Адвокаттық қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі



1 Адвокаттық қылмыстық іс жүргізуге зақ көмегінің, бір түрі ретінде қатысуы
2 Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері
3 Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру
4 Қорғаушының процесуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері
Адвокаттың қылмыстық процесске қатысуы – бұл адвокат қызметінің маңызды түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау – қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Қорғану тарабы сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады.
Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін қажетсінеді, онсыз айыпталушы өз кінәсіздігінің дәлелдерін келтіруге сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтауға дәрменсіз.
Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтіргендігін хабарлап, оған байланысты ҚІЖК –де белгіленген негіздерде және тәртіпте өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған , не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезікті болып табылады.
Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін тұлғаларды нақты анықтайды.
Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелікте тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкілдері;
г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкілін бөліп, қорғаушы ретінде оның өкілеттігін айғақтайтын тиісті құжаттармен (шешім немесе хаттама, сенімхат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретінде іске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвокаттарының қатысуына жол беріледі. Қорғаушылар (адвокаттар) іске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айып тағылғанға дейін б±лтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жіберіледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Адвокаттық ќылмыстыќ істер бойынша зақ кµмегін кµрсетуі.
Адвокаттық ќылмыстыќ іс ж‰ргізуге зақ кµмегініқ, бір т‰рі ретінде
ќатысуы
Адвокаттың қылмыстық процесске қатысуы – бұл адвокат қызметінің маңызды
түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін
жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау – қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-
ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау
тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Қорғану тарабы сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы,
азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады.
Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін
қажетсінеді, онсыз айыпталушы өз кінәсіздігінің дәлелдерін келтіруге сондай-
ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-
жайларды анықтауға дәрменсіз.
Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтіргендігін хабарлап,
оған байланысты ҚІЖК –де белгіленген негіздерде және тәртіпте өзіне қатысты
қылмыстық іс қозғалған , не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға
дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезікті болып табылады.
Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін тұлғаларды нақты анықтайды.
Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелікте тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкілдері;
г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа
да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкілін бөліп, қорғаушы
ретінде оның өкілеттігін айғақтайтын тиісті құжаттармен (шешім немесе
хаттама, сенімхат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында (ҚІЖК 70-
бап 2-тармақ) қорғаушы ретінде іске, егер бұл Қазақстан Республикасының
тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада
белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвокаттарының қатысуына
жол беріледі. Қорғаушылар (адвокаттар) іске қатысуға тұлға айып тағылған
немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айып тағылғанға дейін
б±лтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жіберіледі.
Бір адам, екі сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің
мүддесіне қайшы келетін болса, екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық іс бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге
асырады.
ҚР ҚІЖК–да қылмыстық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы
бар субьектілер анықталды. Олар қылмыстық сот ісін жүргізу барысында
құқықтары мен мүдделері қорғалатын немесе білдірілетін тұлғалар (сезікті,
айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер,
азаматтық жауапкер, куә).
Бұл арада кәсіби қорғаудың қылмыстық іс бойынша қорғаудың сан
алуандығы болып табылатындығын ескерген жөн. Онда қорғау үшін тән барлық
белгілер бар (ҚР ҚІЖК 7-бап 19-тармақ), алайда, сонымен қатар оның
Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет туралы заңымен реттелетін
адвокаттың құқықтық мәртебесіне байланысты ерекшеліктері кездеседі. Оған
адвокат мінез-құлқының кәсіби нормалары, адвокаттық қызметтің кепілдіктері,
адвокаттық құпия, адвокаттар алқасы мүшелерінің тәртіптік жауапкершілігі
және т.б. жатады.
Сондықтан кәсіби қорғау – адвокаттың білікті заң көмегін көрсету
мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген және белгіленген
құралдар мен әдістер негізінде ғана жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі,
оның құрамдас бөлігі айыпталушының, сезіктінің құқықтары мен мүдделерін
қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз ұшыраған адамның айыбын теріске шығару
немесе жеңілдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады [6].
Қоғам мен мемлекет бірде-бір азаматтың жеткілікті дәлелдерсіз
қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына және сотталмауына мүдделі. Мемлекет,
қорғану құқығын қамтамасыз етудің конституциялық кепілдігін атқара отыра,
адвокатқа айтарлықтай құқықтар, оның ішінде адвокаттық қызмет кепілдіктерін
береді, олардың арасында анықтау, алдын-ала тергеу органдары мен соттар
адвокат қылмыстық іске жіберілген сәттен бастап кешіктірмей, оған
қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бүкіл мерзімі үшін іске қатысуға
жіберілетіндігі туралы жазбаша айғақтама беруге міндетті; анықтау, алдын-
ала тергеу органдары, іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда, адвокатқа
оның тергеуге және адвокатпен келісілген мерзімдегі басқа да іс жүргізу
әрекеттеріне қатысу қажеттігі туралы хабарлауға міндетті және т.б.
б) Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері.
Заң қорғаушының қылмыстық іс бойынша міндетті қатысуының келесі
негіздерін қарастырады.
Біріншіден, осындай негіздеме сезіктінің (айыпталушының) қорғаушы
алғысы келетіндігі туралы өтініш болып табылады. Қорғаушыны міндетті
қатыстыру институты оның қатысуын, ең алдымен сезіктінің (айыпталушының)
өз еркі және келісімі бойынша қарастырады.
Бұл жағдайда ешкім де сезіктіге (айыпталушыға) қорғаушы ретінде
белгілі бір тұлғаны ұсына алмайды. Сезіктінің (айыпталушының) өзіне
таңдаған қорғаушысының көмегін пайдалану құқығына кедергі келтіру іс
жүргізу заңнамасын елеулі бұзушылық болып табылады. Қандай да бірсебеп
бойынша таңдаған қорғаушы іске қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда
(демалыс, іс сапар, сырқаттану және т.б. ) анықтауды жүргізетін тұлға,
тергеуші, прокурор сезіктіге (айыпталушыға), басқа қорғаушыны шақыруды
ұсынуға құқылы немесе оны қорғаушымен заң консультациясы арқылы қамтамасыз
етеді.
Екіншіден, егер сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаса,
қорғаушының қатысуы міндетті. Қылмыс жасаған сәтте он сегізге толмаған,
сондай-ақ бірнеше қылмысы үшін айыпталып, оның бірін он сегізге толмаған
жасында жасаған тұлға кәмелетке толмаған болып саналады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс бойынша қорғаушы
кәмелетке толмағандардан сезікті немесе айыпталушы ретінде алғаш рет жауап
алынған сәттен бастап, ал айып тағылғанға дейін ұсталған немесе
тұтқындалған сәттен бастап жіберіледі.
Егер кәмелетке толмаған сезікті (айыпталушы) не оның заңды өкілдері
адвокатпен келісім жасамаса, тергеуші, прокурор, сот қылмыстық іс бойынша
қорғаушымен қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, сезікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық
кемістігінен өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын
жағдайда. Бұл мән-жайдағы ахуалда сол тұлға әрекетке қабілетті болып
танылғанымен, жүйкесінің ұдайы немесе ара-тұра бұзылатындығынан, тіл, көз,
құлақ мүкістігінен немесе өзге де кемістігінен зардап шегетіні меңзеледі.
Төртіншіден, сезікті немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілді
білмейді.
Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісінде мемлекеттік тілмен қатар
орыс немесе басқа тілдер қолданылады. Басқа тіл ретінде сол жерде көп
тұратын халықтың тілі түсіндіріледі.
Бір қылмыстық іс бойынша отырыс қылмыстық іс жүргізетін органның
қаулысы бойынша белгіленген сот ісі тілдерінің бірінде жүргізіледі
(жылдамдық пен қамтушылық,тиімділік пен қажеттілік ескеріледі).
Іс бойынша отырыс жүргізілетін тілді білмейтін немесе шала білетін
айыпталушы, адвокат құқығының кез келген шектелуі және ана тілінде немесе
олар білетін басқа тілде сотта сөз сөйлеу құқығымен қамтамасыз етпеу
қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын елеулі бұзушылық болып табылады.
Бесіншіден, адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айырылу, өмір бойы бас бостандығынан не өлім жазасы
тағайындалуы мүмкін болатын қылмыстық істі жасағандығы үшін айыпталады.
Жазаның ауырлығын және адам үшін орын толмас салдарды ескере отырып,
айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету – маңызды да
қажетті шарт, сондықтан да мемлекет оған адвокат арқылы белсенді
қорғануға және пікірін дәлелдеуге, ең алдымен қисынсыз айыптаудан өзін
арашалауға, қылмыс жасағандығы үшін шынайы кінәлілердің әшкереленуі мен
жазалануына мүмкіндік береді.
Алтыншыдан, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу
қолданылса немесе ол мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық
сараптамаға жіберілсе.
Жетіншіден, сезіктілердің немесе айыпталушылардың мүдделері арасында
қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса (айыпты біреу мойындап,
екіншісінің дауласуы; бір сотталушының кінәні екіншісіне аударуы;
әрқайсысына тағылған айыптау сипатынан туындаған, наразылық және т.б.) Бұл
сотталушыны бір іс бойынша өтетін, мүдделері қарама-қайшы және
қорғаушылары бар басқа сотталушылармен салыстырғанда оны қылмыстық іс
жүргізуде тең емес жағдайға қоятындығымен түсіндіріледі.
Сегізіншіден, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде жәбірленушінің (жеке
айыпталушының) немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысады. Тараптардың
теңдігін және сот ісіне қатысушылардың бәсекелестігін қамтамасыз ету,
сондай-ақ істің мән-жайын, жан-жақты толық және обьективтік зерттеу үшін
қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады.
Тоғызыншыдан іс сотта қаралған кезде мемлекеттік айыптаушы қатысады,
прокурордың сот талқылауына қатысуы қорғаушысы жоқ сотталушыны тек соттың
алдында ғана емес, сондай-ақ кәсіби заңгердің алдында да тең емес жағдайға
ұшыратады. Сондықтан заң осы жағдайларда қорғаушының (адвокаттың) міндетті
қатысуын анықтады.
Оныншыдан, айыпталушы Қазақстаннан тысқары жерде жүр және алдын ала
тергеу органдарына келуден жалтаруда [7].
Қорғаушының қатысуы алғашқы алты, сондай-ақ оныншы негіздеме болған
жағдайда адам сезікті немесе айыпталушы болып танылған сәттен бастап,
жетінші жағдайда сезіктілердің немесе айыпталушылардың мүдделері арасында
қайшылық анықталған сәттен бастап қамтамасыз етіледі. Сегізінші және
тоғызыншы негіздер бойынша айыпталушыны сотқа берген сәттен бастап
қамтамасыз етіледі.
Сонымен, іске қорғаушының міндетті қатысуы жоғарыдағы мән-жайларға орай
қосымша кепілдіктерге мұқтаж тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды күшейту мақсатын көздейді. 2-4, 6-негіздерде көзделген жағдайларда
(стационарлық, сот-психиатриялық сараптамаға айыпталушыны мәжбүрлеп
жеткізген кезде) айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық іс
жүргізуші орган қабылдай алмайды.
Ең соңында, қылмыстық іс бойынша отырысқа қорғаушы міндетті түрде
қатысатын соңғы негіз туралы, алайда, өкінішке орай ол қолданыстағы
заңнамада келтірілмеген. Қылмыстық істі жүргізетін органдардың практикалық
қызметінде тергеушіні, прокурорды, судьяны немесе сотты айыпталушының
өзінің қорғану құқығын жеке жүргізу қабілетіне күмәндандыратын материалдары
жеткілікті істер жиі кездеседі. Осындай күдік үшін негіздеме айыпталушы
тарапынан өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, ақыл-ой дамуы мен білімінің төмен
деңгейі және іс үшін маңызы бар өзге ықтимал мән-жайдың туындауы болып
табылады және т.б.
Егер осы негіздемелер болып, қорғаушыны сезікті, айыпталушы шақырмаса,
оның заңды өкілінің, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың тапсырмасы
бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган процестің тиісті сатысында
қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл туралы олардың қаулысы
шығарылады. Бұл қаулы адвокаттар алқасының мүшелері үшін міндетті болып
табылады.
ҚР ҚІЖК-нің 302-бабына сәйкес судьялардың бас сот талқылауын тағайындау
кезінде айыпталушы таңдаған адамды қорғаушы ретінде жіберу немесе
айыпталушыға қорғаушы тағайындау туралы мәселе шешіледі. Бұл жағдайда заң
шығарушы қорғаушыны тағайындауды қандай да істердің тізбесімен шектемейді.
Тиісінше бұл кез келген іс болуы мүмкін.
Тергеушінің, прокурордың, судьяның және соттың шешімі – ҚР ҚІЖК-нің 71-
бабында көзделген мән-жайдағы сияқты, сондай-ақ өзге мән-жайларда
қорғаушының қылмыстық іске қатысуы үшін құқықтық негіз қалайтын заңды
айғақ.
Егер қорғаушының қатысуы міндетті болса, оны айыпталушы, оның заңды
өкілі немесе басқа адамдар шақыра алмайды, тергеуші, прокурор және сот
қорғаушы тағайындау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
Қорғау тапсырмасын алған нақты адвокат осы жағдайда өзін қалай ұстауы
керек? Айыпталушының заң консультациясының келісімі бойынша қорғау кезінде
қорғаушыны таңдауға құқығы бар. Айыпталушының тағайындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
Қазақстан Республикасындағы адвокаттық жұмыстар
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Адвокаттың қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
Заң консультациясы жəне адвокатгық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары
Адвокаттардың құқықтық жағдайы
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Пәндер