Информация және есептеу машиналары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе
1. Информация және есептеу машиналары.
2. ЭЕМ-нің шығу тарихы.
3. Жаңа ақпартаттық технологиялар.
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қан қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдылықтары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Информация және есептеу машиналары.
Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазіргі мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т. б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірісінің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен, ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынды. Осыларды негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары «адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты «болашақтың» фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер мектептерге де келе бастады, олар физика, математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйренуде үлкен көмек береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу, бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалана белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін, әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.
ЭЕМ-нің шығу тарихы.
ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындардан тұрады. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуына, ЭЕМ-нің элементтік базасына тәуелді болды.
Негізгі базасы электрондық шамдардан құрылған (ЕNІАС және басқа да ЭЕМ-дер) ЭЕМ-дер олардың бірінші буынына жатады (1940-1955 жылдар) . Оларды қазіргі ЭЕМ-дердің аталары (аналары) деп те атайды.
Егер Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-дердің арғы атасы деуге болады. Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған шамдар орналасқан алып құрылғылар болатын. Программалар мен сандарды оларға енгізу үшін перфоленталар мен перфокарталар пайдаланылған. Бұл машиналарға программалар машиналық кодтарда жасалған, сондықтан кез келген адам программа құра білмеген. Ең жылдам машиналардың есептеу жылдамдығы секундына 2 амалдан тұрады.
1955 жылдан бастап екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрлік шамдардың орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылады.
Сонымен, ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланылатын электр қуаты да аз болды, онымен қатар олардың амал орындау жылдамдықтары секундына бірнеше он мыңдаған амалға жетті. Онымен қатар жоғары деңгейдегі программалау тілдері де дами бастады: Фортран, Алгол, Кобол және т. с. с. Программалар алгоритімдік тілдерде құрылатын болғандықтан, олар машинаға тәуелсіз болды.
Көп уақыт өтпей-ақ электрондық өндіріс орындары интегралдық схемалар жасай бастады. Интегралдық схемада кішкентай жартылай өткізгішті кристалға бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар орналастырылады. Содан кейін бірнеше жүздеген мың транзисторлардан тұратын жартылай өткізгіш кристалдар - үлкен интегралдық схема (ҮИС) пайда болды.
Интегралдық схема негізінде құрастырған ЭЕМ-дер үшінші буындағы машиналар деп аталады. Бұл машиналардың жады үлкен, амал орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион амалға жетті. Сыйымдылығы шексіз, жұмыс орындау жылдамдығы жоғары, сыртқы жадқа сақтау құрылғысы - магниттік дискілер пайда болды.
Үшінші буындағы машиналарда бір мезгілде бірнеше программалардың қатар орындалуына мүмкіндік туды. Бұндай режим мультипрограммалық режим деп аталды. Осы кездің өзінде-ақ белгілер базасы жасала бастады, бұл ЭЕМ-дерді халық шаруашылығында кеңінен пайдалануға мүмкіндік туғызды.
1971 жылы АҚШ-тың «Интел» фирмасы алғашқы микропроцессор құрастырды. Бұл компьютердің процессорының жұмысын атқаратын өте үлкен интегралдық схемадан құрастырылған құрылғы болды. Микропроцессорлардың жасалуы информатикадағы үлкен төңкеріс болды. Осының арқасында кішкене ғана ЭЕМ-дер, яғни дербес компьютерлер пайда болды.
Қазіргі кезде төртінші буындағы ЭЕМ-дер 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Бұл ЭЕМ-дердің біреуінің жады, көлемі және амал орындау жылдамдығы бірінші буындағы ЭЕМ-дердің бірнеше ондағандарымен парапар.
1980 жылдан бастап АҚШ-тың ІВМ фирмасы дербес компьютер жасау жолында дүние жүзі бойынша алдынғы фирмалардың бірі болды. Ал 1990 жылдың басынан бастап көрнекті фирмалардың бірі Apple Corporation болды, ол Macintosh маркалы компьютер шығара бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы Германияның Siemens фирмасымен бірлесіп, мектептерге арналған компьютерлер шығару ісін қолға алуда.
Біз ЭЕМ-нің төрт буынына қысқаша тоқталдық. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары көп және кемшіліктері де жоқ емес. Негізгі кемшіліктің бірі олардың жұмыс атқару үшін арнайы тілдерді пайдалануды қажет ететіндігінде, болмаса, олар сізді түсінбейді. Қалайда бір есепті шешу үшін, оған белгілі бір тілде программа құруыңыз қажет.
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Ол машиналар адамды кәдімгі адам сөйлейтін тілде түсінуі қажет. Яғни ЭЕМ «Жасанды интеллект» негізінде құрылуы қажет. Егер бұл идея толығымен іске асатын болса, онда ЭЕМ кәдімгі сіз арқылы информация қабылдайтын болады және берілген алгоритм бойынша программаны өзі құрып, есепті машинаның өзі шешетін болады.
Жаңа ақпартаттық технологиялар.
Кәдімгі информациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа ақпартаттық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілер арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамсыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz