Іскерлік кездесу


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Іскерлік кездесу

Казіргі заман айдары - нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін кағілез жанды айтады. Іскер де адам баласы болғандықтан, адамдар қоғамында өмір сүретін болғаңдықтан оны тек өз бас пайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс болмаған болар еді. Іскерліктің де өзіне тән этикеті - іс-әрекет ұстанымдары бар.

Әдеп амандасудан басталады. Амандасу - адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар. қазақ тілінде "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктерінін басқамен татутлықты, басқаға деген жылы шырайды білдіретіндігі.

Басшы-багынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң кішік бол!" деп халық данатығы бекер ақыл айтпаған, қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болсақ соғұрлым шынайы ниетке ие боласың. Басқаны тыңдап білу - улкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра оппонентіңді (қарсыласынды) соңына дейін тындап шығу тәрбиеліліктің нышандарының бірі. Бағынушының ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш білдіре алса, оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандағы болар еді. Басшының ез қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-катынастарды калыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Бүгін аудандық әкімшілікте «Шағын бизнесті дамыту жолдары» деген тақырыпқа арналған іскерлік кездесу өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қ. Ахметов, аудандық кәсіпкерлер одағының бас шылары, бір топ кәсіпкер мен газет тілшілері қатысты. Қ. Ахметовтің берген мәліметтерінде ауданда шағын бизнесті дамыту бағытына арналған нақты шаралар жоспарланатыны көрсетілді. Кездесуі қатысқандар осы мәселеге байланысты өзара пікір алысып, тез арада шешуді талап ететін мәселелерді талқылады.

Кәсіпкер Ә. Әубәкірқызы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге нақты қолдау-көмек жасалынбайтынын, кәсіпкерлердің жұмысына заң органдары, салық салу органдары, санэпидстанция т. б. мекемелері кедергі жасайтынын фактілермен дәлелдеп айтып шықты.

Кәсіпкерлер одағының басшысы З. Өмірзақұлы өз сөзінде осы кездесуде банк қызметкерлерінің қатысуларының қажеттілігін банктен шағын бизнес заңына сәйкес несие алудың қиындығын көрсетті.

Кездесу барысында уақытша комиссия құрып, екі айдан кейін осы мәселеге қайта оралу ұйғарылды

Еңбек келісімі

Ұжымдық шарт - бір немесе бірнеше жұмыс берушілер олардың өкілдері және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтарға мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде рәсімделген құқықтық акт болып табылады. Ұжымдық шартты жасау барысында еңбек ұжымының мүшелері Кеңінен қатысады. Тараптардың теңдігі қатаң сақталады, тараптардың қабылдаған міндеттемелерін материалдық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз етуді нақты мүмкіндіктері ескеріледі. «Ұжымдық шарттар туралы» заңнын 5 - бабына сәйкес ұжымдық шарт мыналарды айқындайды: еңбекті ұйымдастыру және ақы төлеу жүйесін; тарифтік ставкалар мен лауазымдық окладтардың ең төменгі көлемін, тауарлармен қызмет көрсетуге бағалардың өсуіне байланысты қызметкерлер табыстарына төлемдердің тәртібі мен мөлшерін; жұмыстарын жоғалтқан жағдайда қызметкерлерді сақтандыруды тәртібі мен жағдайларын: өндірісті дамыту мәселелерін: еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек және өнірістік тәртіпті сақтауға және т. б. байланысты жауапкершілігін айқындайды. Ұжымдық шарт қысқа мерзімді (бір жылдық) және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Ұжымдық шарттағы міндеттемелердің орындалуын кәсіподақ комитеті, жұмыс беруші және оның жоғарғы органдары қадағалайды.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Н. Оралбай, К. А. Қурманәлиев. Қазақ тілі Алматы 2007 ж.
  2. Ш. К. Бектұров, А. Ш. Бектұрова. Қазақ тілі Алматы 1998 ж.
  3. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі Алматы 1993 ж.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кездесу орнын, уақытын таңдау
Іскерлік кездесу және еңбек келісімі
Визит карточкалары
Іскерлік жиналыстар мен келіссөздер өткізу
Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Іскерлік келіссөздер ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz