Жеткіншектердің агрессивті мінез - құлқының психологиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Психология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ -
ҚҰЛҚЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ
1. 1Агрессия мәселесін зерттеудегі шетелдік және отандық психологияның ықпалы
1. 2 Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПЕРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
2. 1 Әдістемелерді және зерттеу базасын таңдау
2. 2. Зерттеу қорытындыларын интерпритациялау және талдау ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А
КІРІСПЕ
Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі таңда біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі, себебі біз онымен күнде көшеде, транспортта, мектепте кездесеміз. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия мәселесі зерттеудің негізгі обьектісі болып отыр. Соңғы уақытта адамдағы агрессивті мінез-құлық проблемасын зерттеу бүкіл әлем психологтарының өзекті зерттеу бағытына айналып отыр [1; 25] . Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары жеткіншектерді агрессивті әрекеттерге еліктіріп, үйретуде. Батыс мәдениетінің біздің қоғамымызға енуі жастар мен жеткіншектерде девиантты мінез - құлықтың пайда болуына, нашақорлыққа, сексуалды құмарлыққа және т. б. жайсыз жағдайлардың өсуіне әкелді.
Қазіргі таңда көптеген психологтар агрессия - бұл өзіне мұндай қатынасты қаламайтын тірі жанға басқа біреудің зиян келтіруі немесе мақсатты түрде жәбірлеуді білдіретін мінез - құлықтың кез келген формасы деген анықтаманы қолданады. [2; 18] Сонымен қатар өз - өзіне бағытталған агрессивті мінез - құлық әрекеттерін білдіретін - аутоагрессия деген бар дейді. [3; 416]
Барлық қасиеттер сияқты агрессия да индивидтерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады, біреулерінде мүлдем жоқ болса, басқаларында шексіз болады. Агрессияның болмауы енжарлық пен конформдылыққа, ал оның шектен тыс дамуы қақтығысқа, қоршағандармен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессия адамда белгілі бір мөлшерде болуы керек, себебі адамда ол болмаса, адам дамымайды, енжар болады. Жеткіншектер үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ерекше орын алады, себебі ол айналадағы ортасымен қарым - қатынасқа түсу арқылы дағдыларды игереді, дамиды. [4; 82]
Сонымен қатар жеткіншектердегі агрессивтілік мәселесі аз зерттелінген. Көптеген ғалымдар ресейде және шетелде зерттеген ғалымдардың назарына мәселенің мынандай аспектілері: агрессияның биологиялық, және әлеуметтік детерминанттары, оны игеру мен оның орнығу механизмдері, агрессияның көрінуін анықтайтын агрессиялық мінез - құлықтың индивидуалды және жыныстық ерекшеліктер, агрессияның алдын алу тәсілдері зерттеу назарына алынды.
Осының барлығы біздің тақырыбымыздың өзекті екенін көрсетеді.
Зерттеуіміздің обьектісі болып жеткіншектердің агрессивтілігі табылады.
Зерттеу пәні: Жеткіншектердің агрессивті мінез - құлқындағы психологиялық ерекшеліктер
Зерттеу мақсаты: Жеткіншектердің агрессивті мінез - құлқының ерекшелітерін анықтау
Зерттеу болжамы: Жеткіншектердегі агрессивті мінез - құлықтың ерекше көрініс беруі сыртқы факторларға, яғни қарым - қатынас жасайтын ортасы, мектеп, және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.
Зерттеу мақсатымыз іске асу үшін алдымызға келесі міндеттерді алға қойып отырмыз:
1. Психология ғылымында агрессия мәселесін зерттеген ықпалдарды қарастрып, талдау жасау;
2. Жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін талдау
3. Жеткіншектерде агрессивті мінез - құлықтың көріну ерекшеліктерінің алғы шарттарын қарастырту;
4. Зерттеу әдістемелерін және зерттеу орнын анықтау;
5. Жеткіншектердегі агрессивті мінез - құлық ерекшеліктерін эмперикалық зерттеу нәтижелерін анықтау;
Зерттеудің теориялық негізі болып ресейлік, қазақстандық және шетелдік концепциялар табылады, олар агрессия мен жеткіншектердегі агрессивтіліктің ғылыми негіздерін ( Р. Беорн, Д. Ричердсон, Л. Берковиц, З. Фрейд, К. Лоренц, К. Г. Юнг, А. Адлер, Э. Фромм, К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз К. Хорни, Д. Уотсон, А. Бандура, Д. Долард, С. Розенцвейг, Э. Шпрангер, Ш. Бюлер, М. Мид, А. А Реан, Румянцева, О. Ю. Михаилова, И. А Фурманов, Т. Н. Курбатов, В. И Гарбузов, А. А. Бодалев, Т. В. Роял, Е. Е. Копчанова, Г. П. Бочкарева, П. П. Бельский, С. Я. Белячева, Е. В. Ольшинская, Н. А. Невский, С. Л. Соловева, Ю. М. Антонян) қалыптастырған. Осы зерттеушілердің ішінде (Э. Фромм, К. Изард, А. Р. Ратинов, Т. Д. Марцинковская, А. А. Роял, С. А. Соловьева және тағы басқалар) “агрессия” және “агрессивтілік” түсініктерінің синоним емес екендігін атап көрсетті:
Агрессивтілік - бұл агрессияға дайындықты көрсететін, өз кезегінде агрессивті мінез - құлыққа жататын белгілі тұлға қырларымен сипаттауға болатын тұлға қасиеті, агрессия деп - әдетте деструктивті тұлғааралық өзара әрекеттесуді түсінеді.
Зерттеу әдістері:
- Тұлғаның психологиялық ерекшелітерін анықтауға арналған
көпфакторлы FPI тұлғалық сұрақнамасы;
- Агрессивтіліктің көрінуін анықтауға бағытталған Басс - Дарки
сұрақнамасы;
- М. З. Дукаревичтің «Дүниеде жоқ жануар» проективті әдістемесі;
- Екі әдістеменің арасындағы корреляциялық байланысты Стюдент
крийтериі арқылы көрсету;
Зерттеу базасы болып, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының
жалпыға білім беретін кәсіптік № 45 мектебі табылады.
Зерттеу экспериментіне екі 8 сынып оқушылары, барлығы 55 оқушы қатысты.
Жеткіншектердің агрессивті мінез - құлық ерекшеліктерін зерттеу практикалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырды.
1 ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ
- Агрессия мәселесін зерттеуде шетелдік және отандық
психологияға ықпалы.
«Агрессия» термині қазіргі кезде кең контексте қолданылады. Адамдар неге агрессивті әрекет етеді екен, осындай деструктивті мінез - құлықты болдырмау үшін қандай іс - шаралар қолдану керек? Бұл сұрақтар көптеген ғасырлар бойы философия, поэзия, дін сияқты түрлі позицияларда қарастырылып келеді. Біздің мың жылдықта бұл мәселе жүйелі зерттеудің пәні болып отыр, бірақ агрессия проблемасымен байланысты сұрақтардың бәріне жауап табылып жатқан жоқ. [1; 23]
Тұрмыстық тілде агрессия былайша түсініледі: «Жауласуды тудыратын ашық жағымсыздық», ал «агрессивтілік» зиянды өзара әрекеттесудегі жауластықты тудырушы ретінде жүреді. Яғни агрессия ашық түрде жауласу болса, агрессивтілік адамның өзара жауласуына әкеледі [1; 25] Жалпы агрессия термині зорлық әрекеттерін күшейтy мағынсына ие. Агрессия және агрессорлар дөрекі күштерді көрсетуші ретінде жағымсыз түрде бағаланады. [3:416]
Әлеуметтік позициядан қарайтын агррссияға келетін болсақ, агрессияға әкелетін және одан сақтайтын әлеуметтік факторлар иен жағдайларды білу қажет. [4; 442] Адамдар біреуді агрессивті деп сипаттағанда олар біреуді жәбірлейді немесе досшыл емес, немесе күшті бола тұра барлығын өзінше жасатқысы келеді деп, немесе олар өз айтқандарынан қайтпайды деп, немесе шешілмейтін мәселелерді еш қорқынышсыз қолына ала алады деп сипаттаулары мүмкін. Кейбір жағдайда агрессорлар басқаларға деген қайғы немесе ауыртпашылық ниетін жасыруы мүмкін. [5; 124] Агрессияны тек басқаларға зиян әкелетін мінез - құлық ретінде ғана емес, сонымен қатар негативті жетістікке жету тілегі бар кез келген әрекет деп айтуға болады. [1; 18б]
Агрессия құрбанын не жәбірлеуді, не оған зиян тигізуде денеге зақым келтіруді мақсат етуді сипаттайды. Агрессияның нәтижесі негативті салдарға әкеледі. Жәбірлеуден басқа, біреуді қолайсыз жағдайдайға қалтыру, қорлау, мазақ ету, қажетті бір нәрсесінен айыру және т. б сияқты көріністерді агрессивті деп атауға болады. А. Басс адамдарда агрессияның көрінуіндегі агрессивті әрекеттерді сипаттауға мүмкіндік беретін 3 негізгі шкалаларды көрсетті: [1; 15б]
Физикалық - вербалды;
Белсенді - енжар;
Тура - жанама;
Кесте 1. 1 А. Басс бойынша агрессия категориялары
Физикалық
Белсенді - тура
Басқа адамға қарсы күш қолдану, денеге зақым келтіру, соғу, cуық
қару, оқпен ату, жаралау.
Вербалды
Белсенді - тура
Агрессия осындай бірнеше жиынтықтардан тұрады:
Физикалық агрессия - басқа адамға зақым не ауырлық келтіру, адам сүйектерін, мойынын сықырлатады, тісін қайрайды, жұдырығын жұмып оянады, агрессиялық киноларды көреді.
Вербалды агрессия - жәбірлеу, жүрегін ауыртатын сөз құралдарын қолдану:
1) жағымсыз ой - пікірлермен сыншыл ескертпелер;
2) жағымсыз эмоциялардың көрінуі, жек көру, сенімсіздік таныту жасырын өкпелеу сияқты қанағаттанбау формасында;
3) агрессия сипатындағы ойлар мен тілектерді айту;
4) жәбірлеу, кіналау т. б;
5) қорқыту, зорлау;
6) қарапайым айғай - әдетте агрессивті сипатта болады;
Тура агрессия - құрбанға қарсы бағытталған, жанама агрессияда - құрбан қатыспайды, бірақ оған қарсы өсек тарайды.
Агрессияға көптеген анықтамалар берілген:
1) Агрессия - бұл басқаларға зиян келтіретін немесе қорқытудан туатын кезкелген мінез - құлық.
- Агрессия - қандайда бір әрекет агрессия ретінде көріну үшін олар ренжіту немесе жәбірлеу тілектерінен тұруы керек.
- Агрессия - бұл басқаларға денелік немесе физикалық зақым келтіруге әрекет ету болып табылады.
Қазіргі заманда психологтардың көбі Д. Ричердсон, Берон бойынша агрессия анықтамасын қолданады.
Агрессия - өзіне мұндай қатынасты қаламайтын тірі жанға басқа біреудің зиян келтіруі немесе мақсатты түрде жәбірлеуді білдіретін мінез - құлықтың кезкелген формасы. [1; 97]
Осылайша, агрессия қандай формада көрінсе де, өзіне мұндай қатынасты қаламайтынбасқа тірі жанға зиян немесе зақым келтіруге бағытталған мінез - құлықты білдіреді.
Ол келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- агрессия міндетті түрде әдейі құрбанына зиян келтіреді;
- агрессия ретінде тірі ағзаға зақым немесе зиян келтіруді білдіретін мінез - құлық қана қарастырады;
- Агрессия құрбанының мұндай қатынасты өзімен болғанын қаламайтын мотвациясы болуы қажет;
Кейбір авторлар агрессияны эмоция, мотив, ұстаным емес мінез - құлық модельі ретінде қарастырады. «Агрессия» термині үнемі ашу - ыза сияқты эмоциялармен сонымен қатар зақым келтіру жәбірлеу тілектері сияқты мотивтермен, рассалы және этникалық нанымдар сияқты ұстанымдармен ассоциацияланады. Нәтижесі зиян келтіруге әкелетін бұл факторлардың мінез - құлықта маңызды рөлді атқаруына қарамастан, олардың бар болуы мұндай әрекеттерді орындаудың шарты болып табылмайды. Жалпы алғанда ашу, ыза басқа адамға қол жұмсап күш келтірудің қажетті шарты болып табылмайды, ал негативті эмоциялар, мотивтер, ұстанымдар әрқашан басқа адмға қарсылық ету мен тура әрекет етуден көрінбейді деп тұжырымдайды.
Агрессия латын тілінен аударғанда қарсыласу деген мағынаны білдіреді. Агрессия - бұл бір топ адамды немесе бір адамды жоюға немесе психологиялық, физикалық зиян келтіруге бағытталған индивидуалды немесе ұжымдық мінез - құлық әрекеті. Жалпы агрессия субьектінің фрустрацияға деген реакциясы ретінде пайда болып, жек көру, ашу, кек, ыза сияқты эмоционалды жағдайлармен сипатталады. Ол экспрессивті (эмоция, сезім көріністерінің күші) басқаларға саналы мақсатты түрде зиян келтірумен сипатталатын қарсыластық агрессия, ал инструменталды агрессия - мұнда субьектінің мақсаты бейтарап түрде болады, ал агрессия оған қол жету құралы ретінде қолданылады. Субьектінің агрессивті мінез - құлыққа дайындығы тұлғаның тұрақты қырына - агрессивтілікке қатысты қарастырылады. Агессивтіліктің себептері болып қақтығыстық, жанұядағы эмоционалды байланыстың бұзылуы, жанұя тәрбиесінің жағдайы табылады. [5; 65]
Агрессивті әрекет өз - өзіне бағытталуы мүмкін, бұл аутоагрессия деп аталады, яғни өзін - өзі өлтіру, өзін - өзі төмендету, өзін -өзі кінәлау. [3; 31б]
Агрессивті мінез - құлық (фpagress- вызывающий, воинственный, латын тілінен - нападаю - басқаға физикалық немесе моральді зақым келтіру, мақсатты орындау әрекеті. [6; 7]
Агрессия жеке индивидте немесе топтарда түрлі формада көрінуі мүмкін, ашық көріністе - төбелес, дөрекілік, ал жабық формада - жамандық тілеу, ызалану түрінде көрінуі мүмкін. Осылайша, агрессия қандай формада көрінсе де басқа тірі жанның өзіне мұндай қатынасты қаламайтын зиян келтіру мінез - құлық тәсілдерін білдіреді. [7; 28]
Агрессия - бұл кейбір обьектілерге немесе адамдарға мақсатты түрде зиян келтіретін мінез - құлық. Агрессия - бұл әлеуметтенудің бұрмалауының нәтижесі, ата - ананың жазалауды шектен тыс қолдануы, балаларға деген қатал қатынасының нәтижесі. Агрессивті бағыт тұлғаға қарсы бағытталған балағаттау, зорлық, өлтіру әрекеттерінен көрінеді, обьективті жағдай мен адамның агрессивті мінез - құлықының арасында себептерді біріктіретін байланысты көрсетеді: агрессияға деген дайындық (ыза, ашу) және өзі үшін осы жағдайларды интерпитациялау. [5; 27]
Зорлау, зомбылық көрсету, қастандық жасау, агрессия мәселелері көптеген теориялық мектептердің зерттеу обьектісі болып отыр. Бірақ осы мектептердің ешқайсысы осы сұрақтарға толық және жан - жақты жауап бере алмайды, бірақ мәселенің белгілі аспектісін зерттеп, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Психоаналитикалық бағыт өкілдерінің көзқарасы бойынша агрессия - бұл қандайда бір обьектіге немесе адамға түрлі себептер бойынша кейбір бастапқы туа біткен бейсана құмарлықтардың іске аспау нәтижесінен өмірге деген энергияның бұзылуы, мақсаты - зиян келтіру болып табылатын мінез - құлық. Бұл құмарлықтарды басу, олардың іске асуын қатал бекіту мінез - құлықтың әлеуметтік дезадаптация формасына әкелетін, мазасыздық, толымсыздық, агрессивтілік сияқты сезімдерді тудырады. [7; 119]
Психоаналитикалық бағытты қалаушы З. Фрейд өзінің бұрынғы жұмыстарында адамның мінез - құлқындағы үйлескен тенденциялар махаббатпен, қамқорлық арқылы өмірді қайта өңдеу мен сақтауға бағытталған энергиялар мен өмір инстингі Эростан туа және жанама туады деп пайымдаған. Агрессия Либидолы импульстердің бұзылуына, блоктануына деген қарсы реакция ретінде қарастырылады. Сонымен қатар З. Фрейд екінші негізгі инстинкт Танатос бар екенін айтты - бұл өлімге деген құмарлық. Оның энегриясы өмірдің аяқталуы мен бұзылуына бағытталған, ал бұл жағымсыз эмоциялар - ыза, жек көрушілік, деструктивтілік болып табылады. З. Фрейд барлық адамдардың мінез - құлықтарын Танатос пен Эростың арасындағы күрделі қарым - қатынас нәтижесі, екеуінің арасында үнемі қысым болып тұрады деген. Осы екі инстинкт арасында үнемі өткір қақтығыс болып тұратындықтан, басқа механизмдер (ығыстыру) Танатос энергиясын сыртқа, ал, «Менін» бөлек бағытқа бұру мақсатында қызмет етеді. Осылайша, Танатос жанама түрде агрессияның сыртқа шығып, басқаларына бағытталуына себеп болады.
З. Фрейд агрессияның зорлық ретінде көрінуін алғашында адамға бұрыннан тән инстинкттер ретінде түсіндіреді. Инстинкттер мен оның әрекеттерін шектеп отыратын әлеуметтік нормалар арасындағы қарама - қайшылықтың болуы агрессия және зорлық сияқты ішкі қысымдарды тудырады. Адам өзіне, басқаларға қатысты және сыртқы әлемге қатысты зорлық жасайды. «Жоғарғы Мен» концепциясының аспектісінде «Мен» зорлық, агрессия, «Мен» және «Жоғарғы Мен» арасындағы қақтығыс нәтижесі шынайылық пен психиканың, ішкі мен сыртқының арасында қарама - қайшылықты тудырады. . [7; 119]
Өмір мен өлімге деген құмарлықтардың өзара қарама - қарсылығы затқа деген махаббат (нәзіктік) пен жеккөрініштілік (агрессивтіік) арасындағы полярлігін дәлелдеуімен түсіндіріледі. өлімге деген құмарлық зорлықты тудырады, бірақ махаббат та агрессивті (агрессивтілікті) тудыруы мүмкін. Бұл мінез - құлық өз бастауын адамға тән өлім инстингінен алатын туа біткен ғана емес, сонымен қатар қашып құтыла алмайтын мінез - құлық, себебі, егер Танатос энергиясы сыртқа бағытталмайтын болса, ол индивидтің өзінде бұзылулардың пайда болуына әкеледі. З. Фрейдтің теориясындағы бұл аспект (катарсис жайлы түсінігі) қауіпті әрекеттердің алдын алудың тиімді құралдары болуы мүмкін бұзушысы жоқ эмоционалды / экспрессивті әрекеттерді орындауы.
Агрессивтіліктің пайда болуына және ары қарай қалыптасуы Фрейдте балалық дамудың кезеңдерімен сәйкестенеді. Оральді кезеңде оның байқалуы сарказмге, өсекке бейім сияқты агрессивті қырларының қалыптасуына әкелуі мүмкін. Анальді кезеңде байқалуы қырсықтықтың қалыптасуына, ал ол өз кезегінде қырсықтыққа әкеледі, сонымен қоса ашу - ыза, өш алуға деген бейімділік қасиеттерінің қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Яғни агрессивті мінез - құлық адамдағы өлім инстингі Танатостан бастау алып отырған тек туа біткен емес, сонымен қатар қашып құтыла алмайтын әрекет екеніне көз жеткіземіз. [8; 114]
К. Г. Юнг агрессивтілік пен зорлықтың көріну себептерін өзінің бейсаналық концепциясымен және архетиптерімен негіздей сәйкесінше түсіндірді. Агрессия, зорлық, зомбылық, санасыздықтың санаға, психиканың санаға әсер етуімен түсіндіріледі. Индивидтің оның қара бір бөлігімен қақтығысы қашып құтыларлық емес, және қатты қинайды, ал жеңілісі жанының өлуіне, жеңіп шығуға , қайта өмір сүруге әкеледі. [48; 101]
К. Хорни индивидтің агрессия, зорлық көрсететін кризистік жағдайлар проблемасын зерттей келе, тұлғаның жоғарғы базисті мазасыздығының өзара байланысын көрсетті. «Адамдарға қарсы қозғалыс» жағдайына ұшыраған адам агрессивтілік, зорлық көрсетуге қақтығысқа бейім. Агрессия индивидтің психологиялық қорғанысының көптеген түрлерінің қауіпсіздікке ұмтылу, рахат алу мен комфортқа деген гипотетикалық қажеттілігінің бірі. [48; 101]
Этологиялық ықпалдың өкілі К. Лоренц те З. Фрейдтің ойын жалғастырады. К. Лоренц адамға тән агрессия алғашында өз бастауын инстинкттерден алады деп санаған. К. Лоренц бойынша, агрессия - үнемі «Өлім инстингімен» сәйкестендірілетін көрініс, бұл барлық инстинкттер сияқты табиғи жағдайда осылайша өмір мен түрдің сақталуына ықпал етеді. К. Лоренц адам өзінің мінез - құлық табиғатына тәуелді екенін мойындауы керек деген. Агрессияны зерттеу барысында ол оны жалпы жануарлар әлемінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Табиғат заңы мінез - құлық пен әрекетті түсіндіреді деп қарастырған. К. Лоренц бойынша, агрессия өз бастауын барлық адамдарда және тірі жандарда бар туа біткен «Өмір сүру инстингінен» алады. Агрессивті энергия ағзада үздіксіз бір темпте уақыт ретімен жиналып шашыраңқы генденеді. Осылайша, агрессивті әрекеттер біріккен функциялар болып табылады: [19; 56]
Ағзада қаншалықты агрессивті энергия көп болса, соншалықты оны сыртқа шығаруға жұмсалатын энергия аз болады. Адамдарда басқа тірі жандарға қарағанда өздерінің түр өкілдеріне қатысты зорлық кең тараған. К. Лоренц агрессияны туа біткен күштерден құтыла алмаудың салдары ретінде қарастырады. Ол агрессияның әлсіреу мүмкіндігі мен осыған ұқсас мінез - құлықты бақылау мүмкіндігі туралы айтқан. К. Лоренц махаббат пен достық қарым - қатынастары ашық көрінетін құбылыс агрессиямен сәйкес келмейді және оның көрінуін блоктап тастауы мүмкін деген. [19]
Психоаналитикалық бағытты ұстанушылар үшін агрессия инстинктілі, туа біткен факторлар құралы болып табылады және агрессивті көріністерді ешқашан басуға болмайды деген қорытынды жасауға болады. Барлық материалды қажеттіліктерді қанағаттандыру да, басқа да әлеуметтік әділетсіздіктің алдын алу да, адамзат қоғамындағы құрылымда позитивті әлеуметтік өзгерістер де агрессивті импульсертің пайда болуы мен көрінуінің алдын ала алмайды.
Фрустрационды теория бағытының негізін қалаушы адамдағы агрессивтілікті зерттеуші Д. Доллард болды. Ол фрустрационды - агрессивті теорияны жасады. Оның көзқарасы бойынша, агрессия - бұл адам организмінде автоматты пайда болатын құмарлық емес, ал фрустрацияға деген жауап: яғни эмоционалды тепе - теңдікке және рахатқа қол жеткізу, қажеттіліктерді өтеу жолындағы қиындықтарды жою әрекеті. Бұл теория инстинкт концепциясына қарсы пайда болған теория. Оның ең негізгі қорытындысы: «фрустрация салдары әрқашан агрессияға әкеледі» [1; 28]
Мұнда агрессивті мінез - құлық - эволюциялық процесс емес, ал фрустрацияға деген реакция - жетістікке жету, эмоционалды тепе - теңдікке, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жоюға әрекет ету деп тұжырымдалады. . Агрессия фрустрацияның салдары болып табылады, ал фрустрация соңынан әрқашан агрессия болады. Сонымен бірге фрустрация деңгейі қажетті әрекетті орындауға деген мотивация күшіне, мақсатты бағытталған әрекеттің саны мен кедергінің маңыздылығымен байланысты. . [1; 28]
Бұл теория агрессия әрқашан фрустрацияның салдары болады, және фрустрация соңынан әрқашан агрессия туады деп тұжырымдайды. Агрессия - фрустрация жүйесі бола отырып, 4 негізгі түсініктерге сүйенеді: агрессия, фрустрация, тежелу, және ығыстыру. Соларға тоқталып өтейік:
Агрессия - басқа адамға өзінің әрекетімен зақым келтіруге әрекет ету болып қарастырылады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz