Баланың кемістігінің өзекті мәселелері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Баланың кемістігінің өзекті мәселелері

Баланың кемістігінің өзекті мәселелері. Құлағының, көзінің т. б. мүшелерінік кемістігі бар балаларды тәрбиелеу теориясы мен практикасында еселі толықтыру жайыңдағы ілімді анықтауда психология онык негізгі ірге тасы болып саналады.

Кемістік әлсіздік қана емес, сонымен қатар ол күш-қуат, қабілеттілік екендігін педагогтар жете түсінетін болса, олардың жемісті жұмыс істеуіне даңғыл жол ашылатын болады. Шын мәнісінде психологтар мен педагоггар қорытқан тәжірибелері бойынша ғылыми тұрғыдан негізделіп, заң ретінде қалыптасқан пікірлер бала соқыр болса да көруге ұмтылады, саңырау болса естуге ынталанады, тіл кемістігі болса оны түзетіп сөйлегісі келеді. Осы органикалық кемістіктерді толықтыру жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын тәрбие істерінің негізі болып табылады. Егер біз аксақ бала жақсы жүгіретін болды десек, онда біз осы қағиданың іске асқанын айқын көреміз.

Кеміс баланы тәрбиелеу негізі оның жеке басының органикалық бірлігін жете түсіну нәтижесінде ғана жүзеге асатынын аңғаруымыз керек.

Жеке адамның жан дүниесінің құрьшымына терең ой жүгіртіп, адамның бойындағы кемістігін жетімсіздік деп санаудың дүрыс еместігін В. Штерн ерекше атап көрсетеді. Сонымен бірге одан әрі қарай жалғастырушы күш деп. түсіндіреді. Ал кемістікті еселі толықтыру үшін баланың тиісті Мүшесі сол кемістікті қалайда жеңу жолында қарқынды қызмет атқарады.

Әр тұрлі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ісінде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп, олардын кемістігін неғұрлым еселеп толықтыруына мүмкіндік тудырып оты-руды қажет етеді. Бұл мақсат әрі жоспарлы, әрі белгілі міндетгерді шешуге бағдарланып отыруға тиіс. Сөйтіп кеміс балалардың психикалық даму жолындағы қиыншылықтарды мүмкіндігінше жеңіп шығуларына қолайлы жағдай тудырып отыруды басты міндет етіп қояды.

Соқыір өзінің кеміс мүшесін толықтыру ниетімен психикасын дамытуға тырысады. Оның мақсаты көз кемістігін толықтыру; саңырау түрлі амал-айла тауып кереңдікті жеңуді ойлайды. Біз осы кезге дейін балалардың өз кемістігін қалайда жеңуге деген күш-қуат жұмсауын есепке алмай келдік. Кемтарларды ойы төмен кеміс деп санадық. Сөйтіп олар өздерін тәрбиелеуден тыс қалды. Психологтар мен педагогтар Адлердің органикалық жетіспеушіліктің орнын толықтыру жайындағы психологаялық ынталану заңына мән бермеді. Олар бала кемістігін органикалық жетіспеушілік деп қана есептеді. Кемістік психикалық кедейлік қана емес, ол есі байлықтық бұлағы екеңдігіне әлсіздік қана емес, қайнаған кемістікті жеңуге үміт артатын болса, ал екінші жағы ондай үміт ақталмай еселі толықтандыруды жүзеге асыра алмай, жүйке ауруына ұшырап, көздеген мақсатыиа жете алмай торығуы пайда болады. Осындай екі түрлі қиыншылық еселі толықтыруды төменнен жоғарғы сатысы аралығында ауытқуы екендігін анғартады.

Екіншіден, адам бойындағы кемістікті діни наным тұрғысынан уағыздап, оны тәңірдің ісі деп мойындау керек дейді. Егер осы қағиданы басшьшылыққа алсақ, онда кемістікті жеңу үшін күресудің қажеті жоқ. Басқа түекен азапқа көну керек. Алайда адам мұндай дәрменсіздікке бас имей, оны жеңілдетудің жолын іздестіруі керек. Осы ретте Адлердің пікірі С. Ницте пікірімен үйлесім тауып, адамның жеке басының психологиялық күш-жігері тағдыр салымына бас имей, өз организмін жетілдіруде аянбай күресу керек дейді. Мұндай көзқарастың түбегейді мәні адам әлеуметгік ортада өмір сүруші ақыл-ой иесі екендігін көрсетеді.

Үшіншіден, кемістік орнын толықтыруда жеке мүшелердің атқаратын қызметі жайында ертеден қалыптасқан биологиялық теріс түсініктерден арылту. Мұндай түсініктер жекелеген сезім мүшелері кеміс мүшелердің қызметін қатар атқарып кетеді деген уағыз айтады, Мысалы, сипау сезімі мен есту сезімі көрмей қалған көздің қызметін атқарып, оны толықтырады дейді. Мұндай жағдай шындыққа сай еместігі зертгеу нәтижелері арқылы анықталған. Соқырлар психологиясын зерттеген А. Петцельд адамның көре алмайтьш мүшесінің, қызметін байыптап қарағанда, оның әлеуметтік тәжірибесіне орай неғұрлым сөйлеу әрекетін дамытуына байланысты екендігін көрсетеді. Осы бағытта А. Гризбах та шындыққа жуыспайтын соқырлар кемістігін өзге мүшелерінің есесімен толықтыра алмайтындығын тиісті фактілерге сүйене отырып бекерлейді. Ол адамның жеке басының психологиялық күшін арттырып жаңа бағыт алғанда ғана өз кемістігін толықтыра алады деген пікірге қосылады.

Төртінші - Адлер зерттеулері кейінгі жылдарда рефлексология іліміне негізделген советтік әлеуметтік емдеу педагогакасымен ұштастырылып отыратындығын байқаймыз. Өйткені тәрбие процесі мен кемістікгі толықтыру туралы ілімнің негізгі шартты рефлекстің жасалуы екендігін атап айтады. Көптеген авторлар соқыр мен саңырауды оқытып беру жолдарын зерттеу нәтижесінде соқыр бала мен көзі көретін бала тәрбиесі арасында алшақ жатқан айырмашылық жоқ, олар кез келген талдағыш арқылы жаңа шартты байланыстар жасай алады. Сөйтіп сыртқы ортаға бейімделуі оның өзіне деген сенімі мен күш-қуатын арттыруына ықпал етіп отырады деген тұжырым жасайды. И. А. Соколянский басқаратын үлкен бір мектеп кереңдер мен саңырауларды сөйлеуге үйретудің жаңа әдістерін жетілдіріп зерттеу негізінде айтарлықтай практикалық және теориялық табыстарға қол жеткізді. Сөйтіп сурдопедагогика іліміндегі батыс зерттеушілерінің іздестірген мәселелерінің саңырау балалар мен дені сау балалар тәрбиесінде теориялық жағынан алғанда өзара елеулі айырмашылық жоқ. Дегенмен, олардың алға қойған мақсатына жету жолында өзіндік сипаты мен тәсілі болады. Сурдо және тифлопедагогика тарихы осындай ерекшеліктерді анғар-тады. Сондықтан кемтар баланың даму ерекшелігімен үнемі сана-сьш отыру керек. Соқыр, саңырау балаларды дені сау балаларға теңеу дұрыс, бұл шындық. Алайда оларды тәрбиелеу басқа жол-мен, басқа тәсілмен іске асырылады.

Шын мағынасында кемтар баланың психологиялық жүйесінде олардың болашаққа деген үміт- ынтасын бағдарлап отыру күнделікті тәрбие істерінен айқын көрінеді. Осындай тәрбиенің қарапайымдылығына баса көңіл аударған И. П. Павлов мектебі шартты рефлекстің жасалу механизміне ерекше көңіл бөледі. Павлов туа пайда болатын рефлеке ішінде мақсатты рефлекстің екі түріне баса мән береді. Біріншісі - рефлекторлық механизмнің жасалуы. Екшшісі, бұл механизмнің мақсатты әрекетке немесе болашақты түсінуге бағдарлануы. Павлов «бүкіл өмір бойы бір мақсатты жүзеге асыру, атап айтқанда өз өмірін қорғау», - дейді (1951, 308 б. ) . Бұл рефлексті «тіршілік рефлексі» деп атайды. Павлов іліміндегі бұл рефлекстің мақсаты тәрбиеісіндегі баланың, кемістігін толықтыруға арналған деуімізге болады. Мақсат рефлексінің мәнін Павлов былай түсіндіреді: Бұл рефлекс жолда кездесетін кедергіге көп күш жұмсап, ол қаншалықты қиын болса да, оны жеңіп шығу дейді. Павлов пікірлері өмірдің барлық салаларына, соның ішінде, күрделі тәрбие ісінде өте кажет (3 т., 311-312 бб. ) .

Ч. Шерринггон рефлекс туралы осы пікірді қолдай отырып, физиологтар рефлекторлық реакцияның мақсатын білмейтін болса, онда олар организмнің алуан түрлі қызмет атқара алатын ерекшеліктерін түсіне алмаған болар еді дейді. Автордың ойынша организмнін физиологиялық және психологиялық қызметтерінің өзара бірігуі нәітижесінде жүзеге асып отыратандығын көрсетеді, А. В. Залкиңд адлершілдердің ілімін клиникалық және психотерапиялық жағынан алып қарағанда жалпы физиологиялық сипаттан гөрі организм тіршілігінде толықтыру үшін басым қызмет атқарады деген ой түйеді (оның «Рефлексологиялық жаңалықтар» деген кітабын қараңыз. 1925, 6 т. ) -

Жоғарыда аталған зерттеулерде қарама-қарсы тітіркен-дірушілердің теңдігі мен күші жағынан алып қарағанда шапшаң серпіліс беріп отыратын доминанта құбылыс және толықтыру деп те саналады. ЛЛ. Васильев, Л. С. Выготский бұл құбылысты доминанта процесі деп атайды. (В. Вехтерев, Л. Л. Васильев, 1926, Л. С. Выготский, 1982) . В. П. Протопопов реакцияның тұрақтылығы мен шапшаңдығы неғүрлым жоғары болса, ол соматикалық кемістікті соғұрлым дені сау адамнан әлдеқайда тез жеңе алады дейді (1925, 26 б. ) . Бұл ерекшелікті ол доминанта құбылысымен байланысты түрде қарастырады. Мұндай жайт кеміс балалардың толықтандыру мүмкіншіліктері әлдеқайда жоғары екендігі көрсетеді.

И. А. Соколянский мынадай ерекше тұжырымға келеді: соқыр әрі мылқауды тәрбиелеу саңырау-мылқауды тәрбиелеуден оңай, саңырау-мылқауды тәрбиелеу соқырды тәрбиелеуден оңай, соқырды тәрбиелеу дені сауды тәрбиелеуден оңай. Педагогикалық процестің күрделігі мен қиыншылығына қарай осы ретпен тізбектеліп көрсетіледі. Осы ретпен ол адамның бойындағы кемістігін анықтауға рефлексологияны қалайша қолдану керектігін түсіндіреді. Соколянский бұл жайтқа таңдануға болмайды, өйткені адамның табиғаты мен оның сөйлеуінің мәнін жаңаша көзқарас түрғысынан түсінудің жолы осындай дейді. Протопопов та мұндай зертгеулерден туындайтын ой соқыр әрі мылқаулармен ой-оңай тілдесіп кетуге болады дейді. (1925, 10 б. ) .

Осыидай психологиялык жағдай педагогтарға нендей жаңалық ендіре алады? Кеміс бала мен сау бала тәрбиесінің күрделілігі қиындығын салыстыра отырып, педагогикалық мәселелерді шешу үшін тиісті мақсат койып, оларды түрлі жолмен іске асыру барынша тиімді болар еді және мұңдай жағдайда тәрбиенің өзіндік ерекшеліктерін олардың даму денгейімен ұштастырып отыру барынша нәтижелі болатыны даусыз. Көбейту кестесін сегіз жастағы талапты балаға үйрету оңай ма, әлде математикадан үлгерімі нашар студентке үйрету оңай ма дейтін қисынысыз сұрақ қою маңызды мәселе емес-ті. Бұл орайда баланың көбейту кестесін жаттап алуы оның қабілетгілігіне байланысты емес, берілген тапсырманың қарапайымдылығында. Ал мылқау баланы оқыту мен оны тәрбиелеуге қойылатын талап оның даму деңгейіне сәйкес жеңілдетуінде деп білу керек. Осы бағытга, мысалы, дені сау мен кеміс балаларды мамандық түрлеріне даярлаудың өзіңдік ерекшеліктерін салыстырып қарастыруға болар еді.

Соқыр-мылқау өзін қоршаған әлеуметтік ортаға тез икемделіп оп-оңай араласып кетеді. Дегенмен, кереңдердің өз клубы мен соқырлардың тәрбиеленетін интернаты ешқашан да әлеуметтік араласу орталығы бола алмайды. Өйткені кеміс балалар мен дені сау балалардын тәрбиесі мен оқытуында өзіндік жүйе бар. Оларға қойылатын педагогикалық талап-тілектің өзіндік сипат-ерекшеліктері бар. Мұндай сипаттар бала дамуындағы табиғи ерекшелік пен келешектегі тіршілікке даярлаудын қам-қаракетін ескереді.

Бала кемістігін толықтырудық екі түрлі ерекшелігі бар, Оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі - олардың кемістігін толықтырудағы өз бойындағы мүмкіншіліктері. Осы жайттарды ескеріп, олармен санасып отырғанда оған кеміс балалардың бойындағы олқылықтарды толықтырудың әдіс-тәсілдерін қарастырып, оларды жүзеге асыру жолдары іздестіріледі. Бұл әрі тынымсыз және жауапты жұмыс. Біз соқырдың, саңыраудың кемістігін толықтыруды негізгі мақсат етіп қоямыз. Бірақ баланың бойында компенсаторлық қоры жеткіліксіз және даму жолы да қиын. Осы жағдайларға сәйкес өз жұмысыңда Соколянский бірсыпыра қолы жеткен тәжірибе нәтижелерін жүйелі түрде баяндап, оның мән-жайын дәйектейді. Оның методикасы бойынша балалардың бірімен-бірінің ымдап сөйлесуінің олар үшін де, психикасының дамуы үшін де пайдасы шамалы. Керісінше балалар ауызша сөйлесудін физиологиялық механизмін меңгеріп, оны ауызша сөйлеу мұктаждығына айналдыратын деңгейге жетсе, оңда кеміс балалардың табиғи толықтыру жолына қарай бағдар алуы. Мұның нәтижесі де елеулі болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл - ойы бұзылған бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Ақыл - ойы кем балалардың дара ерекшеліктерін зерттеу
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту әдістемесі
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамыту
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулары
Зияты зақымданған балалар
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz