Ата-ана тәрбиесі


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ата-ана тәрбиесін жат әдетке алмастырып алмайық достар?!
2. Ата-ана салғырттығы . . .
3. Жат қылықтарға әуестік
4. Қоғам болып ат салыссақ . . .
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ата-ана тәрбиесін жат әдетке алмастырып алмайық достар?!
«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер »-демекші, ұл бала әкесіне, қыз бала анасына қарап өседі. Сондықтан ата-ана әдеп-ахлақта, имандылықта, өзгелермен қарым-қатынаста перзентке үлгі болуы қажет. Ата-ана перзент бойынан жақсы қасиеттердің табылуына жауапты. Ал бұл жауапкершілік ұмытылса, адамзаттың болашағы, әдеп-ахлақ, имандылық ұмытылады. Тәрбиесіз бала пайдасыз ғана болып қалмай, зиянды адамға айналып, елдегі қылмыскердің қатарын көбейтіп, қоғамға зияны тиеді. Ондай адамдардың көп болуы қоғамымызды құлдыратады. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Қай қауым болсын, өз жағдайын өзі өзгертпесе, олардың жағдайын Алла өзгертпейді»-дейді. (Рағад сүр. 11-аят. )
Яғни, әр ел өз басындағы Алла берген бақ-дәулетті күнә істермен өздері тайдырып алмаса, Алла оны тайдырмайды деген. Сондықтан, Ислам шариғаты бала тәрбиесін ата-анаға ең басты міндет етіп жүктеген.
Хазреті Лұқпан хәкімнің алдына үш күндік нәрестені алып келіп: «Перзентімізді оқытып, тәрбиелеп өзіңіздей данышпан хәкім етіп беріңіз », -деп өтініш жасай келген ата-анаға ол: «Нәрестенің туылғанына қанша күн болды? »-деп сұрап, туылғанына үш күн болғанын естігенде: «Өкінішке орай, кеш алып келіпсіздер », -деп жауап беріпті. Сонда ата-ана таңданып: «Ей, хәкім, баланың туылғанына енді ғана үш күн болды ғой! »-дейді. Лұқпан оларға: «Данышпандықтың бірінші шарты - сабырлылық. Нәресте жарық дүниеге шырылдап жылап туылады. Ол жылап-жылап ақыры өзі қояды. Мұнымен балада дүниеге деген сабырлық пайда болады. Ал керісінше баланы жылағанынан-ақ қолға алып, әлпештеп, оған емшек беріп жұбатса, мұнымен сабырлығы жоғалады. Кейіндеу, басына қиын бір іс түссе, оған сабырлық етіп, қиыншылықты жеңу орнына, қашан біреу келіп ісімді істеп береді екен деп көз жасын төгіп отыра беретін халге жетуі мүмкін, яғни дайынға әдеттенеді. Дайынға әдеттену данышпандыққа қайшы », -деген екен.
Кей ғұламалар тәрбиені бала дүниеге келген сәттен, ал кейбірі ана құрсағынан бастау лазым екенін ескертеді. «Ана мен перзент қалып пен қыш сияқты », -дейді бір данышпан. Егер қалып таза болса қышта әдемі және бекем болатыны сөзсіз. Жаны мен тәні таза анадан сау, асыл перзент туылады. Демек, перзент жақсы болуы үшін ана жүктілік кезінде күмәнді тағамдар мен зиянды әдеттерден өзін аулақ ұстап, халал тағамдар жегені дұрыс. Перзент туылған соң оны ана сүтімен емізіп, бағу керек. Шариғатымыз емізу уақытын екі жыл немесе отыз ай деп бекіткен. Ана сүті арқылы перзенттің көкірегінде анаға деген шексіз махаббат туады. Сүт арқылы ананың мейір-шапағаты мен адамгершілік асыл қасиеттері балаға сіңеді. Осыған орай: «Сүтпен кірген жанмен шығады »-деген нақыл сөз бар. Демек, жақсы қасиеттер ана сүтімен де даруы мүмкін. Бала тәрбиесі туралы Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) хадис шәріпінде:
«Перзент тәрбиесі үш басқыштан тұрады. Біріншісі, туылғаннан жақсы-жаман сөзді айыратын жасқа дейін перзентке патшадай қарап, ата-ана оның құлындай болуға тиіс. Екіншісі, есін танығаннан балағат жасына дейін ата-ана патшаға айналып, перзентіне құлдай мәмілеге көшу керек. Үшіншісі, перзент балағат жасқа жеткеннен бастап ата-ана перзентбен достай қатынаста болу қажет », -делінген.
Шын мәнінде, жас нәресте қалаңыз - қаламаңыз патша дәрежесінде болады. Қалаған уақытта еркелеп, айтқанын істетеді, таңдағанын алдырады.
Күн мен түннің оған айырмашылығы жоқ, «қой» десең де, «жоқ» десең де мазаңды алудан тынбайды. Өйткені ол сәби ғой!
Сол уақытта баланың көңілін ренжітпестен, айтқаны істелсе, бала көңілінде ата-анаға деген сенім мен махаббат, мейір мен шапағат пайда болады.
Ол үшін дүниеде ата-анасы барлық нәрседен жақсы, абзал, артық көрінеді. Ата-анасының сөзі барлығының сөзінен дұрыс, ата-анасы барлық ата-анадан мейірбан деген ой туады және ата-анасының сөзі ол үшін заңға айналады.
Бала балағат жасына жақындаған сайын оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені бұл жаста әрқандай ұл-қыз еліктегіш келеді. Осы шақ - олардың қайраты мен батылдығы және неге ынталы немесе бейім екені анықталатын кез. Бұл уақытта ата-анасы баланы еркіне жіберіп, достары, ортасы кім екендігін білмей, мінез-құлқындағы өзгерістерге тиісінше көңіл бөлмесе, кейін орны толмас өкініште қалуы мүмкін. Мұндай ата-ана: «Балам айтқанымды істемейді », -дегеннен басқаны айтпайтын халге жетеді. Егер ата-ана баланың тәрбиесін жастайынан қолға алып, перзентінің бойындағы бейімділігіне қарай жол нұсқап жіберсе, білім немесе өнер жолына салса, сол жолда көмегін аямай мүмкіндіктер жасаса және аздап қатал болып, талап етсе, перзенті бағасы жоқ гауһарға айналады. Перзентті жақсы көру оны басына көтеріп дандайсытып жіберу емес, керек кезде ұрып-ұрсып болса да тура жолға салу.
Керісінше жағдайда перзент ата-ананы жерге қаратуы мүмкін. Ата-ана бала бойындағы бейімділік пен ынтаны дұрыс арнаға бұра білсе, ол таңдаған саласының білгір маманы болып шығары даусыз. Бала жақтырмаған нәрсеге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Кей балалардың жаттау қабілеті төмен, ал кейбірінің қабілеті жоғары келеді. Кейбірі естіген нәрсені жаттап алатын, бірақ саяз ойлайтын болады. Кейбірі өткен тарихқа қызықса, кейбірі жаңалыққа құмар, болашақта өнертапқыш болғысы келеді.
Балағат жасына жетіп, еркін ойға ие болған ұлымыз ер, қызымыз бой жетсе өзімізбен тең көріп, дос-жарандарымызбен қандай қатынаста болсақ, онымен де солай болуымыз қажет. Отбасындағы қуаныш, көңілсіз жағдайларды, туындаған мәселелерді перзентімізбен кеңесіп, егер ол жүйелі, маңызды кеңес берсе, лезде: «Дұрыс айттың, балам », -деп, оның сөзін қуаттау, баланың отбасына деген жанашырлығын оятып, жауапкершілігін арттырады.
«Ата-анам менің берген мәслихатымды мақұлдады », -деген қуанышпен жүреді және кейін де бұдан да жақсы кеңес беруге, бір жақсылық жасауға талпынады, басқаларға да жақсы мәслихат беруге әдеттенеді. Ал керісінше перзентіміз бір сөз айтса, оған: «Сен әкеңе ақыл үйретпе!»- деп оны бетінен алып, жекіп тастау, оның пікірін төмендету, баланы ренжітіп, оның отбасы мүшелеріне деген сенімін жояды.
«Өз ата-анама жақпаған сөзім, басқаларға қалай жақсын, олар тыңдағысы келмегенді өзгелер қайдан тыңдасын, ата-анам қабыл алмаған сөзімді басқалар қалай қабылдасын?!» - деп ойлаған ол ата-анадан оқшаулап, тұйықталып қалады.
Демек, перзентіміздің жасына лайық қарым-қатынаста болу пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) тәлім берген өсиеті. Бірде Пайғамбарымыздан (с. ғ. с. ) : «Баланың біздің алдымызда міндеті болғандай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма? »- деп сұраған сахабаға: «Әрине, ата-ананың баласына қатысты міндеті - оған Құран оқуды, мергендікті, жүзуді үйрету. Адал еңбек етуді мұра ету », -деп жауап беріпті. Сондықтан, құрметті ата-аналар, өзіміздің және еліміздің бүгіні мен болашағы бала тәрбиесіне байланысты екенін, олардың да мұсылман үмметі екенін ұмытпайық.
Жалпы, жасөспірімдер арасындағы адам айтқысыз ауыр қылмыстар толастамай тұр. Бұл мәселені тек шырқы бұзылған отбасылардың көбеюімен ғана емес, балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, бала жүрегіне қатыгездікті дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы компьютерлік ойындарға деген ықыласымен байланыстыруға болады. «Атып кетті, шауып кетіпті, өртке оранды, басын жарып, көзін шығарды» тақырыптас анимациялық фильдер мен кинолар да қылмыстың «жасаруына» өз үлестерін қосуда. Онымен қоса санай беріңіз: арақ-шарап, есірткі, темекі, түнгі клубтар, ойын автоматтары, маскүнемділікке салынған ата-ана . . .
Бүгін жастарға толығымен ерік берілген. Не істеймін, қайда барамын демейді. Қалтасында ақшасы, астында темір тұлпары бар. Өмірлерін біршама белсенді өткізуге де «жағдайлар» жасалынған, яғни «әй дейтін әже, қой детін қожа жоқ» - түнгі клубтар, ойын-сауық, би кештері. Осыдан кейін баласының бұзақылық жасағандығын көрген ата-ана «қай жерде қате жібердік» деп қынжылады. Бірақ кеш.
Ата-ана салғырттығы . . .
Әр бала - кішкентай әлем. Сондықтан осы «әлем» иелерінің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді.
Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікті тудырады. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс-әрекетінің егжей-тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер «осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды» екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімнің аға инспекторы, полиция майоры Бибігүл Камзинаның айтуынша, жасөспірімді қылмыстық іске итермелейтін басты себептерінің бірі - олардың отбасында бақылаусыз болуында. Бұл - ата-ана мойнына жүктелетін жауапкершілік. Сонымен қатар, жасөспірімнің тәртіпсіздікке бой ұруының басты себептеріне өмірлік тәжірибенің жоқтығын, баланың өзіне достарды таңдай алмауы да қатты әсерін тигізеді.
Отбасы мүшелері баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін адамдарды қадағалап, тексеруді міндетіне алғандары жөн. Мамандардың айтуына қарағанда, кей уақыттарда балаға біраз қатал қараудың маңызы зор. Ал көбіне түсіністік танытып, жастардың бойына сыйластық, сенімділік сезімдерін дарыту да артық болмас. Себебі ата-ана қамқорын, достық ниетін көріп өскен ұрпақ ер жеткенде өзгеге де осы көзқараспен қарайтындығы белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz