Базар батыр жырының жинақталуы, жариялануы және зерттелуі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

"БАЗАР БАТЫР" ЖЫРЫНЫҢ ЖИНАЛЫП, ЖАРИЯЛАНЫП, ЗЕРТТЕЛУІ

Отырар Университеті: Ускенбаева А.

Қазақ тарихи жырларының ішінде оқиға желісінің күрделілігі, тілінің шұрайлылығы жағынан ерекше көзге түсетін жырдың бірі - "Базар батыр".

Базар батыр жырын жинастыру ісі XX ғасырдың 1935-40 жылдары қолға алынған. Жинаушысы -ақын, жазушы Бәделқожа Тұрсынбаев. Ақын жырды Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Батбақбұлақ селосының тұрғыны Жангөдей қарттың айтуы бойынша жазып алып, 1941-42 жылдары ҚР ҒА ОҒК қолжазба қорына тапсырған. Жангөдей ақсақалдың дастанды кімнен үйреніп жырлағаны белгісіз. Шығарманың басында қашан, қайда алынғанын туралы қысқаша мәлімет берілген.

Ақын жырдың ел арасына кеңінен тараған нұсқасың жинап, қағаз бетіне түсіруі - ауыз әдебиетінің алтын қорына қосылған үлкен үлес болып табылады.

"Базар батыр" - өсіресе, Алтай қазақтарының ортасында кең тараған. Үш бөлімді жырдың бірінші бөлімі алғаш рет 1940 жылы Алматы қаласында басылып шыққан. Жыр осы басылымнан соң қайта жарық көрмеген.

Бәделқожа Тұрсынбаев құрастырып шығарған Жангөдей варианты Базар батыр туралы жырдың негізгі нұсқасы болып тайылады. Әйткені ол - жырдың ең толық әрі көркемдік деңгейі жоғары дәрежедегі нұсқасы.

"Базар батыр" жыры арнайы зерттеу нысанасына алынбаған. Десек те, зерттеушілердің әр кезде жыр жөнінде білдірген пікірлері бұл туыңдының ғалымдар базарында болғандығын көрсетеді. Жыр туралы алғаш сөз қозғаушылардың бірі - ғалым Есмағамбет Ысмайлов,

ҚР ҒА ОҒК қолжазба қорында ғалымның "Базар батыр" жыры туралы" деген атпен аталмыш жыр туралы жазылған қысқаша пікірі (рецезия) қолжазба түрінде латын әрпіңде берілген.

" . . . Бұл күнге дейін калың оқушылар жұртшылығына мәлім болмаған Базар батыр туралы жыр - Шығыс Қазақстанның Алтай өңіріндегі ел ішінде өте көп жайылған сұлу жылдардың бірі. Базар талай ірі соғыстарда жауларың тас-талқан етіл жеңеді. Бұлда біздің тарихтағы Сырым, Кеңесары-Наурызбай, Исатай, Махамбет, Жанғожа, Бекет сияқты айбынды халық қаһарманы. Қазақ елінің Шығыс жақ түкпіріне төніп келген жауларға талай ойран салған асқан батыры болған.

Қауіпті жаулардан қаймықпай, Базар сияқты батыр, жауынгер болу белуардан қан кешіп, кеудені оққа төсеп, ерлікпен соғыса белу-бүгінгі Отан ерлерінің ең зор қасиеті болып отыр.

Базар батыр туралы дастанның көркемдік (геройлық, лирикалық мотивті қатар суреттеген) қасиеті жырдың өзінен көрініп тұр", - деп, аталмыш туынды туралы алғаш мәлімет береді (1, 1) .

Егер "лирика-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді және лирикалық кейіпкердің өз жайы, өзінің айналасыңдағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасы сипатгалады" десек (2, 133), жырдағы Базардың түрмеде жатып айтқан зарынан оның ішкі жан-сезімі, көңіл-күйі, дос жарын, туған-туыстарына, қоршаған ортасына деген көзқарасы айқын аңғарылады.

"Лирика жеке адамның жан дүниесін толғанын, тағдырын бейнелеп, сол арадағы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой-сезімі, тағдыры өз заманының арман-мүддесі, тілек-талаптарымен неғұрлым терең байланысты суреттелсе, соғұрлым ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің көрнекті өкілі болып шығады" (3, 133) .

Олай болса, батырдың түрмедегі халі оның жан-дүниесін, толғанысын бідіруімен қатар, Базардың тағдырың да анық бейнелеп береді. Батырдың зарынан оның тауқыметке толы ауыр тағдыры, үнемі арпалыспен өткен өмірі көрінуімен бірге, халық тәуелсіздігін, көздеген ізгі арманы, сонымен қатар, халыққа хан-сұлтандардың жүргізіп отырған үстемдігі, зорлық әрекеттері, жинақтай айтқанда, сол заманның болмыс-бітімі айқын танылады. Сол арқылы Базар халықтың мүддесін көздеген жанашыр адам екеңдігі көрсетіледі. Базар - дәуірінің шындығы бойына жинақтаған тұлға. Яғни, батырзары - аталмыш жырдағы лиризм элементі. Ғалымның "лирикалық мотибі қатар суреттеген" деуінің мәнісі осында балса керек.

Ал бүкіл бір дәуірдің ащы шыңдығын Базардың шағын ғана зарына сыйдыру, бір элемент арқылы бүкіл бір қоғамның, өткен заманның келбетін көрсету - жырды тудырған жан ақындық шеберлігін айқын танытса керек.

Сол сяяқты ғалым М. Ғабдуллин мен Т. Сыдықов "Қазақ халқының батырлық жырлары" атты еңбектерінде "Базар батыр" жыры туралы құнды пікір айтады.

Аталмыш кітапта феодалдық кұрылысының тірегі болған және ол құрылыстың қаймағын бұзбай сақтап қалуды көздеген хандар мен феодалдардың, билер мең қожа-молдалардың Ресей мемлекетіне қарсы күресуді арман еткеңдігін, сол мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлы орыс халқына қарсы қазақ халқын айдап салуды көздейтіндіктерін, туысқандық қарым-қатынас жасай бастаған екі халықтың арасында ұлт араздығын тудыруды қарастырғандықтарың, ол үшін әдебиетті, соның ішінде ерте заманда туғаң халықтық жырларды үгіт құралы есебінде пайдаланбақ болғандықтарын, олардың идеясына, тақырыбына, мазмұнына біраз өзгерістер енгізуге тырысқандықтарын баса айтқан. Мұндай өзгерістердің жырларға екі түрлі жолменен тендігін атап көрсетеді. Біріншісі - шапқыншылық жолмен ел талауды, барымта алуды дәріптеу, екіншісі ислам дінін үгіттеу, ел арқылы ұлт араздығын тудырту, діні басқаларды жек көрсету бағытында болады.

Қазақтың хандары мен феодалдары, байлары өздерінің жалдамалы ақындарына ерте кездің жырларын қайта жырлатып, халық арасына таратуға әрекет етіп, сол ретте "Орақ-Мамай", "Қарасай-Кази", "Шорабатыр", "Базарбатыр"жырларының қайта өнделгендігін айта отырып, нақты мысалдар келтіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдердің зерттелуі, жинақталуы және жариялануы
Батырлар жырының құрылымы мен Алпамыс батыр эпосындағы батыр бейнесі
Қобыланды батыр жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Алпамыс батыр жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктерінің стилистикалық талдауы
Арқалық батыр жырының нұсқалары: текстологиялық, салыстырмалы және тарихи-мәдени зерттеу
Қобыланды батыр жырының композициялық құрылысы мен сюжеттік элементтері
Шора батыр жырының тарихилығы мен нұсқаларының тарихи-типологиялық және поэтикалық талдауы
Олжабай батыр жырының тарихи-фольклорлық сипаты: XVIII ғасырлық тарихи жырлармен салыстырмалы талдау
Қобыланды батыр эпосы: тарихи негізі, қалыптасуы және ғылыми зерттелуі
Алпамыс батыр жырының әдеби орны және мектепте оқыту арқылы патриоттық-тәрбиелік құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz