Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану



1. Далалы және орманды далалы аймақтарда жер суарудың маңызы
2. Далалы аймақтарда өзен суымен жүйелі суару
3. Жергілікті су қорларын жүйелі оайдалану
4 Бөгендер мен оның қасындағы құрылыстарды салатын жерді және суару учаскелерін таңдап алу. Бететтер плотиналардан, су ағызғыш
5 Су қоймаларының сумен қамтамасыз етілуі
6 Су қашыртқы құрылыстар арқылы жіберілетік судың мөлшері.
7Су коймасына құйылатын суды толығынан реттеу. Қолайлы
8. Көлтабанды суарма
Келтабанды суарманың маңызы және қолдану жағдайлары.
9. Мәдени жайылымдардн суару
IX Тарау СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ СОРЛАНУ МЕН БАТПАҚТАНУДАН САҚТАУ
10. Суармалы жерлерде сорлану мен батпақтануды болдырмау
11. Су жинағыш — қашыртқы жүйе
12. Сорланған топырақты шаю
13. Суармалы жерлердегі дренаждар жүйесі
14. Суармалы жерлерде ыза су режимін бақылау
Далалы және орманды далалы аудандардың ауыл шаруашылық өндірісіндегі маңызы. Далалы және орман далалы аудандарда барлық егіс көлемінің 60% -не жуығы шоғырланған. Бұл аймақта дәнді дақылдардың негізгі бөлігі және бидайдың барлығы дерлік, көп мөлшерде көкөніс, техникалық және мал азығы дақылдары, жеміс-жидек, сондай-ақ мал шаруашылық өнімдері де өндіріледі. Сондықтан бұл аудандар ауыл шаруашылык, өнімдерін өндіруде үлкен орын алады.
Дегенмен, бұл аудандарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайталау мүмкіншілігі 32-таблицада келтірілген, құрғақшылықтың салдарынан тұрақты болмай келеді. Құрғақшылық ауыл шаруашылығына өте көп зиян келтіреді. Бұндай жылдары егіншілік және мал шаруашылығының көптеген өнімдері өндірілмей қалады.
Далалы және орманды далалы аймақтарда ауыл шаруашылығын мардымдатудың жолдары. Егіншілік шаруашылығын мардымдатудың негізгі факторлары болып жерді мелиорациялау, дақылдарды дұрыс орналастыру және өнімі жоғары сорттарын өсіру, озат технологня мен ауыл шаруашылығын комплексті механикаландыру және электрлендіруді пайдалану; өндірісті мамандандыру және экономикалық жағдай жасау.
Барлық су жинау, сақтау және оны тиімді пайдалаңуға арналған агромелиоративтік шаралардың алатын орны өте зор; қар тоқтату, жазғытұрым пайда болатын суды орнында ұстап қалу, баурайды көлденең жырту, үзік үзік бороздалар, саңылаулар, кіші көлтабандар жасау арқылы суды орнында ұстап қалу және орман алқаптарын отырғызу және т.б.
Құрғақшылықтын зияның агроорманмелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларын жүргізу арқылы кемітуге болады, бірақ та оны толығынан жою суару және сулаңдыру жұмыстары кеңінен жүргізу арқылы ғана мүмкін болады. Ауыл шаруашылығын механикаландыру, химияландыру және егін шаруашылығының мәдениетін арттырумен бірге жер суару жұмыстары топырақтың су режимін реттеп, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.
Далалы және орманды далалы аудандарда суарудың алатын орны өте зор. Ол құрғақшылықтың зиянды әсерін болдырмай, егіншілік және мал шаруашылығының өнімділігін арттырады, механикаландыру мен химияландырудың мүмкіндігін жоғарылатып, өнімнің өзіндік құнын кемітеді.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды
пайдалану негізінде суару
8.1. Далалы және орманды далалы аймақтарда жер суарудың маңызы
Далалы және орманды далалы аудандардың ауыл шаруашылық
өндірісіндегі маңызы. Далалы және орман далалы аудандарда барлық
егіс көлемінің 60% -не жуығы шоғырланған. Бұл аймақта дәнді
дақылдардың негізгі бөлігі және бидайдың барлығы дерлік, көп
мөлшерде көкөніс, техникалық және мал азығы дақылдары, жеміс-жидек,
сондай-ақ мал шаруашылық өнімдері де өндіріледі. Сондықтан бұл аудандар
ауыл шаруашылык, өнімдерін өндіруде үлкен орын алады.
Дегенмен, бұл аудандарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайталау
мүмкіншілігі 32-таблицада келтірілген, құрғақшылықтың салдарынан тұрақты
болмай келеді. Құрғақшылық ауыл шаруашылығына өте көп зиян келтіреді.
Бұндай жылдары егіншілік және мал шаруашылығының көптеген өнімдері
өндірілмей қалады.
32. Әр түрлі ылғалданған жылдардың қайталану мүмкіндігі (В. С,
Дмитриев бойынша)
Жылдар бойы қайталану мүмкіндігі. %
Табиғат — ландшафты аймақтар
құрғақ орташа ылғалды
және қуаң қуаң
Орманды 5 33 62
Орманды дала 13 55 32
Әдеттегі кара топырақты дала 33 31 8
Оңтүстік қара топырақты дала 68 59 1
Қызыл қоңыр тонырақты қуаң дала 88 13 0
Бозғылт-қоныр және сұр-қоныр
топырақты шөл және шөлейтті 100 0 0
аймақ

Далалы және орманды далалы аймақтарда ауыл шаруашылығын мардымдатудың
жолдары. Егіншілік шаруашылығын мардымдатудың негізгі факторлары болып
жерді мелиорациялау, дақылдарды дұрыс орналастыру және өнімі жоғары
сорттарын өсіру, озат технологня мен ауыл шаруашылығын комплексті
механикаландыру және электрлендіруді пайдалану; өндірісті мамандандыру және
экономикалық жағдай жасау.
Барлық су жинау, сақтау және оны тиімді пайдалаңуға арналған
агромелиоративтік шаралардың алатын орны өте зор; қар тоқтату, жазғытұрым
пайда болатын суды орнында ұстап қалу, баурайды көлденең жырту, үзік үзік
бороздалар, саңылаулар, кіші көлтабандар жасау арқылы суды орнында ұстап
қалу және орман алқаптарын отырғызу және т.б.
Құрғақшылықтын зияның агроорманмелиоративтік және ұйымдастырушылық
шараларын жүргізу арқылы кемітуге болады, бірақ та оны толығынан жою суару
және сулаңдыру жұмыстары кеңінен жүргізу арқылы ғана мүмкін болады. Ауыл
шаруашылығын механикаландыру, химияландыру және егін шаруашылығының
мәдениетін арттырумен бірге жер суару жұмыстары топырақтың су режимін
реттеп, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.
Далалы және орманды далалы аудандарда суарудың алатын орны өте зор. Ол
құрғақшылықтың зиянды әсерін болдырмай, егіншілік және мал шаруашылығының
өнімділігін арттырады, механикаландыру мен химияландырудың мүмкіндігін
жоғарылатып, өнімнің өзіндік құнын кемітеді.
8.2. Далалы аймақтарда өзен суымен жүйелі суару
Далалы аудандарда өзен суымен суарудың келешегі. Далалы өзендерден
(Еділ, Дон, Днестр, Дунай және т. б.) қазіргі уақытта суарылатын жер көп.
Суару жұмыстарын дамытудың бағдарламасына сәйкес 1974—1985 жылдар далалы
аудандардағы өзен суларын көбірек пайдалану жоспарланған. Мысалы, Еділдегі
гидростанциялардың және Еділ өзенінің суын пайдалану негізінде Куйбышев,
Спасск, Приволжья, Энгельс, өзен аралығы, Полесье, Николаев, Городищинск
және басқа да өте үлкен, көлемі 2 мли га жерді суару жобаланған. Осы
жүйелерден Куйбышев, Саратов, Волгоград Астрахань, Орал облыстарының және
Калмақстанның көптеген жерлері суарылатын болды. Сондай-ақ, Днепр, Днестр,
Дунай өзендерінің суы да кеңінен пайдаланылады. Еліміздегі ең ірі суару
жүйелерінің бірі — Кахов суару жүйесін (600—650 мың га) салу, Солтүстік
Қырым каналын кеңіту және одан суарылатын жерді көбейту (400—450 мың га)
жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Кавказда суарылатын жердің көлемі 1 — 1,1
млн гектарға дейін көбейтіледі. Обь өзенінің суын пайдалану негізінде
жергілікті су қорын және жер асты суларын пайдалану арқасында Құланды
даласында 2 млн. гектар жерді суаруға мүмкіншілік бар. Келешекте өзен
суларымен суарылатын жердің көлемі одан да әрі көбейе береді.
Суармалы жерлерді ұйымдастырудың түрлері. Суарумен көптеген алқаптар
мен шаруашылықтарды қамтуға болады, канал бойына бытыраңқырап орналасқан
көлемі 1-5 мың гектарға тең жекеленген алқаптарды; шаруашылықтағы көлемі
шамалы учаскелерді қала маңындағы жерлерді қамтуға болады.
Суармалы егіншіліктің жекеленгеи аймақтарынық табиғи-экономикалық
ерекшеліктеріне сәйкес астық, көкөніс, жеміс-жидек, сондай-ақ астық — мал
шаруашылығы өншін комплексті түрде және басқа да өнімді өндіруге
мамандандырылады.
Үлкен алқаптар мен шаруашылықтарды түгелінен суаруды қамтамасыз ететін
суару жүйелерінің ерекшелігі — шаруашылықтардың амандандырылу жағдайына
сәйкес анықталады. Бұндай жағдайда суармалы жерлерде негізгі өнімді өндіру
шаруашылықтың басты міндеті болып саналады. Сондықтан ауыспалы егіс, суару
режимі және суару техникасы, барлық егіншілік жүйесі негізгі дақылдан мол
өнім алуға бағытталады, осыған орай суару жүйесі тұтас болып жобаланады
және салынады. Сондықтан бас каналдар мен шаруашылық аралық каналдардың
салыстырмалы шамасы өте аз болғандықтан, суару жүйесін салу үшін жұмсалатын
күрделі қаржы да, ыдыратыңқылай суарумен салыстырғанда көбірек болады.
Ыдыратыңқы суарғандағы суарудың және суару жүйесінің ерекшеліктері.
Бұл жағдайда суару алқаптары ұзындығы он және жүз шақырымға жететін бас
және шаруашылық аралық каналдардың бойына ыдыратылып орналастырылады. Суды
қотару үшіп насос станциялары қолданылады. Мысалы, секундына 50 м3
шамасында су жібере алатын Саратов каналынан шаруашылықтарда 1000 гектарға
бөлшектелген алқаптарды суарады. Бұндай жағданларда суару жүйелері
суландыру жүйесінің міндетің де атқара береді. Бас және шаруашылық аралық
каналдардың салыстырмалы шамасы, тұтас суарумен салыстырғанда көбірек
болады.
Шаруашылықтағы барлық егіс көлемін салыстырғанда суарылатын жер көлемі
азырақ болады, сондықтан оларда мал азығын немесе дәнді дақыл мал азығы
ауыспалы егісін, сондай-ақ мәдени жайылымдарды орналастырады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі мен техникасы және суару
жүйелері осыған сәйкес жобаланады.
Шаруашылықтарда суарылатын жерлердің көлемі аздау болғанда олар
өзендер мен каналдарға, бөгеулерге жақын жерлерге орналастырылады. Осындай
шаруашылық әдіспен салынатын суармалы жерлерге көкөніс және мал азығы
дақылдары себіледі.
Суару учаскелерін салу бас саға құрылыстарын жасаудан, жылжымалы насос
станциясын орналастыратын жерді дайындаудан, қысым трубаларын тасудан және
оларды құрудан, гидраиттарды орналастырудан және жаң-бырлатқыш
қондырғыларды құрудан тұрады. Бұндай жағдайда суару комплекстерін кеңінен
пайдаланады.
Қала айналасындағы жерлерді суару үшін суару жүйесі құрылысын салғанда
совхоздар мен колхоздар әдетте көкөніс, жеміс-жидек, картоп және сүт
өндіруге мамандандырылады. Осы-ған сәйкес көкөніс — мал азығы және дәнді
дақыл — мал азығы ауыспалы егісі, бақшалар, мәдени жайылымдар жобаланады.
Суару жүйесінід ерекшелігі — учаскенің табиғи және шаруашылық жағдайлардың
комплексіне сәйкес анықталуы (су көздерінің түрі, оның жерге орналасуы, жер
бетінің бедері, топырағы, гидрогеологиясы, шаруашылық жағдайлар) болып
табылады.
Қаланың сарқынды суларын пайдаланғанда арнаулы егіншілік танаптары
құрылыстары салынады.
8.3. Жергілікті су қорларын жүйелі оайдалану
Жергілікті жерде пайда болатын су суару, суландыру, өндірістік
мекемелер мен ел орналасқан жерлерді сумен жабдықтау, суда жүзетін құстар
және балық өсіріп-өндіру, су транспорты және гидриэнергетика, мәдени
және санитарлық қажеттер үшін пайдаланылады.
Әрбір өзен бассейнінің су қоры өлшеулі болады, сондықтан оны бассейн
бойынша комплексті пайдаланып, яғни барлық су пайдаланушылардың кажетін
ескеру керек. Ол үшін жергілікті суды комплексті пайдаланудың бассейндік
схемалары жасалады. Бұл схемаларды жасағанда бассейндегі су қорының есепті
жыл үшін балансы анықталып, яғни барлық жұмсалатын және кіріске алынатын
сулардың мөлшерлері анықталады. Жұмсалатын судың мөлшері есепті жыл үшін су
пайдаланушылардың санына және су пайдалану нормасына сәйкес анықталады. Ал
кіріске алынатын судың мөлшері гидрологиялық есептер арқылы анықталады. Су
пайдаланушылар пайдалана алатын суының аумағы бассейннің нақтылы жағдайы
үшін, су шаруашылығы есептері арқылы жоба лау нормаларына сәйкес
анықталады.
Бассейннің әрбір бөліктеріндегі су тапшылығы анықталып, одан кейін
жергілікті суды реттеу шаралары жобаланады, ал керек болған жағдайда, суды
басқа бассейндерден де жіберу жобаланады. Бұл шаралар экономикалық тұрғыда
дәлелденгеннен кейін ғана қабылданады.
Бөгендер мен оның қасындағы құрылыстарды салатын жерді және суару
учаскелерін таңдап алу. Бететтер плотиналардан, су ағызғыш құлақтардан
құралады. Су қашырту құрылыстарын салу өте қиын және пайдалану жағынан өте
күрделі және қымбат болады. Жергілікті жердегі суды суаруға пайдаланғанда
суару көлемі тек қана топографиялық және топырақтың жағдайына ғана
байланысты болмай, сондай-ақ басқа да су көздерінің барлығына байланысты
болады. Сондықтан, cyару учаскелері және бөгеттердің орындарын осыларды
еске ала отырып таңдау керек. Бөгет-терді салу орындары оған су жиналатын
көлем және су қоймасының шатқалы неғұрлым мол болатындай етіліп геологиялық
топографиялық және санитарлық жағдайларға және суару учаскелеріне су
өздігінен ағып баратындай болып жасалады. Осын-дай өте күрделі мәселе
зерттеу, іздену және алдын ала бірнеше нұсқаларды есептеу арқылы шешіледі.
Әдетте 1 гектар жерді суару үшін жұмсалатын күрделі қаржының және оны
пайдалану үшін жыл бойы жұмсалатын қаржының немесе 1м3 судың құнының арзан
болған және техникалық жағынан ең сенімді варианты қабылданады.
Су шаруашылық және гидрологиялық есептеулер. Су шаруашылық және
гидрологиялық есептеулер арқылы шаруашылыққа қажет болатын судың мөлшері,
су қоймасының тоиографиялық сипаттамасы, оның аумағы, сумен қамтамасыз
етілуі, су қашырту құрылысы арқылы ағызылып жіберілетін судың мөлшері
анықталады.
Су қоймасындағы суды суару және сумен жабдықтау үшін пайдаланады.
Суару үшін пайдаланатын судың аумағы мына формула арқылы анықталады:

бұнда: Мср- брутто суармалау нормасының орташа мөлшері, м3га;
— нетто суару көлемі, га;
— суару жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті.
Сумен жабдықтауға керек болатын судың аумағы:
бұнда: m1, m2 ...mn — су пайдаланушылардың саны (адамдар, мал басы,
машиналар, өндірістік кәсіпорындары), олардың келешекте өсуін ескергенде;
N1, N2, ...Nn - есептеу кезеңінде әрбір су пайдаланушылардың су пайдалану
нормасы, м3.
Шаруашылыққа қажет болатын судың жалпы мөлшері:

Су қоймасының топографиялық сипаттамасы болып оның аумағы мен суға
толу тереңдігінің V=f(h) және су беті көлемінің суға толу тереңдігімен
w=)f(h) байланыстылығын көрсететін қисық сызықты график саналады.
Су қоймасының аумағын анықтау. Қысты күні су пайдаланылмағанда су
қоймасының аумағы шаруашылыққа жалпы қажет болатып су мөлшерінен (Vnam),
нәтижесіз -аумақтан (VM) және есептелген кезеңде булануға шығындалатын (VH)
және фильтрацияға (Үф ) шығындалатын судың аумағынан құралады.
Су қоймасының нәтижесіз аумағы су ағуын реттеуге қатынаспайды және
оның тереңдігі мен аумағын санитарлық жағдайларға байланысты (үй маңындағы
бөгеттер үшін 3 метрден кем болмай және даладағы бөгеттер үшін 1,7 м),
тосаптану мерзіміне (тосаптану мерзімі 40—50 жыл), суарылатын учаскеде
басым жағдайына қарай белгілейді және балық шаруашылығының талаптарына
үйлестіріледі. Өте терең су қоймаларында нәтижесіз аумақ деңгейін 1-2
метрге көтеру плотинаның биіктігінің жоғарылауына әсерін тигізбейді.
Нәтижесіз аумақ мөлшерін оның плотина жағындағы судың белгіленген
тереңдігінің қисық сызығы арқылы анықтайды — V=f(h).
Су қоймаларын тосаптанудан сақтау үшін топырақ эрозиясын болдырмайтын және
тосаптарды су қоймаларына жібермейтін шаралар жүйесін қолдану керек (орман
алқаптарын жасау, ауыспалы егісті енгізу, су қоймалары жағаларына ағаш
отырғызу, сай-салаларды бекіту және т. б.)
Булану қабатының мөлшерін (һ) әдетте кіші су қоймалары су бетінен жыл
бойы буланатын судың орташа мөлшерінің изолиния картасы арқылы.белгілейді.
Орманды алқаптарда булану мөлшері 35-65 см, далалы аймақтарда-65-100 см,
шөл және шөлейт аймақтарда-100-170 см шамасында болады.
Бөгеттел булануға шығындалатын судың мөлшері,

бұнда: hп— булану қалыңдығы, м;
w-аумағы VM+0,5now -ға тең су қоймасы көлемі.
Ал енді фильтрацияға шығындалатын судың аумағы гидрогеологиялық жағдайларға
байланысты, су қоймасының Лм + 0,5Vnot-ға тең аумағынан процент есебінде
белгіленеді. Жақсы жағдайларда (су сіңірмейтін өте қалың сазды және саздақ
топырақтар, ыза сулар жақын жатқан жәнс олардың келешекте су қоймасынан
қайтуы болмағанда) шығын жылына 5—10%, ал жағдай орташа болғанда
(топырақтың су сіңіруі тәулігіне 1—3 мм) -10-20% шамасында болады, жағдай
нашар болғанда (топырақтың су сікіруі тәулігіне 3-4 мм) жылына 20-40
процент.
V пот. Vм, Vи, Vф , шамаларын біріне-бірін қосу арқылы су қоймасының
қажет аумағын табамыз, оны аумақтық қисық сызығына түсіру арқылч V=f(h)
оған сәйкес қалыпты прелу деңгейін (н.п.д.) және w = f”(һ) қисық сызығында
— су айнасы көлемін анықтаймыз.
Қысты күні сумен жабдықтағанда су қоймасының аумағын төмендегі
тәртіппен анықтайды: абсцисс білігінің бойымен нәтижесіз аумаққа қысқы
сумен жабдықтау аумағын қосады; аумақтар қосындысы арқылы оның деңгейін
табады; анықталған деңгейді ординат білігінің бойымен қысты күні
фильтрацияға шығындалатын судың қалыңдығы мен мұздың қалыңдығын қосу арқылы
судың деңгейі және күзді күнгі мұз қату кезеңіндегі аумағын анықтайды;
анықталған аумаққа жазды күні пайдаланылатын су аумағын, булануға және
фильтрацияға шығындалатын аумақты қосады.
Су қоймаларының сумен қамтамасыз етілуі. Су қоймаларын
жыл сайын оның нәтижесіз аумағының деңгейінен (У.М.О.) қалыпты тіреу
деңгейіне (н.п.у.) дейін сумен толтырады. Қөпжылдық гидрометрлік
бақылаулардың болған жағдайында су қоймаларының сумен қамтамасыз етілуін
төмендегі тәртіппен анықтайды. Су қоймасына ағатын судың графигін сызып,
оның ордипат білігінің бойына ағатын судың аумағын, оның үлкен мөлшерінен
кіші мөлшеріне қарай белгілейді, ал абсцисс білігінің бойына - бақыланған
жылдар саны түсіріледі. Содан кейін барлық бақылаулар жүргізілген жылдар
саны (30-40 жыл) 100% ке тең деп саналады және ол 100 тең бөлшекке
бөлінеді. Осы графиктің ординат бөлігінің бойына Vн.n.y. —VM ға тең аумақ
белгіленеді де, абсцисс білігінің бойында осы аумақка сәйкес су қоймасының
сумен қамтамасыз етілу проценті анықталады. Гидрометрлік бақылаулардың
болмаған жағдайында су қойма-ларына ағатын су мөлшерін статикалық әдіспен,
немесе жазғытұрым оған ағатын су қабатының 1, 5, 10, 50, 80, 97% ке
қамтамасыз етілу картасы арқылы есептейді. Бұнда су қойадасының ағатын
сумен қамтамасыз етілуі қисық сызығы сызылып, сол арқылы қойманың сумен
қамтамасыз етілуі анықталады.
Сумен жабдықтау үшін салынатын қоймаларды тәулік бойы реттегенде, олар
ағатын сумен 97% ке қамтамасыз етілуіне есептеліп, ал суару үшін
пайдаланатын қоймалар —75—80% ке қамтамасыз етілуі керек. Көп жылдарға
реттегенде су қоймасының аумағы оған жиналатын судың аз жылдарының бірінен
соң бірі қатарынан келетін су тапшылығының мөлшерінің қосындысына
кеңітіледі.
Су қашыртқы құрылыстар арқылы жіберілетік судың мөлшері. Суы мол
жылдары қоймаларға ағатын судың мөлшері олардың аумағынан көбірек болады;
ал топырақтан жасалған плотиналардың жотасы арқылы суды ағызуға болмайды,
сондықтан артық судың біраз бөлігін су қашыртқы құрылыстары арқылы ағызып
жіберу керек. Әдетте су қашыртқы құрылыстары табиғи су бұрғыш каналдар,
жасанды каналдар, кұламалар, концольдар, шлюз-реттегіштер тәрізді және
қысымды трубалар, сифондар және шахта түрінде жасалады.
Су қашыртқы құрылысының жотасы қалыпты тіреу деңгейінде (н.п.у.)
жатса, онда су қоймасы осы деңгейге дейік толтырылғанда одан су автопатты
түрде ағызылады.
Су қоймасында су деңгейінің оның қалыпты тіреу деңгейінен (н.п.у.) ең
көп көтерілуі техника-экономикалық жағдайларға сәйкес 0,5—1,2 м шамасында
қабылданады. Осы ең жоғарғы деңгейді судың жоғарғы деңгейі деп (у.в.в.),
немесе ең үлкен тіреу деңгейі (м.п.у.) ден атайды. М.п.у. және н.п.у.
арасында тасқын суының біраз бөлігін ұстап қалуға мүмкіншілік туғызатын
және су қашыртқы құрылысы арқылы жіберілетін судың мөлшерін аяқтайтын
реттеуіш аймақ орналасады.
Су қашырткы құрылыстарының өлшемдері (күрделілігі IV-класс)
гидравликалық есептер арқылы есептелген су мөлшерінің қамтамасыздығы 5% ке
тең қар және нөсер суларын өткізе алатындай етіп анықталады (пайдаланудың
қалыпты жағдайы) және оларды есептелген су мөлшерінің 1% ке қамтамасыз
етілген жағдайына тексереді (пайдаланудың төтенше жағдайы).
Су ағызғыш автоматтар үшін есептелген су мөлшері (Qp ), су қоймасының
реттеуіш аумағын еске ала отырып мына формула арқылы анықталады:

бұнда: Qм —Д. Л. Соколовский, Д. И. Қочерин, Б. Д. Зайков және т. б.
формулалары арқылы анықталатын қар және қызылсудың есепте қамтамасыз
етілген ең көн мөлшері (м3с).
Vм.n.у.—Vн.n.y.— су қоймасының, м.п.у. және н.п.у. аумақтарының
айырмашылығына тең реттеуіш призмасының аумағы, м3;
S — есепті қамтамасыз етілген қар немесе жанбыр қызылсуының аумағы,
м3.
Су коймасына құйылатын суды толығынан реттеу. Қолайлы топографиялық
жағдайларда 5-3%-ке қамтамасыз етілген суды ұстап қалу үшін аумағы ете мол
су қоймалары жасалады және өте қымбатқа түсетін су қапыртқы құрылыстары
салынбайды. Бұндай жағдайда су шаруашылығы есептері 5-3% ке қамтамасыз
етілген жазғытұрым ағатын барлық суды ұстап қалу үшін қажет болатын су
қоймаларының аумағын табудан және 1% ке қамтамасыз етілген суды өткізуге
тексеруде, ең көп және қалыпты тіреу деңгейін белгілеуден және су ағызатын
құлақтар мен су қашыртқылары арқылы жіберілетін суды есептеуден турады.
Плотинаның биіктігі оның жотасынын деңгейі және плотина жармасын
тальвегтің деңгейінің айырмашылығына тең болады. Плотинаның жотасын п.п.у.
тен 1—2 м жоғары орналастырады (1 метрлік толқын биіктігі + конструктквтік
қор).
Жергілікті су қоймасынан суарылатын жердің көлемі төменгі тәртіппен
анықталады:
су қоймасының топографиялық сипаттамасына сәйкес су беті көлемінің
н.п.у. жағдайында (о)н.п.у.) және У.М.О. жағдайында ((оу.мо. ) анықтап,
н.п.у. (VH.u.y.) және у.м.о. (VH.n.y.) жағдайында ондағы судың аумағын
анықтайды.
Булануға және фильтрацияға шығындалатын судың мөлшерін мына формула
арқылы анықтайды:

бұнда: W н.п.у., ву.м.о.-су бетінің көлемі, м2;
һи, һф, һ0 - булануға, фильтрацияға шығын болатын су қабатының мөлшері және
жауын-шашыннан пайда болатын су қабаты, метр есебімен.
Суару және сумен жабдықтау үшін қажет болатын судың аумағы:

Суарылатын жердің көлемі:

бұнда: VB - сумен жабдықтауға қажет болатын судың аумағы, м3,
Мбр — суармалау нормасының орташаланған брутто мөлшері, м3га.
Су ағызғыш құлақтар. Судың өздігінен ағытуымен суару әдісін қолданғанда су
қоймаларынан суды су ағызғыш құлақтар арқылы алады. Олар труба тәрізді
материктік грунтқа у.м.о. деңгейінде орналастырылады.
Су деңгейінің 2-3 метрге дейін құбылуында жоғарғы бъефте трубаның
шетіне тесікті қабылдағыш патрубок жасалып, ал плотинадан төмен ысырма
қойылады. Су қоймасында су деңгейінің өзгерісі өте көп мөлшерде болған
жағдайда шандорлы қақпағы бар мұнаралы құлақтар жазсалып, су ағызғыш
трубаға да қақпақ қойылады. Осы қақпақтар арқылы бас каналға жіберілетін
судың мөлшері реттеледі. Бас каналға суды плотинаиық жотасымен сифондар
немесс насос станциялары арқылы да жіберуге болады.

8.4. Көлтабанды суарма
Келтабанды суарманың маңызы және қолдану жағдайлары.
Көлтабанды суарма дегеніміз көктемде топырақтың ылғалдығын арттыру
үшін қар суын бөгеу әдісі. Көктемгі қар суының жолына палдар мен бөгеттер
жасалып, олардың жоғарғы жағында қар суы бөгеліп, көлтабандар пайда болады.
Көктемде еріген қар суы тікелей көлтабанда сақталып, немесе оларға каналдар
арқылы жіберіледі.
Әдетте келтабандар табиғи шөптер мен ауыл шаруашылық дақылдарын суару
үшін қолданылады. Табиғи шөптерді суарғанда суару нормалары және сумен
толтыру ұзақтығы олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болулары керек.
Ауылшаруашылық дақылдары егілген көлтабандарды сумен толтырғанда
топырақтағы су қорын өсімдіктердің өсу дәуірі кезеңінде сумен толық
қамтамасыз ететіндей етіп жасау керек.
Көлтабанды суарма ауылшаруашылық дақылдары мен табиғи шөптердін
өнімділігін бірсыпыра көтереді (бұршақ тұқымдастар 3-6 есе, сүрлемдік
жүгері-3-4 есе, бидай-1,5-3 есе, шөптер-4-6 есе); ол қуан аудандарда
еңістігі-0,001-0,002 дейінгі тегістеу қар суы мол болатын жерлерде
қолданылады.
Көлтабанды суармалардың көп тараған аудандарына Қазақстан, Еділдің
арғы беті, Солтүстік Кавказ, Қалмақстан және Батыс және Шығыс Сібірдің
далаңқы аудандары жатады.
Көлтабанды суарманың жақсы жақтарына күрделі қаржының аз жұмсалуы,
жүйелі суарумен салыстырғанда оның құрылысын салу мен пайдаланудың
жекілдігі; ондағы құрылыстар санының аз болуы және оларды пайдаланудың
оңайлығы, суды көтермей-ақ жоғары жатқан жерлерді суару мүмкіншілігінің
барлығы. Сонымен бірге, топырақ дымқылдығын көбейту үшін қар суының ұсталып
қалуының салдарынан топырақ эрозиясы азайып, ішкі су алмасу күшейтіледі.
Көлтабанды суарманың кемшіліктеріне оны тек қызылсу жүрген кезде ғана
қолдануға болатындығы, топырақтың дымқылдығының біркелкі болмауы, суару
көлемінің ағатын су мөлшеріне қарай өзгеріп тұратындығы, келтабандарды тек
еңісі аздау учаскелерде ғана ұйымдастыруға болатындығы.
Көлтабандардың классификациясы. Әдетте көлтабандар табиғи және
жасанды, тұрақты және уақытша, пайыз және терең толтыратындарға бөлінеді.
Табиғи көлтабандар. Жердің табақша тәрізді төмендеген жерлерінде
немесе өзендердің су жайылатын алқаптарында жасалады.
Жасанды тұрақты көлтабандар су тоқтатқыш топырақ палдарымен су
жібергіш құлақтары бар плотиналар жүйесінен құрылады. Осылардың арқасында
учаскелерге қызыл суды жайып жіберіп, мезгілінде оларды судан босатады.
Уақытша көлтабандар суды екі жаққа айырып тұратын жоталарда және жазық
баурайлардың жоғарғы жақтарына кішірек, жыл сайын жанартылып отыратын,
палдарды сумен тайыз толтырылатын (судың орташа тереңдігі 0,—0, м) және
терең толтырылатын көлтабандар (су тереңдігі 0,4—2,0 м) болады.
Көлтабандар қарапайым бір қатарлы және бірнеше қатарлы болып
орналастырылады. Қарапайым келтабандар тек қана бірқатар қашылармен
қоршалған алқаптан тұрады. Бұндай көлта бандар жер бетінің еңісі аз
учаскелерде (бойлы көлтабан) және өте жалпақ сай-салаларда (көлденең
көлтабан) ұйымдастырылады.
Қатарлар бойлау палдары арқылы да бөлінуі мүмкін. Көлтабанның бойлау
палдарының арасына орналасқан, бір немесе бірнеше қатарын көлтабанның
секциясы деп атайды.
Келтабанға су жіберіп тұратын тұрақты қаналдарды көлтабанды суарма
каналдары деп атайды.
Нақтылы көлемді суару үшін пайдаланылатын каналдар, палдар және басқа
гидротехникалық құрылыстардың, жинағын көлтабанды суарма жүйесі деп атайды.
Көлтабанды сумен толтыру әдістеріне байланысты олар бір неше түрге
бөлінеді:
1. Еріген қар суымен тікелей толтырылатын көлтабандар. Бұлар тағы
бірнеше түрге бөлінеді:
а) алқаптар меи сай-салалардың жайпақ беткейлеріне орналасқан
көлтабандар;
ә) бойлы көлтабандар, бұларда басты бөгет өзен білігін бойлап
орналасады;
б) көлденең келтабандар, мұнда басты бөгет өзен бойына көлденең
орналастырылады.
Жер бетіне сақина сияқты орналасқан бөгеттер ойпаң жерге ағатын қар
суын біркелкі таратып, су жиналған жердің көлемін көбейтеді;
2. Каналдар немесе арнаулы айналма каналдар арқылы су қоймасындағы
сумен толтырылатын келтабандар. Мұндай көлтабандарды толтыру үшін су
қоймасы суға толтырылғаннан кейін артық су салаларға жіберілмей, тек қана
көлтабандарға жіберіледі. Қейбір жағдайларда көлтабандарды сумен қолтыру
үшін суландыру және суару каналдарындағы суды да пайдалануға болады.
3. Табиғи жағдайда су жиналмайтын немесе өте аз жиналатын өзен
алқаптарына орналасқан көлтабандар. Мұндай көлтабандарды жасағанда өзен
суын бөлу үшін плотинамен оның жоғарғы бьефіндегі суды өзен алқабына
бағыттайтын арпаулы қаиыртқылар жасалады. Ал енді өзен алқабына жіберілетін
суды реттеу үшін плотина мен кашыртқылар салумен бірге өзен жағасын бойлай
және көлденең орналасқан су ағызатын кұрылыстары бар қашыртқылар жүйесін
жасау қажет болады.
Табиғи көлтабандар екі түрге бөлінеді: еріген қар суымен толтырылған
даланың ойпад жерлеріне орналасқандар және дала өзендерінің тасыған
кездерінде көлтабандар.
Көлтабанға су қаптату нормасы. Суармалау нормасы, немесе көлтабанға су
қаптату нормасы деп табиғи шөптер немесе өкпе дақылдардан жобаланған өнімді
алу үшін қажет болатын, гектарына текше метр есебімен есептелетіп судың
мөлшерін айтады.
Шөптерге су қаптату ұзақтығы олардық биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Көлтабандарға суды жазғы тұрым өрте қаптатқанда су қаптату ұзақтығының
шамасы мынадай болған жағдайларда өте мол өнім алуға болады: бидайық —
арпабас — коян құйрықты — 25— 30 тәулік, бидайық — айрауық-арпабасты —20,
бидайықты — түрлі шөптер—15—20, еркек шөпті —15 және астық тұқымдастар —
түрлі шөптер —10—15 тәулік.
Су қаптатудын басқа мезгілдерінде көлтабанда су ұстаудың ұзақтығы
ауаның орта тәуліктік температурасының қосындысы, оған су қаптата
бастағаннан бастап санағанда—90—100° немесе 100—120° болғанға дейінгі
уақытқа тең болады. Температура қосындысының бұндай мөлшерге оған суды
наурыз-сәуір айларында қаптатқанда 20—25 тәулік ішінде; келтабандарға қызыл
су жүргеннен кейін суару және суландыру каналдары арқылы су жібергенде
14—15 тәулік ішінде және көлтабандағы шөпті бір рет шауып алғаннан кейін
—5—7 тәулік ішінде жетеді.
Көлтабанға су қаптату ұзақтығы өте көп болған жағдайларда олар
сазданып кетеді, және мал азығы санасы төмендеп құнды астық тұқымдас
шөптерді құндылығы төмен томар өсімдіктері ығыстырып кетеді.
Табиғи көлтабандардық суару нормасын мына формула арқылы анықтайды:
М=100*К*Н*а(п— )+Е—Р;
бұнда: К — топырақтың есептелген қабатынан тыс ағып кететін су шығынын
ескеретін коэффициент; терең толтырылатын көлтабандар үшін К= 1,5, тайыз
толтырылатындар үшін—К=1,3. Дегенмен бұл коэффициенттің мөлшері ыза судың
деңгейше, топырақтың су сыйымдылығына байланысты. Сондықтан оның мөлшерін
тәжірибелер жүргізу арқылы дәлдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану негізінде суару
Мелиорация – табиғатты ұйымдастыру ілімі
«Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Су жүйелері және оның ластану көздері
Көлдер мен бөгендер
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
Пәндер