XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы.

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

I-тарау. Алаш партиясы.

1. 1. Алаш партиясының құрылуы.

1. 2. Алаш партиясының бағдарламасы.

1. 3. Алаш партиясының тарихнамасы.

II- тарау. "Үш жүз" социлистік партиясы және оның қызметі.

2. 1. Көлбай Төгісовтың өмірі мен "үш жүз" партиясы құрылғанға дейінгі қайраткерлік қызметі.

2. 2. "Үш жүз" партиясының құрылуы және ол туралы көзқарастар, сын- пікірлер. Партияның қоғамдық-саяси қызметі, мақсаты мен іс- әрекеті.

Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Тақырыбы:

1. 1. Алаш партиясының құрылуы.

Кіріспе:

Ғасырлар бойы тәуелсіздік пен бостандықты армандаған қазақ халқы өзінің қайғы- қасіретке толы тарихында тағдырдың тәлкегіне түсіп көптеген оқиғаларды басынан кешірді. Соның ішінде XXғасырдың басындағы қазақстандағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "Үш жүз" социалистік партиясының тарихы барынша өзекті зерттеуді қажет ететін тақырыптардың қатарына жатады. Өйткені еліміздің осы кезеңдегі тарихы, Ресей тарихының ықпалында, отаршыл идеалогияның темір құрсауында бұрмаланып жазылды.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт қамын ойлаған қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде "ақтаңдақтардың" бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор.

Аталған тақырыптағы мәселенің көкейтестілігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев "Тарих толқынында" деген кітабында былай деп өте дұрыс айтып көрсеткен: "Ұлттық саяси ұйымның жасақталуының өзі отандық тарихымызда жеріне жете зерделенбей келеді. Оның үстіне кезінде "Алаш"партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгүнге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым, алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, осы заманғы шындыққа бейімдеу еді "(1) .

Елбасының осы маңызды тұжырымы ұлт тарихын жаңаша тұрғыда зерттеуді, сол күрестің басында тұрып қазақ елін отарлық езгіден құтқаруды, оның мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына қосуды басты мақсаттарына айналдырған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтеріне шынайы баға беруді күн тәртібіне қойды. оларды "ұлтшылдар", "халық жауы" деп жағылған қара күйеден ақтауға, олар туралы жаңсақ пікірлерді тарих беттеріне алып тастап, обьективті баға беру, ғылыми тұрғыда зерттеулер жүргізу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселе екндігі анық.

Алаш партиясының құрылуы, оның бағдарламасы тақырыптың өзектілігінің бір қыры ғана.

"Үш жүз" социалистік партиясы 1917жылы дүниеге келді. "Үш жүз"партиясы XXғасырдың басында Қазақстанда құрылған екі партияның бірі. Аталмыш партия өзінің өмір сүрген аз ғана уақытында ел өмірінде ауыз толтырып айтарлықтай қызмет атқара алмады. Оның себептері көп. Партия өмір сүрген аз уақыттың өзі елдегі азамат соғысымен қатар келді. Оның қайраткерлері идеология саласында эсер партиясының, саясат саласында бальшевиктердің ықпалында болды. Партия басшыларының арасында ауызбірлік болмады. Міне осы айтылған себептер партияның өмірінің қысқа болуына әкеп соқты. Осы айтылған себептер тақырыптың зерттеу деңгейіне де әсер етті. Кеңес дәуірінде де, онан соң да "үш жүз" партиясының тарихына, қызметіне байланысты көлемді тарихи еңбек жазылмады. "Үш жүз"партиясының тарихы жөніндегі ғылыми зерттеу жұмысы көбінесе Алаш партиясының тарихымен қоса, екі партияның арақатынасына, бұл екі партияның бағдарламасын, қызметін салытыру бағытында жүрді.

Осы айтылғандардан үш жүз социалистік партиясы тақырыбының отан тарихында алатын орнын, оны зерттеудің өзектілігін жоққа шығаратын қорытынды жасауға болмайды.

XXғасырдың басында қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресу мақсатын көтерген, бағдарлама жасап, оны жүзеге асыру үшін күрескен партияның, оның қайраткерлерінің қызметін зерттеп, обьективтік принцип негізінде баға беру тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

Өткен ғасырдың басында тарих сахнасына көтерілген қазақ зиялыларын өзініңі идеологиялыық және саяси бағдары, қазақ елінің болашақ даму жолы туралы мәселеде екі түрлі көзқарас ұстанды. Сондықтан, осы екі түрлі көзқарас екі партияның құрылуына себебші болды. Міне соған орай, үш жүз партиясы туралы жүретін ғылыми жұмыс қазақ зиялыларының идеологиялық және саяси бағыт-бағдарын айқындауға көмектесері анық. Мәселенің зерттелу деңгейі: Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасы XX ғасырдың басынан бастау алады. Тәуелсіздік алған соң ғалымдарымыздың Алаш партиясының құжаттарымен танысуға қолы жетті. Осының нәтижесінде аталмыш тақырыпқа байланысты екі іргелі монографиялық еңбек жарық көрді. Белгілі ғалым К. Нүрпейісов "Алаш һәм алашорда" атты еңбек, М. Қойгелдиев "Алаш партиясы" атты еңбек жазды. Алаш қозғалысы, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяны, қызыметі, шығармашылығына арналған ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар жарық көрді. Аталған тақырыпқа арналған бірнеше ғылыми конференциялар ұйымдастырылды. Ал үш жүз партиясының тарихына келсек, бұл жөнінде көлемді тарихи еңбек жазылмады. Үш жүз партиясының тарихы жөніндегі ғылыми зерттеу жұмысы көбінесе Алаш партиясының тарихымен қоса, екі партияның арақатынасына, бұл екеуінің бағдарламасын, қызметін салыстыру бағытында жүрді.

1917жылы Алаш және үш жүз партиялары құрылды. Алаш партиясына байланысты ғылыми зерттеу жұмысы жеткілікті жүргізіліп, кеңес дәуірінде ерекше бұрмаланғанымен бүгінгі таңда өзінің ғылыми шешімін тауып, отыр. Үш жүз партиясына келсек оның тарихы, қызметі туралы деректердің аздығына байланысты бұл мәселе толық зерттелген жоқ.

Екі партияның екеуі де бағдарламасында өздерінің әлеуметтік негізін нақтылы пайымдаған жоқ. Кеңес дәірінде аталмыш тақырыпқа қалам тартқан ғалымдар Алаш партиясының әлеуметтік негізгі буржуазия, үш жүздіктердікі ұсақ буржуазия деп есептеді. XX ғасырдың басында Қазақстанда әлеуметтік жіктің ашық айқын, анық болмағандығы партиялардың өзінің әлеуметтік негізін дөп басып тұжырымдамауына себеп болғанға ұқсайды.

Алаш қозғалысының тарихнамасын хронологиялық тұрғыдан 1919-1920, 1921-1980 және 1991 жылдан соң жазылған әдебиеттер негізінде осындай 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

«Алаш қозғалысы» деген атау бірнеше құрамдас бөліктерден тұратын күрделі ұғым. Белгілі ғалым К. Нүрпейісов «Алаш қозғалысы» деген атауға төмендегі 3 ұғымды жатқызады (2) .

Біріншіден, саяси партия ретінде Алаш; екіншіден, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш автономиясы; үшіншіден, осы автономияны басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) .

1919-1920 жылдары Алаш қозғалысы тарихнамасында айрықша кезең ретінде қарастырылатын негізгі себеп Алаш қозғалысының қалыптасуы, оның іс әрекетіне объективті тұрғыдан баға беруді көздеген еңбектердің жарық көруіне байланысты. Олар ең әуелі Алаш қайраткерлерінің өздері болды. Солардың көш басында А. Байтұрсынов тұрды. Ол 1919 жылы тамыз айында Ресейдің ұлт істері жөніндегі Халық комиссариятының органы «Жизнь национальностей» газетіне «Революция және қазақтар» атты мақала жариялайды (3) .

Ол қазақ халқы үшін таптық принципке негізделген коммунистік партия емес, ұлттық мүддеге негізделген партия - Алаш партия қажет еді дегенді негіздейді. Автор қазақ халқының өміріндегі күрделі де маңызды теориялар және практикалық бірсыпыра мәселелердің басын ашып береді.

А. Байтұрсыновтың мақаласынан соң көп ұзамай сол «Жизнь национальностей» газетінде С. Сейфуллиннің «Манап Шамил» деген бүркеншек атпен жазылған «Қазақ интеллигенциясы туралы» деген мақаласы жарық көрді (4) .

С. Сейфуллин Алаш қозғалысына коммунистік идеология мен таптық тұрғыдан баға береді. Ол: «Октябрь төңкерісінен соң салшылдар (бұл жерде «үш жүз» партиясының қайраткерлерін айтып отыр) біртіндеп бұрынғыдан әрі аслшылдана және революцияшылдана бастап, оңшылдар (Алаш қозғалысына қатысушылар) оңшылдана және реакцияшылдана бастады»- деп пікір білдіреді. Бұл жерде С. Сейфуллин Алаш қайраткерлеріне реакцияшыл деген оймен, қазақ халқының ұлттық мүддесіне қайшы қозғалыс деген ойды аңғартып отырғаны көрініп тұр.

С. Сейфуллин бұл берген бағасын «Тар жол тайғақ кешу» атты тарихи романында одан әрі тереңдете түседі.

1919-1920 жылдары жазылған басқа да тарихи еңбектер жоқ. А. Байтұрсыновтың мақаласынан соң коммунистік партия Алаш қозғалысына әділ баға берген еңбектерге жол бермейтіні анық еді. Сол себепті 1921 жылдан бастап Алаш қозғалысының тарихын бұрмалауға бағытталған еңбектер ғана жарық көретін болды.

Алаш қайраткерлерін жаппай қудалауға ВКП(б) Орталық Коммитеттің қазақ бюрасының 1922 жылы 5 сәуірде қабылдаған қаулысы түрткі болды.

Осы қаулыға сай ұзамай мерзімді басылымдарда Алаш қозғалысы туралы пікірталас өрбіді.

Мұндай авторлардың қатарына Алаш қозғалысының белсенді мүшелері Ә. Байділдин мен А. Кенжинді айтуға болады. А. Кенжин: «Жан жақты деректерге сүйенбейінше, сол деректерді Алашорда қызмет еткен нақтылы тарихи жағдайдың ерекшеліктеріне сай ой елегінен өткізбейінше Алашорда туралы айтылған пікірлер негізінен жорамал мәнге ғана ие болмақ. Оған әділ баға беру үшін қазақ өлкесінің саяси, экономикалық жағдайы жөнінде зерттеулер жүргізіп, Алашорданың мәлімдемелерімен, бағдарламасымен, нақтылы қызметімен жете танысу қажет» (5), - деп жазады.

Мұндай пікірлерді басқа да адамдар айтты. Бірақ сол кездегі коммунистік идеологиямен қаруланғандар мұны тыңдағысы келмеді.

1929 жылы Алашорда қозғалысының тарихына байланысты құжаттар жинаған Өлкелік партия комитетінің үгіт насихат бөлімінің меңгерушісі Н. Мартынов құрастырды. Мұнда Алаш қозғалысының тарихын бұрмалаған қорытындылар жазылғанына қарамастан Алаш қозғалысына байланысты құжаттардың басылуы оқырманға Алаш қозғалысы туралы объективтік мәлімет алуға мүмкіндік береді.

1933 жылы Өлкелік партия комитетінің жанындағы партия тарихы институтында Алашорда қозғалысының тарихына арналнған пікірталас ұйымдастырылды.

Пікірталасқа институттың ғылыми қызметкерлері С. Брайнин мен Ш. Шафиро «Алашорданың тарихи рөлі» атты баяндама жасады. Осы екі автор баяндамаларын толықтырып 1935 жылы «Алашорда тарихының очерктері» деген кітапша бастырды. Онда Алашордада ұлтшыл, контрреволюциялық үкімет деген баға береді. Сонымен қатар Алаш қозғалысының тарихында дәріптейтін ештеңе жоқ дейді авторлар.

1935 жылы мамыр айында «Казахстанская правда» газетінде Т. Рысқұлов контрреволюцияшыл Алашорда және оның қалдықтары» деген мақала жариялады. Мұны Сталиндік саяси қуғын сүргін өріс ала бастаған жағдайда оның жасаған тактикалық қадамы деп түсіну керек.

Белгілі Алаш қайраткері М. Шоқаев 1935 жылы Париж қаласында «Кеңестердің билігіндегі Түркістан (пролетариат диктатурасына сипаттама) » деген еңбек бастырды. Сондай ақ М. Шоқаевтың «Түркістанның қилы тағдыры» атты еңбегінен Алаш қозғалысына байланысты қорытындылар кездестіруге болады.

Шет елдерге кетуге мәжбүр болған Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәселелерді Хасен Оралтайдың «Алаш Түркістан түркілердің ұлт азаттық ұраны» атты еңбегінен кездестіруге болады.

Алаш тақырыбы жекелеген шетелдік зерттеушілердің де еңбегінен көрініс тапты. Солардың ішінде Америка зерттеушісі М. В. Олкоттың 1987 жылы жазған «Қазақтар» атты еңбегі (6) маңызды орын алады. М. В. Олкоттың еңбегінің ерекшілігі Қазақстан тарихының кез келген мәселесіне қорытынды жасағанда объективтік принципке сүйенгендігінде.

1989 жылы шілдеде Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінің жанындағы Партия тарихы институты «Алаш Орда пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы» атты тақырыпта пірік алмасу ұйымдастырды.

Пікір алмасуға қатысқан Б. А. Төлепбаев, А. Ғ. Сармузин, М. Қ. Қозыбаев, В. К. Григорьев, К. Нүрпейісов, Ә. С. Тәкенов, М. Қойгелдиев, В. П. Осипов, М. Бурабаев, Н. Жағыпаров, А. С. Елагин, С. Дәулетова және т. б. ғалымдар Алаш және Алашорда тарихына байланысты қолдан жасалған құпияны ашуға жариялылық жағдайында мүмкіндік туып отырғандығын тілге тиек ете отырып, осыны жүзеге асыруға байланысты өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жылдары Алаш тақырыбын зерттеуде жаңа көз қарас қалыптасып, батыл пікірлер айтыла бастады. Мұндай зертеушілердің қатарына К. Нүрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Мұхтар Құл Мұхамет, Ғалым Ахметов тағы басқаларды жатқызуға болады. Бұл жерде Алаш қозғалысына қалам тартқан зерттеушілердің барлығының еңбектерін қамтуға мүмкіншілік жоқ. Сондықтан аталмыш тақырыпты тереңірек зерттеп, іргелі еңбек жазған К. Нүрпейісов, пен М. Қойгелдиевтің еңбектерін айрықша атаған жөн.

Белгілі тарихшы ғалым К. Нүрпейісов 1995 жылы «Алаш һәм Алашорда» атты көлемді іргелі зертеу еңбегін оқырманға ұсынды. Ол еңбегінде Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихына байланысты мәселелерді талқылайды. Автор еңбегінде Алаш қозғалысының идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған жалпы ұлттық идеядан туындады деп есептейді.

Автор: «Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатынастарға ыңғайлауға тырысқан, негізінен ұлттық интеллегенция өкілдерінен тұратын, идеологиясы отаршылдыққа саяси ұйым деп анықтауға болады» (7) -деген қорытынды жасайды.

Алаш қозғалысының тарихына арналған келесі көлемді, іргелі еңбектің авторы белгілі тарихшы ғалым М. Қойгелдиев. Оның «Алаш қозғалысы» атты монографиясы 1995 жылы Алматыда басылып шықты. М. Қойгелдиев Алаш партиясының бағдарламасында қойылған мақсат, мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып Алаш партиясын «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия ретінде атауға толық негіз бар деп санаймыз деп қорытындылайды (8) . Сондай ақ партияны құрушыларды ол ұлттық демократиялық интеллегенция деп атайды.

Партиялардың сипатын Кеңес дәуірінде олардың әлеуметтік тегіне байланысты анықтады. Алашты буржуазиялық ұлттық партия десе, үш жүздіктерді ұсақ буржуазиялық партия деп есептеді. Соңғы кезед бұл тақырыпқа қалам тартқан ғалымдар Алаш партиясын ұлттық демократиялық партия деп есептейді, үш жүз партиясына да дәл осындай сипаттама беретін ғалымдар бар.

Бүгінгі таңда Алаш қозғалысының негізгі мәселелері ғылыми шешімін тапты. Бірақ бұл болашақта Алаш тақырыбында зерттелетін көмескі мәселелердің әлі де жетерлік екенін әлі де жоққа шығара алмайды. Үш жүз партиясына келсек оның тарихы, қызметі туралы деректердің аздығына байланысты бұл мәселе толық зерттелген жоқ.

Демек, бұл тақырып алдағы уақытта қазақ тарихшыларының кезек күттірмейтін, зерттеуді қажет ететін күрделі мәселесі.

Дегенімен қолда бар зерттеулерге сүйеніп осы екі саяси ұйымның көтерген мақсаты, олардың әлеуметтік негізі, сипаты қызметі жөнінде салыстырмалы қорытынды жасауға тырыстық. .

1905 жылдың өзінде - ақ құруға әрекет жасаған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасты. Бірақ оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асты.

Ұлт - азаттық қозғалысы партиясының ұйытқысы қазақ қоғамының әр - түрлі топтарынан шыққан Петербургтің, Мәскеудің, Омбының және басқа да Ресей қалаларының әр түрлі оқу орындарында европалық білім алған адамдар, сондай - ақ дала ақсүйектерінің өкілдері (билер, байлар, молдалар), мұғалімдер, тілмаштар, отаршылдық әкімшіліктің шенеуніктері және басқалар болды.

Кез келген тарихи процестің ғылыми тұрғыдан баяндаудың алғы шарты - сол процеске қатысты фактілердің мейлінше толық қамтылуы. Дәлірек айтқанда сол халықтың тілінде өмірге келген деректерде берілген фактілердің орны ерекше.

Тарих ғылымымен бірге жасап келе жатқан осы қарапайым шындық жалпы қазақ тарихын жасауда, әсіресе Алаш қозғалысына келгенде аяқ асты болып келді.

1916 жыл оқиғасына байланысты ғылыми әдебиетте болашақ «Алаш» партиясының негізін қалаған қазақ интелегенттерінің «сатқындық» ролі туралы пікір қалыптасқан. Бұл мәселеге қатысты фактілердің бәрін де талдау арқылы жасалынған деп айтуға болмайды. Себебі зерттеушілер «Қазақ» газетінде жарияланған екі - үш материал төңірегінде ғана сөз қозғап келді. Ал осы газетте ертерек жарияланған мақалалар мен мұрағаттық құжаттар назардан тыс қалып қойды.

Ұлттық мемлекет құру Ә. Бөкейханов және басқа буржуазиялық - демократиялық бағыттағы зиялылар өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Олар 1905-1907 жылдардағы орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикалдық бағытта көрінген буржуазиялық конституциялық - демократиялық партияның құрамына еніп, конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алудан үміттенді де. Бірақ олардың бұл үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі де көрсетіп берді. Кадеттер партиясына үміт артқан тәжірибесіз ұлттық зиялылар өкілдерінің онымен саяси - идеалық алшақтығы Ақпан төңкерісінен кейін біржола айқындала түсті.

Ә. Бөкейханов «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында ол туралы былай деп жазды: «Кадет партиясы жер адамға меншікті боп берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырлатып, жалаңаш шыға келді.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы.

Біз, Алаш ұр-анды жұрт, жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, Орыс, һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла һүккіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкіметке жетекшіл болып еріп кетеді. Біздің қазақ - қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп койған оң болады. Оны орысша «отделение церкви от гасударства» дейді. Кадет партиясы менің бұл ісіме өзгеше қарайды.

Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июльдегі жалпы Қазақ съезінде айтқан едім» (9) .

Хатта айтылған пікірлердің бәрі дерлік сол күйінде осы жылға қарашада жарияланған Алаш партиясы программасының жобасында келтірілді. Жобаның VIII - ші «Жұмысшылар» атты тарауында «Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал - демократтардың меньшевик тобының программасы жақтайды», - деп жазылды. Жандарм орындарының құжаттарында да көрсетілгендей, социалистермен бұрыннан байланысы бар Ә. Бөкейхановтың революциялық өрлеу барысында кейбір мәселелер бойынша меньшевиктер программасымен жақындасуы да кездейсоқтық емес болатын.

Өз кезегінде Ә. Бөкейханов үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік суверенитетке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді.

Әлеуметтік базаның әлсіздігі, саяси күрес тәжірибесінің жеткіліксіздігі, жеткілікті бөлімшелері мен мүшелерінің ұйымдық жағынан ресімделмегендігі мен орасан үлкен өлке аумағында бытырап жатқандығы және тағы басқа да себептер «Алаш» партиясын, кадеттердің аграрлық және ұлт мәселелері жөніндегі саясаты қазақ халқының мүдделеріне қайшы келгенімен, кадеттермен одақтас іздеуге, татарлардың, башқұрттардың, басқа да ұлттық және мұсылман қозғалыстарымен жақындасуға, ал жергілікті жерлерде, уездер мен қалаларда социалистік партиялармен, әсіресе, оңшыл әсерлермен, меньшевиктермен және басқалармен одақ жасауға мәжбүр етті. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері партияняң бағдарламасын әзірлеуге жәрдемдесті, ал бұл съездердің делегаттары, сондай - ақ облыстық, уездік және болыстық қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаштың» әлеуметтік негізін құрады. Партия мүшелерінің саны, толық емес деректер бойынша, 5 мыңдай адамға жеткен, ал «Қазақ» газеті іс жүзінде оның органы болған. «Алаш» партиясы бағдарламасының негізі I Бүкілқазақ съезінің (Орынбор, 1917 ж. 21-26 шілде шешімдерінен тұрды, бұл кезге қарай ол кадеттерден аулақтап, оның солға қарай бейімделгені байқалады, жергілікті Кеңестердің көпшілігіне басшылық еткен эсерлермен, сондай - ақ Сібір автономиясын жақтаушылармен байланысы күшейді. Эсерлермен жақындасу Сібір құрамында қазақ халқының өзін - өзі билеуі көзделген федерацияны тану негізінде болды.

«Алаш» партиясы қазақ қоғамындағы өз ықпалын едәуір күшейтті, оның мәдени - ағартушылық, пен оппазициялық либерализмнен ұлттық - мемлекеттік демократиялық басымдықтары айқын саяси ұйым жағына қарай дамуы тездетіле түсті (10) .

Бүкілқазақтың бірінші сэезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей Ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатысады. Съезге жиырмадан астам уәкіл ғана қатысқанымен, бұл жиынға қойылған мәселелердің ауқымы, қабылдаған шешімнің маңызына қарап оны ғалымдардың бүкіл қазақтың съезі деп атағаны объективті берілген баға деп есептеу қажет (11) .

Өйткені, съезд сол кездегі қазақ халқының саяси, әлеуметтік - экономикалық өмірінің ең көкейтесті деген мәселелерін талқылайды. Бұл мәселелердің қатарында қазақ халқының саяси тәуелсіздігі, жер, оқу-ағарту, сот, дін, әйел, қазақтың саяси партиясын құру мәселелері болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялар Қазақ төңкерісі қарсаңында
Көлбай Тоғысовтың қызметі
Ақпан революциясынан кейін
Партиялардың түрлері
Саяси партиялардың маңызы
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz