Жазудың түрлері


Жазудың түрлері.
Сөз диктанты - әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат - оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, яғни мағынасы болатынын түсіндіру.
Оқушылар бұған дейін класта толық мағыналы бір немесе екі-үш буыннан құралған сөздер мен сөз тіркестерін кеспе әріп пен кеспе буындардан құрастырып, оларды әріп пен буынға ажыратып үйренген болатын. Енді өтілген дыбыстардан құралған сөздердің барлығын санамалап айтуға жаттығуы қажет. Өйткені оқушылар әріп пен буын диктанттарын дұрыс жазып, сөздердің мағынасын түсініп алмайынша, бірден сөз диктантын өз дәрежесінде сауатты жазып кете алмайды.
Сөз диктантында әрбір сөздің мағынасы түсіндіріліп, ол неше буыннан, неше әріптеп құралып тұрғаны (әрине, көбіне оқушылардың сөздік қорына әлі еніп болмаған: оқулық, әліппе, дыбыс, әріп, сөз, сөйлем, класс, парта сияқты терминдер) ауызша талданады.
Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсіну-мен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орнын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем етіп жазуға дағдыланады.
Сөйлем диктантын жүргізудегі негізгі мақсат - оқушыларға сөйлем деген ұғымды түсіндіріп, оны жаңа сөздерден құрай білуге төселдіру. Мұғалім сөйлем диктантын жүргізген сайын сөйлемнің бір, екі, үш немесе әлденеше сөзден, сөз тіркестерінен құралатынын бірінші сөз бас әріппен басталып, әр сөз бөлек жазылатынын, сөйлем соңынан нүкте, сұрақ, леп белгілерінің бірі қойылатынын ауызша талдаттырып алған соң жаздырып үй-ретеді.
Әліппе кезеңінде жүргізілетін үйрету диктанттарының міндеті - оқушыларды үйренген әріп, буын, сөз және сөйлемдерін түсініп, сауатты, көркем етіп жазу мен дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Көру диктанты. Бұл диктант оқушылардың көру, есте сақтау, затты тану қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына әліппе бойынша өтілген әріп, буын және жеке сөздермен бірге жазылуы қиын сөздер, сөз тіркестері және шағын текстер, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаттауға берілген өлеңдер алынады.
Диктант текстері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала плакат қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін тақтаға жазылған тексті мұғалім жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған тексін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса назар аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды. Көру диктантын алғаш жазған кезде оқушылар сол сөздердің қалай жазылып тұрғанына ерекше мән беріп үйренеді.
Көру диктантын жүргізуге байланысты оқушыларға сөйлем болып тұрған өлең жолы мен жер-су аттарының бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісі қойылатыны айтылады.
Өздік диктанты . Оқушылар өтілген материалдарға байланысты өздері әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып диктантты өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы ерекше. Мұғалім өздік диктантты қай күні жүргізетінін, өтілген материалдардан нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп отырады. Ал оқушылар диктантқа дайындалу кезінде өздерінің бұ-рынғы жазу жұмыстарында жіберген қателері мен әлі біліп үлгермеген сөздерін, сондай-ак шала жаттаған өлең, жұмбақ, мақал мен ережелерді қайталап жаттап келетін болады.
Сөздік диктанты. Бұл - сабақтың кез келген уақытында логикалық стильде жүргізіледі. Сөздік диктантына оқушылардың жыл бойы меңгеруіне тиісті термин сөздер мен жазылуы қиын буын, өтілген жаңа сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден артпайды.
Е с к е р т у. Сөздік диктантын көру диктанты етіп те, өздік диктанты ретінде де, немесе мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол - мұғалімнін, өз еркінде.
Терме диктант. Мұғалім терме диктантына арналған тексті оқудан бұрын қандай ережеге көңіл бөлу керектігін ескертеді. Кейбір оқушыға бұрынғы жазу жұмыстарында жіберіп жүрген қателерге байланысты тапсырмалар береді.
Сөйтіп, оқушылар мұғалім оқып тұрған тексті тұтас жазбай, әркім одан өзіне берілген тапсырмаға лайықты ережелері бар сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді ғана теріп жазады. Терме диктанты кез келген ережеге қатысты жүргізіледі. Оның пайдасы - оқушыларды байланысты текст ішінен бұрын өтілген өзіне қажетті орфограммаларды таба білуге үйретеді.
Творчестволық диктанттың өзіндік ерекшелігі - ол оқушыларды ойлауға жетелейді. Әркім өзінің не үйренгенін, оны іске асыру машығы мен шеберлігі қаншалықты мөлшерде қалыптасқанын байқайды. Бұл диктантты орындау үстінде оқушылар творчестволық еңбекке үйренеді. Мәселен, мұнда оқушылар дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сейлем құрау, басы жазылған тексті аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген текстер бірін-бірі қайталамай, бәрі жиылып, қалайда өтілген материалдарды толықтыра түсуге тиіс.
Ескерту диктантының түп мақсаты - осындай. Бұған мұғалім мен оқушылар да асқан творчестволықпен ұқыпты қарауы қажет.
Бақылау диктанты. Бақылау диктанттары бұрын етілген материалдарды окушылар кандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінін, қандай болғанын анықтау мақсатымен жүргізілетін болғандықтан, әрбір 15 күнде немесе бір, екі токсанда өтілген материалдарды қамтитындай дәрежеде әзірленеді де, ол төмендегіше жүргізіледі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі абзацтан басталатыны ескертіледі. Диктант тексінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім тақтаға жа-
зып қояды. Бұл жұмыстар үзіліс кезінде орындалады;
ә) диктант тексін мұғалім екі рет дауыстап оқып береді, жазылуы қиын сөздерді тақтадан карап алу керектігін ескертеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz