Жеміс-көкөніс кластерін дамыту


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Соңғы жылдары Үкіметтің жан-жақты қолдаулары болса да бау-бақша, көкөніс алқаптарының мейілінше азайғандығы байқалады. Бұған тау бөліктеріндегі, ірі қала іргесіндегі алма бағы, жүзім алқаптарын баудай қырқып, тас сарай салып жатқан өзіміздің байшыкештерді қосыңыз.

Қазақстанның диқан жұрты көкөніс өсірмеймін демейді емес. Өнімнің 60 пайызға жуығы жеке меншік үлестеріне тигенімен, тұқымының нашарлығы мен саудалау-дайындау жүйесінің қалыпқа түспегенінен тұтынушылардың қолына толық жете бермейді. Сапасы төмендігінен қайта өңдеуге жарамайтын жағдайлар да кездеседі.

Қалай десек те, Қазақстанның қазіргі мүмкіндігі өзіміздің ішкі рынокты былай қойып, солтүстіктегі көршілерімізге экспортқа шығаруға молынан жетер еді. Ол үшін қайтпек керек? Оңтүстік Қазақстан облысында Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен республикалық семинар-кеңесте осы мәселелер жан-жақты талқыланды. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін өңдеу және жылыжай мен тамшылатып суару әдісін дамыту бойынша келелі мәселелер көтерілген кеңеске аталмыш министрліктің басқарма және бөлім басшылары, орталық мекемелердің және осы саладағы зерттеу институттарының өкілдері, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мамандары, аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті директорлары, бау-бақша, көкөніс өнімдерін өндіретін агроқұрылымдардың жетекшілері, жылыжай шаруашылықтары басшылары мен тамшылатып суару әдісін ендірген шаруа қожалықтарының басшылары және осы салаға қызығушылық танытқан үміткерлер, “Қазагроқаржы”, “Аграрлық несие корпорациясы”, “Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры” АҚ ОҚО филиалдарының басшылары, қаржы мекемелерінің өкілдері, израильдік “Нетафим”, “Санипласт” компанияларының өкілдері және т. б. қатысты.

Семинар-кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрі облыстағы бірнеше ірі нысандарды аралады. Әуелі “Дани нан” ЖШС-інде болды. Сайрам ауданында аумағы екі гектарға жуық алып жылыжай салып жатқан “Азия-Трейд” ЖШС-нің жұмыстарымен танысты. Құны 1 млн. 200 мың еуро құрайтын жаңа типтік жылыжайдың болашағы үлкен. Министр, сонымен қатар, мал жүнін жуатын, бояйтын, түрлі өндіріске бағытталған “Биязы” кооперативінің жұмысымен де танысты. Қыс мезгілі болғандықтан, жұмысын уақытша тоқтатқан “Биязының” малының жүн-терісін қалай кәдеге жаратарын білмей отырған шопан атаға көмегі зор болмақ.

Ауыл шаруашылығында осындай жұмыстар жүріп жатқанымен, мұның өзі облысқа шаққанда өте аз. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге талпынып жатқан мемлекетіміздің көкөніс саласында оңтүстіктің үлесі зор. Алыс және жақын шет елдердегі бау-бақша өнімдеріне тәуелділіктен құтқаруда осы оңтүстік атына қамшы баспаса болмайды. Үкіметтен жан-жақты қолдау бар. Мәселен, 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері мемлекеттен 2 млрд. 777 млн. теңге субсидия алады. Субсидия көлеміне былтырғымен салыстырғанда 277 млн. теңге қосылған. Былтыр мемлекеттен 2 млрд. 500 млн. теңге алған. Көктемгі тұқым себу мен жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштардың бағасын арзандатуға 1 млрд. 488 млн. теңге бөлінген. Көп жылғы жеміс дақылдары мен жүзім егу және өсірумен айналысатындарға да бұрынғыдай қолдау жасалады. Осы мақсатқа ОҚО-ның шаруалары 438 млн. теңге алады.

Жеміс-көкөніс кластерін дамыту мақсатында Астананың маңайында 2008-2010 жылдары көтерме сауда базары, ал облыстарда төрт өңірлік терминал салынады. Биыл “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ҰК” АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында 500 гектарға жуық жерді жеміс-көкөніс дақылдарын егу мақсатында игеріп, оны 10 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Суармалы егіс алқаптарына қажетті судың құнын арзандату мақсатында 199 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Одан бөлек облыстың ауыл шаруашылығы саласында маңызды басқа да бағдарламалар қаржыландырылады.

Енді аграрлық ғылымның қаржыландыру тәртібі жаңа жүйе бойынша жүргізіледі. Жеке инвестициялар үшін тиімсіз болғандықтан зерттеу жұмыстар толығымен бюджет есебінен қаржыландырылады. Ал конструкторлық-тәжірибелік жұмыстар деңгейінде 10 пайыздық жеке инвестиция тартылады. Оған қоса толық өндіріске қосу үшін “ҚазАгро” институты арқылы жеке қаржы есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің араласуы осы екі кезеңде де жеке инвестициялардың тәуекелдерін азайтып, кәсіпкерлер үшін тиімділігін арттырады

“Аграрлық несиелік корпорация” АҚ ауыл шаруашылығына жатпайтын ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасы бойынша 2008 жылы 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұған дейінгі тәжірибе осы бағдарламаның тиімділігін дәлелдеді. Былтыр сұрыпталған 72 жобаға корпорация жалпы сомасы 707 млн. 947 мың теңге несие бөлді. Әртүрлі елді мекендерде сауда орны, жол бойындағы қызмет көрсету орны, қонақ үй, ауыл туризмі сияқты 80-ге жуық нысан ашылды. Ауылдарда жұмыссыздық азайып, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар белсенділігі артты. “Аграрлық несиелік корпорация” АҚ несиені ауыл тұрғындарына 9, 5 % жылдық өсіммен беріп жатыр. Ол коммерциялық банктердің үстемесімен салыстырғанда 2-3 есе арзан. Осы бағдарлама бойынша несие алуға ниет білдіріп отырғандардың саны өте көп. Сондықтан корпорация несиелендіруді ұлғайту үшін қосымша қаражат тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Семинар-кеңесте “Оңтүстік” әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясының президенті А. Мырзахметов атқарылып жатқан жобалардың ішінде “Аймақтық агрокешен құру” жобасының айрықша маңыздылығын алға тартты. Себебі, 2 млн. 300 мыңнан астам тұрғыны бар оңтүстіктің негізгі жұрты ауылдық жерлерде тұрады, ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналысады.

Кеңесте тамшылатып суару технологиясына ерекше мән берілді. Оның себебі түсінікті де, Ауыл шаруашылығы министрі А. Есімов болашақта елімізде су тапшылығының болу мүмкіндігін жасырған жоқ. Шардараға су айдайтын Тоқтағұл ГЭС-індегі су мөлшері жылдағыға қарағанда 3 млрд. текше метрге кем. Қазақстанға судың дені сырттан келетіндіктен үнемдемеске болмайды. Сол себепті Үкімет субсидия мәселесінде тамшылатып суару жүйесіне өткендерге 80 пайыз, арықпен алғандарға 20 пайыз өтемақы бермек.

Тастақты жерде отырып тамшылатып суару технологиясы арқасында өзі тұрғай басқа мемлекеттерді жарылқап отырған Израиль мемлекетінің тәжірибесі әлемдік озық үлгіге айналды. Тамшылатып суару суды 5-10 мың текше метрден 1, 5-4 мың текше метрге, тыңайтқышты 2 есеге, ауыл шаруашылығы техникасының және жанар-жағармайдың шығындарын 2 есеге дейін үнемдейді. Өнімділікті 30-40 пайызға арттырады.

Семинар-кеңесте ауыл шаруашылығын дамытудың осындай келелі мәселелері талқыланды.

Өткен жылдың екінші жартысында Президент Жарлығымен аймақаралық бірнеше әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылғаны белгілі. Солардың бірі - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы.

Өткен жылдың екінші жартысында Президент Жарлығымен аймақаралық бірнеше әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылғаны белгілі. Солардың бірі - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы. Бұл мекеме үш аймақ - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын қамтиды. Құрылтайшысы - үкімет. Инвесторлармен арадағы үлес салмағы 51-49 пайыз болады. Аз үлес корпорацияда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйе
Қазақстанда азық – түлік кластерін дамыту мәселелері
Халықаралық саясаттың негізгі міндеті
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz