Дамудың ертеңгі күніне бағдарлану



Даму қалай жүреді ? Бұл жерде психологиялық заңдылықтар қалай көрінеді? Бұл сұрақтардың мәнін Л.С. Выготскийдің кіші жас оқушыларын оқыту мен дамудың ара қатынасы туралы психологиялық консепциялары негізінде айқындауға болады.
Л.С. Выготский жалпы дамудың тіл, ой, сезім т.б. өзара байланысты екі актуальды және жақын тұрған аймағы туралы идея ұсыныды.
Актуальды даму аймағы машықтар мен тағдылардың бала игеріп алған және солардың негізінде танымдық міндеттерді өздігінен шеше алатын жүйесін бейнелейді. Яғни қазіргі қол жеткізген деңгейі ертеңгі дамудың ірге тасы. Актуальды даму ең таяу даму аймағын, яғни бала өзі немесе үлкендердің көмегімен оқыту процесінде меңгере алатын біліктер аумағын қажет етеді. Баланың ең таяу аймағы – оның ертеңгі күні. Қоршаған ортадағы қолайлы жағдайлар ағымының нәтижесінде ол ерте ме, кеш пе өзінің ертеңгі күніне өздігінен енеді. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық іс-әрекеттер жағдайында бұл даму неғұрлым тезірек болмақ.
Оқу әрекеті барысында ең таяудағы даму аймағы актуальды даму аймағына игі ықпал етіп, бала біртіндеп білім мен тағдыға ие болады. Сөйтіп актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі. Сонымен бірге ең таяудағы дамудың жаңа аймағы пайда болады. Мұны жақындаған сайын әрі қарай шексіз шегіне беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда мынадай айырмашылық бар: көкжиек шексіз шегіне беретін болса, ал актуальды даму аймағы бала ержеткен асйын ең таяу даму аймағына барған сайын көбірек жақындай түседі, ал кейбір дағды мен біліктер өзінің қалыптасуын аяқтайды. Баладағы психиканың барлық салаларын қалыптасуы оның көпжақты белсенділікті кең өрістеуіне мүмкіндік береді. Соның барысында бір жағынан өзінің біліктері мен қабілеттерін нығайтып жетілдіреді. Адам өмірінің осы сатысындағы даму туралы танымдық процестері мен тілін жетілдіру, байыту ретінде де осыны айтуға болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дамудың ертеңгі күніне бағдарлану
Даму қалай жүреді ? Бұл жерде психологиялық заңдылықтар қалай
көрінеді? Бұл сұрақтардың мәнін Л.С. Выготскийдің кіші жас оқушыларын оқыту
мен дамудың ара қатынасы туралы психологиялық консепциялары негізінде
айқындауға болады.
Л.С. Выготский жалпы дамудың тіл, ой, сезім т.б. өзара байланысты екі
актуальды және жақын тұрған аймағы туралы идея ұсыныды.
Актуальды даму аймағы машықтар мен тағдылардың бала игеріп алған және
солардың негізінде танымдық міндеттерді өздігінен шеше алатын жүйесін
бейнелейді. Яғни қазіргі қол жеткізген деңгейі ертеңгі дамудың ірге тасы.
Актуальды даму ең таяу даму аймағын, яғни бала өзі немесе үлкендердің
көмегімен оқыту процесінде меңгере алатын біліктер аумағын қажет етеді.
Баланың ең таяу аймағы – оның ертеңгі күні. Қоршаған ортадағы қолайлы
жағдайлар ағымының нәтижесінде ол ерте ме, кеш пе өзінің ертеңгі күніне
өздігінен енеді. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық іс-әрекеттер
жағдайында бұл даму неғұрлым тезірек болмақ.
Оқу әрекеті барысында ең таяудағы даму аймағы актуальды даму аймағына
игі ықпал етіп, бала біртіндеп білім мен тағдыға ие болады. Сөйтіп
актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі. Сонымен бірге ең таяудағы
дамудың жаңа аймағы пайда болады. Мұны жақындаған сайын әрі қарай шексіз
шегіне беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда мынадай
айырмашылық бар: көкжиек шексіз шегіне беретін болса, ал актуальды даму
аймағы бала ержеткен асйын ең таяу даму аймағына барған сайын көбірек
жақындай түседі, ал кейбір дағды мен біліктер өзінің қалыптасуын аяқтайды.
Баладағы психиканың барлық салаларын қалыптасуы оның көпжақты белсенділікті
кең өрістеуіне мүмкіндік береді. Соның барысында бір жағынан өзінің
біліктері мен қабілеттерін нығайтып жетілдіреді. Адам өмірінің осы
сатысындағы даму туралы танымдық процестері мен тілін жетілдіру, байыту
ретінде де осыны айтуға болады.
Оқыту мен дамудың ара қатынасы туралы мәселелердің дұрыс шешілуі
дамудың екі аймағымен тығыз байланысты. Оқушының меңгерген игілігі оның
кешегі табысы. Дамудың аяқтасқан циклдеріне сүйенген оқыту ерекше
табыстарға жетелей алмайды. Балаға барлығы оңай болатын оқу ол үшін
қызықты болмайды.
Қарқынды даму оқыту актуальдық деңгейден озып, ең жақын даму аймағында
тұрған күштерге қозғау салған жағдайда ғана мүмкін болады.
”Педагогика бала дамуының кешегісі емес, ертеңгі күніне бағдар ұстауы
тиіс. Сонда ғана ол оқыту процесінде ең таяу тұрған аймақтағы даму
процесіне тіршілік тынысын дарыта алады.” (Л.С. Выготский. Собр.соч. в 2-
томах , т. I. М., 1982. с. 251)
”Балалық шақта дамудан ілгері тұрып, оны үнемі алға жетелеп отыратын
оқыту ғана жақсы” (Л.С. Выготский. с. 250). Оқушы Л.С. Выготскийдің
пікірінше, қазіргі игерген білім дағдаларының емес, қайта дамуға
бейімделген мүмкіншіліктерінің деңгейінде тұрады. Оңың ертенгі күнін
анықтайтын да нақ осы мүмкіншіліктер. Бұл идеяны Л.С. Выготский былайша
өрбітеді: ”Оқыту ең таяу тұрған аймағы анықтайтын кезең аясында жүзеге
асқанда ғана неғұрлым жемісті болмақ ” (Л.С. Выготский. с. 252)
Тіл дамыту жаттығулары баланы ешқандай күш-жігер жұмсауын қажет
етпесе, онда жаттығулар ұнамды эмоциялар тудырмайды. Өйткені бұл жағдайда
алға басу, дамуға ыңғайластырылған өзінің бар мүмкіндіктерін қанағаттандыру
сезімін басынан кешірмейді. Нәтижеде ондай жаттығулар орындамау тілегі
пайда болады оқудың мән-мағыналығы қолдан шығып кетеді. Таңымдық қызметтің
мақсатсыздығынан пайда болған психологиялық жайсыздық нақ сол қиыншылық
келтіретін кедергі болып табылады. Жақын арадағы даму деңгейіне сай келетін
танымдық міндет, танымдық күш-жігерді, ерікті және жаңа әдістерді
іздестіруді талап етеді, пісіп-жетілген және іс-әрекет жасауға әзір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Выготский Л. С
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары
Жастардың саяси білімін арттыру
Оқу процесінде мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Жастар әлеуметтануы
Банк маркетингісі туралы
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Басқару кадрларын мотивациялау
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығы дамуының психологиялық жағдайлары
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Пәндер