Адвокаттың қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Адвокаттың қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі
- Адвокаттың қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар
- Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру
Қорытынды
Пайдаланатын әдебиеттер
Кіріспе
Әрбір Қазақстан Республикасының (азамат) адамдары азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республика өзінің одан тыс жерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп табылады. Олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен қолданылуы осыдан орай анықталады. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Яғни, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Мұнда заңда көрсетілген жағдайларда заң көмегін тегін көрсетілуі тиіс.
Мысалға, әрбір заңды бұзған субъекті яғни, ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасалды деп айыпталған әрбір адам сол ұсталғаннан, тұтқындалғаннан немесе айыпталған кезден бастап, адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы. Осы көрсетілген заңдылықтарды ескере отырып, Қазақстан Респуликасының маңыздылығы бар екенін айқындауға болады. Азаматтардың заң кепілдігінеалған құқықтарының сақталуын мемлекеттік, соның ішінде құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан тұлғаның құқықпен қорғалуы азаматтың қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерін орындай отыра, өзінің баолық құқықтарын пайдалануына толық мүмкіндік жасалуы алдыңғы сапқа шығады. Негізі адвокатураның мақсаты әрбір мемлекетте адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Респуликасының Конституциясымен (бұл әрбәр мемлекеттің конституциясына қатысты) . Қазақстан Респуликасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға, жәрдемдесуге арналған.
1. Адвокаттың қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша заң көмегін көрсетуі
Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қатысуы заң көмегінің бір түрі ретінде
Адвокат өзінің кәсіби қызметінде әртүрлі заң көмегін көрсетеді. ҚР ҚІЖК әрбір адамға білікті заң көмегін алудың үлкен және тең мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда заң көмегі өзінің мазмұны бойынша іс-әрекеттің үлкен шеңберін қамтиды. Оның ішінде анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы - бұл адвокат қызметінің маңызды түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны қорга әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау-қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Қорғану тарабы-сезікті, айыпталушы олардың заңды өкілдері қорғаушы азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады.
Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін қажетсінеді онсыз айыпталушы өз кінәсіздігінің дәлелдерін келтіруге сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтауға дәрменсіз.
Қорғаушы - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыптаушылардың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап соған байланысты ҚІЖК-де белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезікті болып танылады.
Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады.
Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін тұлғаларды нақты анықтайды.
Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелікте тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы) ;
в) жақын туыстары мен заңды өкіддері;
г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіп одақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкілін бөліп қорғаушы ретіндегі оның өкілеттігін айғақтайтын тиісті құжаттармен қамсызданады.
2002 жылғы 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы №26 қаулысында:«Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағындағы және ҚІЖК-нің 28-бабындағы әркімнің білікті заң көмегін алуға кепілдендірілген құқығы негізінде, қорғаушылар ретіңде адвокаттың немесе ҚІЖК-нің 70-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың егер олардың арнайы заңгерлік дайындығы және білікті заң көмегін көрсетуге қабілеті болса, іске қатысуы корғану құқығын қамтамасыз етудің маңызды кепілі болып табылады.
Егер сезіктінің, айыпталушының, сотталушының сотталғанның таңдап алған қорғаушысының білікті заң көмегін қамтамасыз етуге қабілеті болмаса , қылмыстық процесті жүргізуші органдар іске қорғаушы ретінде адвокатты қатыстыру мәселесін талқылату міндеті. Мұндай жағдайда қорғаушы ретінде таңдалып алынған адам іске кәсіпқой қорғаушымен бірге қатыса алады» деп белгілеген.
Қазақстан Республикасының қылмыстық ісжүргізу заңнамасында қорғаушы ретінде іске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе заңнамада белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвокаттарының қатысуына жол беріледі.
Қорғаушылар іске қатысуға тұлга айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жіберіледі.
Бір адам, екі сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, екеу- іне бірдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық іс бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады .
Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргізетін адам, тергеуші, прокурор, сот әрбір іс бойынша азаматқа өз құқығын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Құқықты тікелей немесе жанама шектеу, болмаса әлеуметтік шығу тегі, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, діни ұстанымы, көзқарасы, тұрғылықты жеріне байланысты желеумен немесе кез-келген басқа мән-жай бойынша өзге артықшылықты белгілеу заң бойынша жазаланады.
2. Адвокаттың қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар
Адвокаттар кәсіби қорғау ғана айыпталушыға білікті заң көмегін қамтамасыз ете алатындықтан қорғаушы бола алады.
Адвокат өз мәртебесін дәлелдеу үшін қажет жағдайда қылмыстық процесс жүргізетін органға тиісті адвокаттар алқасына жататындығы туралы құжаттарды адвокаттың осы іске қатысу құқығы үшін заң консультациясының берген ордері немесе маңызы бойынша оған теңестірілген құжатты тапсырады.
Сонымен қатар заң қорғаушы ретінде сезіктінің, айыпталушы мен сотталушының жұбайын, жақын туыста- ры мен заңды өкілдерін, кәсіп одақтардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін осы бірлестіктер мүшелерінің істері бойынша қатысуына жол береді. Бұл жағдайда заң шығарушы айыпталушының өз жақын ту- ысқандарын немесе заңды өкілдерін шақыруға және қорғауға жіберуге мәжбүр ететін моральдық себептерді ескереді.
Алайда бұл жерде сезікті тек кәсіби емес қорғаушылардың жоғырыда аталған санатын жіберумен ғана шектеп, олардың іске қатысуға кәсіби қорғаушыларды шақыру мүмкіндігінен айыруға болмайтындығын атап көрсету қажет. Өйткені ол адамдардың қорғау міндетін жүзеге асыруға қажет және жеткілікті білімдері әрдайым бола бермейді. Атап айтқанда, олар қорғаушы ретінде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын органдардың шешімі немесе істі қарайтын соттың қаулысы бойынша жіберіледі. Алайда олардан ерекшелігі адвокаттар қылмыстық процеске кәсіби қорғаушы ретінде қатысады.
ҚР ҚІЖК-ге сәйкес жақын туыстар болып ата-аналары, балалары асырап алушылары, асырап алынғандар бірге туған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері саналады.
Заңды өкілдер - олар сезіктінің, айыпталушының жәбірленушінің азаматтық талапкердің ата-аналары асырап алушылары, қорғаушылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері.
Қамқорлығында немесе асырауында кәмелетке толмаған немесе өз құқығы мен заңды мүддесін дербес қорғай алмайтын дене немесе психикалық кемістіктері бар адамы бар тұлға заңды өкіл болып табылады. Занды өкіл қылмыстық сот ісінің дербес қатысушысы болып табылады және мүддесін білдіретін тұлға мен қорғаушының көзқарасымен байланысты емес. Іске айып- талушы қорғаушысының қатысуы заңды өкілді шеттетуге әкеп соқтырмайды.
3. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру
Қылмыстық іс бойынша заң көмегін көрсету туралы тапсырманы адвокатқа көмекке жүгінуші түлға береді.
Қылмыстық істі жургізу тапсырмасын адвокат кез- келген тұлғаның өтініші бойынша қабылдайды. Егер айыпталушы сол адвокаттың қылмыстық істі жүргізуіне келіспесе, мұндай келісім бұзылуға тиіс.
Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы қорғаушыны айыпталушының немесе сезіктінің дербес шақыру, сондай-ақ оның жақын туыстары мен заңды өкілдерінің немесе айыпталушының және сезіктінің тапсырмасың келісімі бойынша басқа тұлғалардың шақыру принципін орнықтырады. Айыпталушы немесе сезікті қорғану үшін бірнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
Сезіктінің айыпталушының өтініші бойынша қорғаушының қатысуын процесті жүргізуші орган қамтамасыз етеді.
ҚР ҚІЖК 72-бабының тұжырымдамасынан байқалып тұрғандай заң қорғаушыны шақыруда айыпталушының еріктілігі және келісімі принципін ескереді. Заң шығарушы азаматтардың қорғаушыны еркін тандау құқығын қарастырады. Тергеуші мен сот заңда көзделмеген себептерге сілтеме жасап. Мысалы, қорғаушының тағайындау бойынша іске қатысуына байланысты, айыпталушының қорғаушы шақыруына кедергі келтіруге құқығы жоқ.
Қылмыстық істі адвокаттың қорғауға қабылдау үшін практикада ең көп таралған негіз шақыру болып табылады. Оны адвокатты жеке таңдаған айыпталушының өзі жасайды және істің мән-жайын алдын ала талқылап адвокатпен келісім жасайды. Осындай шақыртуды, сондай-ақ сезіктінің айыпталушының заңды өкілдері, жақын туыстары жұбайы немесе мүдделі түлғалар жүзеге асыра алады.
Бұл жағдайда аталған тұлғалармен келісім жасалынады және соның негізінде ордер беріледі.
Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасынан төралқасы жүзеге асырады.
Өзінің қызметін Қазакстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.
Заң консультациясында немесе адвокат кеңсесінде ордер алмаған адвокат қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатыса алмайды. Оған заң консультациясының меңгерушісі немесе адвокат кеңесінің иесі және тұлға қол қояды. Тек осы негізде ғана адвокатқа заң консультациясының меңгерушісі немесе адвокаттық кеңсенің иесі қол койған іс жүргізуге арналған ордер беріледі.
Ордер-заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі беретін және нақты іс жүргізуге адвокаттың өкілеттігін айғақтайтын қатаң есептегі құжат.
Адвокаттар төралқасы адвокаттар алқасы ордерлерінің бірыңғай тізбегін жүргізеді және олармен заң консультацияларын және адвокат кеңселерін қамтамасыз етеді.
Бұдан адвокаттың заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі ордерін алғаннан кейін және осы іске оның қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайлардың жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана қорғаушы мәртебесін алатындығын көреміз. Бұл сезіктіде немесе айыпталушыға қорғаушыдан бас тарту және оны басқа қорғаушымен ауыстыру ниетін туғызуы мүмкін. ҚР ҚІЖК-нің 548-бабына сәйкес алдын ала тыңдау міндетті түрде қорғаушының қатысуымен жүргізіледі, сондай-ақ егер іс бойынша сотталушылардың ең болмағанда біреуінің істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған жағдайда да. Ал ҚР ҚІЖК-нің 551 және 554-баптарына сәйкес қорғаушы қылмыстық іс бойынша сот талқылауына қатысу үшін алқабиге үміткерлерді іріктеу барысында алқабиге үміткерді істі қарауға қатысудан босату туралы мәселені объективті шешу мақсатында төрағалық етуші қоятын үміткерлерге жазбаша түрде сұрақтарды ұсынуға, ҚР ҚІЖК-нің 554-бабымен белгіленген тәртіппен алқабиге үміткерге қарсылық білдіруді мәлімдеуге, төрағалық етуші арқылы алқабиге кандидаттардың кейбіреуінің өзін таныстыруын сұрауға құқылы. Сотталушы өзінің қорғаушысына алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асыруды тапсыруға құқылы. Егер сотталушы өзінің алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартса, онда қорғаушы оның келісімінсіз алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруге өз бетінше қатысуға құқылы емес.
Адвокаттың қылмыстық процеске жәбірленушінің азаматтық талапкердің жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысуы
Сезіктімен, айыпталушымен және сотталушымен қатар білікті заң көмегіне сондай-ақ өзін немесе мүддесі білдіріп отырған құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық процеске өзге де қатысушылар да мұқтаж. Мұндай қатысушыларға, атап айтқанда, жәбірленуші, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы мен азаматтық жауапкер жатады. Бұл субъектілер өз құқығын жеке, сондай-ақ өкілінің көмегі арқылы жүзеге асырады.
Бұл жағдайда жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін заңның немесе келісімнің шегінде білдіруге өкілетті тұлғалар өкіл бола алады. Сонымен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің өкілдері ретінде адвокаттар мен заң күшіне орай құқықты өзге тұлгалар (ата-аналар. асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар және басқалар) және қылмыстық процесті жүргізуші органдардың қаулысымен іске қатысуға жіберілгендер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азаматтық жауапкердің мүдделерін білдіре алады.
Егер адвокат өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүргізсе, онда өз клиентінің мүддесін білдіру мақсаты үшін тиісті шарт негіздеме болып табылады, онда адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының нөмірі мен алынған күні көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz