Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 371. 481. 022 Қолжазба құқығында

Маханбетова Жансая

Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)

6М010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін магистрлік диссертация

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2016
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді

«Білім технологиялары» кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. д., доцент Б. Т. Ортаев

« » 2016 ж.

Магистрлік диссертация

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА М. МОНТЕССОРИ ӘДІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ (1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН)

6М010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Магистрант: Махамбетова Ж.

Ғылыми жетекшісі:

П. ғ. к., доцент м/а Тоққұлова Г. Т.

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2016
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
7
: 1
Кіріспе: БАСТАУЫШ СЫНЫПТА М. МОНТЕССОРИ ӘДІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
7:
: 1. 1
Кіріспе: М. Монтессоридің педагогикалық мұраларының ғылыми-педагогикалық зерттелуі
7: 12
: 1. 2
Кіріспе: Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-физологиялық ерекшеліктері
7: 26
: 1. 3
Кіріспе: М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық шарты
7: 37
: 2
Кіріспе: БАСТАУЫШ СЫНЫПТА М. МОНТЕССОРИ ӘДІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
7:
: 2. 1
Кіріспе: М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі
7: 44
: 2. 2
Кіріспе: М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асыру жолдары
7: 57
: 2. 3
Кіріспе: Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асырудағы тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мазмұны
7: 73
:
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ
7: 86
:
Кіріспе: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
7: 89
:
Кіріспе: ҚОСЫМШАЛАР
7: 94

Аннотация

Начальная стадия образования - являются основным учебно-воспитательным этапом получения начального образования детьми младшего школьного возраста. Это стадия ценен тем, что именно в этот период формируется развитие ученика с его индивидуальными особенностями и способностью в дальнейшем получить специальное образования. Педагогическая концепция М. Монтессори основывается в системе самопознания и в свободно-личностном развитии школьника, при этом минимизировав воздействия в истинах сил образовательному процессу учеников. Это теория развивает навыки самообучения ребенка и открывает их потенциал. Также это теория поддерживает «образование направленную на усиление роли ребенка в образовательной сфере». В исследовательской работе рассматривается реализация педагогических условии методом М. Монтессори в начальных классах.

Özet

İlkokul aşaması - okul yaşındaki çocuklar için ilk eğitim veren eğitim-terbiye ocağıdır. O, öğrencide bireysel özelliklerin kalıplaşma süreci hızlı olan ve herhangi bir özel eğitim almanın temeli atılacak değerli aşamadır. M. Montessori’nin pedagojik kararı, bireyin dış güçlere olan bağlılığını oldukça azaltarak, onun kendisini tanıma ve kendisini düzeltme yeteneğini geliştirmeye yönelik serbest eğitim sistemine esaslanır. Bu teori çocuğun kendiliğinden eğitim alma yeteneğini geliştirecek ve onun tüm değerini açabilecek, ayrıca onun ezber şeklinde değil, kendiliğinden araştırmaya sevk edecek serbest gelişme okulunu kurarak “çocuğun eğitim verme hizmetindeki rolünü güçlendirecek bireye programlı eğitim verme yönünü” destekler. Araştırma çalışmasında ilkokul sınıflarında M. Motessori yöntemini gerçekleştirmenin pedagojik koşulları ele alınır.

Summary

The initial stage of education is one of the main stages in the system of primary education for young learners. This stage is prominent for the formation of an individuality and his ability to study. Pedagogical concept of M. Montessori is based on the system of self-study and individually free development of a pupil by minimizing the interference into educational process.

This theory develops skills of pupil’s self-education. The theory supports “education aimed at strengthening of the pupil’s role in educational sphere”. The research work regards the realization of pedagogical conditions by means of M. Montessori’s method in primary schools.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диccepтaциялық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Жайық ұстазы, №1, 2004.
  2. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. - Астана, 2011.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, №11 (28235), 18 қаңтар, сенбі, 2014. - 34 б.
  4. «Диссертация мен авторефератты ресімдеу бойынша нұсқаулық». ҚР Жоғары аттестациялық Комитеті. БжҒМ. - Алматы, 2004.
  5. Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. - Астана, 2010.


АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Білім - ойлау мен дүниені түзу құралы, яғни объективті шындық туралы қабылданған, саналы түсінілген, есте сақталып қалған және көрсетілген әдіс, үлгі бойынша әр түрлі таныс жағдайларда қолдану деңгейіне дейін меңгерілген ақпарат; адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының деректері мен пайымдарының, т. б. жиынтығы.

Оқу үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.

Оқу жоспары (ОЖ) : білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.

Педагогикалық технология - ғылыми тұрғыдан негізделген, тиімді, жүйелі қолданатын әрекеттердің, операциялардың анағұрлым тұрақты үйлесімі.

Тұлға - жеке адамды қарым-қатынастар мен саналы қызмет субъектісі ретінде немесе жеке адамды қандай-да бір қоғамның мүшесі ретінде сипаттайтын әлеуметтік-маңызды ерекшеліктердің тұрақты жүйесі ретінде түсіндіреді.

Танымдық даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.

Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.

Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.

Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Эмоция - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы

ХМҚ - Халықаралық Монтессори қауымдастығы

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды», - делінген [1, 2 б. ] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [2, 3 б] .

Бастауыш саты - кіші мектеп жасындағы балалар үшін бастауыш білім беретін оқу-тәрбие ошағы. Ол - білім берудің оқушы бойында тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуы қуатты жүретін, жоғары буындармен сабақтаса дамитын және кез-келген арнайы білім алудың негізі қаланатын құнды сатысы.

Бүгінде елдегі жағдайдың өзгеруіне және азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты қазіргі білім беру жүйесінің алдында жеке өзіндік беделі бар, айналасындағы адамдарды құрметтейтін, өзінің және өзгелердің сезімі мен іс-әрекеттерін талдай білетін, өздігінен шешім қабылдауға қабілетті және олардың нәтижелеріне жауап беруден қашпайтын, өзін-өзі дамытуға ынталы, жаңа типтегі ерікті тұлғаларды тәрбиелеу мәселесі тұрғаны белгілі.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бастауыш мектеп жасы жеке тұлғаның бостандығын және жауапкершілігін дамыту үшін едәуір маңызды әрі қолайлы кезең деп есептеледі. Себебі, нақ осы кезеңде жеке тұлғаға алғашқы құндылық-мағыналық бағыт-бағдар беріліп, мінез-құлық ережелеріне дағдылану үдерісі басталады.

Олай болса, жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік беретін шарттарды қалыптастыру қажет.

Біз бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтауда:

- білім беруде және тәрбиеде қызметтік тәсіл идеялары (А. Н. Леонтьев [3] ) және өзін-өзі дамыту психологиясы мен педагогикасының идеялары (А. А. Бодалев [4], Л. С. Выгодский [5], Р. С. Немов [6], Л. М. Фридман [7] ) зерттеудің әдістемелік негізі болып табылды.

Сондай-ақ, М. Монтессоридің, оның педагогикалық тәжірибесін зерттеушілер мен ізбасушыларының еңбектері (М. В. Богуславский [8], Т. П. Войтенко [9], Е. А. Кондратова [10], Г. Б. Корнетов [11], Н. Н. Рудакова [12], М. Г. Сорокова [13], К. Е. Сумнительный [14], Ю. И. Фаусек [15], Е. А. Хилтунен [16] ) ;

- «еркін тәрбие» теориясы бойынша педагогикалық жұмыстары (Я. А. Коменский [17], Ж. Ж. Руссо, Л. Н. Толстой. Ф. Феррер, М. Штирнер) ;

- адамның, тұлғаның даму мәселелеріне, оның жас ерекшелік аспектісіне, адамгершілік қарым-қатынастарға арналған психология-педагогикалық еңбектері (А. А. Бодалев [18], Е. В. Бондаревская [19], Н. М. Борытко [20], Н. М. Конжиев [21], Л. М. Лузина [22], Н. П. Терентьева [23] ) зерттеудің теориялық базасына айналды.

Монтессори педагогикасы бірқатар диссертациялық жұмыстарда: Н. А. Каргапольцеваның докторлық диссертациясы «Отандық білім беруде Мария Монтессоридің педагогикалық концепциясының идеялары мен ұстанымдарын жүзеге асыру шарттары» [24] тақырыбындағы докторлық диссертациясында және Н. Н. Рудакованың «Мария Монтессоридің педагогикалық жүйесінде ғарыштық тәрбие» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында зерттелген [25] . Бірақ бастауыш мектепте М. Монтессори әдісі әзірге жеткілікті зерттелмеген.

Біздің ойымызша, жоғарыда аталған қарама-қайшылықтарды және бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзін-өзі дамыту мәселесін М. Монтессори әдісінің көмегімен шешуге болады. М. Монтессоридің педагогикалық тұжырымдамасы жеке тұлғаның сыртқы күштерге тәуелділігін барынша азайтып, оның өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу қабілетін дамытуға бағытталған еркін білім беру жүйесіне негізделеді. Аталмыш теория адамның жеке тұлға және субъект ретінде қалыптасуын тұтас қарастырады. «Ғылыми педагогика» сипатындағы М. Монтессори тұжырымдамасы оқытудың гносеологиялық, антропологиялық және онтологиялық аспектілерін ұштастыра отырып, қызметтік тәсілге негізделген жеке тұлғаға бағдарлы оқытуға басымдық береді. Яғни, осы тұжырымдама бойынша «тәрбие жұмыстарының түрлері мен әдіс-тәсілдерін қолдану барысында және нәтижесінде өзінің табиғатына сай келетін, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға және бар қабілетін көрсетуіне зор мүмкіндік беретін қызмет түрлерін таңдауға, бағалауға, жоспарлауға және құрастыруға қабілетті Адам пайда болады». Осы контекстегі «қызмет» ұғымын баланың субъектілігін қалыптастыру және дамыту құралы деп түсіну керек. Бұл теория баланың өздігінен білім алу қабілетін дамытатын және оның бар құндылығын аша білетін, сондай-ақ оны жаттанды қалыппен емес, өздігінен ізденуге баулитын еркін даму мектебін құру арқылы «баланың білім беру қызметіндегі рөлін күшейтуді көздейтін жеке тұлғаға бағдарлы білім беру бағытын» қолдайды. Ендеше, еркін тұлғаның өзін-өзі дамытуын және өзіндік қабілеттерін толық пайдалануын қамтамасыз ететін білім беру мазмұны мен әдістемесін жаңарту, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу, дамытушы дидактикалық ортаны және білім алушылардың жеке білім беру бағыттарын қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру түрлері мен нысандарын жақсарту қажет.

1990 жж. басында Ресей педагогтары өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді гуманизациялау және жеке тұлғаның еркін дамуын қамтамасыз ету негізінде оның өсуіне қолайлы ортаны қалыптастыру жолдарын іздестіре келе, бала-бақша мен мектеп қызметін жаңаша көзқараспен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін М. Монтессори мұрасына, оның педагогикасына айрықша көңіл бөлген. Осының нәтижесінде 1992 ж. Мәскеуде Монтессори орталығы және 1993 ж. өңіраралық Монтессори бірлестігі құрылған, ал Мәскеудегі педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерде, білім беру саласының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілік арттыру институттарында Монтессори педагогикасына қатысты курстар ұйымдастырылған. Дегенмен, бастауыш білім беру саласындағы Монтессори әдістемесіне негізделген оқу қызметінде бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзін-өзі дамытуына септігін тигізетін педагогикалық шарттарға әлі де болса толық ғылыми талдау жасалмаған. Әзірге Монтессори бастауыш мектебінің теориялық ережелері мен жұмыс тәжірибесін түсінуге әрекет ету тенденциясы байқалып отыр.

Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған мәселелердің дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: «Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асыруды педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асыруға, ықпал етеді, егерде:

М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық шарты анықталса, оларды жүзеге асырудың әдістемесі негізделсе, онда бастауыш сынып оқушыларының білімі жоғарылайды, өйткені, М. Монтессори әдісі заманауи тәжірибелермен ұштасады.

Зерттеудің міндеттері:

- М. Монтессоридің педагогикалық мұраларының ғылыми-педагогикалық зерттелуін айқындау;

- Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-физологиялық ерекшеліктерін анықтау;

- М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық шартын және қазіргі жай-күйін анықтау;

- М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асыру жолдары мен тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы - оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес оқыту үдерісінің М. Монтессори әдісімен ұйымдастырылуы - бастауыш сынып оқушыларының білімін артуына нәтижелі етеді.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, Білім беруді дамыту тұжырымдамалары, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, автордың жеке іс-тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- М. Монтессоридің педагогикалық мұраларының ғылыми-педагогикалық зерттелуін айқындалды;

- Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-физологиялық ерекшеліктерін анықталды;

- М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық шартын және қазіргі жай-күйін анықталды;

- М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асыру жолдары мен тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бойынша ұсыныстар жасалды.

Зерттеу әдістері. Философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, қойылған міндеттерді шешу және бастапқы болжамды тексеру үшін зерттеу әдістері мен әдістемелік кешенді қолдану: теориялық зерттеу әдістері; сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер (тестілеу, мониторинг әдістері) ; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс; қорытындылау.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелері «Математика және М. Монтессори әдісі» атты әдістемелік нұсқау дайындалған және бастауыш мектепте М. Монтессори әдісі негізінде білім беру үдерісінде ашық сабақтар жүргізілді, жүзеге асырылады.

Зерттеу кезеңдері. Алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша тарихи, педагогикалық, философиялық, әдіснамалық әдебиеттерге талдау жасалынды, зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталды. Бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы, бастауыш мектептің оқу-әдістемелік құжаттары, мұғалімдер тәжірибесі талданды. Екінші кезеңде деректі материалдар жинау жалғастырылды және жүйеленді. Зерттеу мәселесінің бүгінгі таңдағы жағдайы анықталып, тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді. Үшінші кезеңде жасалған теориялық тұжырымдар және оның технологиясы эксперимент арқылы тексерілді. Алынған нәтижелер практикаға ендірілді. Диссертация рәсімделуі аяқталды.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, № 23 мектеп және Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы Жүсіп Қыдыров атындағы № 54 орта мектебінде жүргізілді.

Диссертацияның құрылымы

Диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі.

«Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде М. Монтессоридің педагогикалық мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-физологиялық ерекшеліктері, М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық шарты негізделеді.

«Бастауыш сыныпта М. Монтессори әдісін жүзеге асырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде М. Монтессори әдісін бастауыш сыныпта жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мазмұндалады және жүзеге асыру жолдары нақтыланып, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мазмұны сипатталады.

Қорытындыда зерттеудің негізгі қағидалары, нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.


1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА М. МОНТЕССОРИ ӘДІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. М. Монтессоридің педагогикалық мұраларының ғылыми-педагогикалық зерттелуі

Президенттің Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айкындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, адам капиталын қалыптастыру міндетін жүктейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді [2] .

Бастауыш сынып оқушылары табиғатында білуге құмар, тумасынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда бастауыш мектеп педагогтарының ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, оқушы оқу-тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады», - деп тұжырымдайды [5] . Сол себептен бастауыш сыныпта жаңа технологияны енгізу, оқу-тәрбие үрдісін тиімді үйымдастыру басты мақсаттардың бірі. Осы тұрғыда мектепке дейінгі білімде ұтымда қолданылып жүрген инновациялық технологиялардың бірі М. Монтессори әдісін бастауыш оқыту үдерісіне пайдалану болып табылады.

Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияның Кьяровалле қаласында дүниеге келді. Әкесі - ауқатты кісі болады. Ол қызының білім алуына қарсы болады. Анасы Марияны әрқашан қолдап отырады. Ол табиғатынан дарынды бала болады, білімді тез меңгеретін, және математика пәнін сүйіп оқитын. 12 жасар қыз ерлер техникалық мектебіне түседі және өте жақсы деңгейде аяқтайды.

1890 жылы Мария дәрігер болуға шешім қабылдайды, және бүкіл ескі пікірді жеңіп, ең бірінші Рим университетінің медецина факультетінің қыз студенті болады. 1896 жылы дәрігер атанады. Студент қыз оқумен бірге ауруханада қосымша табыс табады. Осы кезде мүмкінділігі шектеулі балаларды кездестіреді. Осы жылдары Марияға дамытушы ортаны қолдану негізінде оқыту әдістемелері ойына келеді.

Университеттен кейін Мария тұрмысқа шығып, жеке тәжірибемен айналысады. Ол өз заманындағы психолог, педагог, антрополог ғалымдардың еңбектерін зерттей отырып, өзінің ой-пікірін бір жүйеге келтірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Ақыл - есі кем балалармен коррекциялық жұмыс процесінің зерттеу және тәрбиелеу мәселелері
Білім берудегі ноу-хау: әдіс. құрал
В. Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен білім берудің жүйесін саралау
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Монтессори әдісін пайдаланудағы негізгі ойындаған сиияқты болу
Оқытудың қазіргі технологиялары
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістері мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz