Дауысты дыбыстардың жазылуындағы ерекшеліктер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Дауысты дыбыстардың жазылуындағы ерекшеліктер

И, У әріптерінің қызметі

Акустикалық, артикуляциялық және де басқа да белгі-қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыстылар деп екіге бөлінеді. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі ерекшеліктер мынадай болып келеді:

1. Дауыстылар тоннан (дауыстан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар керісінше, салдырдан жасалады, және тонның қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.

2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелері барлығы дерлік қатысады. Ал дауыссыздарды айтқанда керісінше.

3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды.

4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

5. Дауыстылар созып айтуға келеді, ән дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.

6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді.

Тіл-тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі-түрлі болып келеді.

Кейбір тілдерде дауыстылардың саны көп те, қайсыбіреулерінде аз. Мысалы, қазақ тілінде тоғыз жалаң дауысты дыбыс (монофтонг) болса (а, е, ы, і, ә, о, ө, ұ, ү), орыс тілінде алты дауысты дыбыс (а, э, и, ы, о, у) бар. Ағылшын тілінде дауыстылардың саны - жиырма бір (оның ішінде он екісі жалаң дауысты), қырғыз тілінде - он алты (оның ішінде сегіз жалаң дауысты), ойрат тілінде - он төрт (оның ішінде тең жартысы жалаң дауысты) .

Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына, 2) ерінің қатысына және 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

1) Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктетіліңкіп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, ұ) жасалса, оның (тілдің) таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ө, ү) жасалады.

Дауысты дыбыстардың жуан дауыстылар (гуттураль) және жіңішке дауыстылар (палаталь) деп екі топқа бөліп қараудың түркі тілдерінде сингармонизизм заңдылығын (дауыстылардың үндесу заңдылығын) танып білуде үлкен мәні бар.

2) Еркін қатысына қарай дауыстылар еркіндік және езулік болып екі топқа бөлінеді. Еркіндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса (о, ө, ү, ұ . . . ), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуынан жасалады (ы, і, е . . . ) .

Дауысты дыбыстарды еріндіктер және езуліктер деп екі топқа бөліп қараудың түркі тілдеріндегі (қырғыз, түркімен, хақас, ойрот т. б. тілдердегі) еркін үндестігін (губная гомония) танып білуде үлкен мәні бар.

3) Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауытылар болып екі топқа бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса (ә, а . . . ), қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады (ұ, ү, ы, і . . . ) . Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар - (о, ө, е, ) дыбыстары. Дауыстылардың ашық және қысаң деп бөлу - шартты нәрсе. Дауысты дыбыстардың көпшілігі ашық дауысты дыбыс (а) пен қысаң дауысты дыбыстың (ұ) аралығынан орын алады. Ондай аралық дыбыстар не ашық дауысты, не қысаң дауыстыға бейімделуіне қарай екі топтың біріне шартты түрде телінеді.

Көп буынды сөздерде дыбыстардың бір-біріне азды-көпті әсері болады да, дауыстылардың фонемалық қасиеттері әлсірей түседі.

Мұны еріндік дауыстылардың тек бірінші буында жазылуынан көруге болады: өлең, өнер, ұры, ұзын, оқы, осы, үкі деген сияқты. Сөздің бас буынында тұрған дауыстылардың таңбасы (и, у, я, ю-дан басқалары) әр уақытта сол дауысты фонемаға сәйкес келеді. Е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазыла береді. Бірақ ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді. Бұлардың еріндіктермен қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Өзен, өлең, өнер, орын, ауыл, бауыр, ұлы, үлкен, ұғым, түйе, түлкі, әуен, әуес, дәуір деген сияқты сөздердің құрамындағы бұлар дыбыс емес, тек әріп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрінде болады.

Соңы ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге -у жұрнағы жалғанады да, ы - ұ-ға, і - ү-ге айналады, жазуда бірақ әріппен (у) таңбаланады, алжы - алжұу (жазылуы алжу), жылжы - жылжұу, жылы - жылұу, тепші - тепшүу, терші -тершүу.

Қысаң ы, і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі. Орфоэпиялық сөздіктерде олар тіпті түсіріліп, шартты белгімен жазылады: дәр'гер, қат'нас, тәж'рибе, аз'рақ. Тіпті л, р дыбыстарының алдында лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, олар жазылмайды: лақ, лаң, леген, рас, рет, разы, рақат.

Жалғанатын қосымша дауысты болса, немесе дауыстыдан басталса, кейбір сөздердің екінші буынындағы ы, і мүлде түсіп қалады: халық - халқы, қарын - қарны, ерін - ерні, кейіп - кейпі, ірік - іркіп - іркеді. Бұл қасиет е фонемасында жоқ.

Еріндік о, ө фонемалары бір бірінен тек жуан, жіңішкелігімен ғана ажырайды.

Еріндік о фонемасының өзге фонемалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында ғана айтылады және жазылады. Тек -қор, -қой, -ғой қосымшалары түрінде ғана екінші, үшінші буындарда айтылып, жазыла береді: даңғой, есепқор, әуесқой.

Ө фонемасы жазудағы таңбасы ө және е әріптері. Ө әрпі (маймөңке, кастрөл, ләмбөк сияқты бірер сөздер болмаса) бірінші буында ғана жазылады. Тек қосымша -гөй, -көй түрінде екінші, үшінші буындарда кездеседі: ақылгөй, данагөй, қаскөй.

Ө фонемасы еріндік буындардан кейін айтылады.

Жазуда ол е әрпімен таңбаланады: өзен, өрен, көбелек, үзеңгі, төртеу, үшеу.

Еріндік ұ, ү фонемалары да бір-бірінен жуан, жіңішкелігімен ажырайды. Жазуда ұ фонемасы ы әрпімен де таңбаланады. Екінші буында бұлбұл, мазмұн, марқұм, мағлұмат сияқты сөздерде жазылады. Қалған жағдайда бірінші буындағы о, ұ еріндіктерінен кейін ұ дыбысының орнына ы әрпі жазылады: орын, қозы, құрық, мұрын, ұры, ұсын.

Ү фонемасы да бірінші буында ү әрпімен таңбаланады да, қалған буындарда (тек дәстүр, дүлдүл, мәшһүр, сәйгүлік, әшмүшке сияқтылар болмаса) і түпінде жазылады: өнім, өкім, өтініш, үгітіл, үйіріл.

Ұ, ү де кейбір көп буынды сөздерде көмескілеу айтылады да, ы, і сияқты, орфоэпиялық сөздіктерде түсіріліп жазылады: бүр'су, көк'рек, түк'рік, құд'рет.

Сондай-ақ, сөз басында р дыбысының алдында түсіріліп жазылады: ру, рух, рұқсат, Рүстем.

У дыбысы қысаң монофтонг, бірақ еріндік, жуан. Мұны меңгеру қиындық келтірмейді. Қазақ тілінде ол ұу-ға жуықтайды.

У әрпі мынадай жағдайларда қолданылады: Қазақ тілінде у әрпі бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбысты таңбалайды. Мысалы: сусыз, улы, тау, бау, ауа, дәуір.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі буын
Дауысты дыбыстар емлесі
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісі
Қазақ тілі буынының сипаты
Фонетиканы қарастыратын мәселелері
Буын. Зерттелуі және түрлері
Буын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz