Етістіктің лексикалық құрамы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра, сол етістіктер өздерінің мазмұнындағы барлығына ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз табына телінеді. Лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз табы саналатын етістіктерді іштей топ-топқа жіктеуге болады.

Байырғы түбір етістіктерді грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады;

  • Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын тұйық етістіктер жатады. Жетекшілік қызмет атқарады. М, айт, жең, қада, жақ т. б.
  • Лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа етістікпен тіркескенде лексикалық мағыналарын не жарты, не бүтін жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жәрдемші ретінде қызмет атқаратын түбір етістіктер. М, ет, жат, ал, бар, баста, бер т. б.
  • Өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға ие болып қызмет ететін, көмекші есебінде жүретін етістіктер М, екен, жазда, де, е, еді етістіктері.

Етістіктің сабақтылық-салттық категориясы

  • Негізгі түбір деп танылып жүргеноқу, жазу, көрутуынды түбір деп танылып жүргенойлау, шегелеу, ескерту күрделі түбір деп танылып жүргенжек көру, келемеж ету, оқып отыру т. б. етістіктер және әр түрлі тұлға түрлері де сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы тура объектіні тікелей талап етеді; онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады. М, Кітапты оқып шықтың ба?
  • Келгенмін, келсе, ойнасам, келгісі келут. б. салт етістік болып табылады, өйткені бұлар тура объектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. М, Асан асықтармен ойнап отыр. Етістік көмектес септігімен тіркесіп тұр.

ЕТІС категориясы

  • Қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп танылады.

Етіс түрлері:

Өздік -

қимыл, іс-әрекет субъектіге

қарай бағытталады.

-ын, -ін, -н; -лан, -дан, -тан;

М, киінді, сұранды

Өзгелік -

іс-әрекет екінші субъекті

арқылы іске асады.

-ғыз; -дыр; -ыр

М, өсіру, айтқыз, келдір

Ырықсыз -

Іс-әрекет өздігінен орындалатын

мән үстейді.

-ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н

М, оқылды, тазаланды

Ортақ -

Іс-әрекет бірнеше субъекті

арқылы іске асады

-ыс, -іс, -с

М, салысты, айтыс т. б.

Етістіктің болымды-болымсыз категориясы

Етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары тұлғаларына ма, ме, ба, бе, па, пе қосымшасы қосылу болымсыздық категориясы жасалады. Және есімшеге емес, жоқ көмекші етістіктері тіркесіп жасалады. М, барған жоқ, бармады

Етістік түбір күйінде, әр түрлі грамматикалық тұлғаларында қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын білдіретін етістіктер- болымды етістіктер. М, барды, келді т. б.

Рай категориясы

  • Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктердің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.

Рай түрлері:

Ашық - іс-әрекеттің 3

шақтың бірінде тұрып, субъектінің

шындыққа қатысы.

М, Тыңда, дала, Жамбылды!

Бұйрық - айтушының

тыңдаушыға не бөгеде біреуге

бұйыра сөйлеуі.

М, ғылым таппай мақтанба (А)

Шартты - іс-әрекеттің болу-болмау,

орындалу мүмкіндігі, шартын

білдіріп, етістікке -са, -се

қосымшасы жалғану арқылы.

М, Мен айтсам бола ма?

Қалау - сөйлеушінің іс-әрекетті

істеу- істемеуге ниетін білдіруі.

- ғы, -қы қосымшалары, шартты

райға игі еді сөздері тіркесу

арқылы. М, барса игі еді

Есімше

  • Етістік пен сын есім арасындағы аралық категория

Көсемше

  • Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдық және басқа мәндерді білдіретін ерекше формалар.
Түрлері:: Түрлері:
Жасалу жолдары:: Жасалу жолдары:
Түрлері:: 1. Есімше
Жасалу жолдары::
  1. -ған, -ген, -қан, -кен
  2. -атын, -етін, -йтін
  3. -ар, -ер, -р етістіктің болымсыз түрінен кейін -с
Түрлері:: 2. Көсемше
Жасалу жолдары::
  1. -ып, -іп, -п
  2. -а, -е, -й

Шақ категориясы

Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқандығын, не әлі болмағанын, бірақ болатындығын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы.

Шақ түрлері:

Шақтар:: Шақтар:
Түрлері:: Түрлері:
Жасалу жолдары:: Жасалу жолдары:
Шақтар:: 1. Осы шақ
Түрлері::
  1. Нақ осы шақ
  1. Ауыспалы осы шақ
Жасалу жолдары::

1. Отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістіктеріне көсемше қосылу арқылы

2. Көсемшенің -а, -е, -й тұлғасына етістіктің жіктеліп қосылуы. М, құс ұшады, әнші ән салады

Шақтар:: 2. Өткен шақ
Түрлері::
  1. Жедел өткен шақ
  2. Бұрынғы өткен шақ
  3. Ауыспалы өткен шақ
Жасалу жолдары::
  1. -ды, -ты, -ді, -ті қосымшасы үстелу арқылы. М, барды
  2. -ған, -қан, -кен, -кен арқылы жасалады. М, айтқан
  3. -ар, -ер, -р еді; - мақ, -бақ еді. М, бармақ еді
Шақтар:: 3. Келер шақ
Түрлері::
  1. Болжалды келер шақ
  2. Мақсатты келер шақ
  3. Ауыспалы келер шақ
Жасалу жолдары::
  1. -ар, -ер, -р болымсыз түрінен кейін -с қосымшасы қосылу арқылы. М, жүрерсіз
  2. -мақ, бақ -пақ қосымшасы жалғану арқылы. М, жүрмек, айтпақ
  3. Көсемшенің -а, -е, -й қосымшасы жалғану арқылы. М, жүреді
Түрлері: Түрлері
Ережесі: Ережесі
Мысалы:: Мысалы:
Түрлері: 1. Мәнсіз көмекші етістіктер
Ережесі: Сөйлемде дербес қызмет атқара алмайтын, лексикалық мағынасы жоқ, тек басқа толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, солардың шылауында қолданылып, соларға грамматикалық мағына үстейді. Кейбіреуінің лексикалық мағынасы бүтіндей жоқ болса, кейбіреуінде жартылай.
Мысалы::

Е, ет, жазда, де көмекші етістіктері.

Е көмекші етістігінің сөздік мағынасы бүтіндей жоқ, жедел өткен шақ, өткен шақ есімше формасымен түрленеді. (едің, еді)

М, Ол кезде жас едім, құлай жаздадым, дір етті

Түрлері: 2. Мәнді көмекші етістіктер
Ережесі: Өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздер.
Мысалы::

Кетіп қалу, келе жату, оқып шығу, жүре беру.

М, кітапты үш қайтара оқып шықтым т. б.

Де көмекші етістігі

де етістігі

  • ойлау
  • сөйлеу етістіктері деп аталатын екі топқа бөлінеді, айт, сөйле, болжа, ойла, сөйле етістіктеріне синоним.
  • Семантикасы мен функциясының жан-жақты қолданылу қабылеті жағынан болсын өзге сөйлеу етістіктерінің бірде-біреуі де етістігіне барабар бола алмайды. Өйткені, айт, сөйле . . . Етістіктері тек өздерінің негізгі қызметтерінің аясында ғана қолданылса, де етістігінің өресі олардан гөрі әлдеқайда кең.

Де етістігінің жетекшілік қызметі де, көмекшілік қызметі де әрі орамды, әрі икемді. Бұл етістік өте жиі қолданылатындықтан, кейде де етістігінсіз тілімізде сөйлеуге болмайтын шығар, оның қызметіне тең түсетін басқа сөз жоқ шығар дегендей ой да, түсінік те оралып отырады.

  • Деп формасы нағыз көмекші болып жұмсалғанда, амалдың әр қилы кезеңдерін және жүзеге асу сипаттарын білдіретін көптеген аналитикалық форманттар жасауға дәнекер болып, сол форманттардың тұрақты компоненттерінің бірі есебінде қызмет атқарады. Ол форманттар және олардың функциялары мынандай:
  • . . . деп ал; . . . деп бар; . . . деп жібер; . . . деп кет; . . . дей сал; деп таста форманттары, қажетіне қарай, түрленіп, өздерінен бұрынғы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді бұлжытпай айтуға дәнекер бояуларымен қатар, сол хабардың не мақсатпен ( . . . деп бар . . . ), бірден басқа күйге көшу ( . . . деп кет . . . ), ерекше құлшыну ( . . . деп таста . . . ) т. б. мағыналарды білдіретін форманттар есебінде қызмет етеді.

-йын де форманттарына -п қал; -л барады, -п келеді форманттары қосылып, күрделі форманттар (-йын деп қал; -йын деп бар; -йын деп кел) құралады да, олар әрқайсысы жетекші етістікке өздерінше реңк үстейді. Сипаты:

  • -йын деп қал форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу, не аяқталуының соңғы шекке жеткенін білдіреді. М, жұмыс бітейін деп қалды
  • -йын деп барады форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталуға я аяқталуға бет алғанын, соған бірте-бірте көшкенін білдіретін реңк үстейді. М, су тасиын деп барады
  • -йын деп келеді форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың бірте-бірте үдегенін, я кемігенін білдіретін реңк үстейді. М, күн суытайын деп келеді т. б.

-йын де формантына -п тұр, -п отыр, -п жүр, -п жатыр форманттары қосылып, 4 түрлі күрделі формант жасайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Аналитикалық және күрделі формалы етістікке жалпы сипаттама
Сөздің грамматикалық мағынасы
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Күрделі етістік
Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Септік категориясының мағыналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz