Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

  1. Тарау. Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі. Қылмыстық құқықтың міндеттеріДенсаулыққа қарсы қылмыстар, қасақана ауыр қылмыстар жалпы сипаттамасы және түрлері.
  2. Тарау

2. 1. Криминология пәні және оның мазмұны қылмыскерліктін жекелеген түрлерінің криминологиялық сипаттамасы.

2. 2. Криминология ғылымы даму үстінде.

Қорытынды

Пайдланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әрбір жеке адамның денсаулығы - адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикасының конститутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдармалар әзірленген, Қазақстан республикасы Конститутциясының Адам және азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

Денсаулық дегеніміз-адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы, адам денсаулығына зиян келуі-оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзінді, оның еңбекке, қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бермейді. Адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылатындығы сондықтан. Қазақстан республикасының қылмыстық кодекісінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататындығы нақты көрсетілген. Адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы.

Криминологиялық тәсіл қылмыстың себептері мен жағдайларын, қылмыс жасаған адамның мінездемесінің ерекшеліктерін, қылмыстық әрекеттің әлеуметтік салдарын анықтауға бағытталған. Мұның бәрі сол адамның жаңа қылмыстар жасауының және өзге адамдардың сондай қылмыстар жасауының алдын алу үшін не жасау керек: айыптыға қатысты және жасалған қылмыстық әрекеттің келенсіз әлеуметтік салдарын болдырмау мақсатында заң шегінде қандай нақты шараларды қабылдаған жөн екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Заң қылмыстың өзінің қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамаларымен бірге зерттелуін талап етеді. Анықтама, алдын ала тергеу жүргізгенде және істі сотта қарағанда дәлелдеуге жататын мән-жайлар ішінде қылмыстың сылтауы, айыптаушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар (жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататындардан басқа), сондай-ақ қылмыс жасаудың себептері мен жағдайлары сияқтылар да бар. Криминология қылмыскерлікті орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді.

Криминолог қоғамға, адамға, бір жағынан, қылмыскерлік арқылы, қылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлік, оның себептері және онымен күрес-криминологияға негізгі керектілер осылар. Егер сөзбе-сөз ұғынсақ, криминология дегеніміз қылмыскерлік жайындағы ілім:

Бірақ криминология ғылымының нақты мазмұны. Криминолог іс жүзінде әрқашан қоғамға оның денесіндегі сыздауықты, әлеуметтік басқарудағы қателіктерді көрсететін сыншы рөлін атқарады, себебі қылмыскерлік оң жетістіктерден, жақсы өмірден туындамайды. Ал оның ұсынысы болмаса қылмыскерліктің тасасында тұрған, кейде қоғамға «қылмыскерлік арқылы» қарағанда ғана көрінетін теріс құбылыстартардан арылу мүмкін емес. Криминологиялық құбылыстарды ескеру-қоғамдық қатынастарды құрбансыз және астан - кестең төңкеріссіз, ғылымға сүйеніп қайта құру жолындағы маңызды қадам. Әлеуметті жетістіктерді емес, қателіктерді ғана көрсеткені үшін криминологты айыптау пациенттің келісті түр - түсін, инабаттылығын, жақсы қасиеттерін сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудің жолын айтқан дәрігерді айыптағанмен бірдей. Криминологияның ғылым ретіндегі мазмұны дегеніміз қылмыскерлікті, оның өзгерістерін, аймақтық және әлеуметтік топтық ерекшеліктерін зерттеу және бағалау, тиісті қылмыскерліктің детерминациясы және себептілік процестерін, оның өзгерістері мен айырмашылықтарын зерттеу және бағалау, қылмыскерлікпен күрес жөнінде, сондай-ақ криминологиялық зерттеулердің методологиясы мен әдістемесіне қатысты ұсыныстар дайындау. Сонымен криминолог қылмыскерлік пен келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың өзге формаларының өзара байланысымдағы, олардың қоғамға қауіпті әрекетке айналуындағы заңдылықты зерттейді.

1 тарау. Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі қылмыстық құқықтың міндеттері.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекеті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мұндай реттеу 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады.

  1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу.
  2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс - әрекеттерді істеуге тыйым салынған қоғамдық қатынастар реттеледі.
  3. Қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде олардын адам қорғауға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғымдардын бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық құрса деген түсінікті береді. Басқа құқық саласы сияқты қылмыстық құқықтында негізгі болса-Қазақстан Республикасының конституциясы.

Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай 2 түрлі қызметті жүзеге асырады.

  1. Қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарымен белгілеу арқылы негізгі екі ұғым- қылмыс пен жазаны анықтайды. Бұл нормалар Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
  2. Нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазамен түрлері мен шегін белгілейуі. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінін мазмұны құрайды.

Қылмыстық Кодекстің 2 бабына с/с қылмыстық заңдардың міндеттері

болып:

  1. Адам мен азаматтын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мұдделерін қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР Конституциялық құрылысы мен аумақтың тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатың мүдделерін қылмыстық қол сұғышылықтан қорғау бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігін қорғау, с/қ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
  2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгілінеді жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қаупі қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзгеде қылмыстық құқық ықпал ету нормаларын белгіленді делінген. Қылмыстық занның басты міндеттерің бірі қылмыстың сақтандыру болып табылады.

Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру-қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тиім салу, қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауда белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тйым салған әрекет пен әрекетсіздікті істеген адамға қылмыстық құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады.

Қылмыстық құқыққа сондай ақ тәрбиелік функция тән. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолдануы, азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмысты істеген адамның лайықтық қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелетуі және олардың заңға деген сенімділігін арттырады. Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық -құқықтық принциптерді сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады. Қылмыстық-құқықтық принциптер заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңнын құқық қолдану тәжірибесінде де заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардын жиынтығынан құралады. Оның біріншісі республика қылмыстық қодексінің халқаралық қылмыстық құқықтың жұрт тасыған принциптері мен нормалары басшылыққа алуы болып табылады.

Қазақстан республикасы конституциясының 4-бабынаң үшінші тармағында республика бекіткен халықаралық шорттардың республика зандарынан басымдылығы болады деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан республикасы осындай халықаралық құқық нормаларын қастерлетуі және осындай халықаралық шорттар республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алмады. Заңдылық қағиданың екінші бір талабы- қылмыстық заңнын Конституциялық заңға негізделді болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алды тиіс өйткені Конституциянын ең жоғары заңдық күші бар және республиканын бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (4 бап-2 тарнақ) мыс. Конституциянын 15 бабынын 2 тармағында алған жазасы ерекше ауыр қылмыс жасаған үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді делінген. 17 бап адамнын қадір- касиетіне қол сұғылмайтыны, ал 16 бапта әркімнін жеке басымен бостандығына құқығы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстың көптеген баптары осы конституциялық заңдарға негізділіп қабылданған. Заңдылық принциптерінің тағы бір талабы (арнайы заңда көрсетілмейтінің қылмысты, жаза да жоқ) деген тұжырымға негіздеген заңдылық принциптерінің осы талабына сәйкес жазба, жария түрде қабылданған қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі басуға тиіс. Барлық қылмыстық құқықтық нормалар бірінғай жүйеге келтіріп қылмыстық кодекске біріктірілуі қажет. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы кодекске еңгізгенмен кейін ғана колдалуға тиіс ( КҚ-ң 1- бабы) . Қылмыстық заңда Ұқсастағы бойынша қолдануға жол бірілмейді (ҚҚ-тің 9- бабы 1-бөлімі) . Адамның ойы, пиғылы, дүние танымы, көзқарасы Конститутциялық нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі нақты іс-әрекетпен ұштаспаса қылмыс ретінде қарауға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі іс - әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп табылады.

Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі және оларға тиісінше заңдылық анықтама береді. Қылмыстық заңда арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде жаза да болмайды. Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы-азаматтардың заң алдыңдағы теңдігі болып табылады. Қазақстан республикасы Конститутциясының 14- бабының 1- тармағында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең аталған. Қылмыс жасаған адам оны тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, сәлем сеніміне, жынысына біліміне тегіне дінге қатынасына және тағы басқа да жағдайларға қарамастан жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың қылмыстық заң алдыңдағы теңдігі істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылуы болып табылады. Бұл жердегі заң алдыңдағы теңдікті бір түрлі қылмыс істеген кінәлі адамдардың барлығына бірдей деп жаза тағайындау түсінбеу қажет. Жаза кінәлінің қылмысының ауырлығы мен түріне, оның жеке басының қасиеттеріне жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларға байланысты дараланып тағайындалады. Қылмыс істеген адам тек қана қылмыстық заңда көрсетілген негіздерге сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір тәртіппен, жүйеге бөлініп орналасады. Ерекше бөлімнің жүйелері деп- қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жеке қылмыстық нормалардың топтық обьектілік белгісі бойынша белгілі бір жекелеген топтарға бөлініп, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай рет-ретімен, дәйектілікпен орналасу тәртібін айтамыз. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі нормаларын бөлудің негізі болып-қылмыс обьектісі, атап айтқанда қылмыстық топтың обьектісі негіз бола алады. Топтық обьект қоғамға қауіптілігі бірдей едәуір қылмыс топтарының обьектісі, яғни ол өзара ұқсас қылмыстардың бір тарауға топтастырылуының негізі. Кейбір қылмыстарды топқа бөлу-топтық обьект ғана емес, қылмыстық субьектісінің ерекшеліктері де ескеріледі. Мыс, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы әскери, қылмыстар. Қылмыстық құқықтың топтық обьектісін заң шығарушы қылмыстық заң қорғалатын нақты қоғамдық қатынастардың ішінен жеке бөліп алу арқылы анықтайды. Қоғамдық қатынастардың кейбір салаларының маңызының артуы сөз жоқ оның қылмыстық құқық нормалары арқылы қорғалуын да күшейтеді. Қазақстан республикасының жаңа қылмыстық кодекісінің ерекше бөлімінде мынадай 16-тарау бар.

  1. Жеке адамға қарсы қылмыс.
  2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
  3. Адамның және азаматтың конститутциялық құқықтыры мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.
  4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
  5. Мемлекеттің конститутциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
  6. Меншікке қарсы қылмыстар.
  7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
  8. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
  9. Қоғамдық қауіпсізділікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.
  10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
  11. Экологиялық қылмыстар.
  12. Көліктегі қылмыстар.
  13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
  14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс.
  15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.
  16. Әскери қылмыстар.

Әрбір жеке адамның денсаулығы ол адам өміріндегі айтарлықтай

орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы-оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттік, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикасының Конститутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдармалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан республикасы Конститутциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

“Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медециналық жәрдем алу занда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі” дейінген. Осыған орай азаматтардын денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақысы түрде не тегін медециналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.

Осы арада денсаулығына деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз-адам ағзасынаң дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеу, яғни одан ағдасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, онын дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі-бұл қылмыстарда жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни (өмірі) кінәлы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдыңдағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі-оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқада арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау-тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсеңді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

  1. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) ; 2) денсаулыққа қасақана орташа (104-бап) ; 3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) ; 4) ұрып-соғу (106-бап) ; 5) азаптау (107-бап) ; 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) ; 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ; 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ; 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ; 10) қорқыту (112-бап) ; 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) ; 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) ; 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап) ; 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру. (116-бап) ; 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы) ; 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) ; 17) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап) .

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьектісін, обьективтік жағын, субьектісін, субьективтік жағын жеке-жеке талдайық. Дене жарақатының обьектісі-бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады. Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьективтік жағы басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (токпен ұру), термиялық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмайды. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субьективтік жағы 2 нысаннан тұрады:

1. Қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (пинмендік және немқұрайдылық) . Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысананың өзінде сенімділік түрде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Отбасы құқығының түсінігі
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Қылмыстық - атқару құқығының түсінігі
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыстың ұғымы
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz