Дін және адам



Кіріспе

1. Дін және адам
2. Діннің түрлері
3. Дін аттары
4. Діннің негізі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дін тақырыбы адамдарды өте қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Дінге әртүрлі анықтамалар берілген. Әрбір анықтама діннің басқа бір ерекшелігін көрсеткен. Бірақ барлық анықтамалар діннің адам үшін пайдалы екенін көрсеткен. Дін ғалымдары, тарих және социология мамандары, діндер тарихы жазушыларының анықтамаларының біразын берейік:
Дін - адамды туралық пен әдемілікке жетектейтін жол. Адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Адамды шындыкқа жеткізетін жарық. Дүние мен акыретте бақытты болу жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы болып табылады. Дін — илаһи ережелер және соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы.
Бұл анықтамалар дінді жалпы түсіндіріл, илаһи діндер мен адам шығарған діндер арасындағы айырмашьлықты көрсетпейді. Алайда илаһи діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың көзкдрасы бойынша дін - пайғамбарлардын Аллаһдан әкелген илаһй уахилер жинағы, Аллаһның пайғамбар аркылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Аллаһһ, негізі адам болған қағидалар жинағы болып табылады.
1. Диуани хикмет. Алматы: Мұраттас, 1993. -119 6.
2. Қирабаев Н. Социальная философия мусульманского востока. М.: Издательство университета. 1987. с. 19.
3. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1977. - 322 б.
4. Берки А., Кескіоғұлұ О. Сонғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. Анкара: Дін істері басқармасы, 1997. - 222 б.
5. Баласағұн Ж. Құтты білік. - Алматы: Жазушы,
1986. - 50 б.
6. Берки А., Кескіоғұлұ О. Сонғы пайғамбар хазірет Мұхамедтің өмірбаяны. Анкара: Дін істері басқармасы, 1997. - 361 б.
7. Иасауи Қ. Диуани хикмет. Алматы: Мұраттас, 1993. - 18 б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. Дін және адам

2. Діннің түрлері

3. Дін аттары

4. Діннің негізі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дін тақырыбы адамдарды өте қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және
діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол
тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді
қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Дінге әртүрлі анықтамалар берілген. Әрбір анықтама діннің басқа бір
ерекшелігін көрсеткен. Бірақ барлық анықтамалар діннің адам үшін пайдалы
екенін көрсеткен. Дін ғалымдары, тарих және социология мамандары, діндер
тарихы жазушыларының анықтамаларының біразын берейік:
Дін - адамды туралық пен әдемілікке жетектейтін жол. Адамды өз
жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін
жүйе. Адамды шындыкқа жеткізетін жарық. Дүние мен акыретте бақытты болу
жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы болып табылады. Дін — илаһи
ережелер және соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы.
Бұл анықтамалар дінді жалпы түсіндіріл, илаһи діндер мен адам шығарған
діндер арасындағы айырмашьлықты көрсетпейді. Алайда илаһи діндерге тән
көптеген анықтама бар. Бұлардың көзкдрасы бойынша дін - пайғамбарлардын
Аллаһдан әкелген илаһй уахилер жинағы, Аллаһның пайғамбар аркылы білдіретін
ақиқаттары. Құрушысы Аллаһһ, негізі адам болған қағидалар жинағы болып
табылады.

Дін және адам

Дін - адам үшін. Адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді. Дін
сезімі жаратылыстан келеді. Адам нәсілі сенім сезімімен туылады. Міндетті
түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді сөндірмеуге тырысады. Өйткені, дін —
адам рухының азығы. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының
қанағаттануына үлкен мән береді. Рух пен денесін тең дәрежеде
қанағаттандыратын адам негізінде жаратылу мақсатын жүзеге асырады. Дененің
кажеттіліктерін қамтамасыз етіп, рухын қанағаттаңдырмаған адам жарымжан
болады. Ал, мықты адам рухы мен денесін бірдей қанағаттандырады. Тарихта
мәдениет калыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған, бірақ дінсіз
және ғибадатханасыз мемлекет болмаған.
Дін барлық тақырыпта адаммен байланысып, соның пайдасын көздейді. Діни
бұйрық пен тыйымдар, адал мен арамға байланысты үкімдер жеке және қоғамдық
пайданы көздейді. Адамның жан тыныштығын және бакытты болуын қалайды.
Сондықтан дін адамды негізге алған. Ақылды, нәсілді, жаратылысты және
моральды қорғауға бағытталған негіздерден тұрады және жеке адам мен қоғамға
бақыт әкеледі. Ахлақты (мінез-құлықты) жақсартып, кабілеттерін жетілдіреді.
Сондықтан дін мен адам бір мағынада, бірі болмаса екіншісі де болмайды.
Ақылды адамдарды өз таңдауларымен пайдалы нәрселерге жеткізетін дін
ілім (доктрина) және әдіс жағынан бөлінген. Шынында да әр
дінде бірі доктрина, екіншісі әдіс болған екі элемент бар.
Ислам сенімі бойынша діннің құрушысы - Аллаһһ. Барлық илаһи діндер
Аллаһһ тарапынан келіп, түп нұсқасын сақтаған күйінде өмір сүрген.
Алғашқы адам - сонымеи бірге алғашқы пайғамбар болып табылады. Өзіне
білдірілген дін - тауһид діні. Барлық пайғамбарлар адамдарға бірдей
ақиқаттарды үйреткен, Аллаһһтың бар екеніне және бір екендігіне,
періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандықтың
Аллаһдан болатынына, ақыретке, өлгеннен кейін кайта тірілуге иман келтіруге
шақырған. Сондықтан барлық пайғамбарлар білдірген діннің аты — Ислам.
Бірақ тарих ағымында адамдар діннен алыстаған және бос (батыл)
нәрселерге сенгсен. Міне, сол кезде Ұлы Аллаһһ адамдарды ескі сенімдеріне
қайтару үшін немесе оларға діннің жаңа негіздерін үйрету үшін анда-санда
пайғамбар жіберген.

Діннің түрлері

Ғалымдар шығу тегі, ддоктриналары, әдістері және жақтастарына қарай
діндерді бірнеше бөлімдерге бөлген. Осы бөлімдерге бөлген адамдар түрлі
діндерден және ұлттардан болған. Бір бөлігі мұсылман, бір бөлігі христиан
және еврей, ал бір бөлігі басқа діндердегі адамдар болып табылады. Бұлардан
мұсылман ғалымдар дінді Құранды негізге ала отырып бөлімдерге бөлген.
Ұлы Аллаһ Құранда Әли-Ғымран сүресі 319. 85; Рум сүресі 3030; Саф сүресі
619; Тәубе сүресі 933 аяттарында дінді анықтап, бөлімдерге бөлді. Осыған
орай діндер екіге бөлінеді. 1) Хақ дін, 2) Хак емсс дін (батыл).
Хақ дін - Ислам. Ал ислам пайғамбарлардын ортақ діні, әрі Аллаһ разы
болған жалғыз дін. Хақ діннің құрушысы - Аллаһ, шығу тегі уаһи, бұзылмаған
және сол қалпында қалғал дін. Құран Кәрім өзгеріп, өзгермеуіне қарай да
діндерді екіге бөледі.
1) Өзгертілген діндер.
2) Өзгертілмеген дін.
Өзгертілген діннің құрушысы Аллаһ, шығу тегі уаһи болған, бірақ уақыт
өте келе түрлі себептермен бұзылған, өзгерген, өзгертілген және тазалығын
жоғалтқан. Ал илаһи дін бұзылғанда немесе өзгертілгенде Аллаһ бір пайғамбар
жіберіп, адамдарға жаңадан таза дінді, яғни Исламды білдірген. Мысалы,
еврейлердің және христиандардың діні баста ислам діні еді. Бірақ уақыт өте
келе турлі себептермен еврейлер мен христиандар діндерін таза калпында
ұстай алмай, оны бұзып, өзгертті. Сондықтан Аллаһ Хз. Мұхаммедті соңгы
пайғамбар етіп жіберді және оған соңғы дінді уаһи етті. Құранды уаһи етіп,
таза және соңғы дін исламды адамдарға жаңадан білдірді.
Өзгертілмеген бір ғана дін - Ислам діні. Түскен кезінен бүгінге дейін
таза қалпын сақтаған исламның сенім, ғибадат, ахлақ (моральдық) негіздері
ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қалған. Өйткені исламның кайнар -
көзі болып табылатын Құран Аллаһтан пайғамбарға түсірілген күйінде
сақталып, қәзірге дейін жеткен.
Алайда бұрынғы пайғамбарларға жіберілген Забур, Тәурат және Інжіл
атты қасиетті кітаптар қорғалмай, уақыт өте келе озгертілген. Оларға
адамдардың сөздері, философтардың және дін адамдарының көзкарастары
қосылған. Нәтижеде бұл кітаптар Аллаһтың сөздері болу қасиетін жоғалтып,
адамдардың сөзі (блып қалған. Діндердің кейіннен бұзылуы шындығында кайнар-
көзі болған қасиетті кітаптардың бұзылуы және өзгертілуі нәтижесінде
болады. Діндер доктрина құрылымдарына және сенім жағдайларына байланысты
екіге бөлінеді 1. Тек тәңірлік діндер: Бір Аллаһқа сенім негізіне сүйенгеи
діндер болып табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік негізге алынады.
Алланһты барлық жағынан бір екеніне және оған серік (ортақ) қоспау
сеніміне сүйенеді. Ислам мұндай дінге үлгі болыл табылады.
2. Көп тәңірлік діндер: бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім
жүйесі. Пұтқа табынушылык, екі тәңірлік (дуалистік), натурализм, ескі грек,
ескі рим және ескі мысыр діндері (политеист) көп тәңірлік діндер болып
табылады.
Құрылымдарына байланысты діндер екіге бөлінеді.
1. Құрушысы болған діндер, құрушысы білінетін, құрушысы Аллаһ немесе адам
болған діндер; Исламият, Буддизм, Брахманизм және Христиандық сияқты.
2. Құрушысы болмаған, әдет-ғұрыпқа сүйенген діндер. Дәстүрлі түрде жасаған,
әдет-ғұрып түрінде өмір сүрген діндер: Яһудилік, Мысыр, Рим, Грек
діндері сияқты.
Діндер ерекшеліктері мен мазмұндарына карай үшке бөлінеді.
1. Алғашқы діндер: Анимизм, тотемизм, натуризм және фетишизм сияқты діндер.
Бұл діндерде дін сезімі және сенім негіздері жетілмеген.
2. Ұлттық діндер: Белгілі бір халыққа немесе ұлтқа тиісті діндер. Яһудилік
және буддизм сияқты діндер. Мұндай діндердің ережелері мен құндылықтары тек
қана өз халықтарына байланысты болады.
3. Әлемдік діндер: Барлық адамдарға тән және адамдардың қажеіттіліктерін
қамтамасыз ету мақсатындағы діндер. Ережелері, сенім, ғибадат және мораль
негіздеріне байланысты әлемдік болыл табылады. Барлық адамзаттың діні.
Әлемдік дін тек қана ислам діні болыл табылады.
Діндер ғибадат түсініктері мен негіздерінс қарай да үшке бөлінеді.
1. Сакрамантал діндер: Діни тойларға сүйенген діндер. Қасиетті нәрселерге
мән береді.
2. Профетик діндер: Пайғамбары бар және оның білдіруіне негізделген діндер
сенім және ахлаққа (адамгершікке) көп мән береді.
3. Мистикалық діндер: Бірқатар ішкі жорамалдар мен сыртқы практикаларға
сүйенеді. Ақыл ережелеріне емес, сезіміге және бос жорамалдарға, нәпсі
мен рухқа байланысты бағалауларға және тәжірибеге мән береді.
Дінге байланысты басқа бөлінулер де бар. Бірақ барлық анықтамалар мен
бөлінулердің ортақ пайдасы назарға алынғанда, үш түрлі дін бар екенін
байқауға болады.
1) Алғашқы қауым діндері
2) Ұлттық діндр.
3) Әлемдік діндер.

Дін аттары

Жалпы алғанда діндер құрушылары, жақтастары, ерекшелігі мен мазмұны
сияқты неігізгі жақтарын көрсететін бір немесе бірнеше түрде аталады. Ескі
ұлттык, діндер ұлттарының аттарымен аталған. Ескі грек діні, ескі рим діні,
ескі мысыр діні, хитит, азтек т.б. діндер сияқты. Құрушыларының аттарымен
аталған діңдер көбірек кездеседі. Буддизм, Копфуционизм, Даоизм,
Зороастризм сиякты діндер. Жақтастарының аттарымен аталған діндерден
казіргі яһудилік, христиандықты айтуға болады, Буддизм және Брахманизм
болса құрушыларының аттарымен аталған діндердін қазіргі үлгілері болып
табылады.
Ерекшелігі мем мазмұнына байланысты аталған діндердің саны көп емес.
Монотоист, дуалист, политеист дін, отқа табынушылык, шайтанға табынушылық
сияқтылар.
Аты, құрушысы және ерекшелігі Аллаһ тарапынан белгіленген қасиетті
кітапта (Құран) айтылған дін - тек қана ислам. Әли Ғымран сүресі 1985,
Мәида сүресі 3, Тәубе сүресі 74 аяттарында исламның аты өтеді.
Діндерді тарих және тіл білімі (филология) әдістерін қолданып, туу
және дамуы, сенім, ғибадат, ахлақ (мораль), т.б. тақырыптар тұрғысынан
зерттейтін ғылымды Діндер тарихы дейді. Діндерді салыстырмалы түрде
зерттейтін гылымды салыстырмалы діндер тарихы дейді. Осы ғылым діндер
арасында айырмашылык жасамай бәрін зерттейді.
Діндер тарихы ғылымының мақсаты дін ұйымдарының пайда болу себептерін,
тарихтағы және түрлі қоғамдарда алған көріністерін, діни тәжірибенің
қабылдануы және айтылу түрлерін мүмкіндігінше объективті түрде қолға алады.
Зерттеулерінде ешқандай баға бермей, хақ және батыл діндер деп беліп
қарамайды.
Басқа діндер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Дін
Дін этнологиясы
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік діни қалыптасуы
Дін және адам туралы түсінік
Дін анықтамалары
Пәндер