Қазақстандағы қала мен ауылдың өзекті мәселелері
1 Қазақстандағы қала мен ауылдың өзекті мәселелері
2 Ауылдағы өзін.өзі басқару құрылымы . демократияның басты бөлшегі
3 Ауылдың қадірі неге қашты

Қала мен ауылдың әлеуметтік көкейтесті мәселелеріне олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін, мүдделерін қамтамасыз ететін, қанағаттандыратын мәселелер жатады. Олар, ең алдымен, қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік-материалдық тұрмысын ұдайы жақсарту, олардың мұң-мұқтажын ескеру, талап-тілектерін орындау, жұмыспен қамту, жұмыссыздықты жою, жалақыны көбейтіп оны уақытында беріп отыру, жұмыс жағдайын жақсарту, еңбеккерлердің бос уақытын, демалысын ұйымдастыру, жасөспірімдерге лайықты тәрбие беру, білікті, сапалы маман кадрларды даярлау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау тұрмыстық қызмет көрсету, зейнеткерлерге ұдайы қамқорлық жасап отыру, мәдени ағарту мекемелерінің жұмысын ұдайы жақсартып отыру. Жалпы алғанда, қаланың жағдайы қала тұрғындарының тұрмыстық, материалдық жағдайы, қажетті мүмкіндіктерді табу, орындау жағынан ауылдан көш ілгері деуге толық негіз бар.
Қазақстан үкіметінің 2000-2005 жылдарда ауылды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, бүгінгі таңда еліміздің ауылдық аймақтарын қайта құру процестері жүргізілуі қажет болған.Сол мерзімдердің ішінде Қазақстанның әрбір аймағында машина технологиялық станцияларды, ақпараттық маркетингтік жүйелерді салу, өндірілген өнімдерді өткізу жүйесін ұйымдастыру, малдың генофондын сақтау, олардың тұқымдарын асылдандыру және пайдалану, несиелік жолдастық ұйымдар құру, ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің ішкі нарығын қорғау, ауылдағы тұрмыс қызметін және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық көлік, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану, энергиямен жабдықтау, жаппай елді мекендерге телефон, газ жүргізу, таза ауыз сумен жабдықтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, білім жүйесін, бұқаралық мәдениетті, дене шынықтыру мен спортты дамыту, шағын кәсіпкерлікті дамыту, т.б. мәселелерді орындау көзделген-ді. Дегенмен, бағдарламада аталып өткен осыншама мәселелер әлі күнге дейін өз шешімін таба алмай, тоқырауда қалуда.

17.10.2011 23:26 Минуаров Исатай
Platon.kz Минуаров Исатай - Қала мен ауылдың әлеуметтік көкейтесті
мәселелеріне олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін, мүдделерін қамтамасыз
ететін, қанағаттандыратын мәселелер жатады. Олар, ең алдымен, қала мен ауыл
тұрғындарының әлеуметтік-материалдық тұрмысын ұдайы жақсарту, олардың мұң-
мұқтажын ескеру, талап-тілектерін орындау, жұмыспен қамту, жұмыссыздықты
жою, жалақыны көбейтіп оны уақытында беріп отыру, жұмыс жағдайын жақсарту,
еңбеккерлердің бос уақытын, демалысын ұйымдастыру, жасөспірімдерге лайықты
тәрбие беру, білікті, сапалы маман кадрларды даярлау, тұрғын үймен
қамтамасыз ету, денсаулық сақтау тұрмыстық қызмет көрсету, зейнеткерлерге
ұдайы қамқорлық жасап отыру, мәдени ағарту мекемелерінің жұмысын ұдайы
жақсартып отыру. Жалпы алғанда, қаланың жағдайы қала тұрғындарының
тұрмыстық, материалдық жағдайы, қажетті мүмкіндіктерді табу, орындау
жағынан ауылдан көш ілгері деуге толық негіз бар.
Қазақстан үкіметінің 2000-2005 жылдарда ауылды дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, бүгінгі таңда еліміздің ауылдық
аймақтарын қайта құру процестері жүргізілуі қажет болған.Сол мерзімдердің
ішінде Қазақстанның әрбір аймағында машина технологиялық станцияларды,
ақпараттық маркетингтік жүйелерді салу, өндірілген өнімдерді өткізу жүйесін
ұйымдастыру, малдың генофондын сақтау, олардың тұқымдарын асылдандыру және
пайдалану, несиелік жолдастық ұйымдар құру, ауыл шаруашылығына инвестиция
тартуды ынталандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің ішкі нарығын
қорғау, ауылдағы тұрмыс қызметін және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық
көлік, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану, энергиямен жабдықтау,
жаппай елді мекендерге телефон, газ жүргізу, таза ауыз сумен жабдықтау,
тұрғын үймен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, білім жүйесін, бұқаралық
мәдениетті, дене шынықтыру мен спортты дамыту, шағын кәсіпкерлікті дамыту,
т.б. мәселелерді орындау көзделген-ді. Дегенмен, бағдарламада аталып өткен
осыншама мәселелер әлі күнге дейін өз шешімін таба алмай, тоқырауда қалуда.
Газ жүргізу, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану, энергиямен
жабдықтау, таза ауыз су деп алысқа аттамай-ақ қояйық, лайлы су тұтынып,
жарықсыз отқан ауылдық аймақтар бастан асарлық. Сонда үкімет тарапынан
бөлінген қыруар қаржы қайда кетті деген сұрақ маза бермесі анық. Оған да
көндік, енді бар үміт жақында қабылданған үдемелі индустриалды-инновациялық
бағдарламада. Себебі, Елбасының қатысуымен жүргізілген тікелей телекөпірде
байқағанымыздай бағдарлама аясында ашылып жатқан ауылдық аймақтарда
орналасқан өндіріс, жұмыс орындары баршылық. Бұл бағдарламадан күтетініміз
мол.Айта кетерлік тағы бір жайт, дамудың алғышарты боп табылатын еңбек
инструменттері- басқару мен ұйымдастыру жүйесіне де баса назар аудару
қажет.Тек осындай жағдайда ғана жүйе өміршең болып табылады және ойдағыдай
жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Осыған орай, экономикалық және әлеуметтік мәселелер әр уақытта бір-бірімен
тығыз байланыста, бірлікте болады. Ал, бұл қоғамның ең басты өндіргіш күші-
адам мен оның жұмысы тығыз байланысты және бұл күрделі де шетін мәселе адам
арқылы шешіледі, яғни оның жұмысы мен жағдайы арқылы анықталады.
Бір жағынан, адам өндірістің объектісі болумен қатар, екінші жағынан,
өндірістің субъектісі.Адам өндірістің объектісі ретінде оның мақсаты
болғандықтан, оның өз еркі болмайды, сондықтан өндіріс адамның және жалпы
қоғамның жан-жақты дамуынан материалдық игілікті өндірудің алғышарттарын,
жағдайын жасайды. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік дамуын қамтамасыз
етеді, сөйтіп өндіріс алға қойған мақсатын іске асырады.
Адамдар арасында үйлесімді қарым-қатынастар болуы керек, өйткені еңбекшіге,
қызметкерге әр уақытта дұрыс жағдай,жақсы тұрмыс, көңіл-күй жасалмаса,
ешқандай өндіріс тиімді дамымайды. Бұлардың нақтылы көрінісі еңбек, жұмыс
процесінде, оған қатынастарынан, олардың ондағы тәртібінен белсенділігі мен
жауапкершілігі сезіледі. Еңбеккерлер мен қызметкерлердің өмір сүру жағдайы
төмен болған сайын адамдардың қанағаттану дәрежесі, яғни қанағат сезімі
тіпті төмендейді. Мұны өндіріс ұжымдарының басқару және жұмыс деңгейінен
байқаймыз. Осының басты көрінісі ретінде, олар әлеуметтік даму
міндеттемелері мен жоспарды орындамайды, оларды жүзеге асыруға қайта
кедергі жасайды. Міне, осылардан адамның, әсіресе, еңбеккер мен
қызметкердің әлеуметтік даму деңгейінің төмендігі неге әкеліп соғатындығын
көреміз.
Қорыта айтқанда,жоғарыда көрсетілген мәселелер қала және ауыл тұрғындарының
әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері болып саналады.
Ауылдағы өзін-өзі басқару құрылымы – демократияның басты бөлшегі
22-Шілде, 2011 273 рет оқылған
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-
аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті
істерді басқару жөніндегі дербес қызметі екені мәлім. Қазақстан
Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың
сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер
белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында
жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін
қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі
басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы
тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы
сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге
асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың
қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен
белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Алайда біздің елімізде
бүгінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі әлі де күн тәртібінде.
Төменде осы саламен ұзақ жылдардан бері айналысып келе жатқан маман Нұрлан
Мұхаметқалиевтың материалы оқырман назарына ұсынылып отыр.
Нұрлан Мұхаметқалиев, Әлеуметтанушы.
Жаңа қоғам қалыптасып, еңбекке деген қоғамдық қатынас өзгерді. Жекеменшікке
негізделген жұмыс орындары пайда болды. Қоғамда саяси, мемлекеттік
қызметкер, іскер адамдар, жұмыссыздар сияқты топтар қалыптасты. Ел
экономикасының дамуына, оны басқару жүйесіне шетелдіктер капиталы араласа
бастағанын көріп жүрміз.
Бүгінде жастарды және жасы 45-63 арасындағы адам дарды жұмыспен қамтамасыз
ету үлкен проблемаға айналып барады. Әсіресе ауылдағы жағдай тым өткір.
Ауылда тіршілік көзі – мал өсіру, жер телімінен өндірген өнімді өткізу.
Жеке кәсіпкер, фермер – салық төлеуші – өз күнін өзі көретіндер тобын құрап
отыр. Ауылда бүгінде бірден бір билік иесі селолық округ әкімі. Оның
жоғарыдан төмен қарайғы тігініңкі бағыныстағы аппаратында санаулы ғана
қызметкер бар.
Атқарушы биліктің төменгі сатысы екендігіне қарамастан олар көптеген
қиындықтарға тап болуда. Селолық әкімдердің жеке өзі қалыптастырып
жұмсайтын қаржысы жоқ, өкілеттілігі де шамалы. Көбіне көп селолық әкімдер
іс-қағаздар толтырумен, адам тіркеу, анықтама берумен шектелді.
Идеологиялық жұмыс жүргізу, түрлі мерекелік шаралар өткізу міндеттелгенімен
оған бөлінген қаржы жоқ. Соның салдарынан әкім аумақтағы кәсіпкерлерге
жалынышты, біреу сөзін тыңдаса, біреу пысқырып та қарамайды. Іс жүзінде
әкім мемлекеттік шараларды жеке өз басының өтімділігін пайдалана отырып,
жүзеге асыруға мәжбүр.
Селолық округтарда 3-4 ауыл бар. Село әкімінің күнбе-күн әр ауылды аралап
жұмыс істеуге мүмкіншілігі де бола бермейді. Тікелей міндеттері мен аудан
әкімінің тапсырмаларын орындаудан аса алмайды. Нарықтық қатынастар
салдарынан билік пен қарапайым халық арасында бос кеңістік пайда болды.
Бұрынғы әлеуметтік жеңілдіктер: нақты жұмыс орны, мамандықпен еңбек етіп,
уақытылы еңбекақы алып тұру, тегін емделу және білім алу, кәсіподақ арқылы
демалып келу, жұмыс орнынан тұрғын үйге қол жеткізу тарих еншісіне
айналғаны қашан. Ауылда күнделікті тіршіліктің өзі сансыз проблемалар
туғызып жатады.
Ауылдағы әлеуметтік жағдайдың түзеле қоймауы, ұлттық құндылықтардан айрыла
бастауымыз, рухани ізгіліктерді менсінбеу, ұлттық тіліміздің қолдану аясы
іс жүзінде “тұрмыстық тілден” әріге көтеріле алмауы кеудесінде ұлттық
намысы барларды ойланта бастады. Халыққа мемлекеттік органдардың шешімдері,
заңдар туралы ақпарат жетпейді. Ауылда радио жоқ, газет-журналдарға 15
үйдің бірі жазылады. Оның өзі де иесінің қолына уақытылы тие бермейді.
Ауылдық жерде өмір сүріп, мемлекет атын ұстап отырған халыққа өзін-өзі
басқару жүйесін енгізу аса маңызды деп ойлаймын. ”Жергілікті жерде
тұрғындар өзін-өзі меңгеруге қабілеті жоқ. Түрлі ағымдардың айтқанымен
кетеді” деген пікір бар. Меніңше, бұл жаңсақ пікір, оны шығарып жүргендер
халықпен ашық сөйлесуге дәті бармайтындар. Әр ауылдың өз арқа сүйер
азаматтары, қиындыққа мойымай, жол іздейтін, сабырлы да салмақты, төзімді
болуға жетелейтін қариялары бар, кемнің орнын толтыратын, азайғанды
көбейтуге, рухани дәрежені өсіруге атсалысатын аға буын тәрбие жұмысына
араласса, ауыл мәдениетіне, экономикалық дамуына деген жастарымыздың да
жауапкершілігі артар еді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ауылдық жерлерде сайлау арқылы енгізуге
негізгі құқықтық база бар. Құру принципі қандай? Ауылда белгілі бір
шекарасы бар ықшам аудан көлемінде оқу орны жастарды оқумен қамту, 1 жасқа
дейінгі сәбилерді, мүгедектерді, босанатын әйелдерді, есептегі ауруларды
күнбе-күн байқау мақсатында дәрігер, су бөлу мәселесімен жауапты мұраптар,
жеке меншік мал дәрігерлері жұмыс атқарады.Осы ықшам аудандарда тұрғындар
жиналысын өткізіп, әр ықшам ауданнан үш адамнан басқару органдарын сайлау
керек. 4-5 ықшам аудан бойынша сайланған 12-15 адам сол ауылдың өзін-өзі
меңгеретін қоғамдық ұйымы болып шығады. Ауыл бойынша олар өз жетекшісін
сайлайды.
Ықшам аудан тұрғындары өз басқару органына міндетті түрде белсенді, қолынан
іс келетін адамды, әр ата, әр ұлт өз өкілін сайлайды. Бұл нағыз
демократиялық сайлау болады. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 3-бап 1-
тармағындағы “мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық” деген қағиданы
басшылыққа ала отырып, халықтың ерік-жігерін ауыл өмірін жақсартуға,
жасампаздық істерге жұмылдырғанда ғана табысқа жетері хақ. Жергілікті ӨӨБ
билік пен халық арасындағы алтын көпір. Олар қандай сұрақтармен айналысады,
шешімдері аяқасты болмай ма?
Өзін-өзі меңгеру құрылымы әр уақыт ауыл бойынша өтілетін іс-
шаралардың бәрінің басы-қасында болады. Білім ордасымен байланыста болып
жастар болашағына мән береді. Ауыл балаларының мектепке баруы, оқуы,
тәртібі, әр тұрғынның ауылы үшін жауапкершілігін арттыру, басқа жерден
келіп ешкім де жұмыс істеп бермейтінін түсіндіру, жастарды еңбекке, рухани,
мәдени, адамгершілікке тәрбиелеу, “қадір-қасиет, құрмет – істеген еңбегіне
қарай” деген қағидаға назар аудартады.
“Ауылын көр де, азаматын таны” дегендей аумақты көркейту, жасыл
желектендіру және оның өсуіне жағдай жасап, қорғау, тұрғын үйлерді,
ғимараттарды күтіп ұстау, көше тазалығын қадағалау да халықтың өзін-өзі
басқару органының еншісінде болмақ.
“Ауыл – адамдар мекені” деген қағидамен жазда жекеменшік малды мейлінше
сыртта баққызу, оның бағасын реттеу, дәрілеу, тұқымын асылдандыру, мал
індетіне қарсы күрес ұйымдастыру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану да оның
құзіретінде болуға тиіс.
Егістік жерді тиімді пайдалану, біреудің еңбегін бағалау, су
ресурстарын дұрыс пайдалану, ауызсу алатын құдықтардың маңайының тазалығын
қадағалау, арықтарды таза ұстау, күл-қоқысты ретсіз төккізбеу, көше, жол
тазалығына мән беру бақылауда болса қандай жақсы.
Халық демалатын жерлердің тазалығы, тарихи, мәдени ескерткіштерді,
спорт алаңдарын күту, жастарды саламатты өмір сүруге тәрбиелеу, адам
құқығын дәріптеу, қоғамдық тәртіпті бақылау, отбасындағы жат қылықтарға,
ұрлыққа жол бергізбеу, зираттарды күту, жаназаны ұйымдастыру да жергілікті
өзін-өзі басқару органының қызметі болуға тиіс.
Ауылдағы күнбе-күн кездесетін көкейтесті мәселелерді шешу, ұсақ-
түйектен бастап, туған ауыл өмірінің ыстық-суығына бірдей төзу,
жалғызілікті, жағдайы нашарларға, мүгедектерге көмек көрсету назарда
ұсталар еді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруда (ЖӨБ) қазіргі кезде аудандық мәслихат
депутаттары өз округінде жұмыс атқаруда деген ұғым бар. Олардың саны кеңес
кезінен қазір үш есе кем. Бәрі халықпен етене араласпайды, себебі
депутаттық қызметіне қосымша қосылған өкілет. Ауылдық жерде селолық
депутаттар мүлде жоқ. Қалалық жерлерде пәтер, гараж, саяжай иелері құрған
ӨӨБ құрылымдары бар.
Рас, ауылдық жерлерде ақсақалдардан құрылған кеңес бар, олар әкімдерге
қолдау көрсетеді, алайда биліктің айтқанынан аса алмайды.
Тарихта дамыған мемлекеттерде өзін-өзі меңгеру жүйесі мемлекеттік
құрылымнан бөлектенген, жергілікті мемлекеттік басқарымға кіріккен,
мемлекеттік басқарымның өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz