Ағзаның қартаю құбылысы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялык кұбылыс болып саналады. Қартаю - онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.

Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды герантология (гр gегоn - шал) деп атайды. Герантология қартаю құбылысының негізгі зандылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді

Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе XX ғасырда халық құрамында терең демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше болып отыр, себебі көптеген экономикалық дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде Герантологияның міндеті тек қана адам өмірін ұзарту емес, сол сияқты, кәрі адамдадардың қоғамдық өмірге және еңбек қатынастарына белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толыққанды өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады

Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттама

Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады.

Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалык. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.

Қартаю кезенінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.

50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер - тыртықтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Ас қорыту жүйесінде мынадай өзгерістер байқалады - тістер

босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінін бөлінуі азаяды.

40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып, оның иілімділігі төмендейді.

Кәрілік кезенде бүйректік фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.

Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады - кейбір бездердің қызметі төмендеп гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т. с. с., ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз.

Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдык және жасушалық иммунитет төмендейді.

Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген.

Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді.

Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысында да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздардың ДНҚ молекуласымен байланысты қатая түседі, ал бұл көптеген гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалык механизмдері - транскрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады.

Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын, оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді.

Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсенділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынан ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды.

Ұзақ уақыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады.

Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды. Дегенмен көптеген гомеостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, үшіншілерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді. Мысалы. бірінші типке жүректің жиырылуын. гормондардың белсенділігін, ішкі секреция бездерінің (қалқанша без. жыныс бездері) қыяметін, көру, есту т. б. екінші типке гипофиз қызметін, қандағы холестерин деңгейін, жасушалардың гуморальдық және химиялық факторларға сезімталдығын т. б. үшінші типке қандағы қант деңгейін, эритроциттермен лейкоциттер санын. гемоглобин мөлшерін т. б. жатқызуға болады.

Ағзаның әр түрлі мүшелері мен мүшелер жүйесінде жастық өзгерістер онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде бір мезгілде байқалмайды - оны гетерохрониялық қабілеті деп атайды. Мысалы, тимустың семуі 13-15 жаста басталса, аналық бездің қызметінің тоқталуы 48-52 жаста байқалады.

Жастық өзгерістер бір мүшенің әр түрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей бола бермейді, мысалы мидың әр түрлі бөлімдерінде қартаю құбылыстары бірдей болмайды - оны гетеротопия құбылысы деп атайды.

Жастық өзгерістер бір жүйеде ерте пайда болып, жай дамыса (мысалы сүйек ұлпасы), екінші біреулерінде кештеу байқалып, тез дамып кейінірек алға шығады (мысалы орталық жүйке жүйесі) . Жастық өзгерістердің пайда болуы тек күнтізбелік жасқа ғана байланысты емес, ол бірқатар факторларға, оның ішінде әлеуметтік факторларға да байланысты. Биологиялық жасты анықтау үшін әр түрлі тесттік жүйелер пайдаланылады: артерия қысымы, қан холестеринінің мөлшері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшықет күші т. б.

Ерте кездердегі герантологтердің пікірінше (Пархон) қартаю - емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю - ауру емес, ол онтогенездін заңды нәтижесі екенін естен шығармауымыз қажет.

Ғылымның негізгі мақсаты биологиялык құбылыстарды кері қайтару емес, ол мүмкін де емес. Қартаю құбылыстарын зерттеудің негізгі мақсаты - ерте қартаюдың алдын алу, болдырмау, адамдарға физиологиялық қартаюға дейін толыққанды, белсенді өмір сүруге мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Қартаюдың негізгі теориялары

Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю теориясын" атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі босағандай, тіршілік те баяулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қос қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстіңгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың тіршілік ұзақтығы қысқа болады (мысалы, егеуқұйрық 2-3 жыл, ти 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді) . Бірақ бұл тұжырымға қайшы келеді. Мысалы, егеуқұйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да, дене бетінің көлемі де, онымен барабар, бірақ тиіндер белсенді қозғалып 15-20 жыл тіршілік етеді, яғни егеуқұйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді. Белсенді қозғалып тіршілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда екі есе артық өмір сүреді.

И. И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға - физиологиялық патологиялық т. с. с. тәуелді болмай, сол сияқты, әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И. И. Мечниковтың пайымдауынша ағзаның өсуімен қатар әр түрлі заттардың алмасуы, мысалы азоттың алмасуы нәтижесінде жинақталған ыдырау өнімдері - аммиак, ағзаны улайды, тоқ ішекте шіру өнімдері көптеп жинақталады. Бұл теория бойынша улы ыдырау өнім кейбір мүшелер мен ұлпаларды көбірек улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал дәнекер ұлпа жасушалары керісінше көбейеді. И. И. Мечников қартаю құбылысын тек фагоцитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сондықтан сүт өнімдерімен көбірек қоректену қажет деп айтқан.

Академик А. А. Богомольц (1922) қартаю себептері ағзадағы ұлпааралық қатыңастардың бұзылуы деп болжамдаған. Ол жасушалармен ұлпалардың қоректенуін қамтамасыз ететін және реттейтін дәнекер ұлпалардың қартаю құбылысындағы маңызы ерекше деп түсінген.

Қартаю құбылысының себептерін түсіну үшін И. П. Павлов (1912) ілімінің де маңызы зор, себебі орталық жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін реттеуші, басқарушы орталық болып табылады. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде И. П. Павлов жүйке күйзелісі мен ұзақ уақыт жүйкенің шаршауы ерте қартаюды тудыратын факторлар анықтаған.

1940 жылы Нагорный қартаю жасушада ақуыз молекуласының синтезделуінің бұзылуы салдарынан болады деп болжамдаған.

Қартаюдың қазіргі теориялары бойынша қартаю жасушаның генетикалық аппаратының бұзылуы салдарынан болады. Онтогенез барысында нуклеопротеид кешенінің сандық және сапалық өзгерістері байқалады, ал ол тіршіліктіңтүпкілікті қасиеттерінің бірі-өзін-өзі жаңарту, ақуыз синтезі сияқты құбылыстардың өзгеруіне алып келеді.

Қартаю кезінде гистондар мөлшері көбейеді, олардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бұл көптеген гендермен гендер кешенінің актив күйінен активсіз күйіне көшуіне алып келеді. Бұл құбылысты Г. Д. Бердышев

В. Н. Никитин (1972) өз тәжірибелерінен байқаған.

ХХ ғасырдың 90 жылдары америка ғалымдары адам ағзасының "кәрілік" генін тауып оны "клото" гені деп атаған. Бұл ген адамзаттың шамамен 25 пайызында кездеседі. Ол ағзада екі не одан да көп күйінде кездесуі мүмкін және геномда оның саны неғұрлым көп болса адамдар солғұрлым ерте қартайып дүние салады.

«Клото» геннің екі данасы жаңадан туылған нәрестелердің 3 пайызында кездессе, 65 жастағы адамдардың тек 1, 1 пайызында ғана кездескен. Демек, осыншама "клото" гені бар адамдар ерте кезде, яғни 65 жасқа жетпей, дүние салған.

"Клото" генімен ағзаның ерте қартаюы арасында тікелей байланыс болатындығына ғалымдар әлі де күмандануда. Әйтсе де, осы геннін адамдардың тіршілік ұзақтығын реттеуге қатынасатындығы сөзсіз.

Адамдарда ерте қартаю белгісі - прогерия дейтін ауру екені белгілі. Бұл аурумен ауыратын адамдарда балалық шақтан бастап (мүмкін жыныстық жетілу шақта - 1-15 жаста) жасушаларда жедел қартаю құбылыстары байқалады.

Олардың терісінде қыртыстар пайда болып, шаштары ағарады, көздері нашар көреді, тамырлардыңш атеросклерозасы т. б. дамиды, яғни 20 жасқа жетпей-ақ нағыз кәрі адамдарға тән қартаю құбылыстары дамиды. Тап осындай құбылыс 2001 жылы Атырау облысының тұрғыны 9-10 жастағы Нұржан атты балада байқалған.

Бүгінгі таңда медицина мұндай генетикалық ауру белгісімен ауыратын адамдарға түбегейлі көмек көрсете алмайды, себебі оның пайда болу және даму механизмдері әлі толық анықталмаған. Дегенмен, цитологиялық және молекулалық-биологиялық зерттеулер нәтижесінде жасушаның не тұтас ағзаның тіршілік ұзақтығын "таразылап" өлшеп отыратын кейбір механизмдер анықталған. Олардын ішінен Л. Хеифлик лимитин және оған негізделген А. Оловниковтың теломерик гипотезасын айтуға болады.

XX ғасырдың 70 жылдары америка дәрігері Л Хейфлик тірі ағзалар жасушаларының санаулы рет қана бөлінетіндігіне көңіл аударған. Кейінірек әр түрлі түрлердің жасушаларының бөліну максимумы түрліше болатындығы белгілі болды және ол ағзаның тіршілік ұзақтығына тура пропорционал болатындығы анықталды. Мысалы, жүз жылға дейін өмір сүретін адамдарда (Ноmо sаріеns) Хейфлик лимиті - 50-ге, 3 жыл өмір сүретін тышқандарда - 15-20-ға, 175 жыл өмір сүретін галапагосс тасбақаларында 110-ға тең.

Ерте қартаю ауру белгілері (прогерия) байқалатын адамдар жасушаларында Хейфлик лимиті 50-ден 15-ке дейіназайған.

Ғалымдардың пікірінше жасуша бөлінген сайын онда кейбір нәрселер біржолата жойылып не жинақталып отыра ма деген ой пайда болды.

XX ғасырдың 80 жылдары А М. Оловнихов жасушалардың әрбір бөлінуінде олардың хромосомаларының ұштары - теломералар азды-көпті үзіліп қысқарып отырады, ал хромосома теломерлерінің ұзындығы минимальды мөлшерге жеткенде жасуша бөлінуін тоқтатады деген болжам айтқан. Кейінірек бұл болжам тәжірибе күйінде дәлелденді.

Хромосома теломерлері маңызды механикалық (хромосомаларды ядро матриксіне жабыстырады; храматидалар ұштарын бір-біріне жалғайды, ) хромосома құрылымын тұрақтандырушы, гендердің экспрессиялануына әсер етуші және жасуша бөлінуін есептеуші қызметтерді атқарады.

Кейбір жасушаларда хромосома теломерлерінің үзілген бөліктерін қалпына келтіріп жалғап отыратын арнайы фермент - теломераза фарменті синтезделінетіні анықталды (1985) .

Рак және жыныс жасушаларында теломераза ферменті үнемі синтезделініп олардың шексіз бөлінуін қамтамасыз етеді.

Сонымен, қартаюдың нақтылы бір себептерін (механизмдерін) бөле-жара қарастыруға болмайды және ағзаның кәрілік өзгерістері бір мүшеде жайлап басталып, әрі қарай тасқындап үдеп дамып көптеген мүшелер мен мүшелер жүйесін қамтиды.

Ағзалардың тіршілік ұзақтығы

Біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ұзақтығы бірнеше сағатқа тең. Шөптесін өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы бір маусым ғана болады. Ағаш тәрізді өсімдіктер ондаған, жүздеген жыл өмір сүреді. Мысалы, шие ағашы - 100 жыл, акация - 200 жыл, үйеңкі ағашы - 250 жыл, қарағай - 600 жыл, шырша - 1000 жыл, ал секвоя - бірнеше мың жылға дейін өмір сүре алады.

Жануарлар дүниесінде мұндай ұзақ өмір сүрушілер кездеспейді, дегенмен кейбір түрлердің өкілдері ондаған жылдан бірнеше жүз жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Мысалы, ішекқуыстылар - 50 жыл, жұмыр құрттар (сүлік) - 25-30 жыл, жауын құрттары - 10 жылдай өмір сүретіні белгілі.

Жалпы алғанда, ірі жануарлар ұсақ жануарларға қарағанда ұзақтау өмір сүреді, бірақ бұл абсолютті бола бермейді, мысалы; кейбір былқылдақденелілер (моллюскалар) - 100 жыл өмір сүруі мүмкін, көлбақалар - 16, құрбақалар - 35-40 жыл, кептерлер - 30, қаздар - 65, бүркіттер, тотықұстар - 70, тышқандар - 5, қояндар - 10, егеуқұйрықтар - 2-3 жыл, көртышқандар - 45-50 жыл, жылқылар - 40, сиырлар - 20-35 жыл, аюлар - 50, арыстандар - 35, пілдер - 80 жылдан артық өмір сүреді.

Әр түрлі ағзалардың өмір сүру ұзақтығының ара қатынасы туралы ортақ зандылық жоқ, дегенмен ағзалардың тіршілік ұзақтығыныі өмір сүруінің минималдық шегінің, жыныстық пісіп жетілуінің және ұрпақ қалдыру белсенділіктерінің эволюция барысында табиғи сұрыптау арқылы қалыптасқандығына шүбә келтіруге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі
Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері
Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері
Қартаю теориясы
Цитология туралы түсінік
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері
Қартаю – биологиялық процесс
Цитология.Зиянды әрекетерге жасушаның реакциясы.Жасушаның қартаюы мен өлуі
Қартаю теориясы мен тұжырымдамасы. Қарттарға күтім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz