Атмосфера су буы және оның қасиеттері



Кіріспе

1 Атмосфера туралы жалпы түсінік.

1.1.Атмосфера құрамы және оның құрылысы.

1.2. Амосфераның халық шарушылығындағы маңызы.

1.3. Атмосфераны зерттеу әдістері мен жолдары.


2 Атмосфералық қысым.

2 .1 Атмосфералық қысымның қалыптасуы , ауа масаларының таралуы.

2.2 Ауаның температурасы, ауадағы су буы және жел.

2.3 Бұлт және оның түрлері.


3. Атмосфералық жауын шашын.


3.1. Жуын шашынның түрлері.



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.
Атмосфера (грекше. аtmoc - бу және шар sphaira - шар ) - жердің ауа қабығы.

Атмосфера жанартаулардың атқылауынан газдардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.

Атмосфера жоғарғы шегінде бірден бөлініп айқындалатын шекараға ие емес. Оның

массасының 99,5 %-ы төменгі 80-км-лік биіктікте орналасқан.


Атмосфера жнартаулардың атқылауынан газдардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.

Атмосфераның қалыптасу жағдайына мұхиттармен биосфераның пайда болуы да

ықпалын тигізеді. Атмосфераның құрамында бірнеше газ бар.Атап айтқанда 20-ға

жуық газ бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері - азот пен оттегі , сонымен қатар су буы,

көмір қышқыл газы және озон сияқты маңызды қоспалар да бар. Ауа құрамындағы

газдардың әрқайсысына тән тығыздық мөлшері бар, олар әрбір шаршы сантиметр жерге

теңіз бетінен бастап атмос

фераның ең жоғарғы шегіне дейінгі ау а бағанының салмағына тең қысым

түсіреді, бұл теңіз суының деңгейінде орта есеппен 1,033 кг/см2шамасында.

Техникада бұл өлшем қысымның өлшемі ретінде қабылданған, ол осылайша атмосфера

деп аталады.

Атмосфера - әртүрлі газдар мен аэрозальды заттардың қоспасынан тұратын жер-

дің газды қабығы. Ол әлем кеңістігінде жермен бірге оның қозғалысына қатысады.

Сумен салыстырғанда ауа қысылады. Сондықтан биіктеген сайын оның тығыз-

Дығы төмендейді де ешбір айқын шекарасыз космос кеңістігне ауысады. Атмосфера-

ның бүкіл массасының жартысы төменгі 5-км қабатта , ал 90%-ға жуығы 16км-лік

қабатта шоғырланған. Дегенмен, оның ізі 10000 км-ден артық биіктікте де байқалады
.
Ал <<Венера>> типтес космостық станциялар мен ракеталардың көмегі арқылы сиретіл-

ген атмосфераның 20000 км биіктікке дейін таралатыны дәлелденген. Өйткені әртүрлі

спутниктер мен ракеталар атмосфера қабатын кесіп өтіп планетааралық кеңістікке жетеді.

Биіктігі 20-30 км-ге жететін атмосфераның төмені Жер бетінде орналасқан қабатының





қолданбалы мақсат үшін маңызы зор, сондықтан осықабат ғылыми тұрғыда жақсы зертел-

ген. Дегенмен соңғы кезеңде ондаған, жүздегн тіпті мыңдаған километрге созылған

атмосфера қабатының да халық шаруашылығы үшін маңызы зор екені айқындалды.

Радио байланыстар мен космос кеңістігін бейбітшілік мақсатта паидалануда гео-

фзикалық ракеталар мен спутниктер қолданылып отыр.

Атмосфераның жоғарғы қабаты күннің ультракүлгін және корпускулярлы сәуле-

сін сіңіреді. Осының нәтижесінде әртүрлі фотохимиялық процестер іске асады:

нейтралды газ молекулалары элекр зарядталған атомдарға ыдырайды. Бұл қабатта

полярлық шұғыла және ауаның үнемі жарқырауы байқалады, яғни түндегі аспанның

жарығы осыған байланысты болады. Әртүрлі радиотолқындардың таралу жағдайы

мен жылдамдығы да осы қабаттағы күрделі микрофизикалық процкстерге байланыс-

ты.
1 Жанаділова жертану өлкетану Шымкент 2000 ж.

2 Мукашева жалпы жертану курсы

3 Тіршіліктің ордасы - жер ана Сүлейменов Алматы 2002 ж.

4 П.Д . Астапенко Ауа райы жайлы әңгіме

5 География Бірмағамбетов. Ә , Мамырова. К . 2001 ж.

6 Метерология және Климотология . С. С. Байшоланов.

7 Құрманов. Қ Физикалық география терминдері мен ұғымдарының орысша қазақ-

ша анықтамалық сөздігі . Алматы Рауан 1993ж.

8 Матвеев Л . Т. Курс общей метеорологий физика атмосферы . - Л: Гидрометоизат,

1991 ж.

9 Физикалық география Есназарова . Ұ 2003 ж.

10 Физика және Астрономия. Фаизова. Л . Хильченко . Сыздықбаева . З . Атамұра

2004 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Атмосфера су буы және оның
қасиеттері..

Кіріспе

1 Атмосфера туралы жалпы түсінік.

1.1.Атмосфера құрамы және оның құрылысы.

1.2. Амосфераның халық шарушылығындағы маңызы.

1.3. Атмосфераны зерттеу әдістері мен жолдары.

2 Атмосфералық қысым.

2 .1 Атмосфералық қысымның қалыптасуы , ауа масаларының таралуы.

2.2 Ауаның температурасы, ауадағы су буы және жел.

2.3 Бұлт және оның түрлері.

3. Атмосфералық жауын шашын.

3.1. Жуын шашынның түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.
.

Атмосфера (грекше. аtmoc - бу және шар sphaira - шар
) - жердің ауа қабығы.

Атмосфера жанартаулардың атқылауынан газдардың бөлінуі
нәтижесінде пайда болады.

Атмосфера жоғарғы шегінде бірден бөлініп айқындалатын шекараға ие
емес. Оның

массасының 99,5 %-ы төменгі 80-км-лік биіктікте орналасқан.

Атмосфера жнартаулардың атқылауынан газдардың бөлінуі
нәтижесінде пайда болады.

Атмосфераның қалыптасу жағдайына мұхиттармен биосфераның пайда
болуы да

ықпалын тигізеді. Атмосфераның құрамында бірнеше газ бар.Атап
айтқанда 20-ға

жуық газ бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері - азот пен
оттегі , сонымен қатар су буы,

көмір қышқыл газы және озон сияқты маңызды қоспалар да бар.
Ауа құрамындағы

газдардың әрқайсысына тән тығыздық мөлшері бар, олар әрбір шаршы
сантиметр жерге

теңіз бетінен бастап атмос

фераның ең жоғарғы шегіне дейінгі ау а бағанының салмағына тең
қысым

түсіреді, бұл теңіз суының деңгейінде орта есеппен 1,033
кгсм2шамасында.

Техникада бұл өлшем қысымның өлшемі ретінде қабылданған, ол
осылайша атмосфера

деп аталады.

Атмосфера - әртүрлі газдар мен аэрозальды
заттардың қоспасынан тұратын жер-

дің газды қабығы. Ол әлем кеңістігінде жермен бірге оның
қозғалысына қатысады.

Сумен салыстырғанда ауа қысылады. Сондықтан
биіктеген сайын оның тығыз-

Дығы төмендейді де ешбір айқын шекарасыз космос
кеңістігне ауысады. Атмосфера-

ның бүкіл массасының жартысы төменгі 5-км қабатта , ал
90%-ға жуығы 16км-лік

қабатта шоғырланған. Дегенмен, оның ізі 10000 км-ден артық
биіктікте де байқалады
.
Ал Венера типтес космостық станциялар мен ракеталардың
көмегі арқылы сиретіл-

ген атмосфераның 20000 км биіктікке дейін таралатыны
дәлелденген. Өйткені әртүрлі

спутниктер мен ракеталар атмосфера қабатын кесіп өтіп
планетааралық кеңістікке жетеді.

Биіктігі 20-30 км-ге жететін атмосфераның төмені Жер бетінде
орналасқан қабатының

қолданбалы мақсат үшін маңызы зор, сондықтан осықабат ғылыми
тұрғыда жақсы зертел-

ген. Дегенмен соңғы кезеңде ондаған, жүздегн тіпті мыңдаған
километрге созылған

атмосфера қабатының да халық шаруашылығы үшін маңызы зор
екені айқындалды.

Радио байланыстар мен космос кеңістігін бейбітшілік мақсатта
паидалануда гео-

фзикалық ракеталар мен спутниктер қолданылып отыр.

Атмосфераның жоғарғы қабаты күннің ультракүлгін және
корпускулярлы сәуле-

сін сіңіреді. Осының нәтижесінде әртүрлі фотохимиялық
процестер іске асады:

нейтралды газ молекулалары элекр зарядталған атомдарға ыдырайды.
Бұл қабатта

полярлық шұғыла және ауаның үнемі жарқырауы байқалады, яғни
түндегі аспанның

жарығы осыған байланысты болады. Әртүрлі радиотолқындардың
таралу жағдайы

мен жылдамдығы да осы қабаттағы күрделі микрофизикалық
процкстерге байланыс-

ты.

Атмосфера прцестерінің көзі әлем кеңістігінен, соның ішінде
күннен Жер бетіне

жететін күн радиациясы ( немесе күннің сәулелі энергиясы ) Күннен
Жерндің белгілі

бір ауданына жылына келіп жететін энергияның ( жылудың )
мөлшері Жер қойнауы-

нан келетін энергиядан 30000, ал жұлдыздар менбасқа планеталардың
сәулеленуінен

30 млн . есе көп. Сондықтан Күннің сәулелі энергиясы Жер
беті мен атмосфера

қабаты үшін аса маңызды энергия көзі болып табылады.
Өйткені күннің сәулелі

энегиясы Жер беті мен атмосфера қабатында жылуға және басқа
энегия көздеріне

айналады, атмосфера қозғалысының орталығы болып табылады. Күн
энергиясының

атмосферада өзгеруі күрделі процес: күн энергиясы атмосфераға
қарағанда жер бетін

жақсы қыздырады, осыдан кейін қызған жер беті мен атмосфера
арасында жылу

мен су , су буы айырбасы іске асады.

Жердің беткі төсеніш қабаты да өз кезегімен атмосфераға
әсер етеді. Жер

бетінің рельефі мен температуралық алуандығының да ауа
қозғалысында маңызы

зор. Жердің төсеніш бетінен атмосфера қабатына көтерілген
шаң- тозаң мен алуан

түрлі аэрозольдар атмосфераның оптикалық қасиеті мен электр
өткізгіштігіне әсер

етеді. Өз кезегімен атмосфераның болуы жердің және су
қабатының бетінде әртүрлі

физикалық процестерді тудырады: жел эрозиясы, теңіз ағыстары
мен толқындары.

Атмосфера құрамы және оның құрылысы.

Жер шарын жан-жағыана атмосфера деп аталатын ауа қабығы
қоршап жатыр.

Ол- Жердің ең сыртқы қабығы. Ауа дегеніміз- әр түрлі газдардың
қосындысы. Олардың

ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің
78%-ын азот,

21%-ын оттегі құрайдығ.

Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы –
оттегі. Адам мен жануар-

лар оттегімен тыныстайды. Оттегі жануды қолдайды. Азот – тыныс
алуға қатынас-

пайды. Бірақ ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті
зат. Өсімдік те, жан-

уарлар да оны тікелей ауадан алмайды. Олар азотты айналма жолмен
топырақ қабыл-

дайды. Түрлі өсімдіктердің тамырында, түйнегінде тіршілік
ететін бактерялар азотты

ауадан алып, өсімдіктің түйнегі мен тамырына жинақтайды. Уақыт
өткеннен кейін тамыр

мен түйнек шіриді де, құрамындағы азот топырақта қалады.

Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы – көмірқышқыл газ.
Ол жанудан шәне

Жануарлардың тыныс алуынан түзіледі.Бұл газдың ауа құрамындағы
үлесі аз

болғанымен ( 0,03% ), жердегі тіршілік үшін маңызы зор.
Көмірқышқыл газ

өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қажет. Сонымен бірге ол күннен
келетін жылу

сәулелерін жерге өткізіп жібереді де, олардың кейін ғарыш
кеңістігіне шашырап кетіп

қалуына кедергі келтіреді, яғни жерді жылтуға қатынасады.

Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң-тозаң
кіреді. Атмосфераның

төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті болып
табылады. Биіктік артқан

сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында бірте-бірте ғаламдық
кеңістікке ұласып кетеді.

Сондықтан атмосфераның жоғарғы шекарасын дәл белгілеп айту
қиын. Ғалымдар оны

шамамен 2-3 мың километр биіктікте өтеді деп есептейді. Осындай
қалыңдықтағы ауа
қабағы жер төңірегінде оның тату күшінің әсерінен ұсталып
тұрады және жердің

өзімен бірге айналады.

Атмосфералық ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және
т. б. Бір жерден

екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді.
Атмосфераның бұл қасиеттері,

әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеіске ұшырайды. Температураның
және газ құрамы-

ның өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа
жіктеледі ( 48- сурет),

Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі
қабаты- тропосфера

( гірекше тропос – бұрылыс, өзгеріс ). Онда температура биіктік
бойынша шамамен бір-

қалыпты төмендейді. Оған себеп: атмосфераның бұл қабатындағы ауа
оған түскен

күн сәулелерінен тікелей жылынбайды да, жылу содан барып ауаға
тарайды. Тропос-

фераның жоғарғы шегінде температура – 55 С-қа дейін төмендейді.

Тропосфераның қалыңдығы орта есеппен 11 км ( экватордың
үстінде бұдан қалың,

плюстерде жұқарақ ). Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 %-ы тиеді.
Су буы да түгелдей

дерлік осы қабатта. Тропосферада бұлт үйіріліп, жауыншашын
жауады, жел тұрады,

ауа райы түзіледі.

Тропосфераның үстінде стратосфера ( грекше стратум –
қабатталған ) қабаты

жатады. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура
біршама тұрақты,

ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өседі. Температураның
жоғарылауы осы қабатта

шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне
байланысты.

Биіктеген сайын температураның өзгеруіне байланысты
атмосфера бірнеше қабат-

тарға бөлінеді:

Жоғарлаған сайын температура орташа азаятын атмосфераның
төменгі қабаты

тропосфера деп аталады. Дұл қабат тропиктерде жер бетінен
15 – 17 км, екі жарты

шардың да қоңыржай ендіктерінде 10 – 12 км – ге ал
полюстерде 8-9 км-ге дейін

созылады. Осы жайда орташа деген сөздің маңызы зор,
өйткені тропосферада

температураның жоғарылаған сайын азаюы тек орташа жағдай үшін
қажет: орташа

жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар , өзгерістер ,
тіршілік атаулы ауамен

байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы айдағы
сияқты күн

мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді. Жер
бетінде

жыл мезгілдік т. б. әрбір жекелеген уақыт аралығында
температураның бүкіл

қабатта азаюы басқа қабаттармен үзіліп отыруы мүмкін. Соңғы
қабаттарда

температура тұрақты қалуы ( изотермия ) немесе биіктеген
сайын артуы мүмкін

( инверсия ).

Экваторлық ендіктің тропосфера қабатында орташа жылдық
температура

жердің төсенші бетінде +26 С-тан тропосфераның жоғарғы
шекарасында -80 С-қа,

қоңыржай ендіктерде +3 С-тан -54 -58 С-қа ( солтүстік
ендік ), ал солтүстік

полюсте - 23 С-тан -60 С-қа дейін қыста және – 48 С-қа дейін
жаз айларында ауыт-

қып отырады. Жалпы алғанда температураның өзгеруі әрбір 100-
метрге 0,60 С,

бірақ бұл шама өзгермелі. Тропосферада бүкіл ауа массасының
жартысы , атмос-

ферадағы барлық су буы шоғырланған және бұлттар осы қабатта
ғана пайда болады.

Тропосферадағы ауа массасы тұрақсыз болғандықтан вертикальдық
бағытта ауаның

ауысуы қарқынды өтеді. Өйткені оған жердің төсеніш бетінің
тигізер әсері зор: құр-

лықтар мен мұхиттардың бірдей қызбауы, жылы және суық теңіз
ағыстары мен

сеңгір қар басқан территориялардың қарсыз аймақтармен ауысып
отыруы да ауада

температуралық айырмашылықты тудырады. Жердің төсеніш бетімен
тікелей әрекет-

тесуі нәтижесінде тропосферада суық және жылы ауа массалары пайда
болады.

Тропосфераның жоғарыда көрсетілген биіктігі Жер бетінің
жекелеген аудан-

дарында орташа көрсеткіш шамасында ауытқып отырады. Ауаның
қысымы тропос-

фераның жоғарғы шекарасында жердің төсеніш бетімен салыстырғанда
3 – 10 есе кем.

Тропосфераның ең төменгі өте жұқа ( 50 - 100 м )
қабатына жер бетіеің тигізер

әсері мол. Бұл қабатта тәулік ішінде температураның күрт ауытқып
отыруы байқала-

ды: күндіз температура жоғарылаған сайын төмендейді, ал түнде
керісінше. Осы

шамада желдің жылдамдығы да биіктеген сайын.

Жер бетімен есептегендегі 1000 - 1500 м қашықтықты
планетааралық шекара-

лас қабат деп атайды. Жоғарғы орналасқан қабаттармен
салыстырғанда жел жылдам-

дығы бәсеңдейді, ал неғұрлым жер бетіне жақындаған сайын
бәсеңдеуі арта түседі
.
Тропосфераның жоғарғы шекарасы, яғни қалыңдығы 1 – 2 км
созылатын жұқа өтпелі

қабаты тропопауза деп аталады. Мұнда температуралық көрсеткіш
тұрақты.

Тропопаузадан жоғары биіктігі 50 – 55 км - лік қашықтықта
стратосфера

орналасқан, температура биіктеген сайын көтеріледі. Стратосферадағы
озон қабатының

тіршілік үшін ерекше мәні бар. Бұл қабат Күннен таралатын
әсірекүлгін деп

аталатын сәулелерді ұстап қалады. Әсірекүлгін сәулелер тірі
организмдерге,соның

ішінде адамның өміріне өте қауіпті. Олар өте көп мөлшерде түсетін
болса , адамның

денесін күйдіріп, рак ауруына шалдықтырар еді, көптеген пайдалы
бактериялар қыры-

лып қалар еді. Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен
ерекшеленеді

Атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы
алдымен 80-90 км

биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура
тез көтеріліп

1000-2000 С-қа дейін өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі
қабаттарына,

дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ
бөлшектерін электрлендіреді.

Олар күн сәулелерін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады.
Бірақ газ бөл-

шектері бір-біріне маңайламайтындықтан, мұндай температураны
адамның денесі

сезбеген болар еді . Күннен таралатын электір зарядтарды
атмосфераның биік

қабатарында поляр шұғыласы құбылысынын тудырады . Атмосфераның ең
сыртқы

қабатынан газ бөлшектер Жер төңірегінде әлемдіккеңістікке шашырап
кетіп жатады .

Сонымен бүкіл геологиялық даму тарихында құрлықтар мен мұхиттардың
кеңістікте

орналасу жағдайы климатқа, мұз қабаттарының қалыңдығына ғана
емес бүкіл

табиғи құбылыстардың өзгеріп отыруына әсерін тигізеді.
Стратосферада ауа өте құр-

ғақ болуымен ерекшеленеді.

Стратосфераның төменгі шекарасында (тропопаузадан 25 км
биіктікке дейін)

температура тұрақты немесе біртіндеп көтеріледі ( қыста
полярлы ендіктерде бір-

тіндеп төмендеуі де мүмкін ) , ал 34-35 км биіктіктен бастап
температура жоғары-

лаған сайын тез өседі. Бұл ерекшелік стратосфераның жоғарғы
шекарасына дейін,

(50 км – ге дейін) , яғни стротопаузаға дейін сақталады. Бұл
аралықта ауа массасы

Жер бетіндегі ауа сияқты жылы. Температураның жоғарылаған сайын
өсуі салдарынан

стратосферадағы ауа массасы бірқалыпты: мұнда тропосфераға тән
ауа массасының

ауысуы мен вертикальдық ауа қозғалысы байқалмайды .

Су буы стратосферада өте аз, бірақ жоғарғы ендіктердің
22-24 км биіктігінде

бұлттар пайда болады. Күміс бұлттардың қозғалысына қарағанда
мұнда ауа тропос-

ферамен салыстырғанда горизонтал бағытпен қозғалады. Күндіз олар
көрінбейді, ал

түнде күннің сәулесі нәтижесінде жарқырап тұрған тәрізді
болады. Стратосфера

ауасының тропосферадан айырмашылығы онда озоның болуы.
Озон ( О ) тропос-

фераның жоғарғы шекарасында-ақ пайда болады, бірақ шамасы өте
аз. Бүкіл стратос-

ферадағы озонның көп мөлшері 20 км- лік қалыңдықта, яғни 15-35 км-
де шоғырланған.

Оның шамамен 30%-ға жуығы 25-30 км-лік аралықта, ал осы
деңгейден жоғарылап,

төмендеген сайын озон мөлшері кеми береді.

Стратосферада озон қабатының қалыңдығы үнемі
өзгеріп отырады. Бұл

өзерістің тірі организімдер үшін маңызы зор. Өйткені
озон қабаты ультракүлгін

радиациясын жүтады, ал кейбіреулерін географиялық қабық
шекарасына өткізбей-

ді. Сондықтан озон қабаты тіршілік көзін қорғаушы
экран болып табылады.

Озон қабатының ерекшеліктеріне байланысты стартосфераны
озоносфара деп атау-

ға да болады.

Мезосфера. Стратосферадан жоғары стратопауза
шекарасынан 80-82 км биік-

тікке дейін мезосфера созылып жатыр. Мұнда температура
қайтадан төмендейді

де оның жоғарғы шекарасында - 110 С-қа дейін жетеді.
Биіктеген сайын тем-

пература тез төмендейтіндіктен мезосферада турбуленттік
процес, ал жоғарғы

бөлігінде жылтыр бұлттар пайда болады. Олар мезосфера
құйыны мен бораны-

ның формасына сәйкес келетін әртүрлі кристалдардан
тұрады. Мезосфера құйын-

ының жылдамдығы сағатына 50 және 100 км-ге жетеді және
бағыты тез өзгер-

мелі. Мезосфераның жоғарғы шекарасы биіктігі 82 км
шамасында орналасқан

мезопауза. Мезапаузаның ауа қысымы жер бетінің ауа
қысымымен салыстырғанда

1000 есе кем.

Сонымен тропосфера, стратосфера мен мезосфера 80
км биіктікке дейін

бүкіл ауа массасының 99,5% - ы шоғырланған. Жоғары
орналасқан қабаттағы

атмосфера массасының үлес салмағы 0,5%. Ол 2,578.10 т.
Сәйкес.

Термосфера. Атмосфераның мезосферадан жоғары орналасқан
бөлігі термос-

фера деп аталады. Термосферада температура күрт
жоғарлайды да 100 км биік-

тікте 0 С-тан өтеді. 150 км – лік биіктікте +220-240
С-қа жетсе, 200-250 км-

де +500-1500 С-қа жетеді. Термосферадағы температураның
жоғары болуы атмос-

фера газдарының молекулалары мен атомдарының жылдамдығының
жоғары бол-

уынан. Бірақ термосферада ауа тығыздығы төмен
болғандықтан газдардың жылу

ұстау қабілеті нашар. Сондықтан мұндағы кез келген дене
қызбайды ( Мысалы,

ұшатын спутниктер ). Олардың қызу деңгейі өздерінің күн
радиациясын сіңіру-

іне байланысты. Космос кеңістігінен келіп түсетін
ультракүлгін сәулелердің нә-

тижесінде ауа иондалған газдар. Ал ауаның иондалу
деңгейі неғұрлым жоғары

болса, соғұрлым оның электір өткізу қасиеті жоғары.
Термосфераны иондалған

газдар жер бетімен салыстырғанда бірнеше есе көп
болғандықтан ионосфера деп

те атайды. Мұндай иондалған төрт қабат жіктеледі.
Иондалған қабаттағы ауа

массалары вертикальдық бағытта секундына 40-80 км
жылдамдықпен қозғалады.

Мүндағы ауа массаларының қозғалысына жердің магниттік
өрісінің де тигізер

әсері зор.

Экзосфера. Атмосфера қабатының биіктігі 800 – 1000 км аралығында
орналасқан

бөлігі экзосфера немесе атмосфераның сыртқы бөлігі болып
табылады. Газ бөлшетері-

нің , әсіресе жеңіл газдардың , жылдамдығы өте жоғары және ауа
сирек болғандықтан

олардың басым мөлшері планета аралық кеңістікке ұшып кетеді.
Кейбір зарядталмаған

бөлшектердің жылдамдығы секундына 11000. Сондықтан экзосфераны
газ ұшатын

сфера деп те айтуға болады. Көбінесе сутек атомы мен гелий,
өйткені атмосфера-

ның жоғарғы қабатында осы газдар басым. Газдар сирек
орналасқандықтан қанша-

ма жылдамдық жоғары болса да олар бір – бірімен ешқашан
соқтығыспайды. Көпте-

ген ғалымдардың тұжырымы бойынша экзосферадағы температура 2000
С- қа жуық..

Атмосфераның Жер бетіндегі тіршілік көзі үшін маңызы зор. Ол
жерді құлаған метео-

риттерден сақтайды, бүкіл тірі организмдер үшін қауіпті күннің
ультракүлгін раиация-

сын сіңіреді. Сонымен қатар, Жерден келетін ұзын толқынды
жылуды космос

кеңістігіне жібермей ұстап қалады, сөйтіп Жер бетінің жылу
режимінің қолайлы

болуына әсер етеді. Атмосферада бұлттар мен тұмандар пайда
болады, ылғалды ауа

массасы қалыптасады. Жер бетінде атмосферасыз тіршілік көзі болмас
еді.

Бірақ атмосфераның құрамы үнемі дәл қазіргідей болған
жоқ.. Алғашқы гелий-

лі - сутекті атмосфера жер қызғанда жоғалып кеткен. Біртіндеп
планетамыздың даму

барысында әр түрлі газдар бөлініп шыққан; Тектоникалық працестердің. Жер
қыртысындағы

жарылулар мен жарықшалардың нәтижесінде бөлінген газдар.

Атмасфера мен Гидросфера бірден, тез арада бір-бірінен бөлініп
шықпған деп

тұжырымдайды. Алғашында жерді күн сәулесін нашар өткізетін су буы мен әр
түрлі газдар

(СО, СО2,НСІ,НҒ,В Н2S,NH3,СН4) қоршап жатқанда температурасы +100 С
болған.

Температураның төмендеуіне байланысты біртұтас қабық екіге
жіктелген:атмасфера мен

гидросфера. Бұл кездегі атмасферада бос оттегі болмаған деп
есептейді.Атмасфера азон қабаты

жоқ болғандықтан Жер беті күннен келетін қысқа толқынды сәулелерден
қорғалмаған.

Жер қыртысындағы әр түрлі тектоникалық және вулкандық процестердің
нәтижесінде

атмосферадағы көмір қышқыл газының мөлшері көп болған. Басқа
элементтермен реак-

цияға түсуі , ал негізгі фотосинтез процесі нәтижесінде көмір
қышқыл газының

атмосферада азаюы үшін көп уақыт өткен.

Полезой эрасының соңында атмосфераның құрамының қазіргіден
айырмашылығы

аз болды. Ол азот пен оттегі газдарының басым болуы. Дегенмен,
қазіргі күннің өзін-

де атмосфераның құрамы үнемі тірі организмдер арқылы реттеліп
отырады.

Жер бетіндегі ауа ылғалды, өйткені оның құрамында басқа
газдармен қатар су

буы бар (H2O). Су буы жоқ ауаны құрғақ ауа деп атайды. Жер бетінде
қалыптасатын

құрғақ ауаның құрамы төмендегідей: 78% азот( массасы бойынша76%)
оттегі 21% (

массасы 23% )

Атмосфераның халық шаруашылығындағы маңызы.

Жер бетінде өтіп жататын түрлі құылыстар, өзгерістер, тіршілік
атаулы ауамен

Байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы Айдағы
сияқты күн мен

түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді. Күндіз
тіктеп түскен күн

сәулесі жер бетіндегі заттың бәрін бірден күйдіріп жіберер еді.
Күндізгі ыстық тек өзен-

дер мен көлдерді ғана емес, тіпті теңіздерді де түгелдей
буландырып құрғатып жіберер

еді. Оған, керісінше, түндегі суық - 100 С-тан асып кетер еді.
Ондай ыстық пен қақаған

аязға жануарлар да, өсімдіктер де шыдамайтындығы белгілі. Демек,
жер бетін құлазығы

шөл алып жатар еді.Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып
тарататындықтан ,

күндіз жер беті қатты қызып кетпейді. Оның есесіне түнде ауа
қабаты жылуды қымтап

ұстап тұрады да, жер бетін қатты сақындаудан сақтайды. Атмосфераның
төменгі қабатын-

да бұлт үйіріліп, жауын – шашын жауады.

Жерге әлемдік кеңістіктен метеориттер үздіксіз ұшып келіп
жатады. Бірақ олардың

көпшілігі ауаға ысылып жанып кетеді. Атмосфера болмаса,
метеориттер Жерді үздіксіз

соққылап жатар еді .

Біздің планетамыздағы тірщілік атмосфера қабатына тығыз
байланысты. Ауаның

құрамындағы оттегімен адам және жануарлар тыныс алады. Өсімдіктің
өсуі үшін де ауа

керек. Ауа болмаса жер бетін Айдағы сияқты құлазыған қу шөл алып
жатар еді.

Адамның іс-әрекетінде ауыл шаруашылығы сияқты
метеорологиялық жағдайлар-

мен соншама тығыз байланысты басқа бір сала бола қояр ма екен.
Егер ауыл шаруа-

шылық дақылдарының және ауыл шаруашылық өнімінің жер шарында
таралуы көбінесе

климатқа байланысты болса, дақылдардың түсімі және ауыл шаруашылық
өндірісінің

тиімділігі сол жылы қалыптасқан ауа райына мейлінше тәуелді
болады.

Ауыл шаруашылық өндірісінің ауа райы жағдайына тәуелділігі өте
күрделі-ауыл

шаруашылығының барлық саласына , тіпті белгілі бір жерде өсірлетін
дақылдардың бәріне

бірдей тиімді ,бәріне қолайлы жағдай болмайды . Көбінесе бір салаға
немесе бір ауыл

шаруашылық дақылына қолайлы жағдай екінші бір салаға немесе дақылға
қолайсыз

болып шығады. Осы тұрғыдан алғанда ауыл шаруашылық өндірісін
бірінің кемісін бірі

толтыра алатындай және кейбіреуі үшін қолайсыз болған жылдың
шығынын екінші

біреулері өтеп отыратындай салаларды дамытып, сондай дақылдарды
өсіруге дұрыс

бағыттай білудің маңызы айырықша зор. Осыған байланысты кейбір
аудандарды бір ғана

дақылға бағдарлауды мамандар тиімсіз деп санайды . Алайда ауыл
шаруашылық

өндірісінің басқа да мүдделерімен және ең алдымен әлеуметтік
мүддемен, бір ғана

ауданның емес , бүкіл елдің мүддесін тағы санаспауға болмайды.
Бірақ , қалай болғанда

да, әр ауданның климатын және ауыл шаруашылық өндірісінің
өнімділігіне тікелей әсер

ететін ауа райы жағдайындағы ауытқуларды есепке алмау тіпті де
мүмкін емес.

Кейбір ғалымдардың пікірінше , адамзат үшін атмосфера
ауасындағы оттегі мен көмір

қышқыл газы мөлшерінің өзгеруі, сондай-ақ озон мөлшерінің кему
мүмкіндігі өте-мөте

қатерлі.

М.И. Будыко келтірген мәлімет бойынша, [ Ауа райы туралымәлімет-
249 бет] соңғы 100

жыл ішінде Жер атмосферасындағы көмір қышқыл газының мөлшері артып,
1974 жылы

0,033% (көлемі жөнінен ) болған, ал ауаның температурасы осы
мерзімде 0,5 С көтерілген

Сол мәлімет бойынша 2000 жылға таман ауадағы көмір қышқыл газының
мөлшері

көлемі жөнінен 0,038 -- 0,41% , ал ауа температурасының көтерілуі
1,0 – 1,5 С, 2025

жылы тиісінше 0,052 - 0,064% және 2,0 -3,5 С болмақшы.

Академик Ф. Ф. Давитая 1975 жылы өзінің [ Ауа райы туралы
мәлімет -250 бет ]

ұзақтығы жөнінен тең емес екі кезеңге арналған
есептерін жариялады, бұл

кезеңгер адам қызметінің басталуынан 1969 жылға дейінгі
жылдарды және

соңғы 50 жылды қамтиды. Жер бетіндегі халықтың әртүрлі
органикалық отын-

дарды жағуына байланысты оттегінің шығыны мен көмір
қышқыл газының

шығуы бір-біріне мүлдем үйлеспейтін осы екі кезеңде
абсолютті цифрмен

алғанда бір қатардағы шаманы көрсетеді екен, яғни 20-
шы ғасырдың жар-

тысында адамдардың оттегін жұмсауы мен атмосфераға
көмір қышқыл газы-

ның шығуы күрт артып кеткен. Және де оттегін жұмсау
жыл сайын шамамен

10% өседі, қазірдің өзінде ол орасан зор цифрмен
өлшенеді-жылына 10 млрд.

тоннаға тең. Ауадағы көмір қышқыл газының мөлшері
ғасырдың соығы шир-

егінде 15% дерлік ұлғайды. Егер осы бетімен кете
беретін болса алдағы

ғасырдың өзінде-ақ жер бетінде оттегінің
жетіспеушілігі сезілетін болады,

ал ауадағы көмір қышқыл газының көптігі парник
әсерін туғызып, елеу-

лі түрде жылуға соқтыруы мүмкін.

Атмосфераны зерттеу әдістері мен жолдары.
Атмосфераның төменгі жер

бетіне таяу қабаттары тікелей бақылау арқылы ертеден
зерттеле бастады. Ал

биік қабаттары мен олардың құрылысы туралы мағлұматтар
ұзақ уақыт тек

жанама белгілер арқылы ғана алынып келді.
Метеориттердің жануын бақылау

100 км және одан да биікте ауаның едәуір тығыз
екендігін, күміс бұлттар

өте үлкен биіктікте су булары бар екенін болжауға
мүмкіндік береді. Сол

сияқты дыбыстың таралуына, батқан күннің шапағын
бақылауға байланысты

атмосфераның биік қабаттарының құрылысы мен құрамы
туралы кейбір мәлім-

еттер алынды. ХIХ ғ. бас кезінен атмосфераны
аэростаттардың көмегімен зерт-

теу жұмыстары басталды. Көп ұзамай-ақ атмосфераның
жер бетінен ондаған

километр биік қабаттары туралы шар-зонд арқылы мәлімет
алына бастады.

Французша-зонд – байқау деген сөз. Бұл тәсіл
бойынша өзі жазатын

метеорологиялық құралдар шарға тіркеледі. Шар біраз
биікке дейін өрлеп

көтерілгеннен кейін жарылады да, құралдар жерге
құлайды. Бірақ оларды

іздестіріп тауып алу қиынға түседі. Бұл жағдай шар-
зонды радиозондпен ауыс-

тыру қажеттігін тудырды.

Атмосфераның биік қабаттарын зерттеуге радиозонд
қолданылады. Бұл

тәсіл бойынша арнаулы аспаптар жеңіл газ толтырылған
әуе шарының көме-

гімен едәуір биікке – көбінесе стратосфераның орта
тұсына дейін көтеріледі.

Олар өрлеп бара жатқан жолында түрлі биіктіктегі
ауаның температурасын,

ылғалдығын және қысымен өлшейді. Алынған мәліметтерді
радиотаратқыштар

жерге хабарлап отырады ( 49-сурет ). Радиозондардың
шарықтау биіктігі -35-40 км.

Ал метеорологиялық зымырандар онан 3-4 есе артық
биіктікке ұшырылады.

Зымыран шарықтау шегіне жеткеннен кейін оның бақылау
жүргізетін аспаптар

орналасқан бас жағы бөлінеді де, парашютпен қалықтап
түседі. Жиналған

мәліметтер жердегі станцияға басқаша - теледидар арқылы
да жеткізіледі.

Соңғы кездері атмосфераның жоғарғы қабаттарын
зерттеуге жердің

жасанды серіктері ( ЖЖС ) кеңінен қолданылуда. Олар
атмосфераның жер бетіне

таяу қабатын және бұлттылық жайын фотосуретке
түсіріп хабарлайды және

үздіксіз телекөріністер беріп отырады. Мұндай хабарлар
сұрапыл жойқын дау-

ылдарды, атмосфераның ластауына , орман өртін және т.б құбылыстарды
дер кезінде

біліп , алды ала шара қолдануға мүмкіндік береді.

Тұрақты орбитамен Жерді айналып ұшып жүретін жасанды Жер
серіктерінен кейін

іле-шала әлемдік кеңістікке ғарыш кемелері ұшырылады. Олар жер
атмосфераның ең

жоғарығы қабаттарды және планетааралық кеңістік туралы мағлұматтар
бере бастады.

Бұл зерттеу программасына байланысты . Мәселен , планетарлық және
аймақтық

ауқымдағы (мега және макроаумақ деп аталатын) ластануды зерттеу
үшін экватордың

немесе оған жақын ендіктердің үстінде өте жоғары биіктікте
қозғалыссыз тұратындай

геостаионарлық спутниктер , сондай-ақ 900-1200 км биіктікте ұшатын
ТВ аппаратурасы

бар кәдімгі метеорологиялық спутниктер өте ыңғайлы ; белгілі бір
аймақтағы (мезоаумақ ) .
ластануды егжей – тегжейлі зерттеу үшін Лэндсот типтес
қамту мүмкіндігі өте

жоғарғы аппаратурамен жарақтанған , табиғат ресурстарын
зерттейтін арнайы ИСЗ-

лар неғұрлым тиімді. Ракеталардың , спутниктердің , атмосфераны
зонд арқылы тек-

серудің басқа да құралдарының көмегімен атқарылған зерттеулер
көрсеткеніндей

биік көкте , бос атмосферада метеорологиялық жағдайлар жер
үстіндегілерден бір-

шама өзгеше екен.

Атмосфералық қысым.

Жер бетіне жақын ауа қысмы оның өзінің салмағына байланысты
болады. Яғни,

біз бен сізді және барлық айналадағы нәрселерді шамамен 1800 км
атмосфера өлшеміне

тең ауа бағаны қысады. Атмосфера қысымының маңызы зор екенін білу
қиын емес. Оған

ең алғаш Отто фон Герике тәжірибесі кітабының авторы грвюрада
кескіндеген тарихи

магдебург тәрелкелерімен жасалған тәжірибемен көз жеткізеді. Бір
-біріне бекітілген

металл жарты шарлардың қуысынан ауа сорынып алынады да, бұл
тәрелкелер тек атмос-

фералық қысымның арқасында бір-бірін ұстап тұрады. Қысымның
үлкендігі сонша, 8пар

жегілген аттар жарты шарларды ажырата алмады. Алайда жарты
шарлардың атмосфералық

қысымын өлшеу үшін Жер бетіндегі қысымды өлшеу керек болады.

Өте қарапайым тәжірибе негізінде итальян ғалымы Эванжелиста
Торричелли атмос-

фералық қысымды өлшейтін ең алғашқы құралды жасап шығарды. ( 15
- сурет )

[Физика және Астрономия Фаизова. Л . 34- бет ] Ол бір жағы
бітеу, ұзындығы 1метр

Щыны түтікті сынаппен толтырып оны тығыз етіп жапты. Әрі қарай
жабылған жағымен

сынабы бар ыдысқа төңкерді. Түтікті ашқаннан кейін ондағы сынаптың
бір бөлігі төгіл-

ді. Ал қалған 760 мм биіктіктегі сынап түтікте қалды. Түтіктің
бітеу жағында ауа жоқ,

демек қатынас ыдыстың осы бөлігіне түсетін қысым сынап бағанының
қысымымен анық

талады. Ыдыстағы сынаптың бетіне атмосфера бағаны қысым түсіреді -
тек атмосфералық

қысым әсер етеді. Қатынас ыдыстардағы сұйық тепе-теңдікте тұр ,
демек Паскаль заңы-

на сәйкес атмосфералық қысым түтіктегі сынап бағанының қысмына ,
яғни 760 мм

сынап бағанына тең. Сынабы бар түтікке бөліктер құнын сала отырып,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа құрамы
Автоотмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез
Ауаның құрамындағы көмір қышқыл газының мөлшерін анықтау
Ауа – экологиялық фактор
Атмосфера құрамы
Гидросфера
Адам организміне жоғарлатылған және төмендетілген атмосфералық қысымның әсері
Атмосфераның құрылысы
Биосфера - әлемдік экожүйе
Күн энергиясынын турленуі
Пәндер