Несиелік жүйе: элементтері, қызмет етуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
“Несиелік жүйе: элементтері, қызметі етуі”
Ғылыми жетекшісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . …. 3
ТАРАУ 1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 6
1. 1. Несиелік жүйе және оның элементтері . . . ……. . …. …6
1. 2. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері……… . . . ………. … . . . 12
1. 3. Несиелік портфельді басқару . . . 27
ТАРАУ 2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында) . . . 32
2. 1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау… . . . . . . 32
2. 2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау…… . . . …… . . . ……. 51
- Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын бағалау …… . . . . . . …61
ТАРАУ 3. КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 75
3. 1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік
тәжірибесін енгізу бағыттары . . . 75
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 89
ҚОСЫМШАЛАР . . . 91
КІРІСПЕ
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады.
Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады.
Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
Несиенің нақты көлемі түнігімен қатар несиені нақты пайдалану түсінігі бар. Ол несие қатынанстары субъектілері мен несиелер түрлеріне қатысты нақты көрсеткіштер түрінде бекітіледі. Несиелендіру шектері макроэкономикалық деңгейде нақты пропорциялар түрінде қалыптасуы мүмкін (мысалыға, несиелер көлемі мен жиынтық қоғамдық өнім арасында) . Оған экономикалық әсер ету шаралар жүесі арқылы қол жеткізуге болады. Оның ішінде несиелендіруді кәсіпорындар мен ұйымдардың несиеқабілеттілігі есебімен ұйымдастыру, банктердің өтімділігін сақтау шараларын жатқызуға болады.
Несиелік механизмнің қарыз алушының несиеқабілеттілігін зерттеуге бағытталуы өз мәнінде несиелендіруді оның экономикалық шекарасы есебімен ұйымдастыруды білдіреді.
Бәрінен бұрын кәсіпорынның немесе ұйымдардың несиеқабілеттілігі туралы ақпарат банктерге қажет. Өйткені, банктердің пайдалылығы мен өтімділігі өздерінің клиенттерінің қаржылық жағдайына тәуелді. Ссудалық операцияларды жүргізген кезде тәуекелділікті төмендету банк клиенттерінің несиеқабілеттілігін кешенді түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Ал ол несиені пайдалану шегі есебімен несиелендіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - несиелендіру қызметін ұйымдасыртырудың дұрыс әрі тиімді жолдарын қарастыру, несиелік қызметті ұйымдастырудағы әр кезеңді, нақты шараларды тәжірибе жүзінде қолдана білетіндей етіп, құруға бағыт-бағдар беру. Әрине ол үшін несиеқабілеттілік және төлемқабілеттілік түсініктерін кең ауқымда талқылап, несиелік қызметті ұйымдастырудағы тәуекелдерді дұрыс бағалау жолдарын қарастыру, сонымен қатар, аталған экономикалық категориялардың мәнін талдап көрсету болып табылады
Дипломдық жұмыстың міндеті - жоспарланған тақырыпты кең ауқымда қарастырып, несиелік қызметті ұйымдастыру қағидаларын дұрыс орындау.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - қазіргі таңда заңды және жеке тұлғалар үшін қызмет етуінің, өмір сүруінің басты ажырамас элементтерінің бірі - несие болып табылады. Несие беру және алу процедуралары, яғни несиелендіру қызметі кең ауқымды жұмысты талап етеді. Коммерциялық банктер бұл процесті толығымен атқарады. Несиелендіру процесіндегі кез-келген процедура үлкен назарды талап етеді. Несие берместен бұрын қарыз алушының несиеқабілеттілігін анықтау банктің ең бірінші мәселелерінің бірі. Күнделікті өмірде коммерциялық банктердің несиелендіру бөлімдерінің мамандары қарыз алушының несиеқабілеттілігін анықтау үшін ондаған есептемелер жасайды. Олардың негізінде несиені берудің мақсаттылығы туралы шешімдер қабылданады. Солай бола тұрсада, бұл оңай проблема емес. Банктердің бұл проблемаға көп көңіл бөлмеунен көтеген банктер айтарлықтай шығындарға душар болады. Несиеқабілеттілік мәселелерін қарастырудың бірнеше негізгі принциптері бар. Осы принциптердің біреуінде орындамаған кезде несиені беру туралы дұрыс емес шешім қабылдауға әкеледі. Бұл жерде қарыз алушының несиеқабілеттілігін зерттеудің қазіргі методикасын меңгеріп алу өте маңызды болып табылады. Өйткені, ол қарыз алушының алған несиені тиімді қолдану және оны уақытылы өтеу қабілетін жан-жақты және негізделген түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдары, нормативті актілер, отандық және шетел экономистерімен жазылған әдебиеттер мен ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар, коммерциялық банктердің жылдық есептері және жарнамалық материалдары кеңінен қолданылды.
ТАРАУ 1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. 1. Несиелік жүйе және оның элементтері
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін оларды іске асыру құралдарымен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни дерективті нұсқауларды қамтиды;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамсыз ететін стандарттаумен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
• несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
• несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
• сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
• ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет.
Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясатпен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторы дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қаблетіне қарап “өз клиентін” таңдаудғы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігндегі немесе ертең еңгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер және ұзақ мерзімді инвистициялық несиелер берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызы элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны нисиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайында және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау) .
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттармен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банк несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады. Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлары кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді. Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалға, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда деген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие соммасы мен мерзімін анықтап пайыз мөлшерлемесін бектітеді;
- несие қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белглейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелділігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс. Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады. Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдаға болады. Несиелік саясаттың төмендегідей элементтері көрсетілуі тиіс:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• несиелік портфельді басқаруда;
• несиелеуге бақылау жасау;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелердің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелер жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерді белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты
- несиелеу стандарты
- несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта - “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” - біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтары мен несиелеу стандартты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
• қарыз алушыныңқаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
• несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
• несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша)
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т. б. жатады.
Несиелік нұсқаулық- несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алу үшін туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап , несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
• несиелеуді жүзеге асыруды бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасауға тиіс.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген занды; және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды қүндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын занды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
- өндіріс объектілерінің қүрылысы;
- өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынанқайта қаруландыру, кеңейту;
- техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
- жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
- өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу. . Несиелеуді үйымдастыру прициптері
Несиелеу принциптері несиенің мөнін жөне қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т. б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа - жалпы экономикалык, тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциядцығы.
// топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік кабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалык категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатып ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан есп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банқтердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретінссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысы-ның базалық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақымөлшерлемесі;
- өз қлиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс) ;
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несиебағасы да арзан болады) ;
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақайтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады) .
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары (1), (2) қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
(1)
мұндағы:
i - сыйақы мөлшері;
P - қарыз қалдығы;
n - сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I - ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
(2)
мұндағы:
i - сыйақы мөлшерлемесі;
P - несиенің бастапқы сомасы;
I - несиенің барлық мерзіміне есептететін сыйақы сомасы;
n - аймен берілген несиенің ұзақтығы;
Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға (3) байланысты жүргізіледі:
t1 t2
Ig = Q*[(1+
) - (1+
) ], (3)
мұндағы:
Ig - мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
G - мерзімі өткен қарыз сомасы;
ig - мерзімі өткен қарыз сомасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл) ;
t1 - несие бергенен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
t2 - несие бергеннен батап мерзімі өткен қарыз пайда болғаннан дейінгі уақыт мезгілі.
Несилеудің келесі бір принципі - берілген ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz