Пішенді дайындау әдістер жиынтығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс№ 15

Пішенді дайындау әдістер жиынтығы.

Пішен бұл орылған шөптерді табиғи кептіріліп немесе белсенді желдету арқылы дайындалатын азық.

Пішеннің азықтық құндылығы өсімдіктердің ботаникалық құрамына, жасына және дайындау және сақтау жағдайларына байланысты, Пішенді бұршақты егілген азықтық, егілген бұршақтық азықтың және табиғи пішендердің пішіне деп бөледі.

Себілген пішеннен астықты (шабындық ат қонақ, қылтықсыз арпабас), бұршақты (беде, жоңышқа) және олардың қоспасы (арпабас пен беде, сұлу мен сиыр жоңышқа кең тараған.

Табиғи пішендіктердің пішені себілгендерден шөп құрамының әр түрлілігімен ерекшеленеді. Ең жақсысы таулық суармалы шалғылдық және шалқандық пішендер.

Пішеннің сыртқы түрі және иісі зеңденбек, шірік иісі жоқ болуы керек.

Күйіс қайыратын малдардың қысқы жемшөп мәзірінде пішен 23% шейін болады.

Жақсы пішен ақуызға, көмірсуларға, минералды заттарға және витаминдерге бай 1кг пішенде 0, 46 азық өлшемі және 52г. Қорытылмайтын ақуыз болады. Бұршақты шөптерде шанақтау кезінде және гүлдеу басталғанда, ал астық тұқымдастарды масақтану кезінде жинайды // астық тұымдастар басым шабындықтарды гүлдеу басталғанда орада.

Ұсынылған уақытында орған шөптердің жақсы жапырақтанған, сабақтары жұмсақ, қоректік заттары жеткілікті мөлшерде болады. Мұндай шөптерден дайындалған пішеннің түсі жасыл, иісі хош иісті болады.

Сапалы пішен ылғалдылығы 17 % болуы керек. Көк балауса шөпте 70-90% ылғал болады кептіргенде 50% бос ылғал бөлінеді.

Ылғалдың бөліну жылдамдығына шикізаттың химиялық құрамы, өсімдіктің жуандығы және жасы әсер етеді. Өсімдіктерде ақуыз және көмірсулар неғұрлым көп болса, соғұрлым су көбірек ұсталады. Сондықтан бұршақты шөптер астықтыларға қарағанда жай кебеді. Егер астық тұқымдастар 25 - 50 сағат кепсе, бұл жағдайларда бұршақтылар 75 сағатта кебеді. Жас өсімдіктер жетілгендерге қарағанда клетчатка аз болғандықтан көбірек уақыт кебеді.

Шөптері тезірек кептіру үшін аударады, дестелейді, шомалайды және белсенді түрде желдетеді.

Шөпті дайындаудың әдістер жиынтығына шөпті ору, орып жаныштау, шөптерді аударып кептіру, дестелеу, шөмелелеу және тығыздап немесе майдалау; шөмеленген, майдаланған пішенді тасымалдау; сақтау үшін маялау; қораға, орға және мұнараға салу; пішенді белсенді түрде желдету жатады.

Шөпті шөп шапқышпен немесе шөп шапқыш орады. Маңызды агротехникалық шара бұл ору мерзімдерін және өсімдіктердің ору биіктігін сактау.

Бұршақты өсімдіктерді шанақтау, астық тұқымдастарды түтікшеніп, өсу кезінде ору керек. Шөптерді ору мерзімін кешіктіргенде шөп сапасы төмендейді.

Шөпте ертеңгі уақыттарда (5-10 сағ) орған дұрыс. Ұсынылған мерзімнен 10-15 күн кешіктіріп орғанда пішенде қоректік заттар 15-20 % кемиді.

Ору биіктігі жер бедерінен және шөп өскінінің ботаникалық құрамына байланысты. Үйлесімді ору биіктігі 4-5 си. Бірінші жылғы шөптерде 7-9 см биіктікте ору ұсынылады. Ору биіктігін 1 см жоғарылату пішін өнімділігін 5 пайызға кемітеді.

Шөптерді ору үшін КС-2, 1 шөп орғышын қолданды, оны «Беларусь», Т-25, Т-20А тракторлары тіркейді. Жатып калған қалың шөп өскінін ротациялық шөп орғышпен (КРН-2, 1) орады.

Пішенді дайындауға басты нәрсе бұл шала кептіруді, қоректік заттар азаймас үшін шапшаңдату.

Шөптерді кептіруді техдету жаныштау және аудару жүргізумен жүзеге аудару жүргізумен жүзеге асады. Жаныштау жоғары өнімді бұршақ және бұршақты - астықты орған кезде керек. Дұны жүргізу шөп кептіруді бір тәулікке қысқартады.

Жанышталған шөп біркелкі кеппейді, себебі жапырақтардың және сабақтардың ылғалдылығы біркелкі емес, жапырақтар тезірек кебеді, олар аударған кезде түсіп қалады.

Аударылған кезде шөп біркелкілеу кебеді. Бұл үшін ГВК-6А тырмасын қолданады.

Шығынды азайту және орылған шөптің кебуін тездету үшін 53-60 % ылғалдылыққа шейін солдыра, сосын шөмеледе кептіреді. Астықты пішенді дайындағанда орылған шөпті 45-50% ылғалдылықта шөмелеге жинайды.

Пішенді шөмелеге жинау үшін ГВК - 6А, ГВР - 6, ГП2 - 14А тырмалары қолданылады. Шөмеледегі 25-30 % шейін кептірілген шөпті шағын үйінді етіп жинайды. Кептірілген пішенді сақтау орнына тасымалдайды.

Шашыраңқы пішенді дайындау әдістер жиынтығына шөпті ору, бұршақты және астық-бұршақ шөптерді жаныштау, аудару шөмелеге тырмалап жинау, үйінді етіп жинау және маялау жатады.

Үйінді етіпжинауды үйме дестелегіш ПК - 1, 6А орындайды. Үйінділер дарада 1-3 тәулік болады, мұнда пішен ылғалдылығы 18-20 % шейін төмендейді.

Маялау үшін үйме дестелегіш Пор - 0, 3 және шөмеле тасығыш жан-жақты атпалы Кун - 10, ал 60 м 3 және салмағы 4-6 кг мая жасау үшін СПГ-60 және бұл маяларды жасау үшін (СПГ) мая тасығыш СП-60 қолданылады. Пор - 0, 3, Кун -10 және ПК - 1, 6А «Велорусь» тракторының, ал СПГ - 60 және СП - 60 - Г - 150К қондырғыларына құрастырылады.

Пішенді сығындағанда ылғалдылық пішенде 20-22 % болу керек. Жоғары сапалы сығымдалған пішенді алудың маңызды шарты өсімдіктер массасының, ылғалдығы оның ылғалдылығына байланысты. Толық кептірілген пішеннің (20-22 %) тығыздығы 100-130 кг/м 3 .

Пішенді сығымдағанда оның көлемі азаяды, оның құндылығы, қоректік заттары жақсы сақталады.

Пішенді сығымдау үшін ПС-1, 6; ПРП-1, 6 және ПРФ-750 тығыздағыштар қолданылады.

Майдаланған пішенді дайындаудағы далалық жұмыстар шашыраңқы пішен тағайындағандай. Дестелердегі ылғалдылық 35-40 % болғанда пішенді 8-15 см ұзындықта майдалап тасымалдағыштарға салып пішен сақтайтын жерге апарып белсенді желдетумен кептіреді.

Пішенді майдалау үшін азық жинайтын КСК-100 Е-281 немесе Куор-1, 8 және Кир-1, 5 орғыш майдалағыштар қолданады. Шөпті өзі түсіргіш автомобюильдермен, КТУ - 10А азық таратқыштар, тіркемелермен тасымалдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пішен дайындау технологиясы туралы
Шөп дайындау курс
Мал азығы
Пішенді сапалы түріндегі дайындаудың агротехникалық талаптары
Көк азық
Шөпті дестеге жығу
Мал азықтарының жіктелімі
Пішен дайындау технологиясы
Мал азықтарының қосымша көздері
Сиыр сүті сапасына әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz