XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ мәдениеті: күй өнерінің қалыптасуы, белгілі композиторлар мен өнердегі қазақ бейнесі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

XVIII ғ орта тұсымен басындағы қазақ мәдениеті. Қазақ ағартушыларының ерекшеліктері XIX ғасыр қазақтардың музыка мәдениеті

Прогресшіл бағыттағы орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен табиғатын бейнелеуде зор үлес қосты.

В. Верещагиннің “Лепсі алқабын қоршаған таулар” картинасы қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді.

Н. Хлудовтың өнері негізінен Қазақ тақырыбына арналған. “Мал айдау”, “Отынға бару” шығармаларында қазақ елі аса сүйіспеншілікпен бейнеленген. Жергілікті шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы, Көкшетаудағы (1876 ж. ), Нижний Новогородтағы (1896 ж. ) көрмелерде көрсетіледі.

1868 жыл - Париждегі дүниежүзілік көрмеде қазақ зергерлік бұйымдар мен ұлттық киімдері қойылды. 1872 жылы-Мәскеу көрмесінде қазақ музыка аспаптары көрсетілді.

XIX ғасырдың екінші жартысы - халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 - 1889 ж. ж. ) - күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигі. Туған жері - Бөкей ордасының Жиделі деген жері. Алғашқы ұстаз - Ханбазар, алғашқы күйшісі - Ұзақ. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Алғашқы күйлерінің бірі - “Кішкентай” Исатайға арналды. “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Кісен ашқан”, “Адай” күйлерінде азаттықты аңсаған халықтың үміті, езушілерге қарсы өшпенділігі суреттелген. “Сарыарқа” туындысы арқылы туған жерді, кең даланы, халықтың қажымас күшін сипаттады. Би күйлері - “Қызыл қайың”, “Балбырауын”.

Үстем тап өкілдерінің жаласымен Орал, Оынбор абақтысында отырып, Иркутск түрмесіне қамалды. 1880 жылдардың аяғында күйші Астрахань маңындағы Сахмаға қоныс аударды. Құрманғазының 60 - тан астам күйлері сақталған. Шәкірттері - Дина, Ерғали Есжанұлы, Мендіғали Сүлейменұлы, Сүгірәлі, Көкбала, Шора т. б.

Тәтімбет Қазанғапұлы (1815 - 1862 ж. ж. ) -шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі. 40 - тан астам күй шығарған лирик сазгер. “Саржайлау”, “Балқылдақ”, “Балбырауын”, “Сал қоңыр”, “Алшағыр” күйлерінде негізінен өмір тартысы, сұлулыққа құштарлық байқалады. “Бестөре” әлеуметтік теңсіздікке қарсы әуен байқалды. 1855 жылы Петербургте өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды.

Дәулеткерей Шығайұлы (1820 - 1887 ж. ж. ) - күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Күйші көзқарасын қалыптастыруда 1836 - 1838 жылғы көтеріліс әсері мол. Дәулеткерей Бөкей Ордасын басқару жөніндегі Уақытша кеңестің төрағасы Г. В. Ващенконың көмегімен сұлтан болып сайланды. Сазгердің орыс зиялыларына жақын болуы, Орынбор, Мәскеу, Петербургке барып, мәдени мұралармен танысуы оның талантын ұштай түсті. Орыс музыкасының әскери марш әсерімен шығарған күйлері : “Ващенко”, “Қос ішек”, “Топан”, “Қоңыр”. Тұрмыстық саланы бейнелейтін күйлері : “Желдірме”, “Қосалқа”, “Ақбала қыз”, “Тартыс”, “Ысқырма”, “Құдаша”, “Жігер” т. б.

Сазгердің 40 - қа жуық күйлері сақталған. Төре күйлерінің атасы атанған.

Біржан Қожағұлұлы (1834 - 1897 ж. ж. ) - сазгер, әнші, ақын. 20 жасынан ән шығара бастаған. 1865 жылы Абаймен кездесуі оның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дамуына әсер етті. Біржан патриархалдық - феодалдық қоғамның озбырлығына қарсы тұрды (“Жанбота” өлеңі) . Біржанның Сарамен айтысы оның суырып салма ақындық талантын елге танытты.

40 - қа жуық әндері бізге жетті. Шоқтығы биік туындылары - “Ғашығым”, “Біржан сал”, “Айтбай”. Біржан мектебінен тәлім алған дарындылар - Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ.

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835 - 1929 ж. ж. ) - сазгер, әнші. 1851 жылы Петропавлда орысша оқып, гармоньда, скрипкада ойнауды үйренді. “Кел балалар, оқылық” өлеңіне ән шығарды. Шоқанмен бірге жүріп, Абайға өлең арнады. 1852 жылы Омбыға келіп, 1854 жылы орыс мектебіне түседі. Желтоқсаншылар мен петрашевшілер тарихты оның әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. 1856 жылы аулына қайтып, дауларға араласады. Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса мен інісі Мұстафа Шорманұлдары Байжанның балалары өздерімен аттас болмасын деп, Мұсаны - “Жаяу”, інісі Мұстафаны - “Жалаң аяқ” аттандырды. 1860 жылы Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылып, 1862 жылы өз еркімен әскерге алынды. Генерал М. Г. Черняев тобының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты.

Өзін қуғынға ұшыратқандарға шағымданып, қолдау таба алмай, жиһан кезіп кетеді : Польша, Латвияда болып, Қазанда тұрақтайды.

Жаяу Мұса - ақын- публицист.

Өзі шығарған 70 - ке жуық әннің сөздерін өзі жазған : “Ақсиса”, “Хаулау”, “Шорманұлына”, “Толғау”, “Баянауыл”, “Сұршақыз” т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ мәдениеті: рухани және материалдық мұралар мен отаршылдықтың ықпалы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ мәдениеті: рухани және материалдық дәстүрлердің сақталуы мен трансформациясы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ мәдениеті: әдебиет, музыка, білім және ғылыми зерттеулер
Қазақ дәстүрлі күй өнерінің XIX ғасырдағы таралуы мен мектептерінің картографиялық талдауы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының экономикалық дамуы мен әлеуметтік құрылымы
Қазақ күй өнерінің тарихи-мәдени маңызы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ жазба ескерткіштеріндегі араб әліпбиінің палеографиялық ерекшеліктері
XIX-XX ғасырлардағы қазақ поэзиясы мен музыка өнерінің дамуы: ақындар, күйшілер және айтыс
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары
XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті: әдебиет, этнография және шетелдік зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz