Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары

  1. Заңдылық және құқықтық тәртіп
  2. Заңды процесс және занды тәжірнбе түсінігі мен мазмұны

Қорытынды

Кіріспе

Мемлекет әртүрлі экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастық, құқықтық әдістері мен тәсілдері арқылы басқарылады. Осының ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіп негізгі орынды алады, олсыз қоғам өмірі мен азаматтардың дұрыс өмір сүруі қамтамасыз етілмейді. Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі. Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы қабылданған. Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр. ҚР -ның қазіргі кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық тәртіп одан әрі ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Ресми тұлғалар мен баспасөздің баяндамаларында «Приоритет-құқықтық тәртіп» деп белгіленеді, ал ол үшін билік, нормашығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа салаларында тәртіп қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге асыру, бұл демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана жүзеге асады.

«Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси. Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады» дей келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындалады.
Адамдар өмірінің маңызды жақтарының тұрақтылығы, тепе-теңділігі және өлшемділігі, кепілдігі және реттілігінің жағдайы құқықтық тәртіп пен заңдылықты зерттеудің өзектілігі болып тұр. Құқықтық тәртіп пен заңдылыққа деген көзқарастардың өзгеруімен және оның қалыптасуы мен қамтамасыз етілуімен сипатталады.

Қазіргі кездегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірінше Германдық Рудольф Иеринг пен Георг Еллинектің, Г. Ф. Шершеневич пен Н. М. Коркуновтың құқықтық тәртіпке құқықтық нормаларды жүзеге асырумен заңдылық қағидасын өмірге келтіру ескірген деп есептейді. Бір жағынан осылай ресейдің көптеген заңгерлері ойлайды. Екінші жағынан «құқық қалыптасудың жалпы жолы сәйкесінше құқықтық тәртіптің құрылуы басқаша». Тек құқықтық тәртіп пен заңдылық түсінігі туралы ғана емес, заңдылық, құқықтық тәртіп және демократияның ара-қатынасы жайлы зерттеу жүргізу қызықтырақ. Құқық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты өзара байланысқан құбылыс табу қиынырақ. Оның салдары ұзақ уақыт бойы екеуінің ара-жігі ажыратылмай, екеуі ұғымдас түсінік ретінде пайдаланылды. Өзара әрекеттесудегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау заңдылықты бекіту мен құқықтық тәртіпті нығайтуда тәжірибеде орасан зор маңыздылыққа ие.

Негізгі бөлім

Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары

Заңдылық және құқықтық тәртіп

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудін, құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.

Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.

1. Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетеді егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

2) . Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мудде-мақсатын, құқық пен міндеттерін аныктап, біліп отырады. Ол мудде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.

3) . Занды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде мақсаттың екі жақсы іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.

Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.

Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.

Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, тендігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті қалыптастыру.

Сонымен, қатынасты құқықтық реттеу механизмі дегеніміз -субъектілердің арақатынасын нормативтік актілер арқылы реттеп, басқарып іске асыру бағыты, әдісі, тәсілі. Бұл заңды жүйе, заңды механизм.

Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттсудің жақсы дамуы мемлекеттің, бірлестіктердің саяси ұйымдардын, дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы; халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.

Заңдылық детеніміз - мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.

1. Қоғамда әділ заң саясаты балу керек. Сол арқылы мемлекеттің
заңдары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты,
парасаттылықты т. б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен
азаматтардың арақатынасын дұрыс басқару.

2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс
орындау. "Сөз бен іс бір жерден" шығу керек.

3. Конституция мен заңды халықаралық құқықтың
принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.

Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.

Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның оргаңдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар-азаматтар зандылықты қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса, құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.

Заңдылық - дамыған елдердің саяси, мемдекеттік, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Жақсы заңдылық қоғамның барлық саласына өзінің әсерін, ыклалын тигізеді. Зандылықтың өзіне тән ерекшеліктері:

- зандылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау,
дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету
мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың саяси
партиялардың міндеті. Бақылау мемлекеттік органның жұмысы.

- заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды.
Олар бір-біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса екіншісі
де жақры дамиды, нашар дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.

Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз байланысты екі мәселені дұрыс дамытуды қолайлы:

- заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу;

- заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету.
Зандылықтың негізгі талабы:

- занның үстемдігін қамтамасыз ету;

- заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң орындау;

- адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның
құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті;

- заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайлы;

- кұқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.

Құқықтық, тәртіптің жоғары дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне байланысты. Заңдылық жақсы болса, тәртіп те жақсы болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Азаматтарды тәрбиелеудін әр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның түрлері: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалык. т. б. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Біракбәрі бірігіп бір мүдде-максатты іске асыруға, орындауға үлес қосалы. Мақсат - азаматтардың рухани сана-сезімін, психикасың, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептілік нормалар арқау болса, соғұрлым зандардың әдітеттік, адамгершілік мәні жоғары болады.

Осы жүйенің негізгі түрлерінің бірі - құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс скі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты - азаматтарға құқықтық білім беру; екінші бағыты - олардын құқықтық сана-сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенің негізгі максаты:

- адамдардың қоғамдағы құқықтық жұйссін, оның мазмұнын
жақсы білін, жақсы түсінуін қамтамасыз сту;

- адамдардын заңға, құқықтық тартілке дегең мінез-күлкын,
іс-әрскстін жақсарту.

- адамдардың құқықтық. нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту,

Құкықтық тәрбиелсу жүйесі үш элементтен турады:

1. субъект - мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар -тәрбие
жұмысын жүргізетін;

2. объект - адамдар;

3. құқықтық, тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар,
іс-әрекеттер.

Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:

  1. қоғамдық құқықтық, сана;
  2. құқықтық норма жүйесі;
  3. құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
  4. тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана- сезім

Осы құқықтық, тәрбиенің мехаиизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты, кұқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады.

Кұқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты түрғыда іс-әрекет жасап, қатынас аркылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тартіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма аркылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.

Әскери құқыктық тәртіптін өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады- Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешкандай айырмашылық. жоқ. Тек реттеуде, басқаруда өзгешіліктер болады.

Сонымен, құқықтық, тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орыңдалуы.

Заңдылықтың, кұкықтық тәртіптің кепілдіктері:

Материалдық кепілдік - егерде субъектілер өзара қателіктер
жіберсе, өздерікелісімге келіл, нормативтік актіні дұрыс орындауға
тиіс.

Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.

Моральдық кепілдік - қоғамның инабаттылық, парасаттылық
деңгейі жақсы болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуга тиіс.

Занды кепілдік - мемлекеттін зандылықты, тәртіпті бакылап
отыратын арнаулы органдарынын рөлі, маңызы, әсері өте зор.

Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер ықпал жасайды.

Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп жэне құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы кабылданған барлық, элеуметтік нормаларды мемлекеттік органлар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау - қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормаларлың талабына сәйкес болса - кұқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Зандылық пен құқыктық. тәртіптін әлеуметтік маңызы:

1) қоғамдық өмір бір калыпты жақсы дамиды;

2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен органдар жақсы жұмыс жасайды;

3) Барлық адамдардың құқығын, бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардын мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытута мүмкіншілік туады.

Зандылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:

- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын
жақсарту;

кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті
жаза колдану;

еріксіз жауапкершітікті қалдануды дұрыс пайдалану;

заңдылыққа, құкықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды
әділетті жүргізу.

Құқықтық тәртіп - заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы. Зандылық-құқықтық тәртіптін мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп - залдылықтың мазмұны мен мүлде-максаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалады.

Заңды процесс және занды тәжірнбе түсінігі мен мазмұны

Мемлекеттік аппараттың жақсы сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның барлық садасында қатаң тәртіп болу қажет. Оны әр мемлекет өздерінің зандары, қаулылары, ережедері, нұскаулары аркылы реттеп, тиісті тәртіп қалыптастырып отырады. Мысалы, халықтың өкілдік органдарының жұмыс регламенті, мемлекеттік органдардың қызметінің ережелері, жалпы халықтық сайлау жүргізу ережелері, мүрагерлік мәселелерін шешу ережелері т. б. нұскау-құжаттар. Осы нормативтік актілер, нүскауларға сәйкес әр мемлекеттік аппарат өз жүйесіндегі органдардын қызметінің жоспарын, бағдарламасын жасап отырады. Сол аркылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға алып, сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.

Мемлекеттік аппараттың кызметтері санкырлы болады. Оның жеңіл және күрделі түрлері болады. Мысалы, азаматтық актілер беру, (адамның тууы, өлуі, үйленуі туралы құжаттар), нотариалдық кеңседе әртүрлі құжаттар растап-бекіту т. б. Бұл кызметтер жеңіл іс-әрекеттер. Ал, азаматтық, қылмыстық құқықтағы істерді жаң-жақты объективтік тұрғыдан тексеру, ол істерді сотта қарап, әділетті үкім немесе шешім шығару өте күрделі процесс. Сондықтан мемлекет күрделі қызметтер мен істер туралы арнаулы ережелер, кодекстер, заңдар кабылдап отырады. Мысалы, азаматтық, -процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық кодекстер. Мемлекеттік аппараттың қызметтерінің жеңіл-ауыр, күрделі түрлеріне қарамай, бәрі де іс-әрекетпен дұрыс, сапалы шешілуі қажет. Егерде мемлекеттік орган қате жіберіп, істі сапалы қарауды қамтамасыз етпесе, онда тиісті мемлекеттің органы іске араласып, зандылықты, құқықтық тәртіпті реттеуге және кінәлі лауазымды тұлғаларлы жауапка тартуға міндетті.

Занды қызметтердің іс-әрекеттердің атқаруының мемлекеттің бекіткен заңды нысандары болады, оны бұлжытпай орындау барлық органнын, лауазымды тұлганың міндеті. Бұл міндеттерді орындауға барлық азаматтар, ұйымдар, ұжымдар, партиялар тиісті, сапалы үлес қосулары өте қажет. Себебі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті тұрақты, сапалы процеске айналдыру барлық. жеке және занды тұлғалардың міндеті.

Мемлекеттік органдардың қызметінін занды нысандары екі топка белінеді:

1) азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдардың, партиялардың құқықтық іс-әрскеттері;

2) сол іс-әрекеттерді занды құжаттармен реттеп, басқару.

Бұларды занды іс-әрекеттер нысаны және заңды құжаттар нысаны деп атайды,

Заңды процесс дегеніміз - қоғамдағы барлық заңды іс-әрсксттерді нормативтік актілер арқылы ретте, басқарулың нысандарының топтасқан түрі. Занды процесс бірнеше кезендерге бөлініп, әр кезеңнің өзіне тән іс-әрекеттері болады.

Мысалы, азамагтық құқық процесінде жеті кезең болады:

1) сот процесін козғау;

2) істі соттың қарауына дайындау;

3) сотта істі қарау;

4) істі кассациялық инстанцияда қарау;

5) істі бақылау - қадағалау инстанцияда қарау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері
Заңдылық түсінігі және қағидалары
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Заңдылық, құқықтық тәртіп және тәртіп
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz