықтыра кететін жағдай алдын-ала
тергеу барысында қылмыстық қудалау органдары немесе сот жәбірленуші
немесе ақы талапкер деп тану туралы қаулының күшін жойып оларды
жәбірленуші, ақы талапкері ретінде танудан бас тартып жататындығы
кездесетін заңдылық. Қылмыс барысында зиян кімге келді анықталып, сол адам
немесе заңды тұлғының заңды өкілі ғана жәбірленуші деп танылса қылмыстық
құқықта орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату заң нормасының алға қойып отырған мақсаты орындалады
деуге болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі
№ 2 Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін
реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы қаулысының 4-тармағында
жәбірленуші, азаматтық талапкер тек қаулы (ұйғарым) шығарылғаннан кейін
ғана танылатындығы және құқықтарға ие болатындығы көрсетілген [10].
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында көрсетілген
түсінік Қазақстан Республикасының Кылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-
бабымен белгіленген. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату заң нормасын қолдану барысында қабылданатын
шешімдердің бірі - қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімі болып танылады.
Жәбірленген адам мен заңды тұлғыны жәбірленуші ретінде танымай жатып, яғни
жәбірленуші деп тану туралы қаулы қабылдамай оған жәбірленушінің
мәртебесі мен құқықтарын беріп шешім қабылдап отырғанымыз қайшылыққа жол
беріп отыр.
Заңды тұлғаның заңды өкілі болып саналатын Жәбірленуші
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды
қолдануда жәбірленушінің құқыларына ие болады осы жерде ол заңды тұлғаға
келген шығынды қандай мөлшерде төлеу керектігін және қылмыс жасаған адаммен
татуласуды қалай жүзеге асыруды, татуласуды өзінің ішкі сезімімен шешеді ма
немесе заңды тұлға басшысының көз қарасымен бе, әлде заңды тұлғаның жалпы
жұмысшылар жиналысының нәтижесінде өз шешімін табады ма? Осы сұраққа жауап
қылмыстық құқықта өз орнын ала алмай отыр, осының салдарынан кейбір
кемшіліктердің орын алуы ықтимал жағдай екендігі барлығымызға аян.
Мысалы, Н. Сухарева, Ресей Федерациясының 8 желтоқсан 2003 жылғы № 162-
ФЗ Федеральдық заңымен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне өзгертулер
енгізілуне байланысты қолданыстағы заңдар арасында қарама-қайшылықтан орын
алып отырғандығын сөз ете отырып Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің
76-бабындағы орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасындағы татуласуды жүзеге асыратын
адамдарды анықтауда кәмелетке толмағандар, өзінің дене немесе психикалық
жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғай
алмайтындар және заңды тұлғалардың заңды өкілдері жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасында
анықталып көрсетілмеген, сондықтан олар татуласуды қалай жүзеге
асыратындығы түсініксіз екендігін өзекті мәселе ретінде алға тартады
[12, б. 130]. Осыған қатысты Н. Сухареваның көтеріп отырған өзекті
мәселесімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасында да аталған мәселенің кездесіп отырғандығын бар деуге толық негіз
бар.
Өзбекстан Республикасының қылмыстық құқығында орын алып отырған
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасының атауы Татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
деп, Қылмыстық кодексінің 66-1 бабында көрсетіле отырып жәбірленуші ұғымы
қолданылмаған. Алайда, аталған норманың өзінде жәбірленуші ұғымы
жәбірленушімен қылмыс жасаған адам арасындағы татуласу жөнінде көрсетілген
[13].
Жәбірленушінің мәртебесі мен құқыларын жәбірленуші деп танымай жатып
қылмыс барысында жәбірленген тұлғаға беруі қылмыстық іс жүргізуге
қатысушылар арасындағы тепе теңдік бұзылуда, яғни айтар болсақ қылмыс
жасаған күдікті немесе айыпталушы болып саналатын адам қылмыстық құқықтағы
өзіндік құқыларын толық пайдалана алмай қалуда. Осы жерде біз азаматтардың
Конституциялық құқықтарына қайшы келіп отырмыз деуге толық негіз бар.
Ресей Федерациясының қылмыстық құқығында орын алып отырған
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға жол берілмеген тек
қозғалған қылмыстық іс бойынша ғана жүзеге асырылады. Қылмыстық іс
қозғалған соң жәбірленген тұлға қылмыстық қудалау органдарының қаулысымен
немесе соттың ұйғарымымен жәбірленуші деп танылады.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасындағы жәбірленуші сөзіне талдау жасай келе аталған сөз өз орнында
емес деуге толық негіз бар. Сондықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының диспозициясындағы
жәбірленушімен сөзінің орнына жәбірленген тараптан деген сөз қонымды
болар еді. Олай деу себебіміз, жәбірленуші деп тану үшін негізделген
қаулы немесе ұйғарым қабылдануы міндетті болып отыр, қаулы мен ұйғарым
қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүзеге асырылатын процесуальдық әрекет
болып саналады, ал жәбірленген тараптан деген ұғым негізінен қылмыс
барысында жәбірленген жақты көрсетеді де ол жәбірленуші болып танылмайды.
Сондықтан жәбірленген тарап туралы қаулы немесе ұйғарым қабылдаудың
қажеттігі жоқ деп санаймыз. Сондықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасын қылмыстық іс қозғап жатпай ақ
қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімін қабылдай беруге болады деуге толық
негіз болып отыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында көрсетілген
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң
нормасындағы әр бір сөзге тоқталып мағынасына талдау жасай отырып түсінік
беріп көрелік. Қылмыстық заң нормасында ауыр емес, орташа ауыр деген
сөздер қолданылған. Бұл сөздер Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 10-бабының 1, 2 және 3-бөліктеріндегі онша ауыр емес және
ауырлығы орташа деген қылмыс санаттары атауларының орнына пайдаланылып
отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заңдық норма болғандықтан
оның әр-бір сөзі мен мағынасы өзгертілмеуі тиіс, қалай айтылды солай
қабылдануы қажет. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының
1-бөлігіндегі Ауыр емес, орташа ауыр сөздері Онша ауыр емес,
ауырлығы орташа деген сөздермен және 2 бөліктегі орташа ауыр сөзі
ауырлығы орташа деген сөздермен ауыстырылуы қажет деп санаймыз. Себебі
ауыр емес сөзі қылмыс санаттарындағы ауыр қылмыстан басқа қылмыстар деп
түсінік бере отырып аса ауыр қылмыс жасаған адам Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының 1-бөлігі негізінде
жауаптылықтан босатылуға жатады дегендей мағына беріп отыр. Осы онша ауыр
емес, ауырлығы орташа деп аталатын қылмыс санаттарының атаулары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік
қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы
Нормативтік қаулысында да кішігірім, орташа ауырлықтағы деп көрсетіліп,
дұрыс аталмай отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11
шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот
практикасы туралы Нормативтік қаулысындағы кішігірім деген сөз онша
ауыр емес деп, орташа ауыр деген сөз ауырлығы орташа деп көрсетілуі
қажет. Сол кезде қылмыстық құқықтағы қылмыстарды санатқа бөлудегі атаулар
тәртіпке келтіріліп әр түрлі айтылмай, бір түрде айтылып бір мағына беретін
болады.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасының 1 бөлігіндегі келтірілген зиянның есесін толтырса деген
сөз, өзінің сөйлемдегі алып оытрған орнына байланысты тек жәбірленушіге
келген зиянды ғана көрсетіп отырған жоқ. Сондықтан, аталған заң нормасының
негіздеріне жәбірленушіге келтірілген зиян мен қылмыс барысында келген,
басқа да зияндарды жатқызуға негіз бар. Осыған толық түсінік бере отырып
мағынасын ашар болсақ, заң нормасында егер ол жәбірленушімен татуласса
және келтірілген зиянның есесін толтырса деген сөзді құрап отыр. Бұның
мағынасы қылмыс жасаған адам, жәбірленушімен татуласса, одан кейін келген
зиянның есесін толтырса, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатылуға жатады дегенді білдіреді. Бұл жерде жәбірленушіге
келтірілген зиян айтылып отырған жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік қаулысымен өзгерістер
мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21
маусым 2001 жылғы № 4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-
бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы нормативтік қаулысының 3
тармағындағы көрсетілген қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген
зиянның есесін толтырса деген негіз Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 67-бабының 1-бөлігіне басқаша түсіндірме беріп отыр.
Қорыта айтқанда, қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келген зиянның
есесін ғана толтырмай, қылмыс барысындағы орын алып отырған зиянның
барлығын толтыруға міндетті деген мағына беріп отыр. Жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының 2-
бөлігінде осы сөз жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса деп
нақты жәбірленушіге ғана келтірілген зиянды нұсқап отыр. Қылмыс барысында
жәбірленушіге келетін зияннан басқа зияндар орын алатындығы рас, алайда осы
басқа зиянның есесін қалай, кім толтыру қажеттігі заңда нақты орын ала
алмай отыр. Осыған байланысты заң нормасының 2-бөлігіндегі жәбірленушіге
келтірілген зиянның есесін толтырса деген сөйлемдегі жәбірленушіге деген
сөзді алып тасатап, оның орнына қылмыс барысында келтірілген барлық зиян
орнын толтырса деген сөзді қолдансақ заң нормасының екі бөлігі бойынша да
қылмыс жасаған адамнан жәбірленушіге келген зиянның орнын және басқа да
қылмыс барысында орын алған зияндардың орнын толтыруды талап етуге болар
еді.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасының негіздерінің бірі жәбірленушіге келген зиян есесін толтырудағы
зиян ұғымы тек жәбірленушіге келген зиянмен ғана шектелмей, қылмыс
барысындағы келген зиянның барлығын қамтыған дұрыс болар деген тұжырым бар.
Себебі, қылмыс барысында тек жәбірленушіге ғана зиян келмейді, одан басқа
куәларға және іс жүргізу шығындары да болып жатады.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасындағы зиян сөзіне талдау жасар болсақ зиян сөзі аталған нормада
өз орнын толық алып отыр деуге негіз бар, себебі зиян сөзі келтірілген
зиянның жалпы түсінігі болып саналады, ал қылмыстық құқықта шығын деген
ұғым да қолданылады алайда бұл жерде шығын ұғымы орынсыз болып саналар
еді, себебі шығын ұғымының түсінігі келген шығынды ғана көрсетеді, ал
зиян келген шығынды және осы шығыннан туындайтын барлық зардаптардың
қосындысы болып саналады. Осыған байланысты жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасындағы келтірілген зиянның
есесін толтырса сөзіндегі зиян сөзі қылмыс барысында жәбірленушіге
келген шығынды ғана өтеуге міндеттемей осы қылмыс барысында жәбірленушіге
келген шығыннан туындайтын басқа да зияндарды толтыруды жүктейді. Қылмыс
барысында шығын заттай болуы мүмкін, ал зиян қылмыс барысындағы басқа
зияндар, яғни моральдық зиян, қылмыс барысында келген шығынды қалпына
келтіруге жұмсалатын шығындарды қоса есептейді.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
заң нормасында орын алып отырған зиянның есесін толтырса деген сөздегі
есесін деп айтылуы орнынды емес деуге болады. Оған себеп, аталған сөз
негізінен зиян көлемін еселеп көбейту бағытында болып отыр. Олай дейтін
себебіміз жәбірленушіге келген зиян көлемі қанша болса, сол зиян өсім
негізінде, яғни артығымен өндірілуді талап етіп отыр. Заң талабына сай
жәбірленушіге келген зиян көлемі қандай болса солайша ғана толтырылуы
қажет. Ал, есесін сөзінің түбірі есе, яғни артығымен деген мағына беріп
тұр. Бұл дегеніміз жәбірленген тұлға өзіне келген зиян мөлшерінен бірнеше
есе қылмыскерден өндіртуге құқылы екендігін көрсетіп тұр. Сондықтан заң
нормасындағы есесін деген сөзі орнын деген сөзбен алмастырылса заң
нормасындағы сөйлем зиянның орнын толтырса деп дұрысырақ айтылар еді.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасындағы татуласу сөзіне терең талдау жасап түсінік беріп көрелік.
Татуласу дегеніміз - екі немесе бірнеше тараптардың арасындағы бас
араздықтың шешіліп, бір-бірін түсініп, бір-бірлерін кешіру арқылы татуласу
болып табылады. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатуда татуласу тек орын алған қылмыс бойынша ғана, яғни
қылмыс жасаған адамның жасаған іс-әрекетін немесе әрекетсіздігін
жәбірленген адам немесе заңды тұлғаның заңды өкілі кешіретіндігі.
Татуласу түсінігі, барлық жағынан жалпылай қолданыла береді, атап айтар
болсақ татуласуда екі жақ та бір бірінен кешірім сұрауы мүмкін. Кейбір
кездерде екі немесе бірнеше тараптардың арасындағы бұрыннан келе жатқан дау
мен бас араздықтар да болуы заңдылық, осындай жағдайда жасалған қылмыс
бойынша ғана кешірім беруі мүмкін де, ал бұрыннан келе жатқан дау, жанжал
сол деңгейде қалуы мүмкін, бұл жерде екі жақ татуласты деуге болмайды.
Мысалы, И. Ұйқыбаев татулас сөзіне келесідей түсінік береді:
Татулас ет. Өзара түсінісу, ренжіскендерін қою. Екеуі татуласып, бір-
бірінен кешірім сұрап, үйден бірге шыққан еді (Қ. Сауыркенов. Құм). Бұл
жерде автор татуласу сөзіне екі жақтың бір-бірінен кешірім сұрауын
көрсетеді, яғни екі жақта бір-бірімен татуласуға ұмтылуы қажет [14, б. 52].
Т.А. Левинова жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негіздерінің бірі татуласу жөнінде өз пікірін
татуласу тараптардың қылмыс барысында туындаған қақтығысты өз еркімен
шешуімен түсіндіреді [15, б. 79].
Аталған норма бойынша татуласу тек сол болған қылмыс бойынша жүзеге
асырылуы қажет және қылмыс жасаған адам жәбірленген жақтан кешірім сұрау
арқылы оның кешірімін алады. Яғни айтқанда татуласу бір жақты жүргізіледі
өйткені жәбірленген жақ қылмыс жасаған жақтың алдында оған кешірім беру
немесе кешірім сұрауға міндеттеме алмайды және алуы міндетті емес. Осы
жерде тағы айта кетер жағдай екі жақтың татуласуы формальды түрде ғана
жүзеге асырылып шын мәнісінде екі жақ татуласпауы да мүмкін. Жәбірленген
жақ пен қылмыс жасаған жақ арасындағы зиян есесі өндірілген мен татуласпауы
мүмкін екені орынды жайт. Себебі, аталған норма бойынша қылмыс жасаған адам
жәбірленген тұлғаға өзінің шартын мен саған келген шығынды толығымен
немесе артығымен орнына қоямын, егер сен маған кешірім беретін болсаң
деген негізде қоюы мүмкін. Бұндай жағдайда жәбірленшуі қылмыс жасаған
адаммен татуласпаса да өзіне келген шығынды қалпына келтіріп алу мақсатында
оның шартына келісіп татуластым деп көрсете салуы мүмкін және бұл іс
тәжірибиеде де орын алып отырған жағдай.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
71-1 бабы Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік
жауаптылықтан босату деп аталып отыр. Аталған атауда татуласу ұғымы
пайдаланылмай бітімгершілік ұғымы пайдаланылып отыр. Бұл Қазақстан
Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңында тараптардың
татуласуын көздемей олардың бітімгершілікке келуін мақсат тұтып отыр.
Бітімгершілік тараптардың бір келісімге келуін білдіреді [16].
Қырғызстан Республикасының қылмыстық құқығында орын алып отырған
Жәбірленушімен келісімге қол жеткізген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан
босату заң нормасында Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасындағы татуласу ұғымы қолданылмай келісімге қол жеткізу жағдайда
ұғымы қолданылған. Бұл жерде Қырғыз Республикасының қылмыстық құқығы
бойынша жәбірленген адам мен қылмыс жасаған адамның арасындағы келісімді
басшылыққа алып отыр. Негізінен екі жақ арасындағы келісім өз ара болады,
оған ешкім араласпауы тиіс, сондықтан олар өз ара зиянның орнын толтыру,
татуласу жөнінде келісімге келеді [17].
Қырғызстан Республикасының қылмыстық құқығында пайдаланып отырған
келісімге қол жеткізу сөздігі өз орнын алып тұрғандығымен толық келісуге
болады. Өйткені екі жақ арасындағы татуласу қажет емес, яғни екі жақ қалай
келіседі соған байланысты, бұл жағдайда екі жақ татуласпауы да мүмкін,
бірақ ортақ келісімге келуі әдеттегі жағдай.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасындағы орын алып отырған татуласу сөзінің орнына балама ретінде
кешірім алу сөзі қолданылған жағдайда жәбірленген тұлға мен қылмыс
жасаған адам арасындағы татуласудың және келісімге келудің керегі болмай
қалар еді, себебі екі жақ арасындағы қылмыс барысында болған араздық
татуласпай, келісімге келмей жәбірленген тұлға кешірім беру арқылы шешіледі
деген ұғымды берер еді.
Әдебиеттерде кешірім жөнінде келесідей түсінік беріледі:
Кешірімділік-адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен,
ізгілік тұрғыдан қарау. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған
өкініш білдіретін адамға да кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау әр бір
адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның
мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Аталған түсінік бойынша
кешірім сұрау қылмыс жасаған адамның жәбірленген адам алдында өзінің заңсыз
іс-әрекетін мойындап, өз қатесін сезіну оған өкініш білдіру екендігін біліп
отырмыз [18, б. 558].
Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудағы татуласу сөзі кешірім алу
деген сөзбен ауыстырылуды талап етеді.
Х.Д. Аликперов жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасындағы татуласу негізі төңірегінде татуласу
мен кешірім ету сөздерінің орынын ауыстырмай оларды бір-бірінен айыра
білу қажет, себебі кешірім ету сөзі мемелкет атынан айтылатын сөз ретінде
бағаланады мысалы, рақымшылық жасау, кешірім ету дегендей. Ал татуласу
сөзі жәбірленушімен татуласқанды білдіреді дегендей өзінің пікірімен
бөліседі [19, б. 49]. Х.Д. Аликперовтың татуласуға берген түсінігімен
келіспеуге де болады себебі, біздің ойымызша қылмыстық құқықтық саясаттың
бағыты жәбірленген тұлғаның мүддесін мемлекет мүддесімен теңестіру болып
отыр. Сондықтан қылмыс жасаған адамды жазалау немесе кешіру жәбірленушінің
құзырында болып отырғандықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату нормасындағы татуласу сөзінің орнына
кешірім беру сөзі орынды.
Т.А. Лесниевски-Костарева Х.Д. Аликперовтың ойын алға қарай жылжытып
жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
нормасы төңірегіндегі өзінің ой пікірін бастапқыда жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тек кішігірім
қылмыстарға ғана емес, барлық қылмыстарға қолдану қарастырылған болатын.
Сол кезде көптеген ғалымдар арасында талас туған болатын. Негізінен
қазіргі қылмыстық құқық саясаты бойынша жеке тұлғаларды мемлекеттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылық. Жауаптылықтан босату себептері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер