Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Ойлау туралы жалпы ұғым
1.1. Ойлау формалары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Ойлау тәсілдері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Пікір, ұғым және ой түйіндеу ... ... ... ... ... ...16
ІІ. Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу.
2.1.Оқушылар ойлау қабілетін Р. Амтхаэурдың сөздік субтесті арқылы анықтау ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Ойлауды дамытуға арналған психологиялық жаттығу ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе түрлі мәселелерде бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарның миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлуматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлауда әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттар арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылдаған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңестікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымдарында ойлау – бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекет.

1. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы 2002ж
2. С. Балтаұлы «Жантану негіздері» Алматы Дәнекер 2001ж
3. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993ж
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992, 433-бет
5. Блонский П.П. Психологические произведения. М.,1964, стр.500
6. Выготский А.С. Собрание соч. В 6-томах. М.,1982, стр105
7. Гоноболин Ф.Н. Психология А.,1976 187 бет
8. Жарықбаев Қ.Б. Психология. А., 1993, 144 бет
9. Жұмабаев М. Педагогика А., 1993, 70-71 беттер
10. Мұқанов М.М. К вопросу генезиса внутренной речи в связи с трактовкой механизмов мышление и обучение. В кн. Интелект и речь А., 1972, стр43
11. Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы Ш.2000, 22-23 беттер
12. Оразахынова Н. Сөз құрамын, лексика грамматикалық мағынасын сатылай комплексті талдау. «Қазақ тілі мен әдебиеті » журн. 2001 №4 15бет
13. Рахымбек Д. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесі. Ш.2003
14. Степанов А.А. Жалпы психология А., 1980, 219 бет
15. Тұрғынбаев Ә. Логика А., 2000, 22 бет

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Ойлау туралы жалпы ұғым
1.1. Ойлау формалары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6
1.2. Ойлау тәсілдері.

... ... ... ... 11
1.3. Пікір, ұғым және ой
түйіндеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16
ІІ. Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу.
2.1.Оқушылар ойлау қабілетін Р. Амтхаэурдың сөздік субтесті арқылы
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24 2.2 Ойлауды дамытуға
арналған психологиялық жаттығу ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31
Кіріспе
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды
тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде
сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар
жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттарымен
құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен
байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе түрлі
мәселелерде бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс –
қатынастарның миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау
болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Ойлау сезімдік мағлуматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе.
Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі
ойлауда әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттар арқылы тек
сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылдаған заттың
ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ
болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен
кеңестікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын
ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау
процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымдарында ойлау –
бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған
танымдық әрекет.
Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей
сезімдік бөліктер аймағынан шығып, нақты қабылдау мен білуге мүмкін
болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы болып,
танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі. Мысалы, айна сыртында
ілулі тұрған термометрге қарап күннің суықтығын байқайды.
Түйсік пен қабылдау құбылыстарының жеке тараптарының әр мезгілдегі
кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауда сол түйсіктер мен қабылдау
деректері топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар
ашылып, ажыратылады. Сезімдік негізде танылған заттар мен құбылыстардың
қасиеттеріне сүйене отырып, ойлау арқылы заттардың тікелей көрінбеген
тереңдегі жаңа қырлары мен сырларын топшылайды. Сонымен, ойлау қоршаған
дүниенің мәнін жалпы түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен
қатынастар негізінде тануға мүмкіндік береді.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастар ашу – ойлаудың басты
міндеті, осыдан – ақ ойлаудың болмыстың терең тануға бағытталған ерекше
сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен
бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен
ғана көрініп қоймайды. Бірақ қабылдауда заттар мен құбылыстардың
қасиеттері біздің санамызға жеке дара, кейде мәнсіз , кездейсоқ
белгілері мен келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудың міндеті кездейсоқ
сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негізделген мәнді,
қажетті байланыстарды танып, аша білу.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан
кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға өтеді. Кеңістік пен уақыт
аймағында шектелген, жеке – дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан
құралған байланыстар жалқылық сипатқа не болады, ал әрқандай мән
мен кездейсоқ жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие,
ойлаудың қызметі осы мәнді байланыстарды ашумен, оларды қорытындылап,
жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға
бағытталған байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі.
Сондықтан да ойлау жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген
объектив шындықтың қорытындысы.
Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қиялмен тығыз
байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсінеді, дүниені
өзгерте, қайта жасай отырып, оның мән – жайын тереңдей айырады. Осыдан
ойлау әрекетпен немесе әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейді, әрекет
ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған жерде ойлау
процесі де жоқ. Іс – тәжірибе, қимыл әрекет ойлау дұрыстығы мен
дәлдігінің негізі де ақырғы нәтижесі де; жалпы іс- тәжірибеге
тәуелділігін сақтаумен, теориялық ойлау өзінің алғашқы әрі жеке,
кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылығынан құтылады.
Қорытынды түсінім мен жалпы шешімге келтіре алу мүмкіндігінен
ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелігі айтарлықтай. Бір
мәселе бойынша қабылданған қорытынды нәтижесін тапқан жалғыз – ақ
проблемаға тиісті орындалмай, бүкіл сол тақылетті көптеген сұрақтарға
жауап болған – теориялық шешім ретінде қабылданады. Жеке дерекке орай
қабылданған ой, енді бір сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық маңызға
ие болумен, теорияға не теорияның негізгі бір бөлігіне айналады.
Ойлау процесінде қандайда бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла
бермейді, онда жалпыланған түрде мәселе шешімдерінің принциптері
айқындалып, практиканың болашақта кезігетін міндеттерінің орындалу
жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жоспар түзіледі.
Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға жол көрсететін,
әрекетке жетекші болған теорияға қол жеткізеді, объектив шындықты
танытатын диалектикаға жол ашады. Әрекет негізінде дамып, ойлау,
ақырында, іс-қимылды ұйымдастыруға және оған басшылық етуге себін
тигізді.
І Ойлау туралы жалпы ұғым.
1.1 Ойлау формалары
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші
біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық
сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене
түседі. Ой мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік
белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары
формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы
бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрыңғы ұрпақтар жинаған тәжірибе
мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту
мақсаттарына пайдаланады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен
орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін
екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір - бірімен
тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде - ақ байқаған.
Мәселен , халқымыздың Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі
түсімде деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігі, ал
тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы
көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас
болуымен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз
өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына тән процесс болып табылады. Кейбір
психологтардың ( Л. Леви - Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан
артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар
ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық
даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп
отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа
ұғымдар пайда болып, қалаптасады, бұрынғылары ескеріп қатардан шығады.
Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом
ядроларын сансыз бөлшектерге бөліп отыр.
Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид
(1901-1975 ) Тынық мухит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай
қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екені
анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктердің бірі балалар
да, үлкендер де қуыршақ дегеннің не екенін білмейді екен. Осы
айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964 )
сүтегінде айтылған.
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың
бастапқы формасы болып ұғым есептелінеді. Ұғым дегеніміз заттар мен
құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері
бейнеленеді. (Мәселен,мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар ).
Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады.
Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі
екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін
болады.
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен, Шымкент
қаласы, Ғ. Мұратбаев дара ұғым болса, кітап, адам, жұлдыз
т.б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін.
Мәселен, жиналыс (студенттер жиналысы), кітапхана (балалар
кітапханасы) т.б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере
бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін
меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн
болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес.
Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, Ана
тілі сабағында мұғалім үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы
түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен
қатар, ұқсастықтарына баса назар аударады. Осының нәтижесінде балада
жабайы аңдар, үй жануарлары дейтін бөлек ұғым пайда болады.
Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес.
Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім - тәрбие
процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас
ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мәселен, екінші сынып оқушыларына сөз
таптарын түсіндіргенде, мұғалім зат есімдердің септелуін, олардың
классификациясын, математика сабағында бөлінгіш, бөлгіш сияқты
ұғымдарды бірінен - бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай ажыратқызса,
бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп жатады. Кез келген ұғым –
жалпылай алудың нәтижесі.
Бастауыш сыеыптың оқушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына
көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы
белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға күн, өсімдік, жануар
ұғымдарын түсіндіргенде, күн жарқырайды немесе жылытады, өсімдік
өседі, шөпті мал жейді, сиыр – үй жануары, ол сүт береді,
құс ұшады, сайрайды т.б. деп келеді де аталған нәрселердің тек
сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі
көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады.
Мәселен, төменгі сынып оқушылары китті көбінесе балық деп
санайды. өйткені киттің суда жүзетіндігі , сыртқы түрі балыққа
ұқсас екендігі рас. Мұғалім киттің ауа мен дем алатындығын, балаларын
сүт пен қоректендіретінін айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір
түріне жатады деп ойлайды.
Төртінші сыныптағылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның
негізгі ерекшелігін , байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады.
Мәселен, олар су, ауа, металл т.б. денелердің қысым ұлғаюшылық секілді
жалпы белгілеріне қарап, бұларды өлі табиғат ұғымына , ал
өсімдіктерді өсіп отыратындығына байланысты тірі табиғат ұғымына
жатқызады.
Бір зерттеуде төменгі сынып оқушылары құс, балық ұғымдарының
мәнді және мәнсіз белгілерін қалайша ажырата алатындығы тексерілген.
Оқушылардың заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін ажырата алуы
сыныбы жоғарылаған сайын арта түсетін, олардың зат туралы белгілі
ұғымы бірте – бірте қалыптастып отыратындығын байқатады. Егер бірінші
сынып оқушысы құс ұғымының мәнді белгісін бар болғаны 26 пайызға
көрсете алса, төртінші сынып оқушысы 87 пайызға (түгелге жуық деуге
болады) жеткізген, сөйтіп, төртінші сынып оқушысында құс туралы
ұғым толық қалыптасқан деуге болады. Құс. балық ұғымдары балаға
бұрыннан да таныс нәрселер. Сондықтан да оқушылар мүмкіндігінше (қай
сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін
білуге тырысады.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-
бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдардық, кеңістік
пен уақыттық, функционалдық т.б.) бейнеленіп отырады. Мәселен,
жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың
өзара байланысын оқушылар қиналмай ұғады. Бірінші, екінші сынып
оқушыларына заттың кеңістікте қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды
меңгеру қиын соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіектің негізгі
өлшемі- ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Балаға түрлі өлшемдер
туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың
өздеріне өлшетіп үйрету ) ұштастырып отырған абзал.
Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен
көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенін аңғартады.
Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары
жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді.
Пікір – бұл зат туралы мақұлдау, не оны бекерге шығаруда көрінетін
ойлаудың формасы. Мәселен, Астана – Қазақстан Республикасының
орталығы десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал
Атом – заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі десек, бұл
жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар:
бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген
пікірде: Алматы - логикалық бастауыш. Қазақстан Республикасының
орталығы – логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер пікірде көбінесе
айтылмай, тек қана ойға алынып отырады.
Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек
тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде
ғана туып, өмір суре алады. Пікір мен сөйлем бір-біріне тығыз
байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу.
Пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады.
Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері,
сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді.
Төменгі сынып оқушылары дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор
педегогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру
балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың
пікірлері кесімді болып келеді.Өйткені ол құбылысты жан-жағынан
қарастырмайды. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға
талаптанады. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жетуді мақсат етпейді.
Өйткені мұндай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында
ғана қалыптаса бастайды. Бұған оқушыларда білім көлемінің өсуі және
оның жүйелене түсуі үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз
пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана
қоймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика
сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі
түрлерін меңгеру – олардың пікірлерін дамытады. Әрине төменгі сынып
оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік байланыстарын
жан-жақты көрсете алмайтындығы белгілі.
1.2 Ойлау тәсілдері.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі - ой қорытындылары. Ой
қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару
тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір – бірімен
байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды
шықпайды.
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі - дедукциялық,
екіншісі – индукциялық, ал үшіншісі – анологиялық ой қорытындысы деп
аталады.
Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.
Мәселен, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете
алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық
оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы,
мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай – ақ,
оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек,
осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада барлық тірі организмдер
тіршілік ете алмайды! деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке
жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады.
Мәселен, Д.И.Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын
индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез операциялары бір - бірімен
қандай тығыз байланысты болса, индукция мен дедукция да сондай
байланыста болады.
Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәселен, И.Нютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой
қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің
қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы
ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия осындай ғылыми
гипотезаның бастамасында елеулі рөль атқарады.
Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған
сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені,
ойлаудың формалары бірі – бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші,
екінші сыныптағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды.
Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары жеке құбылыстардың себеп - салдар
байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады.
Тәжірибе үсінде құбылыстарды тікелей байқап көру индукциялық ой
қорытындыларын жасауға жағдай туғызса, жалпы заңдар, ережелер мен
принциптерді меңгере дедукциялық ой қорытындыларының пайда болуына
қолайлы әсер етеді. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін
нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынастарды сол жалпы заңдылықтарға
негіздей ұғуға тырысады.
Мәселен, ұрықтың ішінде дәні болғандықтан, помидорды да ұрық
тұқымдас өсімдікке жатқызу оқушының дедукциялық ой қорытындысын жасай
алатындығын жақсы дәлелдейді.
Адамның ақыл-ой процесі өте бай, күрделі болып келеді. Адамның
ойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей - бірнеше жолдармен,
тәсілдермен әрекет етіп отырады. Ой тәсілдеріне анализ, синтез,
абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру т.б. еніп отырады.
Анализ деп бүтін нәрсені жеке бөлшектерге ажыратуды айтады.
Анализ өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен
бөлшектеп, талдап отырады. Бұл күрделі құбылыстарды танып-білуді
жеңілдететін тәсіл. Адам нәрсені бөлшектеумен ғана тынбайды, кейін
бөлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып
отырады. Сондықтан анализ синтезбен қабат жүріп отырады. Синтез деп
ой арқылы бүтіннің бөлшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды
айтады.
Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама - қарсы екі жағы болып
табылады. Анализ синтез, синтезсіз анализ болмайды, сондықтан ой
тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру керек. Ф. Энгельстің
айтуынша, ойдың осы тәсілдері хайуанаттарда да кездеседі. Оларда
өздерінше анализ бен синтез жасап отырады. Мәселен, ақ тиіннің
жаңғақты ашып, ішіндегі дәнін алуы жануар анлизі болады. Жас
балалардың психикасы онша дамып кемелденбей, тәжірибесі аз
болғандықтан, анализ, синтез әдістері деңгейі төмен болады да, олар
заттардың бір-бірімен қатынас, байланыстарын терең ажырата білмейді.
Сондықтан оларға алдымен заттарды бөлшектеп, кейіннен оларды
қайта қосып, жинақтау тәсіліне үйретіп отыру қажет. Оқу - тәрбие
процесінде анализ бен синтез ылғи да бірлікте қаралып отырылуы
тиіс.
Абстракция және нақтылау. Адам ол арқылы заттар мен
құбылыстарды бөлшектеп не оларды біріктіріп, құрастырумен ғана
тынбай, дүниедегі жалқы заттарды көшіріп, жалпы құбылыстарды, жалпы
байланыстарды жалқы фактілер арқылы дерексіздендіріп отырады.
Әрбір ұғымның маңызы талқылау арқылы белгіленіп отырылады.
Талқылау арқылы ғана адам дүниедегі заттардың бір-бірімен байланысын,
қатынастарын аша алады. Талқылаусыз заттардың байланысын, қатынасын еш
уақытта ашуға болмайды. Адам талқылау арқылы ғана бір ұғымға келеді.
Ақыл-ой процесінде талқылау бір-біріне көшіп отырады. Талқылау әр
уақытта белсенді ой әрекеті болып табылады. Талқылауда мақұлдау, не
мақұлдамай, дұрыстау не бұрысқа айналдыру пайда болу керек. Талқылау
арқылы адам өзінің талқылайтын заттарға қатынасын белгілеп отырады.
Талқылау үшін адам фактілерді, заттарды бір-бірімен салыстырып, оларды
бөлшектеп, не болмаса бір-біріне қосып, оларды абстракцияға
айналдырып, не болмаса нақтыландырып, бір-бірінің ұқсастығын,
айырмашылықтарын белгілеп отыруы тиіс.
Әрбір талқылауда себеп - салдарлық байланыстар мен қатынастарды
нақты дәлелдер келтіріп қорытындылар жасап отыруы керек. Әрбір
талқылаудың нәтижесінен ой қорытындысын шығарып, бір пікір туғызу
қажет.
Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау бапланың сыртқы
ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір
тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мсәселен, бір жасар бала
әжесінің саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісіне көз салады. Он
бес айлық бір бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді
көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын
болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып
табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамып отыратындығы
белгілі. Ойлау бұл кезеңде нақтылы – бейнелі болып, әрекетпен әлде де
тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойнауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші
рөль атқарады. Бастауыш мектеп дағдайында бала ойлауы қалайша дамып
отыратындығы белгілі. Бала ойнауын дамыту үшін мұғалім тиісті
жұмыстар өткізіп отыруы қажет. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты
шараларының бірнеше түрлері берілген:
1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық, математикалық ) жөнінде
өз беттерінше қорытынды жасай алуға уйрету үшін мұғалім сабақты
мүмкіндігінше эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыру қажет. Оқу
материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас
өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау
қабілетінің дамуына мумкіндіктер туады.
2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауынм дамытуға
үлкен әсерін тигізеді.
3. Ойлау қабылдалар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан
оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің
тиянақты қалыптасуына мұғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.
4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу
процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын
мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жасауға болады.
5. Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс-
бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен
шешуге үнемі бағыттап отыру ( тапқыштық пен зеректік ) ойлауды қажет
ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру – бала
ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
6. Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз
ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын,
көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен,
қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға
қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге
жетелейді, қысқасы, ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты
етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.
1.3 Пікір, ұғым және ой түйіндеу
Пайым – сыртқы және ішкі жағдайларды тануға бағытталған. Адам дүниемен
үйлесуі, қатынаста болу үшін сол дүниенің қандай, қалай екендігін, оның
ішкі мәнін білуі қажет. Пайым осы мұқтаждықты өтеуге қызмет етеді.
Адам ойлауындағы ұғымдар, логикалық формалар дүниенің белгілі бір
бейнесі.
Пайым - ұғымдарды қалыптастыратын қабілет.
Пайым - сезімдік аңдаудың, тәжірибенің жинақталған материалын қорытып
ұғымдар жүйесін құрайды.
Пайым-танылған сыртқы дүние бірлігінің адам ойлауындағы көрінісі болып
табылады.
Адамда әрине алдына қойған мақсаттары көп. әрбір жеке істің, әрбір
өмірлік кезеңнің өз мақсаттары болады. Бірақ, ең түпкі, мақсат қалыптасқан
болса, басқа мақсаттарды өзіне құрал етеді. Мысалы, танымның өзі де адам
үшін мақсат. Бірақ, түпкі мақсат үшін таным да, оның нәтижесі-біліи де өзін
іске асырудың құралы ғана.
Пікір-ойлаудың ең қарапайым түрі. Ойлаудың формаларын ең алғаш
зерттеген грек ойшылы Аристотель болды. Пікір- ол айтылған ойдың ақиқат не
жалған екендігі туралы болуы тиіс. Ол бір нәрсені растау, не терістеу
түрінде болады. Ұғым-адам болып, басқа бірдей болмыс, бүкіл әлем болсын,
оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz