Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері

Жоспар:

  1. Дитервегтің педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері
  2. Тәрбие туралы ой-пікірлері
  3. Оқыту туралы ой-пікірлері

Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег XIX ғасырдың орта шеніндегі Герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады. Ол университетті бітірген соң 1813 жылдан бастап физика, математикадан орта мектепте сабақ береді. Кейін мұғалімдер семинариясының директоры болып қызмет істеді. Өз тәжірибесіне сүйене отырып Дистервег песталоццидің дидактикалық пікірлерін насихаттады. Ол Берлинде «Педагогтық қоғам» құрып неміс мұғалімдерін біріктірді.

Дитервег 1835 жылы өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегін жариялады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі педагогика мен дидактиканың жалпы мәселелеріне, ал екінші бөлімі әр пәндерді оқытудың методикасына арналды. Бұл еңбек көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін жастарға білім беру үшін күресуге жұмылдырды. Дистервег бұл еңбегінде алдымен өзінше ойлайтын, белсенді азаматтар тәрбиелеуді қажет деп санады. Оның басқа еңбектері, методикалық нұсқаулары, халық мектебі үшін шығарған оқулықтары да осы бағытта жазылды.

Дитервег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20-дан аса оқулық және оқу құралдарын жазды. Олар Германияда және басқа елдерде кең пайдаланылды.

1827 жылдан бастап Дистервег «Тәрбие және оқыту жөнінде Реин беттері» атты журнал шығарып тұрды. Ол журналға педагогика мәселелеріне арналған 400-ден аса мақалалар жазды. Дистервег бастауыш мектептің мұғалімдерін даярлауды жақсарту үшін күресті, Германия халық мұғалімдерін біріктіру жөнінде көп жұмыс жүргізді. Осы қызметтері және халықтың мүддесін жақтағаны үшін Дистервегті Пруссия үкіметі қуғындап, Берлин мұғалімдер семинариясының директоры қыметінен босатады. Халық мұғалімдерін біріктіруде көп еңбек еткенін бағалап Дистервегті Германия мұғалімдер одағының председателі, кейін Пруссия депутаттар палатасына өкіл етіп сайлады. Ол шын мәніндегі «Неміс мұғалімдерінің ұстазы» болатын.

1851 жылдан бастап Дистервег «Педагогикалық жылдық» атты жинақ шығара бастады. Ол Пруссия үкіметінің халық ағарту саясатын батыл сынады. Әсіресе 1854 жылы қабылданған мектеп жөніндегі реакциялық заңды әшекереледі. Бұл заң арқылы Пруссия үкіметі мектепті толығынан шіркеуге бағындыруға тырысты, бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемін азайтып, дін сабағын негзгі сабақ етіп жүргізді. Бұл сабаққа көп жаттауды керек ететін материалдар енгізілді. Мұғалімдер семинариясында берілетін білімнің көлемі де қысқартылды. Дистервегтің баспа арқылы да, депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда аталған заңға батыл шығуы да оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті.

2. Дистервег жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады, яғни сословиялық тәрбиеге қарсы болды. Мектептің мақсаты - азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті.

Балалардың туғаннан даму мүмкіндігі зор деген Песталоццидің пікірін ол қызу құптады. Оқытушылар балаларды зерттеп біліп, өзінің педагогтық қызметін олардың ерекшелігіне сай жүргізіуі қажет деп есептеді. Балалардың жас ерекшелігімен қатар, олардың дара ерекшеліктерін, зейін, ес, ойлау процестерін білудің қажеттілігін атап көрсетті. Дистервег психологияны тәрбие туралы ғылымның негізі деп бағалады. Ол педагогиканың дамуының негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет деп есептеді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды.

3. Песталоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан-жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.

Балаларға білім беруде тарих, география, ана тілі мен әдебиеттің зор мәні бар деп білді. Балалардың ақыл-ойын дамытуда жаратылыс және математика пәндерінің ролін жоғары бағалап, ол пәндердің жалпы білім беретін мектептердің бәрінде оқытылуын жақтады. Жеке пәндерді оқыту арқылы балаларды болашақ қызметке керекті білімдермен қаруландыруға ерекше көңіл бөлуді талап етті.

Дисервег бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті білім берілуін қоштады. Орта мектепте өмірге қажетті білімдердің берілуін жақтады.

Дисервег әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады.

Дитервег сезім мүшелеріне әсер ететін заттың тікелей өзәмен балаларды таныстыруға зор мән беруімен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті болып, барынша лйландыратындай болуы өте қажет деп есептеді.

Көрнекі оқытуды Дистервег «жақыннан алысқа», «жай нәрседен күделіге», «жеңілден ауырға», «белгіліден белгісізге» деген ережелермен байланыстырды. Бұл ережелерді бұрын Коменский ұсынса, енді Дистервег одан әрі дамытты. Мысал, «жайдан күрделіге» деген ережені ол «нақты ұғымдардан абстракты ұғымдарға қарай» деп анықтай түсті.

Дистервег оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші - негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол «Балалар түсіне алмайтын материалды балаларға оқытпа» немесе «Уақытынан ерте еш нәрсеге оқытпа» деген ереже ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мәліметтер бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектепте оқытылатын материалды елшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімніғң негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысу деді.

Материалды пысықтауға Дитервег үлкен мән берді. Ол жқнінде оқытудың мынадай: «Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек» деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтан отыру қажет деді.

Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады. Оқыту баланың ақыл-ойын ғана дамытып қойиайды, оның еркін, сезімдерін, мінез-құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. «Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді», - деп тұжырымдады ол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы
XVII – XVIII ғасырлардағы демократиялық педагогиканың дамуы
Қазақ педагогтары
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Мектепке дйінгі педагогика тарихы ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құрал
Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде
Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Әлеуметтік педагогиканың даму мәселелері
Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz