Сыныптағы оқшауланған балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

топ студенті

"Сыныптағы оқшауланған балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында жазған диплом жұмысына

П І К І Р

Мектеп өмірінде жиі кездесетін, сондай-ақ психолог жұмысында негізгі міндеттердің бірі болып табылатын мәселе - сынып тобында оқшауланған оқушы мәселесі. Сондықтан студенттің бітіру жұмысының қарастырып отырған мәселесі өзекті болып табылады.

Диплом жұмысында балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселелерін теориялық тұрғыда жан-жақты зерттеген. Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау жасаған. Қарым-қатынастың адам психикасынын дамуына әсері мен қарым-қатынас жасаудың технологиясы мен тәсілдері көрсетілген. Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама берген.

Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мақсатында бірқатар социометриялық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептерін, сондай-ақ психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептерін дәлеледей білген.

Сыныптан оқшауланған балаларға арналған психологиялық көмек көрсетудің бірқатар жолдарын көрсеткен. Соның ішінде ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін аша отырып, қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен жаттығулар жиынтығы берілген.

Студенттің жазған диплом жұмысы тақырып мазмұнын толық ашады. Жазу стилі мен грамматикалық жағынан сауатты жазған. Қорыта келе, диплом жұмысы өте жақсы жазылған деп бағалаймын.


топ студенті

"Сыныптағы оқшауланған балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында жазған диплом жұмысына

П І К І Р

Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу жұмысының обьектісі мен пәндері дұрыс анықталған. Зерттеу жұмысының әдістері, әдістемелері, теориялық және практикалық құндылығы дәлелденген.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселелерін теориялық зерттеген. Яғни психологиялық әдебиеттердің көмегімен психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау жасаған. Қарым-қатынастың адам психикасының дамуына әсері туралы баяндаған. Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттарын келтірген. Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама берген.

Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде ұжымда балалардың оқшаулану себептерін диагностикалау мәселелеріне тоқталған. Яғни ұжымнан баланың оқшаулану себептерін зерттеген, баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептерін және психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептерін көрсетеді.

Ал зерттеу жұмысынң үшінші бөлімінде сыныптан оқшауланған балаларға психологиялық қызмет көрсетудің бірқатар ерекшеліктеріне тоқталады. Диплом жұмысында қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен жаттығулар берілген.

Қорыта келе студенттің диплом жұмысы біршама аяқталған. теориялық, практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген ғылыми жұмыс болып табылады.

Сондықтан бітірушінің диплом жұмысы психологиялық қызмет көрсету салаласында өте құнды материал, әрі диплом жұмысы ғылыми тұрғыда түсінікті және жеңіл тілде жазылған деп көрсете отырып, диплом жұмысын қорғауға жіберуге болады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БӨЛІМ. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . . . 8

1. 1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалдыру ұғымдарына талдау . . . 8

1. 2 Қарым-қатынастың адам психикасының дамуына әсері . . . 14

1. 3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары . . . 18

1. 4 Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама . . . 21

1 Бөлімнің қорытындысы . . . 26

2 БӨЛІМ. ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 28

2. 1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін зерттеу . . . 28

2. 2 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері . . . 38

2. 3 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері . . . 43

2 Бөлімнің қорытындысы . . . 45

3 БӨЛІМ. СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ . . . 47

3. 1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары . . . 47

3. 2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері . . . 50

3. 3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен жаттығулар . . . 53

3 Бөлімнің қорытындысы . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 73

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысынын өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы II казандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелерін жақсарту мен нығайту мәселес баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы. сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздын әлеуметтік және экономикалық техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Адам адам болып жарытылғаннан соң. оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі. сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді менгерудің балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ. онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл болінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардын өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.

Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар. сабаққа қатынасының өзгеруі байкала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектепте баланың жеке тұлталық әлеуметтену барысында оның рухани ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қоюға арқылы мектеп тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.

Қазіргі кезде мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектеп психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.

Сондықтан мектеп сыныптарында туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылыктары бар балаларды анықтап оларға дер кезінде көмектесу - қазіргі мектеп алдында қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.

Диплом жұмысының мақсаты: Әртүрлі жас кезенінде балалардың топтан оқшаулану себептерін зерттеу арқылы оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңінде ұжымнан оқшауланған балалар.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі және мектеп кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасындағы оқшаулану ерекшеліктері мен психологиялық көмек көрсету жолдары.

Зерттеудің негізгі жорамалы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп жас кезеңінде балалардың сыныптан оқшаулануы сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу ерекшелігіне байланысты.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалға сәйкес қойылған міндеттер:

• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.

• Мектептегі сыныптык ұжымда балалардың окшаулануын эмпирикалық зерттеу.

• Баланың ұжымнан оқшаулану себептерін анықтау және соған байланысты қарым-қатынасында проолемасы бар балаларды жіктеу.

• Сыныптан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.

• Қарым-қатыныасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Л. С. Выготскийдің балаға комплексті жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы В. Н. Мясишев.

С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың "жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады" қағидасы. О. Осадьконың оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынаска түсу стиліне байланысты оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынаска түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлеледейтін зерттеулер - біздін зерттеу жұмысы теориялық жақтарына арқау болды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Топтағы оқушылардын бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуте арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі адамдардың бір-біріне тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері хронометрлі бақылау әдістемелері анкета бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата-аналарға арналған сауалнамалар балалар мен ата-аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар жанұядағы және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас шкаласы мінезіндегі кешеуленуді білдіреді регисграция парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылды.

Диплом жұмысының жаңалығы: Әрбір жас кезеніндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға киналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы: Мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасындағы оқушылардың құрбыларымен қарым-қатынасымен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса бұл мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және мектеп қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген топтан оқшаулану себептері ашылған сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге арналған кеңестер психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектеп психологының теориялық білімін жоғарылатып қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап олармен жұмыс жүргізу шеберлігін арттырады.

Зерттеу жұмысының базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласындағы Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының мектепке даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Бітіру жұмысы кіріспе. үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған 58 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 86 бет.

1 БӨЛІМ. БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ОҚШАУЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. 1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау

"Әлеуметтік изоляция", "оқшаулану", "ұялшақтық" жалғыздыққа душар болған адамның жағдайын сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі - семантикалық жағынан жақын түсініктер.

Психология ғылымында осы бағыттағы зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Дегенмен қарым-қатынас мәселесіне байланысты анықталатын қарым-қатынасында өзгешелігі бар екенін сипаттайтын түсініктер кездеседі.

Түсіндірмелі сөздіктерде "изоляция" ұғымы медициналық және құқықтық терминологиялық мағынада түсіндіріледі. "Изоляция" - термині ауру адамды немесе қылмыскерді әлеуметтік ортадан мүлдем бөлектеп тастау мен сипатталынады.

К. Рубиннің ойынша «Әлеуметтік изоляция». «Әлеуметтік оқшаулану», «Тұйықтық», «Тежелгіштік», «Ұяңдық» сияқты терминдер шындыққа келгенде, әртүрлі феномендерді белгілейді. К. Рубин өз еңбектерінде «Әлеуметтік изоляция» терминін «Әлеуметтік оқшаулану» терминімен алмастырады. «Әлеуметтік оқшалану» термині зерттеуші топ үшін жалғыздықты сипаттайтын әртүрлі формаларды жалпылаушы ретінде көрсетеді.

Т. Гутеил және Р. Шейдер еңбектерінде изоляция ұғымын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Олардың айтуы бойынша адамдардағы бостандықты шектеу - әрдайым үлкен жауапкершілікті іс. Тәрбие саласында баланың қандайда бір теріс қасиетіне байланысты өз бөлмесіне қамап қою яғни бір өзін болдыру жазасы қолданылады. Көптеген балалар мұны қатаң сөгіс, жазалау деп қабылдамайды. Дегенмен кейбір балалар өзін мен қажетсіз адаммын, маған бәрі теріс қарайды деп сезінеді.

Медицина саласында изоляция ұғымы емдеу әдісі ретінде өз алдына, медикаментоздық емдеу мен психотерапияда қолданылады. Адам сырқаттанған кезде оны сыртқы қозу әсерлерінен қорғау мақсатында бөлмеде жалғыз ұстайды.

Изоляциялаудың негізгі әдісі - ауру адамды жеке арнайы бөлмеде ұстау. Оның өзінің заңдық талаптары мен ережелері бар. Мысалы, әрбір 1-2 сағатта 10-20 минуттан бөлменің есігін ашып қойып ауру адамға күтім әрекеттері жасалады.

Медицина тәжірибесінде изоляторды құрудың төмендегідей принциптерін көрсетуге болады:

1. Изоляциялану ауру адамға кауіпсіздік жағдайда болуы керек.

2. Мықтылық, яғни изолятор ауру адамның агрессиялы әрекетіне әсер етпеуі керек.

Күшті психоз немесе жеке адам өзін-өзі тастап жіберуінің айқын көрінуі кезінде, былайша айтқанда адам оқшауланған жағдайда, ол адам тітіркендіргіштерге өте сезімтал болып келеді. Психотиптік кезде, алаңдаушылық, құлап қалу қорқынышы, қозғыш болып келеді. Кейде ауру адам қозғыш болатыны соншалық, өз әрекетін басқара алмайды, айналасындағы жағдайларға саналы реакция білдіре алмайды. Ал мұның барлығы қорқыныштың ең жоғары деңгейін тудырады. Ауру адамдың палатада уақытша аз уақыт болсада жалғыз болуы, яғни айналасындағылардан шектелуі - қауіпсіздік сенімділік сезімін тудырады.

Ауру адамның кеңістіктік бостандығы өзгеруіне орай оның психикасында да өзгерістер байқалады. Қозғыш ауру адам палатада, креслода кішкене жерде өзін еркін ұстайды. Мұндағы терапевтік эффект-тітіркендіргіштерден оқшаулануға қоса айналасындағылардан қашықтықтық ұлғаюы ретінде болады.

Изоляция ұғымы - қабылдау қарым-қатынас әрекет және мінез-құлқы сферасында да қолданылады. Ендігі кезекте бұларға сипаттама беруге тырысайық.

1. Қабылдау сферасындағы изоляция - изоляция- кезінде біртекті жағдай құрылуына орай, сенсорлы информацияларды қабылдағысы келмейтін күйі көрінеді.

2. Қарым-қатынас сферасындағы изоляция. Мұнда изоляция әрекеті - ауру адамды басқа адамдардан уақытша бөліп тастау көрінеді. Дегенмен мұнда изоляция ұғымы толық мағынада айтылып тұрған жоқ. Себебі ауру адам басқа ауру адамдармен қызметкерлермен көрісіп араласа алады. Дегенмен құрылған дистанция ауру адамның айналасындағылардың алдағы қорқыныш сезімін төмендетеді.

3. Мінез-құлық сферасындағы изоляция. Егер ауру адам өзінің әрекетін басқара алмаса, онда изоляция аркылы оны өзінен және айналасындағыларынан алшақтап бөлектеу арқылы агрессивті әрекет мүмкіндіктерінен арылуға алады. Бұдан кейін онда кінәлілігін, ұялу сезімдері туындайды.

Изоляцияға көрсеткіш ретінде патогенездік жағдайдагы түрлі психикалық дамуында бірқатар ауытқулар көрінген жағдайда бола алды. Ауру адамды қоғамдық ортадан изоляцияламас бұрын, оны оқшаулаудың, яғни бөлектеуді алдын-ала мұқият ойланып және ресми тұрғыда дәлелді болатындай етіп алу қажет.

Біз оқыған әдебиеттеріміздің көмегімен медицина тәжірибесінде қолданатын оқшаулаудың бірқатар ережелерін көрсете отырып, оны психология ғылымында қолданатын жағдайға орай түсіндіреміз.

Жалпы адамды топтан изоляциялаудың өзіне тән ережелері болады:

1. Адамның өз қалауы бойынша оқшаулау, мұны ұжыммен байланыстыратын болсак, оқушы сыныпта өзіндік ерекшіліктері мен қалауы бойынша бөлек жүруді ұнататындығын көрсетеді.

2. Дәрігерлік емдеу мақсатында жоспарлы түрде құрылуы мүмкін. Ал мұны психология тәжірибесімен байланыстыратын болсак, кей жағдайда баланың өз мінез-құлқындағы теріс қылықтарды жөндеу мақсатында мұғалім ол баланы топтан оқшаулата отырып, жеке әрекеттер орындату арқылы, жалғыз өзі орындату шараларын қолдану негізінде психологиялық коррекциялық жұмыстар жүргізілетінін көрсетуге болады.

3. Медицина саласында изоляциялау әрекеті емдеу әдісіпе косымша ретінде қолдануы сияқты педггогикалық тәжірибеде де бала тәрбиесінің әдіс-тәсілдеріне косымша қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.

4. Медицинада эффектті емес әдістердің орнына қарай изоляция белгіленуі сиякты психологиялық іс-шараларда балаға қолданылған тәрбиелік әдістер тиімсіз жағдайда оны жалғыз қалдырып, оқшаулау арқылы жаза қолдану негізінде жүргізілуі мүмкін.

Жалпы адамды әлеуметтен оқшаулау, яғни изоляциялау өз еркі немесе міндетті түрде болып бөлінеді. Міндетті изоляция экстремалды жағдайда қолданылуы мүмкін. Изолятор бөлмесі ауру адамға да оған қарайтын қызметкерлерге де қауіпсіз болу қажет. Изоляция адамға өзінің қауіпсіздігі үшін жасалатындығын, ол адам үнемі бақылауда болатындыгын кейін босатылатындығын ескерту қажет.

Медицина саласындағы изоляциялау әдістемесі төмендегі схема бойынша жүргізіледі. Мұны кейінірек педагогикалық тәжірибеде қолдану ерекшеліктерімен түсіндіреміз.

1) Изоляциялау көрсеткіштері сипатталады, қандай адам изоляцияланатындығы сипатталады;

2) Изоляциялау тактикасы анықталады.

3) Изоляцияланатын бөлмеге қойылатын талаптар сақталынады.

4) Изоляцияны өткізу ережелері қатаң сақталынады.

5) Изоляцияны аяқтау ережелері нақты көрсетіледі.

Изоляцияны қолдануда ауру адамға кері әсер ететін жағдайларда кездесуі мүмкін, яғни кейбір басқа әффектілер көрінуі мүмкін.

Медицина саласында қолданатын изоляциялаудың құқытық аспектілерінде айтып кеткен жөн.

1. Түрмелік сипатта жалғыз ұстау қажет болған жағдайда сот шешімі қажет. Ал көптеген зангерлер мұндай әрекеттер зиянды әрекет деп санайды.

2. Кейбір заңгерлердің көзқарастары бойынша психикалық бұзылуларды ауруға жатқызбайды. (Т. Шаш еңбектері) .

3. Сондай-ақ заңгерлер адамды изоляциялау емдеу жолы емес, оны қоғамнан оқшаландыру деп есептейді. Сондықтан көптеген заңгерлер қысқа мерзімді изоляциялық ұғымды ұстанады.

Ендігі көрсетілетін изоляциялау ережелері изоляциялауды басқару ретінде қолданылатын талаптар болып табылады.

1. Изоляцияланатын адаммен жұмыс істейтін адамдар изоляцияланудың медициналық, құқықтық және этикалық ережелерімен танысу қажет.

2. Изоляциялануда адамнан рұқсат алады, рұқсат берілмеген жағдайда, күштеуі мүмкін (медицина немесе заң саласы бойынша) .

3. Ауру адамға жауапты жанұя мүшелеріне тезарада байланыс жасау қажет. Олардың сұрақтарына жауап беру кажет. Дегенмен дәрігерлік құпияны ұстану керек.

4. Изоляциялауды белгілеу парақта түсінікті етіп тіркелуі тиіс.

5. Шұғыл жағдайларда ауру адам дәрігермен телефон арқылы хабарласуға болады. Американ психиатрлары изоляциялану ұстаным уақыты бойынша изоляцияланған адамды алғашқы 3 сағатта әрбір 30 минут сайын үнемі бақылап отыру қажет деп есептейді.

6. Изоляцияланатын адам медицина қызметкерлерімен алдын ала мүмкіншілігінше талқыланады. Жоспар бойынша изоляциялану "арқылы аурудың қай жақтары емделенетіндігін алдын-ала көрсетілуі қажет.

Ендігі кезекте осы айтылғандарды педагогикалық тәжірибеде қолдануға байланысты сипаттауға тырысайық.

Педагогикалық саладағы изоляциялау әдістемесі төмендегі схема бойынша жүргізілуі мүмкін.

1) Изоляциялау көрсеткіштері сипатталады, қандай адам изоляцияланатындығы сипатталады, яғни баланы не себептен топтан оқшаулау керектігі туралы мәлімет болу керек. Баланың жеке даралық ерекшеліктері мен эмоциялық әсерлігіштігіне орай кейінгі жағдайда психологиялық жарақаттың болмайтындығына сенім болу керек.

2) Изоляциялау тактикасы, яни баланы ұжымнан оқшаулаған жағдайда оған қандай технология қолданылытындығын анықтап алу керек.

3) Изоляцияланатын жағдайлар мен ситуацияларға қойылатын талаптар міндетті түрде сақталыну қажет;

4) Изоляцияны өткізу барысы балаға ешқандай теріс әсер етпеу керек.

5) Изоляцияны аяқтау жағдайларында одан шыққан нәтиже мүмкіншілігінше толығымен нақты көрсетілуі қажет.

Оқушының топтан изоляциялану жағдайларында оған кері әсер ететін жағдайларда кездесуі мүмкін, яғни кейбір басқа мұғалім күтпеген нәтиже, эффектілер көрінуі мүмкін.

Әрбір мұғалім педагогика саласында қолданатын изоляциялаудың құқықтық аспектілерін міндетті түрде білуі шарт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселелерін теориялық зерттеу
Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс – тәсілдері туралы ақпарат
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Мектеп жасына дейінгі балалардың топсаяхат кезіндегі еңбегін ұйымдастыру формасы
Әлеуметтік тәрбие
Шет елдердегі инклюзивті білім беру тәжірибесі
Шет елдердеге инклюзивті білім беру
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz