Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Басқару» факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ

КРИЗИСТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫ БАҚЫЛАУ»

4 курс студенті күндізгі оқу бөлім

Мамандық: 091440

«Дағдарысқа қарсы басқару»

Жолтай Алмасхан Үрімханұлы

Ғылыми жетекші:

э. ғ. к., доцент Баймағамбетова Г. И.

Рецензент:

Жұмыс қорғауға жіберілді

«Менеджмент» кафедрасының

меңгерушісі,

э. ғ. к., доцент Смагулова Н. Т.

АЛМАТЫ, 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1. 1. Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні . . . 7

1. 2 Дағдарысқа қарсы басқаруды үйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру . . . 21

1. 3. Дағдарысқа қарсы менеджмент: басқару құралдары мен әдістері . . . 28

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ

  1. Дағдарыс жағдайьндағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері . . . 36
  2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі . . . 42
  3. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері . . . 46

3 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР

  1. Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы . . . 54
  2. "Тас-Қүм" АҚ сипаттама және қаржылық-экономикалық жағдайын талдау . . . 61
  3. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі . . . 77

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 89

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 94

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам қүру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика қүру . . . ».

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек

етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша ?

Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өрпгуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бүл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бүл түрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты түрақтандыру, бірінің біріне үласуы, дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды.

Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция бойынша дағдарыс тек табиғи қүбылыс салдары, ал басқалары, - дағдарысты адамдар өздері туындатады, олардың қателіктері, дүрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік.

К. Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің эконо-мика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан қүрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қальгатастырды, жеке меншікті жойған қоғамдық - экономи-калық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бүрындары « өсім қиындьщтары », « даму проблемалары », « түрып қалу » терминдері жиі қолданылып келді, кейіннен олар « дағдарыс түсінігіне » ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.

Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тен-денцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен те-реңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жүмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей үйымда да пайда болып және ол әркашан жалпы экоеомикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай; немесе тек дағдарыстың экономикалық ас-пектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған.

Бұл дипломдық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, үйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып жазуға тырыстық. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмүны, себептері және оның салдары қарастырылған.

Дипломдық жұмыс үш тараудан түрады. Бірінші тарауда қүбылыстың объективті мәні қарастырылған, онда «дағдарыс» түсінігі сипатталып, экономикалық дағдарыстар талданып және оған анықтамалар берілген, оның қүрылымдарына ғылыми көзқарастар және пайда болу себептері берілген. Бүл жерде әртүрлі фаза да пайда болған дағдарыстарды басқару мүмкіндіктері және қажеттілігі дәлелденген.

Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бүны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.

Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы басқару концепциясының жеке үйымға немесе фирма, кәсіпорын және сол сияқтыларға қатысты матери-алдарды қамтиды. Бұл жерде дағдарыс құбылысы тек макроэкономикалық көлемде ғана емес, сонымен қатар қандай кішігірім болмасын жекелей үйымда да пайда болатын құбылыс ретінде ой қалыптасады. Жұмыс қолданылған өдебиеттер тізімі мен және қосымшалармен аяқталады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бүрьшдары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бүл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

Мүндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?

"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бүдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады.

Әлеуметтік - экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жүмыс істеу және даму.

Жүмыс істеу - бүл тіршілік әрекетін үстап түру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау.

Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.

Жүмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік -экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бүл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1. ) .

1-Сурет, Ұйымдағы дағдарыс қауіпінің пайда болуы

Жүмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жүмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды.

Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.

Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бүл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т. б. ) арасында.

Дағдарыс - бүл ұйымның қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі (1-сурет) .

Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, модернизацияның циклдық тұтыну және қайта қүрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа.

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе

тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті үйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі.

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қауіпі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: үйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және үзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын үзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіріпеді. Негізгі дағдарыс салдары тығыз

2-Сурет, Дағдарыстың себептері

екі факторға байланысты: оның себептері және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ үзақ және жүйелі шығу. Және үйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, үзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу.

Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жүмсартып немесе оны өршітуі мүмкін. Бүл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (3-сурет) .

3-Сурет, Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

Дағдарыс типологиясы

Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, қүралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типологиясы және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады (Қосымша 1) .

Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бүл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның қүрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды.

Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бүл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай корінісі.

Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың оршуінен туьшдайды: жүмыскерлер мен жүмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жүмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

Дағдарыс қүбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сүраныс пен үсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен түтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта оты-рып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:

Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен түтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болма-ды. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айна-лысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және коопера-цияның дамуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі бол-мады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бүзылуы байқалмады.

Тауар өндірісінде, өндірісті үйымдастырудың үстемдік етуші формасы болып, ал нарық оның реттеушісі болғалы, өндіріс пен түтыну арасындағы айырма уақытпен де және кеңістіктеде тез күшейе түсті. Стихиялық және анархиялы жағдайда өндірістегі экономикалық дағдарыстар объективтІ заңдылық бола бастады.

Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бүлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бүл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бүзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жүмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады. Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің қүлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бүл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себеп-терінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде, болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан. Белгілі экономист В. Леоңтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар».

Маркстік емес мектеп өкілдері алғашында, экономикалық циклдардың бо-латындығын теріске шығарып, дәстүрлі нарық механизмі шеңберіндегі қүбылыс сияқты циклдықты жеңу мүмкіндігін дәлелдеп бақты. Әлемдік эко-номиканың XX ғасырдағы дамуы артықөндіріс процесіндегі циклдық көзқарасы шегінен бастартуға әкелді.

Экономикалық дағдарыс себептері

Экономикалық дағдарыстар себептеріне деген көзқарастар біршама қарама-қайшы. Және бүған объективті себептер аз емес. Артық өндіріс циклдлығына әсер ететін бір ғана факторлардың, әр кезеңде өр түрлі және же-келей елдерде көрініс табуы өзіндік ерекшеліктерге ие. Көптеген экономистер циклдылықтың үзақтылығын ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) байланы-стырады. Негізгі капиталдың активті бөлігі 10-12 жылда моральды тозуға үшырап отырды. Бүл экономикалық жандануға стимул болу үшін рларды жаңартып отыруды талап етеді. Алғашқы серпіліс болып, қүрал жабдықтар

мен технологияны ауыстыру болса, ал негізгі капиталдың жаңаруы, экономи-калық циклдлықтың материалды негізін қалайды.

Цикл кезеңінің кезекті қысқарулары, қәзіргі әлемдегі ҒГП әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.

Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатьшен байланыстырмай басқа да себептерін үсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз түтынуы. Жеткіліксіз түтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды. Дағдарыс дәрісі ретінде түтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ түтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ эко-номистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда бо-луы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сүранысты ын-таландыру) туындайды.

Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Й. Шумпетердің ойынша, инвестициялық қатынастарды қалыптастырушы әрбір фазаға тән өзіндік пси-хологиялық суреттемесі бар 1 . Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық ғылым, қазіргі уақытта экономикалық цикл мен дағдарыстар себебін түсіндіретін бір қатар теорияларды қалыптастырды. Мысалға, П. Самуэльсон өзінің «экономика» кітабында циклдьшық пен дағдарыстар теориясы-ның бірқатар белгілерін көрсеткен, олар төмендегідей:

  • ақша теориясы, яғни банк несиесінің кең етек алу циклы (Хоутри және басқалар) ;
  • жаңашалық теориясы, яғни өндірістегі негізгі жаңашальгқ еңгізу циклы (Шумпетер, Хансен) ;
  • психологиялық теория, яғни пессимистік және оптимистік көзқарастағы толқынын қамту циклы (Пигу, Бэджгот және басқалар) ;

- жеткіліксіз тұтыну теориясы, табыстың көп бөлігін, бай және сақ адамдар-
ды инвестрленгенмен салыстырғандағы цикл себептерін қарастырады. (Гопсон, Фостер, Кэтчингс және басқалар) ;

  • мөлшерден тыс инвестициялау теориясы, жақтастардың айтуынша, рецессия себебі болып жеткіліксізден гөрі, мөлшерден тыс инвестициялау больга табы-лады. (Хайек, Мизис және басқалар) ;
  • *сүн дағы теориясы - ауа райы - өнімділік (Джевонс, Мур) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфликттік жағдай
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Ұйымдағы жанжалдарды шешу жолдары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару
Бейдағдарыстық басқарудағы қайшылықтардың теориялық аспектілері
Экономикалық дағдарыс себептері
Антикризистік басқарудағы қақтығыстар механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz