Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері



І. Кіріспе ... ... ... ... ..2.3

ІІ. Негізгі бөлім
І. Балаларды сауаттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1. Оқуға үйретуге даярлықтың мазмұны мен міндеттері ... ... ... 4.6
1.2. Дыбыстарды дұрыс атау және жазу ... ... ... ..7.12
1.3 Балабақшада оқытудың тиімді жолдары ... ..13.14

ІІ Балабақшада сауат.ашуды түсіндірудің әдістері
2.1. Сауат ашу кезеңін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..15.16
2.2. Тасмалданбайтын сөздер ... ... ... ... ... .17.19
2.3. Сауат ашуда тілдің қызыметі ... ... ... ... ... 20.21

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.23

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 24

V. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.26
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқуы мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.
Кез келген мектепкен дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты- балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
Бала мектепте жақсы оқуы үшін оған белгілі білім мен дағдылар қажет ( алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс әрекет біліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурети салу және т.б.) және кез келге сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады. Бірақ олардың алғы шарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.
Баланың жетекші іс- әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдластырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс- әрекетінің бір шама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальды,горизантальды, қиғаш сызықтарды симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы суретті жабыстыру мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика,еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балаға денесін дұрыс ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
1.К.Құлжанова. «Сауат ашу кезеңін ұйымдастырудың жолдары» Бастауыш мектеп №5\2009. 35 бет
2. Х. Ахметова. «Балабақшада оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары» Бала тәрбиесі №3\2009. 7 бет
3. К.Нұрбекова. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №11\2004. 53-54 бет
4.А.Важитова. «Сауат ашу» Бастауыш мектеп №3\2006. 34 бет
5. М.Мұсабекова. «Балабақшада » Бастауыш мектеп №8\2002. 20 бет
6.Қ.Дүйсенбаева. «Сауат ашу» Отбасы және балабақша №6\2005 12 бет
7. З.Сақтаева. «Аралас сабақ» Бастауыш мектеп №7\2001 12-13 бет
8. Б.Қабатай. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №3\2003 14-15 бет
9. А.Дүйсенбаева. « Ашық сабақ» Бастауыш мектеп №4\2002 9-10 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .2-3

ІІ. Негізгі бөлім
І. Балаларды сауаттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1. Оқуға үйретуге даярлықтың мазмұны мен міндеттері ... ... ... 4-6
1.2. Дыбыстарды дұрыс атау және
жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-12
1.3 Балабақшада оқытудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-14

ІІ Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
2.1. Сауат ашу кезеңін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..15-
16
2.2. Тасмалданбайтын
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..17-19
2.3. Сауат ашуда тілдің
қызыметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-21

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..22-23

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24

V.
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25-26

Кіріспе
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие
және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқуы мен
жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.
Кез келген мектепкен дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты-
балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
Бала мектепте жақсы оқуы үшін оған белгілі білім мен дағдылар қажет
( алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс әрекет біліктерінің
қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды. Мектепте
оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу,
азайту, оқу, жазу, сурети салу және т.б.) және кез келге сабақтарға қажетті
жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады. Бірақ
олардың алғы шарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды
бастаған жөн.
Баланың жетекші іс- әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде
ұйымдластырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-
әрекетінің бір шама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке
даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда
орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде бейнелеу сабақтарында
негізгі сызықтан бастап вертикальды,горизантальды, қиғаш сызықтарды
симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып
табылады. Балабақшадағы суретті жабыстыру мүсіндеу сабақтары мектептің
бейнелеу, математика,еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу
мен сурет салуда балаға денесін дұрыс ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары
қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп,
дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы
ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты -
балаларда жазу мен санауды үйретудің алғы шарттарын қалыптастыру.
Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету
тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.[8]

І. Балаларды сауаттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Оқуға үйретуге даярлықтың мазмұны мен міндеттері
Сауат ашудың қарапайым негіздерін қалыптастыру мақсаты: әр түрлі
сөздің дыбыстық құрамына талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Сөздегі
дыбыстардың орын тәртібін ретімен ажыратып айта білу. Дыбыс пен әріпті
саналы меңгерту.Сөйлемнің сөзден, сөздің буынан және дыбыстан құралатынын
түсіндіру. Үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрату.
І ТОҚСАН
1. Сауат ашу жұмысына даярлық жүргізу , дыбыстармен әріптердің
айырмашылығын мңгерту.
2.Әліппе оқулығында берілу ретімен 15 дыбыстың баспа әріперіментанытыру,
(адыбысынан б дыбысын қосу)
3. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауысты
дыбысты қызыл текшелермен, дауыссыз дыбыстарды көк текшелермен белгілеуді
үйренеді.
4. Сауат ашуға арналған дәптермен таныстыру.
5.Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
6. Қол жаттықтыру дәптерінен тапсырмаларды орындату.
7. Тансытырылған жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөз-сөйлем құрату, талдату.
Сауат ашу жұмысына дайындық кезеңі. Дыбыстың құрылысы әртүрлі 3-4
дыбыстан тұратын сөздерге талдау жасауды жалғастыру, сөздердегі дыбыстардың
аттарын айтып, орнын анықтау. Сөздің дыбыстан , сөйлемнің сөзден
құралатынын нақты мысалдармен түсіндіру. Сөз,сөйлемді дауысты, дауыссыз
дыбыс ұғымдарымен таныстыру. Сөздің жаңа дыбыстың айтылуына яғни,
дауысталуына қарай ажырату. Дауысты, дауыссыз дыбыстармен таныстыру олардың
айтылуерекшелігін ( созылыңқы, келте) байқауға үйрету. Дауысты дыбыстардың
жуан,жіңішке, дауыссыз дыбыстардың қатаң,ұяң болып бөлінуін түсіндіру.
Дыбыстардың бөлінуіне байланысты белгілі бір дыбысқа тапсырма орындату.
А,т,п,н,е,р,л,у,ш,й,о,к,д,м,б, дыбыстары және әрәптерімен
таныстырылады.

ІІ ТОҚСАН
Міндеттер:
1.Сөз,сөйлем жайында түсінік беру.
2.Әліппедегі берілу ретінеқарай (с дыбысынан дыбысымен қосу) баспа
әріптерін таныстыру.
3.Әрбір таныстырылған дыбысты түрлеріне қарай (дауысты, дауыссыз,
жуан,жіңішке, қатаң, ұян) болып бөлінуін меңгерту.
4.Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.
5. Қол жаттықтыру дәптерімен жұмыстарын жалғастыру. (тақтадағы кеспе
әріптерден құралған сөздерді жазу)
6. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөз сөйлем құрастыру және
оны талдау.
Сөздің дыбыстық құрамын талдауды, сөз және сөйлем ұғымы туралы
түсінікерін қайталау, бекіту. Дауысты дауыссыз дыбыстармен таныстыруды
жалғастыру. Тапсырылған жаңа дыбысты сөз ішіндегі басқа дыбыстардан ажырата
білуге, атап айтуға жаттықтыру. Берілген тапсырманы орындауда дауысты,
дауыссыз дыбыстарды текшелерміне белгілету. Дауысты дыбысты қызыл иекшемен,
дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілеу керектігін түсіндіру. Күз түсті.
Мен балабақшаға бардым 2-3 сөйлемдерді сөзге, сөзді дыбысқа талдату. Осы
сөйлемдердегі дыбыстарды текшелерімен белгілету. Әліпби ( алфавит) 42
әріптен тұратынын түсіндіру. Дыбыстарды баспа түрімен түсіндіру. Әріпті
дыбыстың иаңбасы екенін түсіндіру . Дыбыстың құрылысы (4-5 дыбыстан(
құралған сөздерге талдау жасату. Сөздің дыбыстан құралатынын нақты
мысалдармен түсіндіруді жалғастыру. Сөздегі таныстырылған жаңа дыбыстардың
айтылу ерекшеліген (дауысты,дауыссыз, қатаң, ұяң) байқауға үйрету. Сөздегі
жаңа дыбысты табуды оның дыбысталуын практикалық жолиен меңгерту. Жаңа
үйретілген дыбыстарға берілген тапсырман орындатуды жалғастыру. Бір дыбысқа
сөз ойлау. Мысалы: С дыбысына сөз ойла. Ол дыбыс сөздің басында,
ортасында және аяғында болсын. С,ы,ж,ұ,қ,е,к,і,ә,и,з, ю,х,һ,ө дыбыстары мен
әріптерін таныту.
ІІІ ТОҚСАН
Міндеттер:
1.Сөз,сөйлем түсініктерін бекіту.
2.Әліппедегі берілу ретінеқарай ( г дыбысынан бастап, ъ белгісіне дейін)
алфавитпен толық таныстыру.
3.Әрбір таныстырылған жаңа дыбыстан модель бойынша сөйлем құрастыру.
4. Кісі аттары сөйлемде бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
5. . Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырып,
оны талдау (дыбыс,буын,сөз)
6.Қол жаттықтыру дәптерімен жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуге үйреут. Кейбір дыбыстардың баспа түрлерін қол
жаттықтыру үшін жаздырады. Партада дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау,
дәптерді пайдалану сияқты ережелермен таныстырылады. Дыбыстың баспа таңбасы
әуелі тақтада, онан соң дәптерге түсіру үлгісі көрсетіледі. Дәптерге жазған
дыбыс, сөз, 2-3 сөзден құралған сөйлемді оқи білуге жаттықтыру.
ІV ТОҚСАН
4- тоқсанда сауат ашу сабағы өтілмейді.Сауықтыру шаралары жүргізіледі.[6]

1.2. Дыбыстарды дұрыс атау және жазу
Сауат ашу: Баланың көптеген психикалық қызыметтерінің жетілуін талап
ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті.Жазу психологиялық және физиологиялық
тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру
үдерісінің көпкомпонетті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу
үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға
үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан кеп бұрын бастау
қажет.
Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:
- Фонематикалық есту және сөйлеу дыбыстарын құрамын талдау білігін дамыту:
- Қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту.
- Ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін
дамыту.
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Жазу құралдарын еркін меңгере білу дағдысын дамыту.
- Парақтың бетінің кеңістіген, бағдарын қалыптастыру.
Балабақшадағы интеграциялық сабақтар
1)Естігенді тез ой елегінен өткізу жауап қайтару доппен ойын- сұрақты ал
да, жауапты бер. Ертегіні ата-
2)Сөзге дыбыстық талдау модельдің көмегімен жазу және құрастыру
(пластилиннен, түсқағаздардан, қағаздан және т.б.)
3)Парақтың кеңістігін бағдарлау ( графикалық диктант , нүктелерге қарап
заттың суретін сал және т.б. жаттығуларды орындау) :
4)Қолдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу ( саусақтық имитациялар,
доппен ойын және т.б.)
5)Қолдың қимылдарын бақылау ( ережеге сай ою-өонекті салуды жалғастыр,
Суретті шрихта және т.б.):
6)Жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі,-жазуға дайындалып журген балаға
көп көмегін тигізеді.
Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы
сабақтарда,жүйелі жаттығулар мен ойындардын көмегімен жүзеге
асырылады.Баланын қолын жазу дағдыландыру жаттығулармен қатар,оқу іс-
әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады:үлкендерді мұқият
тындау білігі,олардын нұсқауы бойынша әрекет жасау,өз бетінше алдына
қойылған ақыл-ой міндеттерін шешу,өз әрекетін бақылау және т.б.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі мен олардың жасалуы тіл білімнің
басты бір саласы – фонетика болып табылады.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір
сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда
тілдің өзі:
1) қатынас құралы;
2) пікір алысу құралы ;
3) танымдық құрал ;
4) ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы - сөздер мен граматикалық тәсілдердің өмір
сүруінің формасы болып табылады. Сөздік пен граматикалық құрылыс тілдің
мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материялдық жамылғышын, оның
физикалық формасын құрайды деуге болады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір
сөздің құрамында қолданумен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде
оңашаланып, абстракцияланады. Бұғпн дәлел- дыбыстардың барлық сөздерден
кездесетіндігі.
Тілдегі лексикалық, граматикалық құбылыстар тілдің дыбыстық
жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста,
яғни бір дыбыс тіркесімен айтылады.
Сонымен тілдің барлық жағдайларында және қызыметінде көрінетін
дыбыстық құрамлары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба
түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен,
граматикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысты болады.
Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері
фонетикаға негізделеді.
Сауаттылықа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы
айырмашылықтар мен байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі
болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі
мәселелерді оқып меңгеру- ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке
дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді.
Бұрын жазушы болмаған халықтардың алфавиты мен графикасын жасау,
сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру
мәселелері фонгетикаға негізделе отырып шешеледі. Тілдің орфографиялық
нормасы да фонетиканың басты мәселелерәнің бірі болып салады.
Дыбыстың ырғағы –белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек) ішіндегі
дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ соғұрлым күшті болады.
Ал, керсінше, дірілдің саны аз болса , ырғақ та солғындап, әлсірей береді.
Адамның құлағы 1 сек ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде
пайда болған дыбысты қабылдап ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғақ, яғни
сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға
әсіресе олардыңакустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі
керек.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстіндеауа:
1) Кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады.
2) Дыбыстау мүшелеріне күш түспей , лепсіз, бірқалыпты шығады.
3) Созып айтуға келеді.
Ал дауыссыздарды айтқанда ауа:
1) Кедергіге ұшырайды.
2) Тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де , ауа лап
етіп шығады.
3) Созып айтуға келмейді.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз
дыбыста қысым – дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда
бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да , жалпылама өтеді- деп , айқындаған
болатын.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену – сауат ашу
кезіндегі екекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар
салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі
аңғарады, әрі сөздерді айтып үйренеді.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп
айтылуынан жуан дауыстылар ( а,о,ы,ұ), тілдің таңдайдың алдыңғы жағына
жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә,ө,і,ү,е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе
айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды
мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы р, с). Осыған орай, икейбір
дауыссызды айтқанда тілідң ұшы күрек тіспен жымдасып , бірден кілт ажырап
кететінін д,т кейбіреулері астыңғы еріннің үстінгі ерінге немесе тіске
тиюінен (п,б,м,ф,в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынант
(с,з), ал тілдің артқы шетінің жұмсақ таңдайға дуықтасуынан (к,қ,ғ,х),
жұтқыншақтың таралуынан һ дыбысының пайда болатынын байтқатып айтқызып
балаларды дағдыландырады.
Сауат ашу кезінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың
қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді
үйрету- сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды
меңгереді.
Саут ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді,
сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа
сөздер үйреніп , сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің
нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана
бастайды.
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және
оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбаларымен
белгіленетіндігін айтады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын алфавит
деп аталады.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия ( гр.
сөзі orthos –тура, дұрыс, epos-сөйлеу) деп аталады.
Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық
жоқ. Дегенмен сөз ішінлегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей
айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-
біріне ықпал жасап , өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді-Аманкелді,
Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы т.б)
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілеиін, созып айтуға
келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер
іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған
әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан,
дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын,
буындардан сөз құрап үйренеді.
Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосыфп айтуға ең қолайлы келетін
дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұян
дауыссыздар. Ең қиындары – қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға
үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонаң соң дауыссыздарды оқытқан орынды
болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті
біріктіріп оқй алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады.
Үйрене келе , бірте-бірте жалғыз тұрған әріпті де қабылдайды . Бірінші
әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқй алатын кезде, созып
айтуға болатын дыбыстарды берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға
ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбнесе жуан дауыстылар
мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды
оқуға онша қиналмайды.[7]

1.3 Балабақшада оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне
бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын
ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді,
жаңартуды талап етеді. Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ете отырып, саналы, тәрбиелі, білімді азамат етіп қалыптастыру
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Педагогика ғылымының міндеттері
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Пәндер