Діндер жайлы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Будда діні.

Бұл дін негізінен қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласынан жаңа дәуірдің баскезіңінде өзге мәдениет үлгілеріде соның ішінде будда діні де тарала бастады. Әсіресе II-III ғасырда соғды және парфия қаңылы дін уағыздаушылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ будда дінінің VI ғасырға дейін елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VII ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орынығуына ынта білдірді. Мәселен VI ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында таспар қағанының өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдырып буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі. Бұдан қағандардың будда діні негізінде әлеуметтік этикалық құрлымы әртүрілі қағанаттың басын біріктіретін ортақ идеология жасауға ұмытылысы байқалады. Бірақ, 551 жылы басталған саяси дағдарыс осыдан кейін қағанаттың ыдырауы бұл процесті тоқтатып тастады. Дегенмен будда діні қағандықтың шығыс бөлігінде Енисей қырғыздарымен қимақтар арасында біраз уақытқа дейін сақталып келді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бірқатар қалаларда буддизім ескеріткіштерінің сілемдері сақталған. Мәселен қазба жұмыстары нәтижесінде Шу аңғарынан, сайрам маңынан буддизім мәдениетіне тән әшекей бұйымдары, иконография, т. б. табылды. Түрік халықтары ішінде ұйғырлар ғана будда дінін толық мойындап мемлекеттік дін ретінде орынықтырды. Олар Тибетте, Шығыс Түркістанда жазылған будда мәтіндерін өз тілдеріне аударып, мол мұра жинады. VIII ғасырдан түркілер біртіндеп ислам дінін қабылдай бастады. Бүгінде Қазақстанда будда діні миссионерлік жолмен тарауда. 1994 жылы Алматы маңында, Көктөбеде будда монастырын салуға ұмытылыс жасалды. Бұл монастыр кейінірек басқа жерде тұрғызылды. 1999 жылы буддашылар екінші рет тіркелді. Сондайақ алауыздықтың желін үрлеп, көк бөрідей арсылдап тұрған талай миссионерлік ұйымдардың елімізде бүгінгі таңда аз болмағы жоқтың қасы. Сол бір кейпімізді түзету үшінде ең әуелі бүгінгі жастарға үлгі келешекке жол көрсетер аға бола алатындай өз елін, өз дінін қорғай білетіндей азамат болайықшы ей адамдар!!!

Христиан діні.

Қазақстанның территориясында христиандықтың пайда болуы туралы деректер V-VI ғасырларға жатады. Бұл кездері Қазақстанда нестроиандықтың кеңірек тарағаны аталды. IX-X ғасырларда жібек жолымен өтетін хоистиан миссионерерлерінің белсенділігі байқалды. көне жәдгерліктер бізге Тараз бен Мерке қалаларында христиан шіркеулерінің болғандығын мәлімет береді. Обаларды қазғанда христиан тәртібімен қойылған мүрделердің көптен табылуыда христиандықтың айтарлықтай тарағанын дәлелдейді. бірақ бұл процесс X-XI ғасырдан соң кезде бірталай уақытқа толас алды. Ислам батыл еніп, шіркеулер мешітке айнала бастады. Христиандықтың Қазақстанда таралуы XVIII-XIX ғасырлар шамасында келді. Бұл патша үкметі тұрғын халықты өздерінің ата қоныстарын ығыстырып, орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру, яғни Қазақстанды отарлау саясатымен байланысты болды. Патша XIX-ғасырдың орта тұсына дейін жергілікті халықты бағыныштылықта ұстауда ислам дін басларын пайдалануға ұмтылды. Осы мақсатпен орыстардың иіріле қоныстанған жерлерінде шіркеулер салумен елді христиандықа астыртын бейімдеумен қатар мешіт құрлыстарына исламды насихаттауға айтарлықтай мүмкіндіктер берілді. Бірақ ислам патша ағзамының үмітін ақтамады. Керісінше XIX ғасырдың ортасына қарай ислам фонотизімінің кейбір көріністері патша әкімшілігінің елеулі алаңдаушылығын туғызды. Осыдан кейін ол исламға иек сүйеу саясатын бас тартып провославие шіркеулерін орынықтыруға біржола бағыт алды. 1869 жылы Москвада арынайы ұйым миссионерлік қоғамы құрылды. Оның алдына жабайы халықтарды христиандандыру міндеті қойылды. Қазақстандағы котолизім: қазақстанда бірінші котолик миссионерлері XIII ғасырда пайда болды. Ватиканның тапсыруымен ұлы хандарға барған Рубругтың сапары белгілі. Революциядан соң котолик дін басшылары қуғынға алынды. Діншілер репрессияға ұшырады, костельдер жабылды. Реперессия жылдарында жиһан соғысы барысында батыстан немістер полияктар литвалықтар көптеп жер аударды. Бірақ олардың қауым құруына костельдер салуына тиым салынды сондықтан тек 1977 жылы ғана Қарағанды қаласында католиктердің тұңғыш қауымы тіркелді.

Ислам діні.

Орта Азия және Қазақстан территориясына ислам VII ғасырдың екінші жартысында Омеадық халифа Мауави Ибн-Суфяның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайбай Мүсілімұлы еді. Ол жаулауды бұхара ол самарханда орыналасқан Мауренақырдың төңірегінде бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан төңірегінде исламның орынығуна Әбу Мүслим бастаған мұсылман әскерінің 751 жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді. Алдымен ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орыналасқан. XIV-ғасырларда әмір Темірдің кезінде ерекше беделді болды. Отырықшы хаплықтың арасында етек алды. Өйткені бұл елде мекендер сол кездегі Орта Азиядағы ислам мәдени орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар қалалармен көршілес орыналасқан үнемі тығыз мәдени экономикалық байланыста болады. Біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты ислам дінінің Имам Ағзам бастаған, ханифи масхабындағы сунниттік бағыты. Бұдан әрі исламның дамуы араб елдерінен келген миссионерлердің ықпалымен болды. Қазақ хандарының ресейге қосылуына байланысты патша үкметі жергілікті тұрғындар арасында христиандандыру шараларын жүргізіп іске аспайтындығына көздері жеткен. Соң XVIII-ғасыр соңы XIX ғасыр бас кезінде өздері еріксіз исламды. қолдайтын болды. Жер жерлерде мешіттер ашылып. Уфа қаласында муфтйятұлы ұйымдастырылды. Қазақстанға арнайы мамандандырылған молдалар мен ишандар жіберілді. Көпшілігі татар ұлтынан еді. Сонымен қатар орта Азия Қазақстан территориясында мистикалық сопылық мәдени дәстүр нығая түсті. Бұл дәстүр бүкіл түркі дүниесіне ерекше қарқынмен тарап түркі тілдегі мистикалық поэзиясының өрбуіне үдеу берді. Сопылық негізінен түркі дүниесінде бұған дейін қалыптасқан дүниетаным заңдылықтарымен үйлесімділік тапты мысалы түркі дүниесіндегі әлем бірлігі концепсияларын сопылықтың уықтап ал вужуд болмыс бірлігі концепциясы қуаттай түсті. Қазақстандағы ислам мәдениеті жайлы айтқанда оның исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз.

Жоспар.

1. Будда діні

2. Христиан діні

3. Ислам діні

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Авторы: Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлов.

Дінтану негіздері.

(Алматы 2003)

  1. Діндердің жиынтығы.

(Алматы 2002)

Қазақстан Республикасындағы діни

жағдай.

Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген «әркімнің ар- ождан бостандығына құқы бар». Сонымен қатар адамның қандай діни сенімге енуі оның жеке басының ісі. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партияларымен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондайақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен кәсіптік тұлғалар мен азаматтардың мемлекеттермен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады. Демек дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз жасалған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан соң дінге бостандығы жаңа арынаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Марксистік -лениннің келмеске кетуімен бірге атеизм құрып кетті. Атеизм дәстүр орынына дінге сену өріс алды. Қазір Қазақстанда 46 конфессия мен деноминацидан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау органдарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионерлер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылы «Діни сенім бостандығы және дін бірлестіктері туралы » заңмен реттелген қазір Қазақстанда 24 этностан тұратын 11 миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни бірлестігінің саны 1313. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылдан бастап дербес қызмет атқара бастады. Қазір Қазақстанда 400 ден астам протестандық бірлестік, жирмаға тарта конфессия мен деноминация бар. Республикада лютеран шіркеуінің негізгі үш бағытының өкілдері бар. Олар евангелие шіркеуі, лютеран ағайындар және Миссури сиодының қолдаушылары. Бұлардың бәрі өз ілімдерін агусбург дін уағызына (1530 ж) негіздейді. Айырмасы құлшылықты атқару рәсімдерінде ғана. Сондықтан олар бір-біріне қарсы келмек былай тұрсын әрдайым жәрдем көрсетіп отырады.

Меннониттер.

Бұл діни ағымның негізін салушы католик свяшенигі Менно Симонс. Ол анабаптисиерге (грекше дінге қайтара енгіземін, екінші қайтара шоқындырамын) өтіп, өмір шындығын мойындау қиянат жасамау принциптеріне негізделген өз қауымын құрды. Кейінірек менинизм принциптері «біздің ортақ христиан дініміздің бас статьяларының декларациясы » деген құжатта. (1632 ж. ) нақтылан ды. Меннонитерге тән нәрсе - адамдарды кәмілет жасқа жеткен соң шоқындыру. Шіркеу иерархиясы мойындалмайды. Сондықтан әр қауым өзін-өзі басқарады. Бірақ барлық қауымдардың жұмысын үйлестіру ұшін АҚШ-та Меннонитерге дүниежүзлік конференциясы құрылған. Меннонизмде басты екі бағыт бар: шіркеулік және ағайындық. Соңғысы баптистермен жақындасып, солардың құлшылық жиындарына қатысатын болды. Қазақстанға ең кейін келген - баптистер. «Баптист» гректің « шомылдырам » деген сөзінен шықан. Олар республикада XXғасырда пайда болды. Бірақ олардың діни ілімінің жүздеген жылдық тарихы бар. Тұңғыш баптист қауымдары Галландияда және Англияда XVII ғасырда пайда болды. Кейіннен Америкаға тарады. Қазір ол АҚШ-та христиан конфессиаларымен деноминациалары ішінде жетекші орында. Баптизм Европаға XIX ғасырда тарай бастады. Баптистер өз іліміне лютерандық пен кальвинизмнен көп нәрселерді көшіріп алды. Олар христиандықтың жеті қағидасының төртеуін, ғана мойындады. Солардың өзін догмот есебінде емес қарапайым салт ретінде ұстанды. Қазақстанда қазір 120-дан астам евангелие христиан баптистері қауымы тіркелген. Мұны сыртында тіркелмеген қауымдастықтарда бар. 1995 жылы алматыда евангелие христиан баптистері шіркеулері кеңесінің діни ағарту орталығы құрылды. Сол сияқты 1992 жылдан бері Славян евангелиеленген қоғамының Інжіл миссиясы сырттай оқытатын Інжіл мектебін ашты. Ол бастауыш діни білім береді. Баптизмнен бастау алатын қауымдардың бірі пятидесятниктер. Ол XX-ғасырда АҚШ та құрылды. Қазақстанда пятидесятиктердің толып жатқан ағымдары бар олардың сан алуандығы соншама тіптен аталуы бірдей бірнеше қауым бір-бірін мойндамайды, 30 қауым ресми тіркелген. 1990 жылдары Алматыда корей пятидесятниктер шіркеуі пайда болды.

Иегово куәлары.

Қазіргі жылдам жылдам жетіліп келе жатқан шіркеулердің бірі. Діни ағым XIX ғасырдың екінші жартысында адвентизмнің бұтағы ретінде АҚШ-та пайда болды. Бастапқыда «Інжілді зеріттеушілер» деп аталды. Орталығы АҚШ-тағы Бруклин деген ұйым. Екі жүзден астам елде жұмыс істейтін жүзге жуық филалы бар. Иегов куәлары қауымдары жиын деп аталды. Оларды ақсақалдар алқасы басқарды. Ақсақалдарының бірі бақылаушы немесе пресвитер болып тағайындалыды. Жиындар 5-6 кісіден тұратын студияларға бөлінеді. Барлық құрлымдар Бруклин орталығының нұсқауына бағынады. Иегова куәларыда адвенистер тәрізді жанның мәңгілігін мойындамайды. Бірақ ілімдерінде айырмада жоқ емес. Мәселен, олар бір ғана құдайды - Иегованы (Яхве) мойындайды. Ғайсаны құдайдың ұлы бірақ өзі құдай емес деп уағыздайды. Ол куәлардың ілімі бойынша періштелерді бағындырған кәміл адам. Иегов куәлары тамұқты жоқа шығарады. Ілімдеріндегі басты нәрсе - Армагеддон, яғни игілікпен зұлымдықтың таяуда болатын шайқасы. Қазақстанда бұл қауымның жүзге тарта шеруі бар. Қазақстанда соңғы жылдары харизм қозғалысы (грек сөзінде- игілік) кең тарады. харизматтар ілімінің негізі- адам жаралғанда күнәға бейім. осы бейімділікті жеңіп, о дүниеде рахатқа жеткізетін құдыретті күш жоғарыдан келеді мыс. Олар осы игілікке кез- келген адам жете алады, ол үшін шірккеу талаптарын орындаса болғаны, деп уағыздайды. Қазақстанда бұл қозғалыстың «Агапе», «новая жизнь», «Иллия» сияқты ондаған бірдлестіктер бар. Олар өз сенімдерін дәстүрлі христиан ортасында ғана емес, тұрғылықты халық арасындада таратуға бағытталған белсенді жұмыс жасауда. Мәселен, осы мақсатпен «Новая жизнь» қауымының жанынан Алматы қаласында арнайы қазақ және ұйғыр филалдары құрылған. Қауым бұрынғы кеңес үкіметі елдерінің өкілдері оқитын Інжіл колледжсін ашты. Қазақстанда дін бостандығымен берілуімен қатар еліміздегі ислам және христиан дін тармақтарына таластық тудыратындай дәстүрден тыс бір қатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Дәстүрлік діндерге қарағанда бұл діндердің басымдылығы құрамына енушілердің ұлтының әртүрілілігінде. Қазақстан жағдайнда, мұндай дәстүрден тыс діни ағымдардың космополитизмі кейбір этностардың ұлттық менталитетін жоғарлатуына қауіп төндіруде.

Жоспар.

1. Қазақстан Республикасындағы діни жағдай.

2. Меннониттер.

3. Иегово куәлары.

Ахмадийа қауымы.

Дін қозғалыстарға, конфессиялар мен деноминацияларға қатысты жаңа сөзін шартты түрде қолдануға болады. өйткені әрбір діни құрлымның өзінің тарихы, дәстүрі, орыныққан ғұрыптары бар. Тіптен олардың кейбіреулері әлемдік діндермен бой таластырады. Оларды Қазақстанда пайда болуына қарап қана жаңа дейміз.

Исламның бұл жаңа дінінің негізін салушы-Мирза Ғұлам Ахмед Кадиани (1835-1908) Құран мен мұсылман дәстүріне құрылған, оның ілімі мұсылман, христиан және басқада діндегілерге бағышталады. Ғұлама Ахмедтің идеасының негізі- өлгеннен кейін адамда қайтадан дене және жан пайда болады. Осылайша жаңарған күйінде қиамет қайымға жетеді. Содан кейін ғана тамұққа немесе жұмақа барады. Тозақа барғандағы азаптың өзі мәнгілік емес себебі күнакарлар тозақта азаптанып күнәсін жойған күні жұмаққа қайтарылады. Сонда о дүниедегі ғұмыр жарық дүниедегі рухани өсіп жетілудің жалғасы ретінде танылады. Сондайақ бұл қауым Пакистанда саяси жұмыстарға белсене қатысты. Бүгінгі таңда Ахмадийа қауымы дүние жүзінің көптеген елдеріне сонымен қатар мұсылман емес елдерге де тарады. (Америка, Батыс Европа, Мұхит аралдары) бұл істі Ғұлам ахамед өлгеннен кейін Хакім Нуруддин жалғастырды. Саны жағынан көп және әсерлі ағым қағидалы болды. Кейбір мұсылман елдерінде Ахмадийаны мұсылман қауымына жатқызбай, Ахмадийа мүшесін мұсылман деуге және оған мұсылман атауын қолдануды тыйым салды. Ахмад Кадианың айтуынша әлемдегі барлық діндер келісімге келуі керек. Сонда діни экстремизм, Фундаментальизм, террориз, өзгеде зорлық-зомбылық түрлеріде жер бетінен жойылмақ. Оның насихаты баршаға махаббат кімге болсын ізгілік. Осы гуманистік идея Ахмедийа ілімінің әлемде кең тарауына негіз болды. Пакистанда Ахмедийа қауымы өз орталығын салып ол қалалық дәрежеге ие болды. Сонда мамандар даярлайтын Ахмадийа университеті орыналасқан. Бірақ ислам фундаменталисерінің қысымынан, ахмедийа жетекшілері Англияға қоныс аударған. Сондықтан Ахмадийа орталығының басшылығы Лондондағы орталық арқылы жүргізілуде. Бұл қауымның әлемде бірінші және әзірге жалғыз дүние жүзілік спутник арқылы әлемге отыз тілде хабар тарататын мұсылман телеканелы бар. Олар Құранды әлемнің 60 тіліне аударған, 50 ден аса газет және журналдар шығарылған. Қазақстанда Ахмадийа қозғалысының екі қауымы бар, ірі Алматыда, екіншісі Шымкентте

Бахаизм.

Бұл діннің пайда болғанына біржарым ғасыр болды. Оған бес миллионнан астам адам сенеді. Британ энциклопедиясының мәлметі бойынша бахаи діні жер жүзіне таралуы жағынан екінші орында. Бахаи халықаралық қауымдастығы үкметтік емес халықаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттер ұйымында кеңесші ретінде тіркелген. Бахаи дінінің бастауында Баб деген лахап атпен белгілі Сейд Әли Мұхаммед тұр. Баб араб тілінен тәржімалағнда жаңа пайғамбар енетін дарбаза деген степті ұғымды білдіреді. Сейд Әли Мұхаммед 1819 жылы 20 қазанда Персияда туды. Баб 1844 жыл 23 мамырда шираз қаласында өзін Мұхаммедтің орынына келген пайғамбармын деп жариялайды. Аян атты еңбегін Құран орынына жүретін қасиетті кітап деп мәлімдеді. Жаңа діни ілім өсиеттері салған жерден қоғамның қызығушылығын тудырды. Бабтың өлімінен соң Баха-Улла атағын алған Мырза Хусейін Әли деген суырылып алға озды. Баб өзінен кейін үлкен ғұламаның келіп, ілімін жалғастыратыны жөнінде сәуегейлік айтқан болатын. Баха-Улла шын мәнінде бахаизмді орынықтырушы, оның теориясын жасаушы болды. Мырза Хусейін Әли Персияның мемлекеттік минстрі Мырза Аббастың үлкен баласы еді. 1852 жылы Бабтың ізбасарлары парсы шахының өміріне қастандық жасады. Бұл бахаиттерді жаппай жазалауға мұрындвқ болды. 20 мыңнан астам адам апат болды. Осы кезде қауым басшысы болған баха-Улла Тегеранда зынданға салынды. 1853 жылы Бағдатқа, Константинополге, Андринапольге, соңында палестинаға жер аударылды. 24 жылын түрмеде өткізді 1892 жылы қайтыс болды. Бахаи кітаптарындағы тәртіп бойынша 1963-жылы ұлттық дін басларының мәжілісі бахаизімнің ең жоғарғы ұйымын-Дүниежүзлік Әлемдік үйін сайлады. Осыдан кейін бұл басшылық ұйым әр бес жылда сайланып тұратын болды. Бахаи-монотистік дін. өзінің қасиетті кітабы бар. Либерализммен демократияны жақтайды. Діни төзімділікті уағыздайды. Ұлтына және нәсіліне қарай кемсітудің қандай түріне болсын қарсы шығады. тахалықпен монақтыққа қарсы. Саясатқа араласпауды насихаттайды, миссионерлікке тыйым салады. Жоғары адамгершілікке шақырып, адам тәнін уландыратынның бәрінен бойды таза ұстауды талап етеді. Бахаизмде дін қызметшілері немесе билік аған дін баслары жоқ. дін алдында бәрі тең. Олар адамзат та дін де бір жерден тараған деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Діни наным-сенімдердің бастауы
Ізгілікке бейіл ислам діні
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Дін этнологиясы
Діндер аралық диалогтың тағы бір ұстанымы оған қатысушылардың ашықтығы
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Діндер жайында
Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz