Инвестиция тартудың теориялық және методологиялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . . . . 6

1. 1 Иивестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні. . … . . . 6

1. 2Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс-тәжірибесі . . . 22

2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒА БЕРУ . . . 32

2. 1 Шетел инвестициясын тартудың нысандары және олардың тиімділігі . . . 32

2. 2 Шетел инвестициясын пайдалануды талдау . . . 46

3 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ . . . 60

3. 1 Шетел инвестициясын реттеу механизміне методологиялық тұрғыдан қарау . . . 60

3. 2 Шетел инвестициялары және ұлттық экономикалық қауіпсіздік . . . 69

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 81


КІРІСПЕ

«Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады.

Инвестициялық активтілік және экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, әрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тәсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді.

Отандық кәсіпкерлер тек жаңадан пайда болып жатыр, сондықтан оларда экономиканың дамуына құятын қажетті қаржы қорлары жетіспейді. Мемлекеттеде өндірісті несиелеуге қажетті өзіндік несиелік ресурстар жеткіліксіз. Басқа мемлекеттерден келетін қарыздарға бағдарлану, оның да өзіндік қиындықтары бар, біріншіден, сөз тек байлаулы несиелер жайында, екіншіден, ондай қаражаттарды мемлекет кепілдігіне алу тиімсіз, үшіншіден, басқадай дамушы мемлекеттер жағдайына түсіп қалуымыз мүмкін, яғни дұрыс ойластырылмаған несие саясатының нәтижесінде басқа дамыған мемлекеттерге экономикалық және саяси жағынан толық тәуелділікке түсіп қалулары. Ондай дамушы мемлекеттер ұлттық табысының көп бөлігін несиенің пайыздық төлемін төлеуге жұмсайды, дегенмен де олардың қарыздары уақыт өткен сайын ұлғаюда. Соңында экономикалық артта қалушылық ұлғайып, әлеуметтік жағдай қиындай түседі.

Дағдарыс жағдайынан шығу үшін елде негізгі салалардағы өндіргіш күштерді дамытып және оларды қазіргі заманғы талаптар деңгейіне көтеру, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табу, ұлттық валютаны тұрақтандыру, бюджет көлемін өсіру және соның есебінен әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды шешу қажет.

Осындай көптеген шешілмеген шараларды шешу үшін Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестициясын тоқтаусыз түрде тарту қажет. Ол үшін оларға жағдай жасалу қажет, яғни шетел инвестициясымен қоса жаңа технологияларымен және ұзақ мерзімге келулері керек. Тек осындай әдіс арқылы шетел инвестициясы көмегімен негізгі өндіріс қорларын жаңартып алуға және өндірісті жаңа ғылыми-техникалық деңгейге көтеруге болады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шетел инвестициясын тартумен байланысты сұрақтар батыстың экономикалық әдебиеттерінде кеңінен айтылады. Экономикалық өсудің және инвестицияларды тартудың қиындықтары мен алғы шарттары теориялық-методологиялық негізде келесідей ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді: Дж. М. Кейнс, А. Маршалл, П. Самуэльсон, Л. Абалкин, Я. Квашин, Д. Палтеров және т. б.

Өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың басымдықтарын айқындау, шетел инвестицияларын тарту сұрақтарын зерттеумен О. Б. Баймұратов, Ж. О. Ихданов, М. Б. Кенжегузин, А. К. Қошанов, Н. Қ. Мамыров, Қ. О. Оқаев, К. А. Сағадиев, П. С. Пасеченко, Н. Н. Хамитов, Б. П. Чумаченко, А. Д. Шелекбай сияқты Қазақстанның экономист ғалымдары айналысуда.

79айда осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады. Қазіргі кезде біздің мемлекетте, шетел инвестициясын тарту және оны пайдалану сұрақтары әлі де тереңірек зерттеуді қажет етіп отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып республикаға шетел инвестициясын тартудың және оларды тиімді пайдаланудың проблемаларын ашу және оларды шешу жолдарын қарастыру.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесідей жұмыстарды шешу қажет:

  • инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мағынасына экономикалық әдебиеттерде кездесетін көз-қарастар бойынша анықтама беру;
  • экономикасы дамыған елдердегі инвестициялық процесстерді реттеудің іс-тәжірибесін қарастыру;
  • елімізге шетел инвестициясын тартудағы және оны пайдаланудағы ең тиімді нысандарды айқындау;
  • шетел инвестициясы есебінен инвестициялық жобаларды тиімді қаржыландыру механизмін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері болып отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың шетел инвестициясын тарту және оны тиімді пайдаланумен байланысты еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің заңнамалары мен нормативтік актілері, Министрлер кабинетінің қаулылары, ведомстволардың материалдары, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер, республикалық және шетелдік статистикалық органдардың ресми ақпараттары тартылды.

1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.

Өз заманында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді. 1 Қазіргі заманғы шарттарды ескере отырып анықтама берген Пол Хейн, оның жазуы бойынша: “Инвестициялау - болашақта табыс алу үшін алдын-ала белгілі-бір затты сатып алу керек. Осыдан, фирма станоктар сатып алған кезде инвестициялайды, дәл осылай сізде акциялар сатып алған сәтте инвестор боласыз”2.

Көптеген анықтамаларда инвестицияларды ақшалай салымдарға теңестіреді. Мұндай түсінікпен менімше келісуге болмайды. Себебі, капиталды инвестициялау тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар басқа да нысандарда қозғалатын және қозғалмайтын мүлік түрінде, әр түрлі қаржы құралдары түрінде (бағалы қағаздар түрінде бірінші кезекте), материалды емес активтер түрінде, лицензия түрінде, ноу-хау және т. б.

Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г. П. Журавлева, И. Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді 3. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары және тағы да басқа факторлар есепке алынады.

Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тән “күрделі қаржы” ұғымын, санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің рөлі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың, еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициясы туралы” заңында “инвестиция” ұғымына жаңа анықтама беру арқылы, оны күрделі қаржыдан бөліп тастауға тырысқан. Онда : “Инвестиция деп- пайда (табыс) табу мақсатымен барлық мүліктік құндылықтар мен оған құқықтарды, және де интелектуалды меншік құқығын инвестормен кәсіпкерлік қызметке салуы” 4. Алайда бұл анықтама дәл айтылмаған. Сонымен қатар, бұл түсініктеме тек кәсіпкерлік қызметке құйылатын және коммерциялық пайда әкелетін инвестициялар жайында айтылған. Бұған қоса, шетелдік практика және теорияда инвестициялардың тиімділігін анықтаған кезде тек коммерциялық нәтиже ғана емес, экономикалық жағы да ескеріледі. Яғни, қоғам мақсаттары, қоғамдық материалды емес құндылықтар (мысалға, денсаулық сақтауға, білім беруге, кадрлар біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, экологияны жақсарту, өмір сүру сапасын көтеруге кететін экономикалық шығындары) . Осыдан Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициясы туралы” заңындағы инвестицияға берген түсініктеме толық емес деп айтуға болады. Өйткені, онда инвестициялардың барлық түрлері қарастырылмаған.

Менің ойымша, күрделі салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі анағұрлым ауқымырақ, себебі күрделі қаржы тек негізгі капиталды қайта құруға жұмсалса, инвестиция материалды активтерге, портфельді инвестиция және материалды емес активтерге инвестиция түрінде болуы мүмкін. Инвестициялау процесін келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1) .

Инвестициялаудың соңғы нәтижесі материалды байлықты құру және көбейте түсу, сонымен қатар қоғамдық жағдайды жақсарта түсу болғандықтан, “инвестиция” түсінігі кең ауқымда айтылуы қажет: инвестициялау процесі - бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалды емес қоғамдық құндылықтарға трансформациялану процесі. Өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық дамуы, нарықтық экономикаға өту жоспарлы экономикаға тиесілі күрделі салымды инвестициямен алмастыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан, күрделі қаржы инвестицияның негізгі капиталға салынатын бір бөлігі ғана болып қалып отыр.

Әртүрлі инвестициялардың қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан оларды айыра білу шарт:

  • нақты инвестициялар, яғни тікелей салынатын;
  • портфельді инвестициялар, яғни қаржы құралдары арқылы салынатын.

Аталған екі инвестициядан басқа интеллектуалды инвестицияларды айтуға болады, яғни патенттерді, лицензияларды, ноу-хау сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау.

Инвестициялардың типтері: Инвестициялардың типтері
Материалды активтерге инвестиция: Материалды активтерге инвестиция
Қаржылық активтерге инвестиция: Қаржылық активтерге инвестиция
Материалды емес активтерге инвестиция: Материалды емес активтерге инвестиция
Инвестициялардың типтері: Инвестициялау объектілері
Материалды активтерге инвестиция: Негізгі өндірістік, өндірістік емес және материалды қорлар
Қаржылық активтерге инвестиция: Акциялар, мемелекеттік және корпоративтік облигациялар, басқа да бағалы қағаздар
Материалды емес активтерге инвестиция: Патенттер, лицензиялар, сауда белгілері, ғылыми техникалық өнім және т. б.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т. б.
Инвестициялардың типтері: Пайдалану салалары
Материалды активтерге инвестиция: Экономиканың нақты секторы
Қаржылық активтерге инвестиция: Қаржы-банк секторы
Материалды емес активтерге инвестиция: Инновациялық сектор
Әлеуметтік сфера
Инвестициялардың типтері: Пайдалану мақсаты
Материалды активтерге инвестиция: Жаңа материалды активтерді құру
Қаржылық активтерге инвестиция: Шығып қалып отырған материалды активтердің орнын толтыру
Материалды емес активтерге инвестиция: Материалды активтерді модернизациялау және тиімділігін арттыру

Бос ақша қаражаттары-

ның инвестицияға трансформациялануы

Материалды активтердің ғылыми техникалық, сапалық және бәсекелестік деңгейлерін көтеру
өмір сүру, жалпы білімділік, ұлттық денсаулық, қоршаған ортаның сапалық және т. б. деңгейлерін көтеру
Инвестициялардың типтері: Инвестициялаудың негізгі мақсаты
Материалды активтерге инвестиция: Материалдық байлықты және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарды көбейте түсу

Кесте 1. Инвестициялаудың сызбанұсқасы

*ШереметВ. В. «». М. 1998

Енді портфельді және тікелей (нақты) инвестицияларды салыстырып көрсек:

  1. Нақты инвестициялар экономикаға капитал салымының тікелей және ұзақ мерзімді болуына әсер етеді (құрылыста және шаруашылық обьектілерді ұйымдастыру кезіндегі жарналық қатысулары, оларды тиімді пайдалану мақсатымен біртіндеп немесе толығымен сатып алу және т. б. ) . Ал портфельдік инвестициялар тек уақытша және спекулятивті мінезде болады;
  2. Нақты инвестициялар тек салынған капиталдан табыс таппай және де сол фирманы дұрыс басқарудан келетін табысқа тырысады. Портфельді инвестициялар салынған капиталдан тұрақты табыс тауып отырса, және мүмкіндігінше акциялар бағамының өсуіне үміт етеді;
  3. Нақты инвестициялар жоғары рентабельді болып саналады, себебі уақыт өткен сайын алынған пайданы кәсіпорынға қайтадан инвестициялауға немесе шетелге шығаруға мүмкіндік береді;
  4. Нақты инвестициялар портфельдікке қарағанда жұмыспен қамтылуға, ішкі нарыққа көп мөлшерде әсер етеді;
  5. Нақты инвестициялар мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына және ұлттық бәсекелестікке әсер етеді;
  6. Шетелдік фирмалардың мемлекеттегі позициясын бекітуге әсерін тигізеді 5.

Инвестициялардың мақсатты бағытына және пайдалану сферасына

байланысты 3 типін бөліп көрсетуге болады:

  • Материалды активтерге инвестициялар, яғни капиталдың ғимараттарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын кез-келген машиналар мен құрылғыларға және материалды запастарға салынуы;
  • Қаржылық активтерге инвестициялар, яғни қаражаттың бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалынуы;
  • Материалды емес активтерге инвестиция, яғни қаражаттың патенттер, лицензиялар сатып алуға, ғылыми-техникалық жаңалықтар жасауға, персоналдың біліктілігін арттыруға, денсаулық сақтауды жақсартуға және т. б. салынуы.

Инвестиция типтерінің барлығы дерлік мемлекеттің шаруашылығының дамуына өз үлестерін тигізеді, оларды атқаратын рөльдеріне қарай:

  • Жиынтық инвестициялар;
  • Таза инвестициялар, яғни негізгі капиталдың өсуіне бағытталған;
  • Шығындарды жабатын инвестициялар деп бөлуге болады.

Жиынтық инвестициялар жаңа құрылысқа, өндіріске қажетті құралдарды алуға және тауарлы-материалды қордың өсуіне бағытталады.

Ал, таза инвестициялар, белгілі-бір мерзімдегі жиынтық инвестициялардан амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы соммаға тең. Таза инвестициялар көрсеткішінің динамикасы мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Егер де таза инвестициялар соммасы теріс мәнге ие болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдардан аз болса), онда ол өндіріс потенциалының төмендегенін көрсетеді, соның салдарынан өндірілетін өнім көлемі азаяды. Мұндай жағдайдағы мемлекетті “өз капиталын азайтушы” деп атауға болады. Егер, таза инвестициялар соммасы нольге тең болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдарға тең болса), онда ол экономикалық өсудің жоқ екндігін көрсетеді.

Ал егер таза инвестициялар соммасы оң мәнге ие болса, онда ол экономиканың даму сатысында екенін көрсетеді. Таза инвестициялар көлемінің өсуі табыстардың өсуіне әкеледі. Және де бұл жағдайда табыстардың соммасының көлемінің өсу қарқыны таза инвестициялар соммасы көлемінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болып келеді.

Барлық қарастырылған типтерді топтастырып келесідей жіктелінім түрінде көрсетуге болады (сурет 2) . Жоғарыда келтірілген түсініктер теориядағы келесідей тәуелділікке әкеледі: инвестициялар - жиынтық ішкі өнім - ұлттық табыс. Егер де таза инвестицияларды өндірістің ұлғаюына бағытталады десек, онда олар ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі, яғни оның мультипликативті өсуіне серпіліс береді. Экономикалық теорияда мұндай құбылыс мультипликатор деген атпен белгілі 6.

Сызба 1. Ивестициялардың жіктелінімі

*Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. «Инвестиции»

Мультипликативті нәтиженің мәні инвестициялық шығындардың өндіріс көлеміне әсерін ұлғайту болып табылады. Қосымша инвестициялау өндірістің және табыстың өсуін көтере келе жинақ ақшаның өсуіне алып келеді. Осылайша, мультипликатордың концепциясы, тек инвестиция қозғалысы мен өндіріс көлемінің өсуі арасындағы байланыстылықты білдіріп қоймай, сонымен қатар олардың экономикалық өсудің деңгейін білдіретін факторлар екендігін, ол өз алдына ЖІӨ-нің деңгейін білдіретіндігін айтуға болады.

Инвестициялық қызметті активтендіруде тікелей шетел инвестициясы үлкен рөл атқаруы мүмкін. Оларды әлемдік практикада сырттан капитал салымы деп түсінеді, және де инвестордың кәсіпорынды толық бақылауда ұстау мүмкіндігі туады.

Әлемдік тәжірибеде қабылданған анықтамаларға сәйкес, компаниямен басқа мемлекеттегі компанияның 10 немесе одан да көп дауыс беруге ие акцияларды сатып алуына кеткен қаражатты тікелей шетел инвестициясы деп айтуға болады. “Нақты шетел инвестициясы инвестордың бөгде экономикада жұмыс істейтін кәсіпорынға капитал салымы және оны басқарудағы шешуші дауысқа ие болуы” 7.

Нақты шетел инвестициясы жаңа құбылыс болмағандықтан (АҚШ-да олардың тарихы 19 ғасырдан басталады), көңіл бөлетін жайт, олардың қозғалысындағы өзгерістер. Бұл ретте көзге бірден түсетіні соңғы он жылдардағы мұндай өзгерістердің бүкіл дүниежүзіндегі абсолютті өсуі. Егер де 80-ші жылдарға дейін нақты шетел инвестициясының жылдық өсімі 1, 3-1, 6 % құраса, одан кейінгі жылдары ол 20 % өсіп, дүниежүзілік сауданың даму ырғағынан 5 есеге асып түсті. Нақты шетел инвестициясының 2000-2005 ж. ж. динамикасы 1 кестеде көрсетілген

Дүниежүзілік шетел инвестициясының 2001-ші жылғы ағымы, олардың кейінгі дамуымен сипатталады. Шетел инвестициясының негізгі ағымы дамыған елдерге тиесілі. 2001-ші жылы олармен әлемдік ағымның 58 % тартылған немесе 233, 1 млрд. $. Олардың ішіндегі көп бөлігі АҚШ-қа (90, 8 млрд. долл. ), Ұлыбританияға (36, 9 млрд. долл. ), Францияға (18, 3 млрд. долл. ), Бельгия және Люксембургқа (12, 5 млрд, долл. ) тартылған.

Кесте 2

Нақты шетел инвестициясының қозғалысы (млрд. долл. ) *

:
2000: 2000
2001: 2001
2002: 2002
2003: 2003
2004: 2004
2005: 2005
: НШИ-ның жалпы экспорттық көлемі
2000: 53, 7
2001: 86, 0
2002: 131, 0
2003: 154, 0
2004: 189, 3
2005: 202, 8
: АҚШ
2000: 13, 2
2001: 18, 7
2002: 31, 0
2003: 16, 2
2004: 31, 7
2005: 36, 4
: Жапония
2000: 6, 5
2001: 14, 5
2002: 19, 5
2003: 34, 2
2004: 44, 1
2005: 48, 0
: ЕЭО
2000: 23, 1
2001: 40, 6
2002: 62, 4
2003: 76, 0
2004: 89, 1
2005: 96, 0
: Франция
2000: 2, 3
2001: 5, 3
2002: 8, 8
2003: 12, 7
2004: 18, 1
2005: 26, 6
: Германия
2000: 4, 9
2001: 10, 0
2002: 9, 1
2003: 11, 4
2004: 14, 2
2005: 22, 5
: Ұлыбритания
2000: 10, 7
2001: 17, 2
2002: 31, 4
2003: 37, 3
2004: 35, 6
2005: 17, 5
: НШИ-ның жалпы импорттық көлемі
2000: 33, 4
2001: 58, 7
2002: 92, 0
2003: 120, 5
2004: 155, 0
2005: 114, 0
: АҚШ
2000: 19, 0
2001: 34, 1
2002: 46, 9
2003: 58, 4
2004: 72, 2
2005: 25, 9
: Жапония
2000: 0, 6
2001: 0, 2
2002: 1, 2
2003: 0, 5
2004: 1, 1
2005: 1, 8
: ЕЭО
2000: 12, 2
2001: 17, 1
2002: 34, 0
2003: 49, 5
2004: 69, 8
2005: 72, 2
: Франция
2000: 2, 2
2001: 2, 8
2002: 4, 7
2003: 7, 2
2004: 9, 7
2005: 8, 1
: Германия
2000: 0, 5
2001: 1, 1
2002: 1, 9
2003: 1, 0
2004: 6, 8
2005: 1, 5
: Ұлыбритания
2000: 4, 7
2001: 7, 3
2002: 14, 1
2003: 18, 3
2004: 28, 8
2005: 31, 6

*Bank for international settlements мәліметтері бойынша құрастырылған.

Инвесторлардың дамушы елдерге деген сенімсіздігінің өсуіне қарамастан, ондай елдерге Қазақстанда кіреді, олар дүниежүзілік шетел инвестициясы ағымында өз орындарын ешкімге бермейді. Мысалға, дамушы елдердің шетел инвестициясын қабылдауы 1993 ж. 17 % болса, 2005 ж. 52 % дейін өсті. Азиялық мемлекеттер арасында Қазақстан оныншы орынды иеленген 8. Мұндай шетел инвестициясы ағымының өсуін капиталды экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттер санының өсуімен түсіндіруге болады. Яғни, тұрақты инвесторлар қатарына (АҚШ, Жапония, Германия ) жаңадан қосылған мемлекеттер бар, Азияда: Оңт. Корея, Қытай, Тайван. Мысалға, кореялық фирмалардың инвестициясы 1988 ж. 75 млн. долл. болса, бұл көрсеткіш 2003ж. 412 млн. долл., 2005ж. 610 млн. долл. дейін өскен 9.

Қазақстанның шетел инвестицияларына мойын бұруы, оның стратегиялық және өтпелі кезеңдегі ағымдағы міндеттерді шешуі үшін қажет. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады:

  • Ұлттық экономиканы қайта құрылымдау;
  • Аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуындағы диспропорцияларды жою;
  • Мемлекеттің экспорттық потенциялын нығайту;
  • Импорт алмастыру өндірісін дамыту;
  • Экономикадағы бәсекелестікті дамыту;
  • Нарықтық инфрақұрылымды дамыту;
  • Шетелдік технологияларды, ноу-хау және басқарудағы іс-тәжірибені тарту және т. б.

Қазіргі таңда шетел инвестициясын тарту процесін, Қазақстан Республикасындағы және басқа да мемлекеттердегі экономисттер зерттеумен айналысуда. Осы уақытқа дейін жинақталған мәліметтерден шетел инвестициясының басқадай қаржылық келісімдерден келесідей артықшылықтарының бар екенін көруге болады. Біріншіден, олар жергілікті халыққа қажетті тауарлар мен қызметтер өндірісін қаржыландыруға қосымша капитал көзі болып келеді. Және де білімнің, іс-тәжірибенің, технологияның, ноу-хаудың, басқару және маркетингтің алмасуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, шетелдік қарыздар мен несиелерден айырмашылығы, олар сыртқы қарызға ауыр ауыртпашылық болып жатпайды, тіпті керісінше оны жабуда өз септігін тигізеді. Үшіншіден, олар жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, жұмыс күшінің, инженерлік және басқарушылық кадрлерінің біліктілігінің артуына әсер етеді. Төртіншіден, экспортты өнімнің сапасының жақсаруына және оның әлемдік нарыққа шығуына көмектеседі. Елге валюталық кірістің деңгейі өседі. Бесіншіден, отандық экономика мен әлемдік шаруашылықтың арасы өндірістің және ғылыми-техникалық интеграцияның арқасында нығая түседі. Алтыншыдан, бәсекелі нарықтық ортаның пайда болуына және монополизммен күресте өз әсерін тигізеді. Менің ойымша, нақты шетел инвестициялары сыртқы қарызды көбейтетін шетелдік несиелерді болашақта нарықтық қатынастардан ығыстырады.

Нақты шетел инвестициясы халықаралық инвестициялық қызметте инвесторды қабылдаушы мемлекет экономикасына сыртқы қарыздарға қарағанда көп пайдасы бар. Қазақстан экономикасының нарықтық және құрылымдық қайта құрулары кезінде нақты шетел инвестициясы қажетті шетел капиталының ең тиімді формасы болып табылады. Себебі олар тек өндіріске салынатын капитал көзі ғана емес, сонымен қатар технологиялардың, ноу-хау, басқару әдістерінің алмасуына және де отандық экономиканың әлемдік шаруашылыққа енуіне әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тікелей шетел инвестициялары
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері
Аймақты дамытудағы жүргiзiлген инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгi
Жер ресурстары – ел байлығының негізі
“Либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Инвестициялық жоба тиімділігін басқару
ҚР-да инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы мен перспективалары (сала деректерінде)
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz