Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ.ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ПӘНІ, ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
І.1. Девианттық мінез.құлық әлеуметтануының пәні, обьектісі және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ...5.6
І.2. Әлеуметтік патология девианттық мінез.құлық әлеуметтануының обьектісі ретінде ... ... ... ... ...7.12
І.3. Девианттық мінез.құлықтың пайда болу себептері және оның алдын алу шаралары ... ..13.16
ІІ. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ.ҚҰЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЫҢҒАЙЛАРЫ
ІІ.1. Дюркгейм мен Мертонның «аномия» тұжырымы
ІІ.2. Мәдени тасымалдау теориясы ... ... ... ..21.22
ІІ.3. Сазерлендтің дифференциалды байланыс теориясы ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИБЕТТЕР ... ... ... ..27

Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы – орта деңгей теориясы ретінде әлеуметтік нормалар талабынан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі бір нысандарын зерттейді. Девиацияның түрлері, оның пайда болуының себептері, әлеуметтік ауытқушылықты реттеп отыратын әлеуметтік қадағалаудың түрлері мен нысандары қарастырылады.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этникалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді.
Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын толғандырады. Сондықтан, бұл мәселенің ведомствоаралық талқылаудың себебі осында.
Девианттық мінез-құлық олардың қоғам –өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс – девиантты жүріс-тұрыс. Қылмыс және теріс қылық Нашақорлық, маскүнемдік, өзін-өзі өлтіру, гомосексуализм, жезөкшелік, фанатизм, т.б.

1. Ш.Жаманбалаева. Социальная профилактика деивантного поведения подростков как элемент социального наблюдения. - Алматы, 2000
2. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/237-psikhologia/2751-deviantti-mnez-li.html
3. http://referaty.kz/node/2523
4. http://www.stud.kz/load/referattar/socijalogija/deviantty_minez_ly_sociologijasy_referat/29-1-0-2592
5. http://balazan.kz/kz/comon/news/detail.php?ID=2628
6. http://stud.kz/sms/kupitr/5169
7. Э.Дюркгейм. Самоубийство. - М., Мысль, 1994
8. Гордон Маршалл редакциялаған Оксфорд сөздігі. Әлеуметтану. –Алматы, «Қазақстан» баспасы 2002
9. Ш.Қ.Қарабаев. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. - Алматы 2009
10. Г.О. Әбдікерова. Тұлға әлеуметтануы. – Алматы 2009
11. Әлеуметтану. 2-кітап:Оқулық/ жалпы ред.басқ. М.М.Тәжин. – Алматы: Қазақ университеті, 2005
12. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері.- Алматы: Экономика, 2008, 316-370-бб
13. Социальная педагогика: Курс лекций. Под общей ред. М.А.Галагузовой. - М.,2000.
14. Джаманбалаева Ш.Е. Проблемы наркотизации и алкоголизации в республике// Социологические исследования, 1998, №3. С. 44.
15. Левин Б.М. Главные факторы алкоголизации общества в условиях социальных перемен// Социологические исследования, 1997, №4. С.106.
16. Агафонов А.Н. и др. Социальная работа с молодежью девиантного поведения. - Петропавловск, 2000.
17. Жадыбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних. - Алматы, 1992
18. Анисимов Л.Н. Профилактика пьянства, алкоголизма и наркомании среди молодежи./ Юридическая литература. М., 1988.
19. Жадыбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних. - Алматы, 1992.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-4
І. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ПӘНІ, ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ
МІНДЕТТЕРІ
І.1. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының пәні, обьектісі және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-6
І.2. Әлеуметтік патология девианттық мінез-құлық әлеуметтануының
обьектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 7-12
І.3. Девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептері және оның алдын алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 13- 16
ІІ. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЫҢҒАЙЛАРЫ
ІІ.1. Дюркгейм мен Мертонның аномия
тұжырымы ... ... ... ... ... ... .17 -20
ІІ.2. Мәдени тасымалдау
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-22
ІІ.3. Сазерлендтің дифференциалды байланыс
теориясы ... ... ... ... ... ... ..2 3
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24 -26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИБЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы – орта
деңгей теориясы ретінде әлеуметтік нормалар талабынан ауытқитын әлеуметтік
мінез-құлықтың белгілі бір нысандарын зерттейді. Девиацияның түрлері, оның
пайда болуының себептері, әлеуметтік ауытқушылықты реттеп отыратын
әлеуметтік қадағалаудың түрлері мен нысандары қарастырылады.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік,
өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да
қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге
әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік
саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этникалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар,
басқа да маңызды адамдар).
Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және
нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке
салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар
және басқада формаларда көрінеді.
Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау
органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын толғандырады.
Сондықтан, бұл мәселенің ведомствоаралық талқылаудың себебі осында.
Девианттық мінез-құлық олардың қоғам –өміріндегі теріс орны мен
салмағын айқындайды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі
өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды
көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу
оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс –
девиантты жүріс-тұрыс. Қылмыс және теріс қылық Нашақорлық, маскүнемдік,
өзін-өзі өлтіру, гомосексуализм, жезөкшелік, фанатизм, т.б.
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық
жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективтік себебі жасөспірімдерде
құқықтық әлеуметтену процесі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-
құлықы (нормалардан ауытқу) бір мезгілде жүреді. Нашар тұрмыс жағдайы,
шиеленіскен қатынастары бар сәтсіз отбасыларында тұратын жасөспірімдерге
көбінесе мектеп бағдардамасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі
және мұғалімнен қарым-қатынасының нашарлауы т.б. тән. Кейбір жағдайларда
айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы өз
ортасының нормаларынан бас тартып нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін
көрсетуі мүмкін. Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер үйлердің
жертөлелерінде өткізеді. Үй асты өмірі олар үшін қалыпты. Себебі, ол
жерге әртүрлі өздері сияқты жастар жиналады. Олардың өздерінің үй асты
моральдық кодексі, жазылмаған заңдары бар. Мұндай жағдайда топтық ауытқу да
дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді.
Жұмыстың обьектісі: Бүгінгі таңдағы қоғамда орын алып отырған жағымсыз
мінез құлықтар.
Жұмыстың пәні: Қазіргі таңдағы девианттық мінез-құлықтың пайда болуына
ықпал ететін негізгі факторларды анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Девианттық мінез-құлықты әлеуметтану ғылымымен қатар,
заң, психология, философия ғылымдары да қарастыратын болғандықтан, аталған
мәселенің негізгі деңгейлерін нақты әлеуметтану саласы бойынша айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
• Девианттық мінез-құлық ұғымына әлеуметтану тұрғысынан анықтама беру;
• Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының әлеуметтану ғылымының бір
саласы ретіндегі пәні, обьектісі, міндеттерін айқындау.
• Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының дамуына үлес қосқан ғалымдардың
еңбектерін талдау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: : Жағымсыз мінез-құлықты әлеуметтік
тұрғыдан зерттелуіне көптеген зерттеуші ғалымдарымыз өз үлестерін қосты.
Олар, Батыс Европадан француз социологы Э.Дюркгейм, психолог және
криминолог Г.Тард, Социолог Р.Мертон, Э.Сазерленд, психиатр З.Фрейд,
Философ Э.Фром, Ч.Ломброзо, У.Х.Шелдон, Ч.Беккариа, Н.Смелзер, А.Кемью,
және т.б. ойшылдардың еңбектерін айтуға болады.
Ресей зерттеушілерінен Я.И.Гилинский, В.Н.Кудрявцев, А.А.Габиани,
Е.И.Каиржанов, А.К.Катова, И.И.Рогова, И.С.Кон, Ф.М.Достоевский және т.б.
ғалымдарымыздың есімдерін атауға болады.
Ал, отандық зерттеушілерден социолог Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетованың
еңбектерін атауға болады.
І.1 ДЕВИАНТТЫҚ МІНЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ПӘНІ, ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ
МІНДЕТТЕРІ
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының обьектісі – бұл адамдардың нақты
әрекеті, шын мәніндегі мінез-құлқы, ол санада пайда болатын білім, тұжырым,
құндылықтық қасиеттер ретінде бой көрсетеді. Ғылымның пәнін зерттелетін
саладағы оьбектінің байланыстары, қатынастары құрайды. Девианттық мінез-
құлық әлеуметтануының пәні әлеуметтік нормалардан ауытқитын адамдардың
мінез-құлқы, олардың даму жағдайлары, нақты ауытқыған міне-құлықтың жүзеге
асырылуы. Сондай-ақ зерттеу пәніне девианттық мінез-құлықты қалыптастыратын
және дамытатын әлеуметтік факторладың өзара әрекеттесу тетігін де жатқызуға
болады. Мұнда пәннің әлеуметтанулық талдауын теориялық-әдістемелік
деңгейдегі сияқты ( әлеуметтік мінез-құлық факторларын тереңдете анықтайтын
деңгей), эмпирикалық деңгейде де (жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың
мінез-құлқына ықпал ететін тікелей бақыланатын эмпирикалық түбегейлілікке
куә болатын әлеуметтік факторларды қарастыратын деңгей) жүзеге асыруға
болады.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының пәні - оның пайда болуына ықпал
ететін факторларды анықтай отырып, әлеуметтік патологияға, оның түрлеріне
анықтама беру болып табылады. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының
міндеттері арнайы әлеуметтанулық теория ретінде:
• Қазіргі қоғам нормаларынан, олардың таралу ауқымынан, олардың
әрекеттерінің тікелей салдарынан әлеуметтік ауытқу сипатын табу;
• жағымсыз әлеуметтік ауытқудың болу себептерін ашу;
• ауытқыған мінез-құлықтың алдын алу және жоюға бағытталған түрлі
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық және
тәрбиелік шаралардың тиімділігін талдау;
• теріс құбылыстарды жою, сол немесе басқа норма бұзушылықтың таралу
және шиеленісуі мүмкін болуы туралы қоғамды алдын-ала ескерту
жөніндегі қызметтің нәтижелерін саралау болып табылады.
Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік – нормалардан ауытқудың түрлерін
зерттеу де осы девианттық мінез-құлық әлеуметтануының міндеттерінің
бастысы.
Ауытқаған мінез-құлық аясында белгілі бір қоғамда адамдардың
қызметі мен өмір сүру салтында іс-жүзінде қалыптасқан және ресми
белгіленген әлеуметтік нормаларды бұзатын мінез-құлықтық акт ұғынылады.
Мұндай мінез-құлық заңдық және қоғамдық санкцияларға алып келеді[1.18б].
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге
сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір
түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Деликвентті мінез-
құлық деп формальды нормаларды бұзуды атайды. Ол заң бұзушылықпен
ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты
жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады [4].

обьектісі ретінде
Қоғам мен жеке тұлғалардың мүдделері үшін елеулі зиян болып саналатын
әлеуметтік нормалардан ауытқушылықтың мейлінше елеулі жағдайы ғылыми
әдебиетте әлеуметтік патологиия деп аталады.
Кесте-1
Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне
үлкен зиян келтіреді. Аталған әлеуметтік патологиялық категорияларға жеке-
жеке анықтама беріп өтсек.
Маскүнемдік — Адамның ұдайы ішімдікке салынуы, ондай адам сыра, арақ,
шарап және сол сияқты ішкіліктерді шамадан тыс пайдалануды бақылай алмайды.
Маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға
ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін
қауіпті нәрсе [5].
Нашақорлық. Сөздің жалпы мағынасы ауруды білдірмейді. Нашақорлық – бұл
тұлғаның жан-жақты зақымдануы, көп жағдайда адам тәнінің мүшкіл қалына әкеп
соқтырады. Бұл дегеніміз, адамның нашақор болуы, біртіндеп өзінің адами
қасиеттерін жоғалтады; психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды; достары,
отбасы, жұмысынан айырылады; қылмыстық ортаға тартылады; өзіне және өзінің
айналасындағыларға түпсіз бақытсыздық әкеледі, осылайша өз өмірін өзі
бұзады. Нашақорлық еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, дегенмен
бұдан сорақысы нашақорлыққа тәуелді жас жеткіншектердің санының өсуі [15.44
б].
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге
түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының,
қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде
нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге
жасырын емес.
Жезөкшелік дегеніміз жеке тұлғаның сыйақы алып, басқа адаммен
бейберекет жыныстық қатынаста болуын айтамыз. Жалпы жезөкшелікпен әйелдер
айналысады, ал қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай жезөкшелікпен ер
адамдардың да ақы алып айналысатыны көрініс алып отыр. Мысалы, ағылшын
заңдылықтарында жезөкшелік деп әйелдердің өз денесін нақты төлем алу
мақсатымен тәртіпсіз азғындыққа салуы немесе ұсынуы белгіленген; Болгарияда
— адамгершілікке жат қызметтен түсетін еңбексіз пайда табу; АҚШ-та — сыйақы
үшін жыныстық қатынасқа түсу, ал Чехословакияда өмір сүру үшін еңбектен
жалтарып пайда табу ретінде қарастырылады. Жезөкшелік — өте қауіпті
құбылыс. Ол ең алдымен қоғамдық адамгершілікті аяққа таптайды, қалыптасқан
отбасының рухани құндылықтарын аяққа басады. Арсыздықты, дөрекілікті,
ұятсыздықты, есепқорлықты дәріптеп, адалдық, сүйіспеншілік, махаббат,
сенім, отбасына деген құрметті сезімдерді жоққа шығарады [6].
Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының sul өзімді, caedere
өлтіру деген сөзінен шыққан, ол - өз омірін әдейілеп қию. Өзін-өзі
өлтірушілік деп екі түрлі құбылысты айтуға болады:
Біріншіден, жеке мінез құлықтық акт, өз омірін нақты адамнын қиюы;
Екіншіден, бұл әлеуметтік құбылыс қоғамның белгілі жағдайының өнімі
және көрсеткіші.
Өзін-өзі өлтірушіліктің мінез-құлқы - бұл өзіне өзінің оміріне қарсы
алдын ала ойлаған ниетпен жасаған өзін-өзі өлтіруге дейін баратын әрекеттің
көптеген типтері жатады.
Өзін-өзі өлтіру - бұл мезгілсіз олімнің басты себебі, адамдар
көбінесе өзін-өзі өлтіргенде, тығырықтан шығуға жол жоқ деп есептеген кезде
барады. Мұның басты себебі, үмітімен сенімін жоғалту, адамның батылсыздығы,
өзін жападан жалғызбын деп сезінуі жатады.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл себептен құтылудың басты жолы
әділеттілік және әлеуметтік теңсіздікті болдырмау және т.б. себептерді атап
көрсетеді [7.45-48бб].
Э.Дюркгеймнің пікірінше, өзін-өзі өлтіру бұл әлеуметтік құбылыс. Мұның
басты себебі реттеушіліктің болмауы. Өйткені, әлеуметтік ереже адамдар
өмірін реттеуде маңызды роль атқарады. Тәртіп бұзғанда адамдардың өмірге
деген бағыт-бағдары да өзгереді, әлеуметтік нормалардың бұзылуы адамдардың
мінез-құлқындағы ауытқушылығына себеп болады.
Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті
әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-
әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады [16.106 б].
Кейбір әлеуметтанушылардың пікірінше аталған девианттық мінез-құлықтың
5 категориясы бірінің пайда болуына бірі себеп болуы мүмкін:
Кесте-2
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ
процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі,
осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан
тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда
мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы
білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-
әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Сондықтан, бұл мәселенің ведомствоаралық талқылаудың себебі осында [8.243

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың
44% сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.
Профессор А.Е. Личко және В.Г. Степанов сәтті отбасыны талдай отырып, 3
жағдайды бөліп көрсетеді:
-Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека);
-немқұрайлылық ( гипоопека);
- отбасындағы кумирдің болуы;
Статистика бойынша ОҚО да 14-18 жас аралығындағы тұлғалар арасында
қылмыс өсуде. 2005 ж. 460 қылмыс оның 25 адам өлімі, оның 4-ін жасы
кәмелетке толмағандар жасаған; 2007 ж. 317 қылмыс, 51 адам өлімі, дегенмен
13,8 % төмендеген, 96-бап бойынша 6 өлім тіркелген; 2008 ж. 243 қылмыс, 23%
төмендеген, 74 адам өлімі оның 5-уін жасөспірімдер жасаған. 2009ж. 228
қылмыс, 6,1 % төмендеген, 96-бапқа 4 адам өлімі жатады.
2010ж 269 қылмыс, 17,5% өскен, 195-і ауыр қылмыс. 14-18 жас
аралығындағыларға 9 адам өлімі тіркелген. Адам өлімі 25% өскен, 33 әйел
зорлау, 48 тонау, 64 анаша айналымына қатысты қылмысты жасөпірімдер
жасаған. Статистикалық мәліметтерге талдау жасасақ, кәмелетке толмаған
жастар арасында 120 бап бойынша 2005 ж. -4; 2006-6; 2008 ж. -6; 2009ж- 3;
2010 ж. -4-ке жеткен. 178-бап бойынша 2005-27; 2006-26;1 2007 ж. -17; 2008
ж. -13; 2009 ж.-27; 2010 ж. - 34 қылмысты іс қозғалған. 174-бап қарақшылық
бойынша 2005 ж. -19; 2006 ж.-5; 2007ж.- 14; 2008ж.- 11; 2009ж. -11; 2010ж.-
10 іс-қозғалған [17.56-58бб].
Кесте-3
Оңтүстік Қазақстан облысы, 14-18 жас аралығындағы азаматтар арасында
қозғалған қылмыстық істер кестесі:
2005 2006 2007 2008 2009 2010
120 бап 4 6 5 6 3 4
бойынша
178 бап 27 26 17 13 27 34
бойынша
174 бап 19 5 14 11 11 10
бойынша
Жастардың девианттық жүріс-тұрыстарының бір түрі–нашақорлық. Бұл мәселе
жөнінде ел Президенті Қазақстан халқына жолдауының бірінде былай деген:
Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен
аймаққа айналған. Экономикалық, географиялық тұрғыдан қарағанда есірткі
бизнесімен күресті Қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге
болмайды [18. 24-25бб]. ҚР нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрестің 2001-2005 ж.ж. жарлығымен бекітілген құжатта:
Кәмелетке толмағандар мен жастардың, әйелдердің арасында есірткіні
беймедициналық тұтынудың етек алуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Есірткі
тұтынушылардың 23-30 жасқа дейінгі адамдар [19. 78-79бб].
Есірткіге байланысты қылмыс жоғары қарқынмен өсуде. 1991 ж. бастап
жалпы қылмыстылықтың 19,8% төмендеуі аясында есірткіге байланысты
қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсті. Бұл қылмыстардың үлесі 5,3
есе өсті және 1999 ж. 15,28 % құрады. Жастар арасында жүргізілген
әлеуметтік сұраунаманың бір деректерінде жастардың 9-10% есірткіні
пайдаланғанын айтқан болатын [5]. Статистикалық мәліметтер бойынша,
қылмыстарды (есірткіге байланысты) 20-29 жастағы адамдар жасайды екен.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күресте елімізде де істеліп жатқан шаралар
бар. Мысалы ҚР Премьер–Министрінің 2003 ж. 20 қыркүйек №222 өкімімен
бекітілген Ауыл жылына арналған спорт есірткіге қарсы ұранымен АҚ бидай
республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы іс-шарасын жатқызуға
болады. Спорт мектептерін қайта жандандырып,олардың басым бөлігін спорттың
түр-түрімен айналысуға баулу қажет. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес
ісі бізден жүйелі және кешенді шараларды жүргізуді талап етіп отыр.
Жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыстың тағы бір түрі – ішкілік.
Статистикалық мәліметтер бойынша, бұзақылықтың 90%; әйел зорлаудың 90%;
басқа қылмыстар 40% өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын
салудың 70%, ажырасудың 50% ішімдікке байланысты болған. Ішімдік мәселесі
көбіне қазіргі кезде ауыл жастарының арасында өршіп тұр. Жұмыссыздық,
әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, мәдени демалыстарының дұрыс өткізілмеуі
жастарды араққа итермелеуде, сондықтан ауылдағы клуб, мәдениет үйі, т.б.
мәдени іс-шараларды ұлттық рухымызды көтеретін насихат шараларын жүзеге
асыру кезек күттірмей атқарылар шараға айналдыру қажет [13. 41-бет].
Девианттық мінез-құлықтық бір түрі суицид, яғни бұл өзіне -өзі қол
жұмсауы. Ауытқудың бұл түрі 20-55 жасқа дейінгілер, ол қазіргі кезде 10-12
жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан Қазақстанда басқа ТМД
елдерінен қалыспай отыр.
Ресми деректерге сүйенсек, 2005-2010 жылдар аралығында елімізде 1693
жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсап, өмірмен қош айтысқан. Ал 2010 жылы ел
бойынша осындай 238 оқиға тіркелді. Бұл туралы толық мағлұматты мына
кестеден қараңыз:
Кесте-4
Жылдар 2005 2006 2007 2008 2009 2010
Қазақстан
бойынша өзіне
өзі қол 261 274 352 304 264 238
жұмсаған
жасөспірімдер
саны

шаралары
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда
болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа
ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау,
сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп
көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі
жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға
мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы,
ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық
факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке
жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал,
келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған
ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға
душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы
соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз
қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық
деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне
алмайды, қатынасы бұзылады [2].
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен
мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді.
Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық
және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі
мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған
ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және
суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар
сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік,
қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге
бейім тұрады [2].
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық,
қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы
үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы
бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы
жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен
қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-
қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол
үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген
қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге,
нашақорлыққа қызыға бастайды;
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен
болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал
мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар
қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы -
ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы
қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін
орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға
баланы итермелейді;
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу
кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік
кемшіліктерден туындайды;
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы,
криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік,
зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада,
мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-
әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға
бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп
сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық
ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан
басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың
мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз,
ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-
зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның
кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция,
әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік
қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы [3].
Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының бірнеше себептері бар:
1. Әлеуметтік теңсіздік –жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі,
жемқорлық т.б.
2. Моральдық этикалық фактор қоғамның моральдық –адамгершілік
қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны
жатсынуы. Қоғам өмірін ақшаның билеуі, барлығы сатылады, барлығын сатып
алуға болады. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі. Бұқаралық
қайырымшылық сатылған махаббат, құқық бұзушылықтың күшеюі;
3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы.
әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы денсаулықтағы психофизикалық
ауытқулар т.б. Осының барлығы рухани дүниенің дағдарларысына әкеліп, өмір
сүру мәнінің жоғалуына алып келеді.
Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.
Мінез- құлық ауытқушылығы (девиантты мінез-құлық) мәселесі
-педагогикалық психологияның басты әрі маңызды проблемаларының бірі.
Мінез-құлықтағы ауытқулар баланың эмоционалды-ерік аясының
дамымағандығымен және оның бұзылуымен тікелей байланысты. Өз еркінің
дамымағандығы нәтижесінде бала өз қалауын таппай, үлгі ретінде басқа
адамдардың мінез-құлқын көшіріп алады.
Балалық шақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz