Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану факультеті «Биология» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

З. Ажибаева

2016

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы

Орындаған: Жанайдар Қызжібек Қанатқызы

Ғылыми жетекшісі: Байбеков Е.

Түркістан, 2016

Мазмұны

:
Кіріспе. . . . . ….: Кіріспе. . . . . ….
4: 4
: 1.
Кіріспе. . . . . ….: ӘДЕБИ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ
4: 6
: 1. 1.
Кіріспе. . . . . ….: Қазақстанда таралған жылқы тұқымдары
4: 6
: 1. 2.
Кіріспе. . . . . ….: Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстары
4: 13
: 1. 3
Кіріспе. . . . . ….: Жылқының экстерьер мен салмақ көрсеткіштері бойынша бағалау
4: 22
: 1. 4
Кіріспе. . . . . ….: Жылқыларды күтіп -бағу және азықтандыру
4: 25
: 1. 5
Кіріспе. . . . . ….: Бие сүтінің құрамы және қымыз дайындау
4: 31
: 2
Кіріспе. . . . . ….: ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЫ, ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЗЕРЗАТЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
4: 38
: 2. 1
Кіріспе. . . . . ….: Шаруашылықтың климат және табиғат жағдайы
4: 38
: 2. 2
Кіріспе. . . . . ….: Зерттеу зерзаты мен әдістемесі
4: 39
: 3
Кіріспе. . . . . ….: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4: 45
: 3. 1
Кіріспе. . . . . ….: Жабе жылқысы мен будандарын дене өлшемдері бойынша бағалау
4: 45
: 3. 2
Кіріспе. . . . . ….: Жылқының конституциясы бойынша бағалау және оның маңызы.
4: 54
: 3. 3.
Кіріспе. . . . . ….:

Жабе тұқымды жылқылар мен олардың будандарының

салмақ көрсеткіші.

4: 67
: 3. 4
Кіріспе. . . . . ….: Жабе жылқы тұқымын асылдандыру және тұқым қуалау қасиеттері
4: 59
: 3. 5
Кіріспе. . . . . ….: Жылқылардың мінез типтері бойынша кездесу жиілігі
4: 64
: 3. 6
Кіріспе. . . . . ….: Жабе жылқыларының физиологиялық ерекшеліктері
4: 66
: 3. 7
Кіріспе. . . . . ….: Жабе биелерінің желінінің пішініне байланысты және сауу жиілігіне байланысты сүт өнімі
4: 68
:
Кіріспе. . . . . ….: Қортынды
4: 72
:
Кіріспе. . . . . ….: Пайдаланылған әдебиеттер
4: 76

Аннотация

Изучены рост и развитие, конституция, живая масса, физиологические особенности, типы поведения, размножение помесных и чистопородных лошадей пород Жабе разных возрастов и полов каратауской популяции. Установлено, что лошади породы Жабе более приспособленный к жестким климатическим условия и низкой урожайности пастбищ закаратауской зоны.

Annotation

Studied the growth and development, the constitution, the live weight, physiological characteristics, behaviors, breeding crossbred and purebred horses Zhabe rocks of different ages and genders Karatau population. Horses Zhabe breeds more suited to the harsh climatic conditions and low productivity pastures zakaratauskoy zone.

Soyut

Büyüme ve gelişme, anayasa, canlı ağırlık, fizyolojik özellikleri, davranışları, farklı yaş ve cinsiyette Karatau nüfus ıslah melez ve safkan atlar Toad kayalar okudu. Atlar Toad sert iklim koşulları ve düşük verimlilik otlaklar zakaratauskoy bölgeye daha uygun doğurur.

Кіріспе

Қазақ халқы ғасырлар бойы жылқыны жұмыс көлігі ретінде, ел қорғайтын кезде әскерге мінетін ат есебінде және жылқының тәтті еті мен дәмді қымызын ас ретінде қолданды. Қазақстан жеріндегі сақталған қорғандар, тас мүсіндер және ондағы жазуларға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, ерте замандағы халықтардың жылқыны қолға үйретіп, оны күнделікті тіршілігінде пайдаланған. Ескі көмбелерден ас пісіретін жер ошақ маңынан табылған жылқы сүйектеріосыны айғақтайды. Табылған сүйектер олар біздің дәуірімізден екі мың жыл бұрын өткен Андронов мәдениеті деп аталатын қола дәуіріне жатқызылды.

Осындай қазба заттары Шығыс Қазақстан облысындағы Малая Красноярка поселкесі мен Қанай елді мекенінде, Орталық Қазақстандағы Талды өзенінде табылды. Олар қола дәуірінің аяқ кезінде елдің көшпелі тұрмысқа бейімделгендігі, жылқының шаруашылыққа, мал бағуға пайдаланылғандығы, сол дәуірде атты міне бастағандығын айғақтайды.

Дүние жүзінде жылқының 300-ден астам тұқымы болса, соның 7 Қазақстанда өсіріледі. Қазақстан жерінде шығарылған байырғы жылқы тұқымдарына -жабе, қарабайыр, адай жылқылары. Жылқы өсіру Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы дамыған. 1916 жылға дейін Қазақстанда 4 млн 640 мың жылқы болса, соңғы жылдың деректері бойынша елімізде 1 миллион 600 мың жылқы бар. Қазақстанда жылқы өсіріп және асылдандыру жұмыстарымен 19 асыл тұқым жылқы зауыты тұрақты жұмыс істеп, сонымен бірге осы бағыттағы жылқы фермалары құрылды. Қазақ жылқысының байырғы тұқымдарымен және солардың негізінде жаңа тұқымдар өсіріп шығару біздің заманымызда бұрынғы уақыттармен салыстырғанда тез қарқынмен жүргізілуде. Қазақ жылқысының жаңа тұқымдарын шығару жұмысы оның сапасына қоятын талаптарына сәйкес жүргізіліп отырылуы тиіс. Кейінгі кезеңде қазақ жерінде жылқының жаңа тұқымы - қостанай, көшім, мұғалжар жылқылары шығарылып, асылдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның шөл және шөлейт климат жағдайы жылқы өсіруге қолайлы және одан дала жағдайында мол өнім алуға мүмкіндік береді. Жылқының еті мен сүті тамаққа пайдаланса, терісі, қылы өнеркәсіп орындарында керекті шикізаттардың бірі.

Қазақстанда жылқы өсіруде олардың тұқымына қарай аудандастырылған және олардың үлесі - буденный жылқысы 32, 5%, желісті жылқы 27, 2%, қазақ жылқысы 8, 2%, дон жылқысы 20, 1%, адай жылқысы 6, 1%, қостанай жылқысы 3, 9%, қарабайыр жылқысы 0, 4%, ауыр жүк тартатын жылқы 1, 6% қрайды.

Табиғаты жұмсақ, климаттық жағдайы қоңыржай болып келетін, республикамыздың оңтүстік өңірінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының мал шаруашылығын, оның ішінде табынды жылқы шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндіктері бар. Оның ішінде теріскей Қаратауы біріңғай далалы аймақ болғандықтан жабе тұқымды жылқыларды өсіріуде ертеден айналысып келеді. Жабе тұқымды жылқылар осы аймақтың тұрақсыз климатына, өнімі төмен жайлымына және аз мөлшердегі кермек суына барынша бейімделген. Қазіргі кезде жылқылар жеке шаруашылықтарда өсірілетін болғандықтан оларда өсірілетін жылқылардың салмақ, дене өлшемі мен өнімдік көрсеткіштерін дәл анықтау қиын. Сондықтан теріскей Қаратауында өсірілетін жабе тұқымды жылқылардың популяциясына және жүргізілетін асылдандыру жұмыстарын ғылыми сараптама жасау өзекті мәселе.

Зерттеудің мақсаты: Қаратау өңірінде өсірілетін жабе тұқымды жылқылардың популяциясының биологиялық және физиологиялық көрсеткіштерін анықтап, олардың өсіп -даму қасиеттерін зерттеу.

Қойылған міндеттер:

- Оңтүстік Қазақстанның Қаратау аймағына өсірілетін жабе жылқы тұқымына сипаттама;

- Әр жастағы жабе жылқы тұқымының конституциялық, экстерьерлік, және салмақ көрсеткіштерін анықтау;

- Жабе және оның буданымен, қарабайыр тұқымды жылқылардың бейімділік, биологиялық және физиологиялық қасиеттерін салыстырмалы түрде зерттеу;

- Әр жастағы жабе жылқы тұқымына өнімділік және көбею қабілеттіліктері ерекшеліктерін анықтама.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Оңтүстік Қазақстанның Қаратау аймағына өсірілетін жабе жылқы тұқымы популяциясына және жүргізілген асылдандыру шараларына сипаттама беріледі. Әр жастағы жабе жылқы тұқымы мен буданы және қарабайыр жылқыларының конституциялық, экстерьрлік, көбею қабілеттіліктерінің салыстырмалы түрде зерттелініп, олардың Қаратау аймағына бейімділік деңгейі және өнімділік ерекшеліктері анықталды.

Дипломдық жұмыстың маңызы. Зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның Қаратау аймағына өсірілетін жабе жылқы тұқымы анықталған көрсеткіштер мал тұқымдарының нәсілдік қорын сақтау және дамыту бағытындағы асылдандыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға негіз бола алады. Зерттеулердің нәтижелерін Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік аймағында жылқы өсіретін шаруашылықтарында қолданылуда.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация 80 бетке компьютерлік текспен терілген, 24 кестемен, 5 суретпен, 77 пайдаланылған ғылыми еңбектер тізбесінен

І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Қазақстанда таралған жылқы тұқымдары

Қазақ жылқысының салт мінетін - жегіндік жаңа тұқымын шығару жұмысы бірқатар жылқы зауыттарында жергілікті жылқыны асыл тұқымды салт мінетін жылқылармен, соңынан дон және буденный жылқыларының тұқымынан шыққан будан айғырларды пайдалану негізінде жүргізілді. Асылдандыру жұмыстарының екінші кезеңінде мұқият сұрыптап және іріктеп ала отырып, бірыңғай «өз ішінде» өсіру негізінде жүзеге асырылды. Селекциялық жұмыстарда жылқының бір түрінен - жылдамдық пен шапшаңдықты, екіншісінен -мінуге ыңғайлылығын, үшіншісінен - ауыр жүк тартуға, жұмсалатын күшті, төртіншісінен - арқасында аур жүкті көтеретіндігін талап етіледі [1] .

Жылқының жаңа түрлерін шығаруда алынған будандардың экстерьері, конституциясы, салмағы және өнімділік көрсеткіштері бойынша бағалауға үлкен мән беріледі. Жылқының конституциясы мен экстерьерін анықтау оның ағзасының функциялары, жас мөлшері, энергиясы, темпераменті, жайлы анықтама береді. Тұлғасы бойынша бағалау - жылқыны көрмеге, асыл тұқымды жылқыны өсіруде сараптама жасауға өте ыңғайлы [2] .

Жылқының конституциялық ерекшелігіне: жануардың дене пішімі, сүйектілігі, тері мен ткандерінің, бұлшық еттерінің арақатынасы, тыныс алу, асқорыту және жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігі, жылқының өнімділігі және тағы басқаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жылқының дене құрылысын былайша бөледі: кесек, нәзік, қағылез, ашаң және болбыр [3] .

Айғырларды тұқымға іріктеп аларда дене бітімі мықты, сүйегі ірі, кең омыраулы, жалпақ жонды, аяқтарын түзу басатын, аяғына жем түсу, сүйегі ісініп, ентігіп-тұншығу сияқты кемшіліктері жоқ айғырларға аса көңіл бөлінеді. Айғырлардың тұқым жақсарту ісіне жарамды не жарамсыз екендігі шағылыстыру маусымынан бұрын анықталады, бұл үшін оларды клиникалық байқаудан өткізіп, жыныстық шабыты мен ұрығының сапасын тексереді. Ұрықтың сапасы қатарынан үш күн бойы тексеріледі, ол үшін биені айғырға күн сайын бір рет қосып отырады, жалпы баға үшінші рет қосқан кезде алынған ұрықтың сапасына қарай берілуге тиіс. Ұрықтың сапасы төмен болса, айғыр әдеттегіден ұзақ сыналады, осыған орай оның азығы мен күтімі де өзгертіледі [1, 2] .

Жабы жылқысы Қазақстанның қысы қатты болатын жазық және шөл далалы аудандарында өсіріледі. Бұл жылқының ерекше өзгешелігі: дене бітісі мейлінше шомбал, тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары келте, қысқа болады, өте тез оңалып, тез семіреді, қыстағы қатты борандар мен аяздардың қандайына болса да төзіп, нағыз қалың қарда тебіндеп шығады. Жабы жылқысының тұқымы жұмысқа өте төзімді, күшті келеді; ол салт мінуге де, жегінге де ыңғайлы, мінезі жақсы, жүрісті жылқы деп есептеледі. Қысы тым қатты болатын Мұғалжар тауларының маңында, Орталық Қазақстанда көбінесе өсірілетін жабы жылқысының бәрінен де гөрі берік, түрлі ауыртпалыққа өте төзімді жылқы болып шықты [4] .

Шаруашылық жағдайында жылқының ауыр жүкті тартуы және ауыр салмақты ұзақ уақыт көтеруі олардың тұқымына тікелей байланысты. Сондықтан да, ең үлкен жүкті тартуға немесе көтеруге ауыр жүк тартатын жылқылардың жоғары тірі салмақта болуы, кеудесінің ені, тұяқтарының кең түрде болуы қажет [4] .

Дүние жүзінде түрлі бағытта жылқының көптеген тұқымдары қолда өсіріледі. Олардың ішінде шаруашылықта, күнделікті тұрмыста пайдалану үшін ауыр жүк таситын, салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын арнайы тұқымдары бар. Қазақстан жерінде шыққан жеті жылқы тұқымымен қатар, басқа елдерден әкелінген көп таралған жылқы тұқымдары бар [1, 3] .

Қазақ тұқымды жылқысының көпшілігі жабы типті жылқылар болып саналады. Бұлар негізінен көлік ретінде және ет мен сүтін пайдалану үшін де өсіріледі. Жабы жылқысы шөлейт аймаққа бейімделген, ыстық-суыққа, шөлге төзімді, жүйрік болмағанымен алыс жолға жүруге шыдамды. Жабы типті жылқылардың дене бітімі мейлінше ірі, шомбал, тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары қысқа болады. Ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді. Жабы жылқысы күшті, соған орай жұмысқа да төзімді келеді. Жылқылар жыл бойы жайылады, әрі жем-шөп талғамайды, жал-құйрығы қою, жүні қалың болады. Жайылымда семіртілген жабы жылқыларын сойса 53-57, кейде 60 пайызға дейін ет пен май түседі. Жабы жылқысы ұшасының құрылымы бір ет бір май болып келеді. Биелері тәулігіне 12-14 литр сүт береді [4, 5] .

Адай тұқымды жылқысы Қазақстанның батысындағы Атырау мен Маңғыстау облыстарында өсіріледі, салт мінуге бейімделген. Адай жылқысының пайда болуы тарихи әңгімелер, аңыздар көп тараған. Қазақтар мен түркімендер екі елдің жылқы тұқымын будандастырып селекциялық жолмен жаңа тұқым алуы сол екі елдің экономикалық сауда қатынасының белгісі деп көрсетеді В. О. Витт. Адай тұқымының тарих сахнасына шығуы сөз жоқ, түркмендер мен адайлардың жақынырақ қоныстасып, бір-бірімен араласа бастаған кезі XVIII ғ. бірінші ширегі. Ол кезде адай руларының жылқысы қазақы тұқым болған [6, 7, 8] .

Адай жылқысы қазақтың басқа жылқы тұқымдарымен салыстырғанда денесінің құрғақтылығымен және етсіздігімен ерекшеленеді, - деп көрсетеді мамандар: Басы етсіз, құрғақ және ұзын бір аршынға жетіп қалады, маңдайы жетілген, шығыңқы, көздері өте үлкен. Басы тузу, бұлан бас емес, мұрны аздап ойсыздау. Арқасы тузу, шекті жылқысына қарағанда арқасы айтарлықтай ұзындау, мойны ұзын, аяқтары жіңішке, тұяғы кішкене, тасты жерде жүргендіктен, тұяғы қазақ жылқыларының ішіндегі ең қаттысы. Жалпы адай мінске арналған, салт жүруге сатып алынады. Адай жылқысының өзін қазақтар жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланған. К. А. Овчинников 1930 ж. қазақтың жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы жайында: « . . . Жартылай көшпенді аймақтарда жылқы тұқымын асылдандыруға - адай жылқысы, ол адай жерлерінде - түркмен жылқысы пайдаланылады. Маңғыстау түбегінде біз таза қанды және жартылай таза қанды айғырларды қөрдік. Бұлар кәдімгі бойлары биік, мүлдем етсіз, құрғақ, ақалтеке тұрпатты жылқылар . . . ». Адай жылқысының өзінің ішінде «адайдың көкмойындары» деп аталатын бойы биік, бәдені сұлу, мойыны ұзын, аяқтары тік, кесе тұяқ, сымпыс құйрықтар өте аз кездеседі, жоғары бағаланады, бұлар ақалтеке мен адайдың 3-ші және 4-ші ұрпақтары болған [6, 9] .

Маңғыстау өңіріндегі сәулет ескерткіштеріне салынған жылқы кескіндерін шартты түрде екіге бөлуге болады. Суреттердің бір тобында бойы аласа, жал-құйрығы, қаба аяқтары жуан жылқылар кескінделген. Мұндай суреттер аз кездеседі. Келесі суреттерде мойны ұзын, бойы биік, бәдені сұлу жылқылар бейнеленген. Қысқасы адай жылқысында арғымақ пен қарабайырға қарағанда түркімен тұқымының белгілері басымырақ болу себебі Адай руының Хиуа хандығымен көрші тұрғандығында емес, ең бастысы табиғат жағдайларының ұқсастығында. Адай тұқымының пайда болуы қазақ тайпаларының Маңғыстау түбегін түркімендерден босатып, қайтадан келіп қоныстана бастау дәуірімен, яғни ХVІІІ ғ. бірінші ширегіне сай келеді. Адай жылқысымен 60-70-жылдары А. И. Иманғалиев жүйелі түрде жұмыс жүргізді. А. Иманғалиев адай жылқысы тай-құлындарының өсіп жетілу заңдылықтарын, ет-сүт өнімділігін, әртүрлі қашықтықтағы шабыс төзімділігін зерттеді. Адай жылқысын жетілдіру нәтижесінде Өрендік, Еңсеген-торы, Қибаскөк, Бекес-торы, Есполай-торы, Есполай-жирен, Ізтұрған зауыттық аталық іздері қаланды. Қазіргі таңда осы адай жылқысының генеалогиялық және генетикалық құрылымдарын қайта зерттей отырып, толық бір тұқым ретінде бекуіне жан-жақты жұмыс жасау қажет болып отыр [6, 7, 9] .

Жылқының басы шағын, кеудесі жинақы, арқасы түзу, аяқтары жіңішке, сидаң етсіз, сіңірлі. Мойын ұзындығы орташа, түзу, жіңішке, шоқтығының биіктігі орташа, сіңірлі және жеткілікті ұзын. Олардың арқасы түзу, жалпақ және мықты, артқы белдеуі кең, қысқалау және тегіс болады. Сауырының ұзындығы орташа, жалпақ емес, еңкіштігі қалыпты және бұлшық еттерінің жақсы дамығаны білініп тұрады. Кеудесі ұзын, кеңдігі мен тереңдігі орташа. Алдыңғы аяқтары дұрыс қалыптасқан, мықты Артқы аяқтары да сондай, бірақ кейде тілерсектерінің жақын орналасуы кездеседі. Терісі тығыз, жабынды талшықтары қалың, жалтыр әрі жұмсақ. Жалы орташа қалың, салыстырмалы түрде қысқа, және жібектей болып келеді. Орташа тірілей салмағы 420 кг асады. Сойғанда 54-56 пайыз таза ет түседі. Биелерінен тәулігіне 11 литрден артық сүт сауылады [2, 3] .

Көшім тұқым жылқысы қазақ жылқысы биелерін орлов, орыс желісті және таза қанды салт мініс дон жылқысы айғырларымен шағылыстырып, олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы Батыс Қазақстанның жылқы зауыттарында шығарылған. Жеке тұқым ретінде 1976 жылы қабылданған. Қазақы жылқы сияқты төзімді, қыста жайылымда жаюға бейім, әрі ірі және салмақты келеді. Көшім жылқысы қазақ жылқысынан едәуір ірі, бітімі шымыр, басы ірі, мойны тым ұзын емес, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі кең, қабырғасы шеңберленіп біткен, жаялы, белді, кейде қайқы бел келетіндері де бар, сүйегі берік, жұмысқа төзімді, тебіндетіп бағуға жақсы бейімделген. Орташа өлшемдері- тұрқы 160, 9см; айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 158, 2 см; кеуде орамы 192, 2 см; жіліншік орамы 21, 9 см; биесінің өлшемі осыған сәйкес: 157, 2 см; 154, 1 см; 186, 5 см; 20, 6 см; Айғырының орташа салмағы 540 кг, ал биесінің орташа салмағы 492 кг. Түсі қоңыр, торы, жирен және күрең. Биелері сүтті болады, әр жүз биеден 70 - 80 құлын алынады [4, 10] .

Құнандары орта есеппен 188, 4 кг, дөнендері 214, 7 кг ет тартады. Сойыс шығымы 52, 4 - 54%. Көшім жылқысының асыл тұқымды таңдаулы үйірлері Батыс Қазақстан облысының «Көшім» ЖШС-нде және Серғазиев атындағы шаруа қожалығында, Ақтөбе облысының «Мұғалжар-99» ЖШС-нде және Пацаев атындағы АҚ-нда өсіріледі [4, 10] .

Қостанай тұқым жылқысы Қостанай облысының «Қостанай» және «Майкөл» жылқы зауыттарында қазақы жылқыларының биелерін қалмақ, дон, стрелецк, орлов және таза қанды салт мінетін жылқыларының айғырларымен будандастыру арқылы шығарылып, 1951 жылы қостанай мініс-жегіс жылқысы болып бекітілді. Бұл тұқымның басы үйлесімді, мойны жарасымды, қазмойын, шоқтығы биік, кең, арқасы жалпақ, жауырыны ұзын қиғаш, алқымы және тынысы кең, аяқтарының сіңірлері анық, шашасы сирек, бақайлары қысқа, тұяқтары дөңгелек, құйматұяқ келеді. Бұлар жүйрік, күшті және төзімді. Шоқтығының биіктігі айғырларда - 165 см, биелерде - 160 см; Денесінің қиғаштай ұзындығы, тиісінше 163, 6 -158, 5 см; Кеуде орамы 189 -188 см; Жіліншік орамы 21, 0 -20, 0 см [11, 12] .

Қостанай жылқылары “Қазақ тұлпары” ат спортында кең қолданылатын тұқым, қысқа 2400 метрден 31 шақырымдық аламан бәйгелерде де, 120-160 шақырымдық жорық жарыстарда да үлкен жетістіктерге жетіп жүр. 2012 жылы Алматы қаласында өткен CEI1 және CEI2 халықаралық ат бәйгесінде 80 км қашықтықта І орынды - Алаш, ІІ орынды - Сыйлас, ал 120 км қашықтықта ІІ орынды - Қостанай, ІІІ орынды - Торғай айғырлары жеңіп алды [13, 14] .

2013 жылы Талғар қаласында өткен халықаралық Достастық кубогына (Equestrian Festival) арналып өткен ат жарысында Таралғы - 80 км қашықтықта І орынға ие болса, ал сол жылдың шілде айында Астана қаласында өткен Астана күніне арналған ат жарысында 120 км қашықтықта І орынды Таралғы, ал Тобылғы - ІІ орынды жеңіп алды. Қостанай жылқылары 2004-2013 жылдар аралығында, таза қанды импорттық таңдаулы жылқылармен болған жарыстарда 359 жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде: 147 - бірінші, 125 - екінші және 87 - үшінші орынға ие болды, жалпы жүлде қоры 21539700 теңге, соның ішінде 20 автокөлік [13, 14] .

“Мыңнан тұлпар -2009” атты ҚР Чемпионатында, қостанай тұқымының 2 тұлпары: Жазира - 25 км, Гипотеза - 15 км қашықтықтарда Республика чемпиондары болды. 2010 жылы Астанада - Бүкіләлемдік туризм Ассамблеясына арналып өткен ат спорты жарыстарында, Гипотеза - 7 км қашықтықта жеңімпаз болды. 2002-2013 жылдар аралығында 405 бас элита класты қостанай жылқысының құнан, тайлары сатылды. Қазіргі уақытта Қостанай жылқылары Республикамыздың 11 облысында, 26 шаруашылықта және 127 жеке шаруа қожалықтарында өсіріледі. Ресей облыстарында (Омбы, Қорған) да шаруашылықтар бар. Олардан жылына - 1800 бас, 2002-2013 жылдар аралығында - 13000 бас асыл тұқымды төлдер алынды [14, 15] .

Қазіргі кезде, қостанай жылқы тұқымын өсіретін “Қазақ тұлпары” жылқы зауытында Елбасымыздың тапсырмасы бойынша “Қазақтың салт мініс” жаңа жылқы тұқымын шығару мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр, оған Ұлыбританиядан әкелінген Масси Сэраф, Ривер Бэй, Нортангер Абби атты таза қанды ағылшын және Ресейдің Терск жылқы зауытынан алынған Виниту, Беспокойный деген таза араб айғырлары пайдаланылуда [13, 14, 15] .

Қарабайыр тұқым жылқысының шыққан тегі Өзбекстан аумағында жергілікті далалық моңғол, қазақ жылқысының биелерін түркімендік ахалтеке, текежәуміт және арабы тұқымды айғырларымен шағылыстыру нәтижесінде шығарылған. Арабтардың ислам дінін тарату жорықтарында әскерлерге азық-түлік артуы үшін қажетті мықты, әрі таулы-қыратты жерлерде жүруге шыдамды аттар қажет болған соң арнаулы түрде шығарылған деп есептелінеді. Қарабайыр -араб тілінен корб - жылқы, багир - түйе, яғни жүк артатын белді ат деген мағананы білдіреді [4, 5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары
Қазақы жылқы тұқымының ата тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы
Жылқы жайылым малы
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары
Жылқы малдарын ұстау жүйелері
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz