Адам құқығын қорғауда БҰҰ-ның қызметі



Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғаш¬қы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құ¬қық¬тары мен бостандықтарының сақ¬талуына жете маңыз беріліп келеді. Со¬ның айқын бір көрінісі Конститу¬ция¬мыз¬дың 1-бабында адам құқықтарын сақ¬тау нормасы бекітіліп, 30-бап түгел¬дей аза¬мат¬тардың құқықтарына, бостан¬дық¬тары¬на, мүдделеріне арналды. Бұл демо¬кра¬тиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бос¬тан¬дықтарын сақтау тетіктерін іске асы¬руға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара сая-сатының арқа¬сын¬да ерекше назар ау¬да¬рылды. Ал бұл мәсе¬лелердің шын мә-нін¬де қалай жүзеге асып жат¬қандығын Президент жа¬нын¬¬дағы Адам құ¬қық-тары жө¬нін¬дегі комиссия жұмы¬сынан бай¬қауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөнін¬дегі ал¬ғаш¬қы мамандан¬дырыл¬ған ұлт¬тық мекеме бо¬лып табылады.
1994 жылғы 12 ақпанда Ел¬басы Адам құқықтары жөнін¬дегі рес¬пуб-ликалық ко¬мис¬сияны құру туралы Жар¬лық¬қа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқық¬тары жөніндегі комис¬сияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет бас¬шысының жанында жұ¬мыс істейтін бо¬л¬ды. Бұл оның мәрте-бесінің маңызды¬лы¬ғын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық та берілген.
Комиссияның жоғары мәртебесі және оның уәкілетті органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы «жалғастырушы тетік» рөлі тек адам құқықтары саласы¬ның түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың арасында конструктивтік диалог¬тың дамуына да мүмкіндік туғы¬за¬ды. Комиссия қоғамдық пікірді, қолда¬ныс¬тағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласын¬дағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныс¬та¬ры туралы мәлімет береді. Сонымен қа¬тар, комиссия адам құқықтары сала¬сын¬дағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халық¬аралық ынтымақтас¬тық¬тың күшейтілуіне көмектеседі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДА БҰҰ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп
келеді. Соның айқын бір көрінісі Конституциямыздың 1-бабында адам
құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30-бап түгелдей азаматтардың
құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық
қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен
бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам
құқықтары мен бостандықтарын сақтау тетіктерін іске асыруға, олардың
орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара саясатының
арқасында ерекше назар аударылды. Ал бұл мәселелердің шын мәнінде қалай
жүзеге асып жатқандығын Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссия жұмысынан байқауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөніндегі
алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме болып табылады.
1994 жылғы 12 ақпанда Елбасы Адам құқықтары жөніндегі республикалық
комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқықтары
жөніндегі комиссияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет
басшысының жанында жұмыс істейтін болды. Бұл оның мәртебесінің маңыздылығын
көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық
та берілген.
Комиссияның жоғары мәртебесі және оның уәкілетті органдар мен
үкіметтік емес сектор арасындағы жалғастырушы тетік рөлі тек адам
құқықтары саласының түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың
арасында конструктивтік диалогтың дамуына да мүмкіндік туғызады. Комиссия
қоғамдық пікірді, қолданыстағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам
құқықтары саласындағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныстары туралы мәлімет
береді. Сонымен қатар, комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік
саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халықаралық
ынтымақтастықтың күшейтілуіне көмектеседі.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың
мемлекеттік тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің
қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта аламын. Бұл Қазақстанның
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларына және БҰҰ-ның Азаматтық
және саяси құқықтар мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы халықаралық пактілеріне қосылуы, халықаралық гуманитарлық құқық және
адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық
комиссия құру, Білім және ғылым министрлігінде Балалар құқықтарын қорғау
жөніндегі комитеттің құрылуы болып табылады. Бұған Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) институтының
құрылуын, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер
министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруді, өлім жазасына
мораторий енгізуді, Көші-қон полициясының жұмыстарын халықаралық
стандарттарға сәйкес жақсартуды, Қазақтелеком АҚ ұсынатын байланыс
қызметінің тарифін төмендету мен қол жетімдігін қамтамасыз етуді жатқызуға
болады.
Қазіргі кезде Комиссия ратификацияланған халықаралық келісімдерді іске
асыру өзекті мәселелерімен, қамауда ұстайтын орындарда қинаудың алдын-алу,
тәуелсіз ұлттық превентивтік тетіктерін құрумен, Омбудсмен институтының
заңнамалық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және
жетілдірумен, 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам
құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асырудың
мониторингімен, азаматтық қоғамның институттарымен, халықаралық ұйымдармен,
шетелдік елшіліктерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірумен, құқық
қорғау қызметінде мемлекеттің оң имиджін құруына көмектесумен айналысады.
Жыл сайын Комиссия хатшылығына 1000-нан астам азаматтардан жазбаша
шағым хаттар келіп түседі. Келіп түскен арыздар Комиссияның тиісті
ұсынымдарымен не болмаса қорытындыларымен уәкілетті мемлекеттік органдарға:
прокуратура, сот, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына
қарауға жіберіледі. Конституция қағидаларына, сондай-ақ басқа да заңнамалық
актілер нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел
азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар, ұйымдар өз құқықтарын
қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен Комиссияға шағымдануға құқылы. Тек
Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарау тәртібі, негізінен, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы заңнамамен, қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу
заңнамаларымен шешілетін азаматтардың шағымдарын қарамайтынын атап өткім
келеді.
2010-2011 жылдар бойы Комиссия мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар
және халықаралық сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау арқылы елімізде адам
құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторинг жүргізді, оның
қорытындылары 2010 жылғы Қазақстан Республикасында адам құқықтарының ахуалы
туралы баяндамада өзінің орнын тапты. Ал 2011 жылы Комиссия өзінің
кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, оның
ішінде халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметтеріне, сондай-ақ
Комиссия және оның хатшылығының арнайы зерттеулерінің қорытындыларына
негізделген 2010 жылғы Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы атты жыл
сайынғы баяндама жобасының тұсауын кесті.
Онда, ең алдымен, елдегі адам құқықтары ахуалы көрсетілді. Баяндама
құқық қорғау органдарының жұмысы туралы деректерге толы, осы саладағы
ұлттық заңнаманы көрсетеді, оны халықаралық құқықтық актілермен салыстырады
және т.б. Алғашқы тергеу-тексеру барысында адам құқықтарын сақтау, құқық
қорғау органдарының кейбір лауазымды тұлғалармен қинауды қолданудың алдын-
алу жолдары бойынша, сондай-ақ ақпарат алуға азаматтардың конституциялық
құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұсыныстар берілді.
Адам өз құқықтары мен бостандықтарын, оларды қалай қорғап қалуды білуі
керек, әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі туралы айтудың мағынасы
болмайды. 2005 жылы комиссия адам құқықтарының түйінді мәселелері бойынша 3
жинақ шығарды. 2004-2006 жылдары жеке жинақпен Мемлекет басшысының атына
Қазақстан Республикасында адамның және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау туралы 2003, 2004, 2005 жылдардағы комиссияның
баяндамалары жарияланды.
ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму
бағдарламасының (БҰҰДБ) көмегімен құрылған адам құқықтары жөніндегі цифрлы
кітапхана халықты құқықтық ағартуда ең көрнекті құралдардың бірі болып
табылады. Оған ұқсас кітапхана ТМД және Балтика елдерінде жоқ. Нормативтік
құқықтық актілерді Интернеттегі http:hrc.nabrk.kz мекен-жай бойынша алуға
болады. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған.Интернетке қосылмай
цифрлы кітапханаға тікелей кіру үшін офф-лайн режимі қолданылады, бұл аз
қамтылған азаматтар үшін өте маңызды.
2006 жылғы қыркүйек айынан бастап Комиссияның веб-сайты, сондай-ақ
қазақ және орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Қазақстан - халықаралық сахнадағы
Адам құқықтарының концепциясы: салыстырмалы сараптама
Жеке тұлғаның құқықтары және оларды қорғау механизмдері
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Экологиялық проблемалар
Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Әлеуметтік функция
1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Декларация
Пәндер