Ислам философиясы



Ислам философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:
Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);
кейінгі (15 – 19 ғасырлар) қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).
Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді.
Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді.
Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос. дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды.
Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен – Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т.б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен – сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т.б.; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар). Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-бірі “бұрмалаушылар” немесе “адасушылар” деп айыптап, бір-бірінің көзқарасына күмән келтірді.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ислам философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік
дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің
қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің
елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру
кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман
философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген
тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және
айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы
мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау”
ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын
бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:
Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);
кейінгі (15 – 19 ғасырлар) қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-
жартысы).
Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы.
ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған
ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді
перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары
Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және
т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне
сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс
Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта
өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді.
Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық,
исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар.
Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге
дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр
түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді,
үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-
идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса
отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын
алып келеді.
Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық
ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына
жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап
риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы),
практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша
ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос.
дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі
болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың
пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына
жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды
сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды.
Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер,
сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері
мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне
қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді.
Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен – Ислам философиясының
хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т.б. ағымдар; Алланың мәні мен
сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен – сифатиттер, джахмиттер,
хашвиттер, сопылар және т.б.; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі
алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі.
Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның
пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар,
муржиалар). Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-
бірі “бұрмалаушылар” немесе “адасушылар” деп айыптап, бір-бірінің
көзқарасына күмән келтірді.
Сондықтан “дұрыс сенім” мен “адасу” мәселесі Ислам философиясында
басты орын алды. Бұл 10 – 11 ғасырлар тоғысында “дұрыс сенім” ретінде
“сенімнің кадириттік белгісінің” жариялануына әкеліп соғып, одан ауытқу
сенімсіздік ретінде қарастырылды. Алайда, бұл шара “бастапқы исламға”
оралып, бірлікті нығайту талабын қайта жаңғыртқанымен, діндарлар
таласындағы алауыздыққа шек қоя алмады.
Ислам өркениетінің тарихында 19 ғасырлардың басы – 20 ғасырлардың
ортасы – нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына,
ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы
“реформалар” кезеңі. Ғасырлар бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді
өркениет жетістіктеріне, дүниежүз. мәдениетке қосылу процесі Ислам
философиясы-нда дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін
тудырды. Дәстүрлі филос. ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге,
ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының
ықпалымен жүргізілді, сондықтан “Шығыс – Батыс” мәселесі бүкіл философияның
мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды.
Егер 19 ғасырлардың басында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Əл Фараби жəн ислам мəдениеті
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Ислам философиясы және Әл-Ғазали
Сопылық ілім
Мұсылман мектептері
Пәндер