Банк және банкілік қызметі лекция тезистері


4. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1 лекция Тақырыбы: Банк -банкілік жүйенің элементі ретінде.
Жоспары: 1. 1. Банк және банкілік қызметтің түсінігі.
1. 2. Банктердің құқықтық жағдайы және олардың құрылу тәртібі.
Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасында банк түсінігін және банк жүйесін, банкілік құқық нормаларын қолдану мәселелерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Банкілік құқық дегеніміз банктерді ұйымдастыратын және банкілік қызметті реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Банкілік құқық нормаларын қолдану үшін банк түсінігіне анықтама беріп өтудің маңызы зор. Банк дегеніміз өз атынан ақшалай қаражаттарды ақылы, мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті - қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аударуда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т. б. қаржылық мекемелер іске асырады. Бірақта, қаржылық тәуекел субъектісі ретінде банктердің оны басқа субъектілерден ажырататын екі белгісі бар. Біріншіден, банктер үшін қарыздық міндеттемелерден екі жақты шартқа отыру тән: олар өздерінің қарыздық міндеттемелерін орналастырады (депозиттер, салымдық куәліктер, жинақ сертификаттары және т. б. ) . Осы негізде жинақталған қаржыларды қарыздық міндеттемелерге және бағалы қағаздарға орналастырады. Бұл банктерді қаржылық салада өзінің қарықдық міндеттемелерін шығармайтын қаржылық брокерлер мен диллерлерден ажыратады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар алдында белгілі бір мөлшердегі қарызға шартсыз міндеттемелерді өз мойнына алуы. Мысалы: клиенттің қаражатын шотқа енгізу (клиентке шот ашу) және депозиттік сертификаттарды шығару. Осылайша банктер әр түрлі инвестициялық корлардан ерекшеленеді.
Бақылау сұрақтары:
- Банк құқығының құқық жүйесіндегі орны ?
- Банк дегеніміз не ?
- Банк құқығының ерекшеліктері ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Банк түсінігі.
2. Банкілік қызметтің түсінігі.
3. Банктердің құқықтық жағдайы және олардың құрылу тәртібі.
Қажетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30. 08. 1995 ж.
2. Тасыбаева А. С. Банкілік құқық: оқу құралы. Алматы, 1999.
3. Найманбаев С. М. Банктік құқық: Оқу құралы. - Алматы, Жеті жарғы, 2005.
2 лекция Тақырыбы: Банкілік құқық -құқық саласы ретінде.
Жоспары: 2. 1. Банкілік құқықтың пәні мен принциптері.
2. 2. Банкілік құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастардың түсінігі.
Лекция мақсаты : Банк құқығының құқық саласы ертінде ерекшеліктерін, банк құқығының пәнімен принциптерін, элементтерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында банкілік құқық проблемаларымен байланысты көптеген өзгерістер болуда. Атап айтқанда:
- үнемді және ыңғайлы болып табылатын, қолма-қол ақшасыз есептесудің ролі артуда және сонымен қатар, есептесудің жаңа формалары қолдануда;
- ақша мен бағалы қағаздар меншік иесінен одан әрі бөліне түсуде: бұл тәуекелді азайтады, мысалы: ұрлап кету тәуекелі инфляциямен ауысады;
- ақша айналым реттейтін институттардың ролі артып, кеңейе түсуде, ақша айналымен іске асыруға компьютерлік технология енгізілуде;
- «болашақ ақшалардың» маңыздылығы артуда;
- биліктің үш тармағына құқықтық жағынан заң шығарушы да, атқарушы да, сот билігі де болып табылмайтын, жаңа банкілік - қаржылық билік қосылуда.
Бақылау сұрақтары:
- Банк құқығының қандай ерекшеліктері бар ?
- Банк құқығы қандай элементтерден тұрады ?
- Банк құқығының ерекше құралдарына нелер жатады ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Банкілік құқықтың пәні.
2. Банк құқығының принциптері.
3. Банкілік құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастардың түсінігі.
Қажетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30. 081995 ж.
2. Тасыбаева А. С. Банкілік құқық: оқу құралы. Алматы, 1999.
3. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы, Жеті жарғы, 2004 ж.
3 лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
құқықтық жағдайы.
Жоспары: 3. 1. Ұлттық Банктің түсінігі.
3. 2. Ұлттық Банктің қызметі мен негізгі міндеттері.
Лекция мақсаты :Ұлттық банк мәртебесін, мемлекет өмірінде алатын орнын, қызметі мен негізгі міндеттерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкісі болып табылады және Қазақстан Республикасы банкілік жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. 1995 жылдың 5 желтоқсанындағы енгізілген өзгерістерге сәйкес, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне ҚР Ұлттық Банкі туралы заң күші бар Жарлықпен, Банктер және банк қызметі туралы заң күші бар Жарлықпен және тағы да басқа заң актілерімен, халықаралық келісім-шарттармен, сондай-ақ, Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Ұлттық Банк туралы ережемен белгіленген шектерде есеп береді.
Бақылау сұрақтары:
- Ұлттық банк мәртебесі ?
- Ұлттық банктың негізгі қызметі қандай ?
- Ұлттық банк кім алдында жауап береді ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Ұлттық Банктің түсінігі.
2. Ұлттық Банктің қызметі .
3. Ұлттық Банктің негізгі міндеттері.
Қажетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30. 081995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы. 1995 ж. 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы
3. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы
4 лекция Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктерді құқықтық реттеу.
Жоспары: 4. 1. Коммерциялық банктің түсінігі.
4. 2. Коммерциялық банктердің мүлкінің құқықтық жағдайы.
4. 3. Коммерциялық банктердің операцияларының түсінігі мен
түрлері.
Лекция мақсаты :Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құқықтық реттеудің ерекшеліктерін, олардың мүліктік жағдайын және жүзеге асыратын операцияларын оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Коммерциялық банк дегеніміз - ақша қаражаттарымен болатын операцияларды, сондай-ақ, оған заңмен жүктелген басқа да банк операцияларын жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме. Коммерциялық банктер банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады. Олар банк туралы заңдарда коммерциялық банк атауына біріктірілген коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктер.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құқықтық реттеудің ерекшеліктері неде ?
- Коммерциялық банк түсінігі ?
- Банктің өзіндік қаражаттарына нелер жатады ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Коммерциялық банктің түсінігі.
2. Коммерциялық банктердің мүлкінің құқықтық жағдайы.
3. Коммерциялық банктердің операцияларының түсінігі мен
түрлері.
Қажетті әдебиеттер:
1. Л. Давыдова, Д. Райманов. Банковское право РК. Алматы. 2000;
2. Банки и банковские операции. Под ред. Жукова Москва. 1997;
3. Банковское дело . под ред. Лаврушина. Москва. 1992;
5 лекция Тақырыбы: Банктердің депозиттік операциялары.
Жоспары : 5. 1. Банктердің депозиттік операциялары: түрлері, принциптері,
құқықтық негіздері.
- Банктік депозит шарты және банктік депозиттік құқықтық
қатынастар.
Лекция мақсаты : Банктердің депозиттік операцияларының түрлері, принциптері, құқықтық негіздерімен, депозит шарты және депозиттік құқықтық қатынастарды оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Депозит (латын тіліндегі мағынасы depositium - сақтауға берілген, қойылған зат) банк клиентінің банктік депозиттік (салымдық) шарт негізінде өз банкіне уақытша пайдалануына ақша қаражатын беруіне байланысты туындайтын банктік (экономикалық) қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасының заң шығарушысы депозит деп депозитордың қайтарымдылық шарттылығымен оның алғашқы талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзім өткеннен кейін толық мөлшерде бірден не болмаса бөліп-бөліп банктік депозит шартында келісілген үстемесімен не ондай үстемесіз (процентсіз) қайтарылуға тиіс банкке беретін ақша қаражатын есептеген.
Бақылау сұрақтары:
- депозиттік операциялардың қандай түрлерін білесіз ?
- Депозит дегеніміз не ?
- Депозит шартының тараптары ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Банктердің депозиттік операцияларының түрлері.
2. Банктердің депозиттік операцияларының принциптері,
3. Банктік депозит шарты.
4. банктік депозиттік құқықтық қатынастар.
Қажетті әдебиеттер:
1. Каценеленбаум З. С. К вопросу о сущности банковского депозита. Москва. 1991;
2. Деньги, кредит, банки. Под ред. Сейткасимова Г. С. Алматы. 1996;
3. Агарков М. М. Основы банковского права. Учение о ценных бумагах. Москва. 1994;
6 лекция Тақырыбы: Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын
операцияларын құқықтық реттеу.
Жоспары :6. 1. Банктердің бағалы қағаздаомен жасайтын операциялары:
түрлері, нормативтік құқықтық базасы.
6. 2. Банктердің эмиссиялық, инвестициялық және өзге де
операциялары, кәсіби қызметтері; ерекшеліктері, құқықтық
негіздері.
Лекция мақсаты : Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларының түрлерін, нормативтік құқықтық базасын, банк операцияларының ерекшеліктерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құқығын куәландырады. Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық ноталары, қазақстандық депозиторлық қолхат және т. б. жатады.
Бақылау сұрақтары:
- Бағалы қағаздар рыногы қандай заңнамалық актілермен реттеледі ?
- Бағалы қағаздар рыногының объектілеріне нелер жатады ?
- Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ерекшеліктері ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларының түрлері.
2. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларының нормативтік құқықтық базасы.
3. Банктердің эмиссиялық, инвестициялық және өзге де операциялары, кәсіби қызметтері; ерекшеліктері, құқықтық негіздері.
Қажетті әдебиеттер:
1. Каценеленбаум З. С. К вопросу о сущности банковского депозита. Москва. 1991;
2. Деньги, кредит, банки. Под ред. Сейткасимова Г. С. Алматы. 1996;
3. Агарков М. М. Основы банковского права. Учение о ценных бумагах. Москва. 1994;
7 лекция Тақырыбы: Заем шарты
Жоспары: 7. 1. Заем шартының мазмұны.
Лекция мақсаты : Заем шартының түсінігін, ерекшеліктерін, оның тараптарын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді. Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітілді деп саналады (заңнамада мәнді жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бірақ, Азаматтық кодекс нормаларының мәнісі бойынша, бәрінен де бұрын оған оның пәні туралы жағдай жатады) . Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
- Заем шарты мәмілелердің қандай түрлеріне жатады ?
- Мемлекеттік заем шарты дегеніміз не ?
- Заем шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктері неде ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
- Заем шартының түсінігі.
- Заем шартының мазмұны.
- Заем шартының тараптары.
Қажетті әдебиеттер:
1. Рынок ценных бумаг. Под ред. Галанова В. А. Москва. 1996;
2. Ефремов И. А. Операции коммерческих банков с ценными бумагами. Москва. 1995;
3. Березина М. П. Крупенов Ю. С. Межбанковские расчеты. Москва. 1993;
8 лекция Тақырыбы: Ақшалай талапты беріп қаржыландыру
(факторинг шарты)
Жоспары : 8. 1. Факторинг шартының мазмұны, элементтері.
8. 2. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Лекция мақсаты :Факторинг шартының түсінігін, қасиеттерін, мазмұнын және де элементтерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Факторинг шарты екі түрлі қасиетке ие, оның мазмұны цессия (талап етуді беру) сияқты міндеттемедегі адамдардың ауыстырылу нысанын еске салады. Екінші жағынан, онда агенттің арнайы сипаттағы қызметтерді көрсетуімен сипатталатын агенттік кеолісімнің де элементтері бар. Факторингтің мәнісі - қаржылық немесе өзге ұйымның тауар сатушысын сатып алу бағасын алудан босату арқылы оның жағдайын елеуді түрде жақсартуында болып табылады. Сатушы бұл кезде оның кәсіби құзірет аясымен қамтылатын функцияларды ғана атқарады, ол тауарлар мен құжаттарды жөнелтуді және т. б. жүзеге асырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Факторинг шартының түсінігі ?
2. Факторинг шартының қасиеттері ?
3. Факторинг шарты қандай заңнамалық актілермен реттеледі ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Факторинг шартының мазмұны.
2. Факторинг шартының элементтері.
3. Факторинг шартына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Қажетті әдебиеттер:
1. Рынок ценных бумаг. Под ред. Галанова В. А. Москва. 1996;
2. Ефремов И. А. Операции коммерческих банков с ценными бумагами. Москва. 1995;
3. Березина М. П. Крупенов Ю. С. Межбанковские расчеты. Москва. 1993;
9 лекция Тақырыбы: Банктік қызмет көрсету (Төлем айналымына
жәрдемдесетін шарттар) .
Жоспары : 9. 1. Банктік қызмет көрсету.
9. 2. Банктік шот шарты.
9. 3. Ақша аудару туралы шарт.
9. 4. Банк салымы туралы шарты.
Лекция мақсаты : Банктік қызмет көрсету аясындағы шарттармен танысу, олардың түрлері мен ерекшеліктерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Банктік қызмет көрсету шарттын ажыратудың маңыздылығы - оны жүзеге асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетінгінде. Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып табылады және бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асырудың тікелей тәртібін анықтайды.
ҚР Азаматтық кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді:
1) Банктік шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3) банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері. Өз қаражаттарына меншік құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін клиенттің кедергісіз жүзеге асыру кепілдігін құрған жағдайда банк шоттағы ақшаны пайдалана алады және төлем айналымына жәрдемдесетін шарттарды жүзеге асыру барысында несиелік сипаттағы қатынастар пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
- Банктік қызмет көрсету шарттарының қандай түрлерін білесіз ?
- Банктік шот элементтеріне нелер жатады ?
- Банктік қызмет көрсету аясындағы шарттардың қандай ерекшіліктерін байқадыңыз ?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Банктік қызмет көрсету.
2. Банктік шот шарты.
3. Ақша аудару туралы шарт.
4. Банк салымы туралы шарт.
Қажетті әдебиеттер:
1. Березина М. П. Крупенов Ю. С. Межбанковские расчеты. Москва. 1993;
2. Банковское дело. Под ред. Сейткасимова. Алматы. 1996;
10 лекция Тақырыбы: Есеп айырысу қатынастары
Жоспары: 10. 1. Қолма-қол ақшаны беру.
10. 2. Төлем тапсырыс талаптарымен есеп айырысу.
10. 3. Чектермен есеп айырысу.
10. 4. Вексельдердi пайдаланумен төлемдер жүргiзу.
Лекция мақсаты :Банктік есеп айырысудың құқықтық қатынастарының түсінігін және құқықтық табиғатын, банктік есеп айырысудың жекелеген түрлерінің құқықтық негіздерін оқып үйрену .
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Банк саласындағы есеп айырысу - ақша қатынастары нарықтық экономиканың аса маңызды элементі болып табылады. Есеп айырысулардың мағынасы борышкердің шартқа немесе басқабір заңдық фактіге негізделген өзінің міндеттемелерін ақшалай қаражатын кредит берушіге беру немесе аудару арқылы орындауы, яғни ақша міндеттемесінің тоқтатылуы (жабылуы) дегенді білдіреді.
Есеп айырысулар әр алуан түрлерге бөлінеді, оның үстіне есеп айырысуларды жіктеудің іс жүзінде де, теориялық та үлкен маңызы бар. Есеп айырысулар қолма-қол ақшамен есеп айырысу және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» Заңына сәйкес ҚР аумағында төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асырудың келесідей тәсілдері қолданылады: қолма-қол ақша беру; төлем тапсырмаларын ұсыну; чектер беру; вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша беру; төлем карточкаларын (оның ішінде микропроцессорлық төлем карточкаларын) пайдалану; банктік шотты тікелей дебеттеу; төлемдік талап-тапсырмалар ұсыну; инкассо өкімдерін ұсыну және ҚР заңдарында белгіленген басқадай тәсілдер.
Бақылау сұрақтары:
- Төлем тапсырмалары арқылы есеп айырысу қалай аталады?
- Чектермен есеп айырысу қандай негізде туындайды?
- Вексельдердің қандай түрлерін білесіз?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
1. Қолма-қол ақшаны беру.
2. Төлем тапсырыс талаптарымен есеп айырысу.
3. Чектермен есеп айырысу.
4. Вексельдердi пайдаланумен төлемдер жүргiзу.
Қажетті әдебиеттер:
1. Березина М. П. Крупенов Ю. С. Межбанковские расчеты. Москва. 1993;
2. Банковское дело. Под ред. Сейткасимова. Алматы. 1996;
11 лекция Тақырыбы: Банктердің валюталық операцияларын
құқықтық реттеу.
Жоспары : 11. 1. Банктердің валюталық операциялары: түрлері, лицензиялану
ерекшеліктері, құқықтық негіздері.
11. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Даму Банкінің және
коммерциялық банктердің валюталық операциялары: маңызы,
мақсаты, құқықтық негіздері.
Лекция мақсаты : Қазақстан Республикасындағы банктердің жүзеге асыратын валюталық операцияларының түрлерін, оларды лицензиялаудың ерекшеліктерін және де құқықтық негіщздерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні (қысқаша) . Валюта (итальян тіліндегі valuta - құн мағынасында айтылады) қандай болмасын мемлекеттің ақша бірлігін (ұлттық валютасын) немесе шет мемлекеттің ақша бірлігін (шетелдік валютаны) білдіреді. Қазақстан Республикасының заң шығарушы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 2-тармақшасында: «Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бірдігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандаттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат» деген ұғымды қалыптастырған.
Бақылау сұрақтары:
- Валюта дегеніміз не ?
- Валюталық операциялар қандай заңнамалармен реттеледі ?
- Ұлттық Банктің валюталық операцияларды жүзеге асырудағы ролі неде?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖтапсырмалары:
- Валюталық операциялардың түрлері.
- Валюталық операцияларды лицензиялану ерекшеліктері.
- Валюталық операциялардың құқықтық негіздері.
Қажетті әдебиеттер:
1. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Под ред. Красавиной Л. Н. Алматы. 1994;
2. Гражданско- правовое регулирование банковской деятельности. Под ред. Суханова Е. А. Москва. 1998.
№1 Семинар тақырыбы: Банк банкілік жүйенің элементі ретінде.
Сабақ жоспары: 1. 1. Банк және банкілік қызметтің түсінігі.
1. 2. Банктердің құқықтық жағдайы және олардың құрылу
тәртібі.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Банкілік құқық дегеніміз банктерді ұйымдастыратын және банкілік қызметті реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Банкілік құқық нормаларын қолдану үшін банк түсінігіне анықтама беріп өтудің маңызы зор. Банк дегеніміз өз атынан ақшалай қаражаттарды ақылы, мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті - қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аударуда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т. б. қаржылық мекемелер іске асырады. Бірақта, қаржылық тәуекел субъектісі ретінде банктердің оны басқа субъектілерден ажырататын екі белгісі бар. Біріншіден, банктер үшін қарыздық міндеттемелерден екі жақты шартқа отыру тән: олар өздерінің қарыздық міндеттемелерін орналастырады (депозиттер, салымдық куәліктер, жинақ сертификаттары және т. б. ) . Осы негізде жинақталған қаржыларды қарыздық міндеттемелерге және бағалы қағаздарға орналастырады. Бұл банктерді қаржылық салада өзінің қарықдық міндеттемелерін шығармайтын қаржылық брокерлер мен диллерлерден ажыратады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар алдында белгілі бір мөлшердегі қарызға шартсыз міндеттемелерді өз мойнына алуы. Мысалы: клиенттің қаражатын шотқа енгізу (клиентке шот ашу) және депозиттік сертификаттарды шығару. Осылайша банктер әр түрлі инвестициялық корлардан ерекшеленеді.
Банк коммерциялық ұйым болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензия негізінде қайтарып беру шартымен занды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары мен басқа да кұндылықтарын ақылылық, мерзімділік және қайтарып беру шартымен өз атынан орналстырады, сондай-ақ, есептік және басқа да банкілік операцияларды іске асырады.
Банкілік реформаның екінші кезеңі барысында банктердің құрылымы ғана өзгеріп қойған жоқ, сонымен бірге, кредиттік қатынастар саласы да күрделі өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде Қазақстанда екі деңгейлі банкілік жүйе қалыптасты. Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, екінші деңгей - қалған банктердің барлығы. Оларға төмендегі банктер жатады:
- Мемлекеттік банк - Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі негізінде құрылған. Оның Жарғылық қорын иеленуші Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz