Қазіргі таңдағы мұсылмандықтағы ер мен әйелдің бір-біріне жауапкершіліктері мен орны


Жоспары
I. Кіріспе . . . 3
A - Дін және Ислам діні Ислам дінінің маңыздылығы . . . 5
II. Негізгі бөлім
Б - Ислам құқығындағы әйел мәселесі . . .
В - Ерлі зайыптың бір-біріне жауапкершіліктері мен міндеттері . . .
В. 1. Неке мәселесі . . .
В. 2. Бала тәрбиесі . . .
В. 3. Ата-ана жауапкершілігі . . .
Г - Қазіргі таңдағы мұсылмандықтағы ер мен әйелдің бір-біріне жауапкершіліктері мен орны . . .
III. Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Қоғамдағы ең алғашқы әрі қоғамның беделі, ең маңызды мекеме - отбасы екені мәлім. Өйткені қоғамның дұрысталуы да, бұзылуы да осы отбасы жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан Ислам отбасы мәселесіне қатты көңіл бөледі. Бұл қамқорлықты Исламның отбасыға арнаған заңдарынан байқауға болады.
Отбасы - қоғам құрылысының алғаш қойылатын кірпіші іспеттес. Ислам отбасыны мықты іргетастың үстіне орнатуды көздейді. Ислам шариғаты отбасыға қатысты заңдарды егжей-тегжейлі баяндауды жөн көреді.
Құран Кәрімде отбасына қатысты жүзден астам аят бар. Бұл туралы жеке бір томдық кітап болатындай Хз. Пайғамбардың хадистері де бар.
Үйлену - адамзаттың көбейіп, Қиямет күніне дейін жалғасуына ықпал ететін бірден - бір дұрыс жол. Себебі, еркек пен әйел осылай отау тігіп, бала сүйіп, қыз алысып, қыз берісіп, ел мен ел араласып, өзара жақындасады. Аллаһ Тағала (ж. ж) : «Ей, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық және де бір-бірлеріңмен танысуларың (дос-тату болуларың) үшін сендерді әр түрлі ұлттар және ру тайпалар етіп қойдық. Әлбетте, сендердің Аллаһ алдында ең құрметтілерің - тақуаларың. Шексіз, Аллаһ толық білуші, әр нәрседен хабардар», - деген.
Адам өміріндегі ең бір қызықты да, қуанышты да ұмытылмас белең -оның үйленіп, жеке отау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отау құруы - сол жастардың ата-аналары мен ауыл адамдарының ғана тілек - талабы емес, қоғамдық қажеттілік. Отбасы - мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің де мықты болуы мүмкін емес.
Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Бұл әдет-ғұрыптар ұрпағының келешегін, нәсілінің болашағын ескеруден туындаған.
Диплом жұмысының мақсат-міндеті: Жұмысқа кірісер алдында мына жайларды ескерген болатынмын. Әрқандай істің өзіне тән өлшемімен безбені, мақсаты мен мұраты болатынын білеміз. Өлшеусіз өнер, мақсатсыз жұмыс оңбайды. Сондықтан осы жұмысты жазуда белгілі бір өлшемдердің, қағида мақсаттардың болатынын ескерсек:
- Ислам дініндегі жанұяға байланысты шариғат үкімдерін нақтылап талдау;
- Қазақ салт-дәстүріндегі отбасын құру шарттарын көрсету; ;
- Жақсы, үлгілі отбасын құру бұл ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы міндеттерін орындау арқылы жүзеге асатындығын талдау;
- Отбасы-бала тәрбиесіндегі алтын ұя екендігі мәлім. Сондықтан бала тәрбиесінде біржақты болмай, өз ислам дініміздің құндылықтары мен ата-бабамыздың сара жолымен, үлгі өнегесімен жастайынан тәлім-тәрбие беру түрін көрсету;
- Шариғат үкімдерімен отбасын құру мен қазақ салт-дәстүрі бойынша жанұя құру ұқсас екендігін көрсету.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Ислам дініндегі шариғат заңдары мен қазақ халқының салт-дәстүрінің ұқсас екендігін, шариғат үкімдері бойынша отбасын құру оның ішінде қызға кұда түсу, екі жақтың келісімімен неке қидыру сияқты заңдылықтарының қазақ халқының салт-дәстүрімен ұқсас екендігін ғылыми тұрғыда ашып көрсету.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу әдеттегідей кіріспеден, бірінші тарау төрт бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.
А - Дін және Ислам діні. Ислам дінінің маңыздылығы.
Адам баласы өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сеніммен тәрбелелеп өсіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатсыз не халық не қауым тіпті қоғамда болмаған. Қазіргі кезде әлем халықтары түрлі діндерді ұстануда және діндерінің сенімдері, алға қойған мақсаттары әр түрлі.
Ал мұсылман оқырмандары дінге Құран Кәрім мен Ислам сенім негіздеріне сүене отырып көптеген анықтамалар берген. Мысалы: Сайд Шәриф Жүржани «Дін ақыл иелерінің пайғамбарлардың баяндаған ақиқаттарын қабылдауға шақыратын илаһи заң»- деген.
Дін - ақыл есі дұрыс адамдарды өз қалауларымен дүние және ақыретте жақсылық пен бақытқа жеткізетін илаһи (тәңірлік) заң болып табылады. Діндер негізінен үшке бөлінеді.
1) Хақ дін. Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізіліп, ешқашан өзгеріске ұшырамастан және бұзылып, бұрмаланбастан қазіргі күнге дейін жеткен дін. Бұл ерекшеліктер мен қасиеттерді өз бойына сіңірген дін - Ислам діні .
2) Мұхарраф діндер (бұзылған, бұрмаланған діндер) . Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы білдірілгенмен кейінен адамдар тарапынан өзгертіліп, негізі бұрмаланған діндер. Қазіргі кезде Христиандық пен Еврейлік (иудейлік) мұхарраф діндер болып табылады.
3) Батил діндер (жалған) . Адамдар тарапынан ойдан шығарылған діндер. Бұл діндердің пайғамбарлар баяндаған діндермен ешқандай қатысы жоқ. Буддизм, Конфуцизм сияқты діндер . . . [1]
Ислам дегеніміз не? Ислам - пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) Аллаһ тарпынан әкеліп баяндаған нәрселерін қабылдау, мойындау, Аллаһ Тағалаға және пайғамбарға мойынсұна отырып бұларды қабылдағанын көрсету. Қысқасы Ислам - дұрыс сенімін өміріне енгізу деген сөз.
Ислам дінінің бес шарты бар:
- Кәлимә-и шәһәдәт айту- «Мен Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммед (с. а. у) Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін»- деп айту.
- Бес уақыт намаз оқу- бір күн бес уақыт намаз оқу.
- Ораза ұстау- әр жыл сайын рамазан оразасын ұстау.
- Зекет беру- әл ауқатты адамдардың дүние мүлкі мен ақшасының белгілі мөлшерін жыл сайын кедей- кепшіктерге беру.
- Қажылыққа бару- жағдайы болғандар өмірінде бір рет қажылыққа бару керек [2] .
Ислам арабтың «бағыну», «мұйын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т. б. деген мағыналарды беретін сөзі.
Ислам хз. Мұхаммед (с. а. у) -ке Аллаһ тарапынан уахи арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Бұл дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Жалпы мұсылмандық Аллаһтың барлығына, бірдігіне, одан басқа құдайдың жоқтығына, хз. Мұхаммед (с. а. у) оның құлы, әрі елшісі екендігіне және хз. Мұхаммедтің жеткізген жүйесі мен сенімі бойынша амал етуден тұрады.
Құран Кәрімде: «Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам «Сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» [3] - дегеніндей, бұл діннің атын Аллаһ берген.
Қазіргі кезде бұл дін 1 милионнан астам адам тұтынатын әлемдік дін болып, бір ұттың ғана емес, бүкіл адам баласына ортақ дін болып табылады. Ислам сенімі бойынша бүкіл пайғамбаолардың адамзатқа жеткізген діні Ислам діні. Бірақ бұл есім осылай бүкіл илаһи діндердің жалпылық аты болмағанмен, хз. Мұхаммедтің 23 жылжық пайғамбардығынан кейін оның үмметтері ұстанатын діннің атына айналды. Құран Кәрімде баяндалғандай ислам діні «хақ дін», «ең тура дін» болып табылады. Бұл дін ұлы Алланың алдында шынайы, қабыл болған және оның разы болған діні болып есептеледі. Хз. Мұхаммед Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың ең соңғысы екендігі ислам қайнарларында баяндалған. Құран Кәрім Аллаһ (ж. ж. ) тарапынан хз. Мұхаммедке (с. а. у) уахи етілген илаһи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске түспеген, бұл жайында да Аллаһ оны өзі қорғайтынын ескерткен. Бұл кітап пайғамбарымызға 23 жылда уахи етіліп, оны пайғамбарымыз сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай құранның түп нұсқасы сақталып, күнімізге дейін жетті [4] .
Ислам тек тәңіршілдік дін. Бұл дінде Аллаһты үштеу, екілеу, оған ортақ қосу деген нәрселер атымен жоқ. Ұлы Аллаһқа берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз заттарға берілмейді. Бұл дінде Аллаһтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т. б. нәрселерге табынуға тиым салынған.
Бұл дінде христиан, буддизм діндеріндегідей монахтық, құдай мен адамдар арасынада қою, миссионерлік деген нәрселер жоқ. Ұлы Аллаһ пен құл арасында фитиш, пұт, елші. Монах, періште саяқтылар арашысы бола алмайды. Керісінше құл тікелей Аллаһқа жалбарынып, қалаған нәрсесін сұрап, дұға жасай алады [5] .
Исламдағы сенімдер мен негіздер адам баласына түсінікті, анық, қабылдауға оңай, ақыл мен қисынға қонымды. Бұл дінде хулул(аватрата), танасух(реинкорнация), тумысынан күнәһар болу сиақты адамның өмір сүруіне қиын сенімдер кездеспейді. Ислам дінінде адамның өмір сүруіне қиыншылық туғызатын қағидалар жоқ. Керісінше бұл діндегі барлық қағидалар адамның жаратылысына сай етіп белгілеген. Исламда адамның барлығы тең құқылы. Бұл дін адамның іші- тысын таза ұстауға күңіл бөлетін дін болып табылады. Бұл діннің басты негізі, әрі мұсылмандықтың кілті, Аллаһтың барлығын, бірлігін мойндау, оған еш серік қоспау хз. Мұхаммед оның елшісі екенін естен шығармау болып табылады. Сондықтан ислам діні, бір дәстүр ретінде: «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-расуллул-лаһ» яғни мағынасы Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі деген сөйлемде жинақталған. Бұл қасиетті сөйлемді айтып, жүрегімен бекіткен адам, ислам дініне кірген адам болып есептелінеді. Мұны біз, «Кәлимә таухид» деп атаймыз. Ислам діні, хз. Адамнан хз. Мұхаммедке дейінгі барлық пайғамбарлардың әкелген діні [6] .
Б - Ислам құқығындағы әйел мәселесі
В - Ерлі зайыптың бір-біріне жауапкершіліктері мен міндеттері
- Мұсылман отбасы некелесу арқылы құралады.
Ислам некесіз жұпты отбасы деп есептемейтіндіктен, тек некемен құрылған отбасын қабылдайды. Неке арқылы жезөкшелік, зина сияқты адам жаратылысына жат әдеттер тыйылып, дүниеге таза ұрпақ келеді.
- Мұсылман отбасының Аллаһқа деген сенімі берік, ол Ислам шартына сай өмір сүреді.
Мұсылман жанұясы мүшелерін өзара туыстық сезім мен Аллаһқа деген сенім байланыстырады. Олар Алланың әмірін жауапкершілікпен орындайды. Қандайда болмасын қиыншылыққа төзіп, «Алла сабырлылармен бірге», [7] - деген аятты ұран етіп ұстайды. Қожайын өзінің жанұясының иманды-ибалы болып тәрбиеленуін қадағалайды. Бұл жайында Құран Кәрімде «Ей, иман еткендер! Өздеріңде және отбасыларыңды отына адам және тас болған тозақ отынан сақтаңдар», - делінген.
- Мұсылман отбасы мүшелері арасында қарым-қатынас сүйіспеншілік пен бауымашылыққа негізделген.
Әнәс бин Мәлик былай дейді: «Балаларға Пайғамбармыз (с. а. у) сияқты мейірім төккен ешкімді көрмедім. Пайғамбарымыздың (с. а. у) ұлы Ибраһим Мәдине қаласының сырт жағында бір жерде тұратын сүт ананың қолында еді. Пайғамбарымыз менімен бірге сол әйелдің үйіне барып, баласы Ибраһимді құшақтап сүйіп қайтатын. Ибраһим қайтыс болған кезде Пайғамбарымыз (с. а. у) : «Ибраһим менің балам. Ол емшектен шықпай тұрып о дүниелік болды. Осы себепті оның жәннәтта екі сүт анасы бар. Олар оны емшектен шығу уақытына дейін емізеді», - дейді». Хз. Айша анамыздың (р. а) риуаят етуі бойынша бір араб Пайғамбарымыз (с. а. у) келіп: «Сендер кішкене балаларыңды жақсы көріп, сүйеді екенсіңдер, біз сүймейміз» дегенде Пайғамбарымыз (с. а. у) : «Аллаһ Тағала жүрегіңе мейірім салмаса мен не істейін?», [8] - деген.
Мұсылмен ұл - қыз ата-анасына мейірімді. Кішкентайкездерінде әке-шешесі қалай мәпелеп баққан болса, оларда қолынан келгенше жақсылық жасайды. Ойткені оларды Құран мен хадис солай тәрбиелейді: «Аллаһ Тағала қатаң түрде бұйырады: Онда басқа ешкімге табынбайсыңдар және әке-шешелеріңе жақсылық жасаңдар. Олардан біреуі не екеуі қартайса, оларға «Туһ» деп кейістік білдірмей, жұмсақ сөйлке. Ол екеуін қанатыңның астына алып, Алладан: «Раббым! Мені кішкентай кезімде қалай мәпелеп баққан болса, Сен де оларды мейіріңе бөлей көр»- деп тіле»
Абдулла бин Масғұд (р. а. ) былай дейді: «Мен Пайғамбарымыз (с. а. у) Аллаға ең сүйкімді істің қандай екенін сұрағанымда ол: «Уақытылы намаз оқу», - деп жауап берді. Мен одан кейін не екенін сұрадым. Ол (с. а. у) : «Әке-шешеге жақсылық жасау», - деді. Мен тағы да не екенін сұрадым. Ол (с. а. у) : «Алла жолында күш сарп ету», - деді».
Сондай-ақ, ерлі зайыпты мұсылманның арасында да сүйіспеншілік, ілтипат бар. Пайғамбарымыз (с. а. у) : «Мұсылмандардың толық имандысы - әдептісі. Сендердің жақсыларың - әйелдеріңе жақсы болғандарың» [9] дегендіктен, мұсылман ер өз жұбайына жақсы ықылас-мейірімін төгеді. Хз. Айша анамыз (р. а. ) Пайғамбарымызбен (с. а. у) қалай жарысқанын былай әңгімеледі: «Пайғамбар (с. а. у) екеуміз жүгіріп жарысқан едік, мен одан озып кеттім. Себебі ол кезде мен біраз арықтау едім. Кейін толған уақытымда тағы жарыстық. Бірақ бұл жолы Пайғамбар (с. а. у) озып кетті».
Ері өзінің зайыбына қолғабыс жүру керек. Зайыбы аурып, қиналған кездерде қасынан табылуы тиіс. Зайыбын күші жетпейтін іске жұмсамағаны жөн. Зайыбының болмашы қателіктерін бетіне баса бермегені абзал.
- Мұсылман отбасы мәдениетті.
Ислам - дамуға бейім дін. Осы себепті мұсылмандардың да физикалық және рухани тұрғыдан дамып отырғандары жақсы. Ата-ана өздері де білім алып, балаларын да оқытулары тиіс. Білім жинауды ешқашанда тоқтатуға болмайды. Осылайша мұсылман отбасы білікті, мәдениетті жанұяға айналады. Өйткені Аллаһ Тағала білімге өте көп мән берген. Алладан ең көп қорқатындардың ғалымдар екенін айтқан: «Ей, Мұхаммед, оларға былай де! Білгендер мен білмегендер бірдей ме? Шынында, ақыл иелері ған ойланып, пікір жүргіртеді [10] . «Құлдардың ішінен ғалым болғандар ған Алладан шын қорқады» Алғашқы аятта-ақ Пайғамбарымыз (с. а. у) «Оқы!» - деп бұйырған Аллаһ Тағала құлдарына оқудың маңыздылығын білдіріп тұр. Пайғамбарымыз (с. а. у) да ілім алуға көп шақырған.
Әйелдің ерінің алдындағы ақсы.
1. Мәһірін алу. Құран кәрімде : «Әйелдердің мәһірлерін ықыласпен беріңдер. . », - делінген. Алтын мәһр мислден аз болуы керек. Ал, егер мәһр мислден аз беретін болса, қыз некеге қарсы болуға құқылы
2. Нәпақамен қамтамсыз етілу. Құран Кәрімде былай делінген: «Баланың әкесіне оларды (әйелдерін) қоғамға сай киіндіру, ризықтандыру міндет» Пайғамбарымыздан (с. а. у) бір әйелдің ақысы қандай деп сұрағанда ол (с. а. у) : «Ішкеніңнен ішкізіп, кигеніңнен кигіз. Бетінен ұрушы болма. Және оның бет әлпетін кемсітпе, одан ұзақ тұрар болсаң, тек өз үйіңде ұзақ тұр», - деген.
3. Ерінен жақсы мәміле көру. Отбасында береке-бірлік, сүйіспеншілік, сыйластық болуы тиіс. Ері өз әйелімен жақсы мәміледе болып, жұмсақ қарауы керек. Шамадан келгенше ренжітпегендері дұрыс. Аллаһ Тағала: «Олармен жақсы мәміледе болыңдар», - деген. Пайғамбарымыз (с. а. у) көптеген хадистерін де де әйелдеріге жақсы қарауды өсиет еткен. Ибн Аббас (р. а. ) былай деген екен: «Маған әйелімнің қалай жақсы қарауын қаласам, әйелімеде солай жақсы қарауды қалаймын» .
4. Төсек жақындығы. Өзінің некелі әрімен төсекке баруға құқылы. Кейбір ғалымбарымыздың пікірінше әйеліне жақындау уәжіп. Ханбали мәзһәбы бойынша ері әйеліне төрт ай жақындасып тұруы шарт.
5. Тек алдыңғы жақтан жақындасу . Пайғамбарымыз (с. а. у) былай деген: «Аллаһ Тағала хақтан (айтудан) ұялмайды: әйелдеріңмен арқа жақтан жақындаспаңдар».
6. Бірден көп әйелі болған адамның әйелдерінің арасында тең түрде түнеуі және нәпақалдырудағы әділеттілігі. Хз. Айша анамыз (р. а. ) былай дейді: «Пайғамбарымыз әр әйеліне түні мен күнін бөлетін».
7. Тездеткен мәһрді толығымен алғанша ерінің тілін алмауы . [11]
Еркектің әйеліндегі ақысы.
1. Бой ұсыну. Ері төсекке шақырғанда сөзін екі етпеуі керек. Пайғамбарымыз (с. а. у) былай дейді: «Ері әйелін төсекке шақырса, әйелі қарсы болғаны үшін ері ашулы күні түнесе, періштелер ол әйелге таң атқанша лағынет айтады». Әйелдің ерінің рұқсатынсыз үйден шығуына болмайды. Бұл жайында Ибн Умра (р. а. ) былай дейді: «Мен бір әйелдің Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Расулуллаһ! Ердің әйеліндегі қақысы қандай?», - деп сұрағанын естідім. Пайғамбарымыз (с. а. у) «Оның қақысы әйелінің рұқсатсыз үйінен шықпауы», - деді. Әйел: «Уа, Пайғамбар (с. а. у) тіпті оған зұлымдық еткен болсада ма?», - деп тағы сұрады. Пайғамбарымыз (с. а. у) : «Тіпті зұлымдық еткен болсада», - деп жауап қатты».
Әйел нәпіл оразаны тек ерінің рұқсатымен ған тұтады. Пайғамбарымыз (с. а. у) былай деген: «Әйелдің ерінің көзі тірісінде оның рұқсатынсыз ораза ұстауға болмайды. Оның рұқсатынсыз ешкімге үйге кіруіне рұқсат берілмеуі керек»
2. Ері жоқта мал жанға ие болуы керек.
3. Игі мәміле көру.
4. Әйелін жазалауға қақысы бар . Егер әйелі күнәсі жоқ істерде ерінің тілін алмаса, оны тәрбиелеуге құқылы. Өйткені Құран Кәрімде былай делінген: «Егерде әйелдерің тіл алмаса, тыңдамаса оларға насиқат етіңдер, төсектерінде жалғыз қалдырыңдар және жазалаңдар. Одан кейін бой ұсынса, соңынан қазбаламаңдар. Шынында Аллаһ ұлық және үстем». Ал, араларыңда келіспеушіліктің өршуінен сескенсіңдер, епкектің ағайындарынан бір төреші, қыздың ағайындарынан бір төреші жіберіңдер. Екеуі татулықты қалайтын болса, Аллаһ Тағала араларында туралық береді. Күмәнсіз Аллаһ Тағала көп білуші, әр нәрседен хабарда» [12]
- Аят бойынша тілін алмаған әйелін тәрбиелеу мына жолдармен болады:
- Жұмсақ сөзбен насиқат айтып, бой ұсыну шариғат үкімі, салихалықтың белгісі екенін түсіндіру.
- Жай сөзге түсінбеген әйелінен бөлек жату. Мысалы Пайғамбарымыздыздың (с. а. у) әйелдеріне бір ай бойы кірмей қойғаны жайында деректер бар.
- Зарар бермейтіндей етіп ұру. Егер өз дегенінен қайтпаса зарар бермейтіндей етіп жазалау. Бұл жағдайларда бет, іш сияқты жанды жерлерден сақтау керек.
Шамадан келгенше қол жұмсамастан тек қорқытып қоюмен абзал. Өйткені Пайғамбарымыз (с. а. у) өз әйелдеріне қол көтермеген. Егер төрешінің төрелігіне жүгіну. Жоғарыдағы шаралар нәтиже бермесе, әрі екеуі бір-біріне жапа шектіргендерін алға тарса, онда мәселе сотқа шығады. Сот екі жақтан төреші дайындап, ол төрешілер олардың араларын не жақсартады, не айырады.
Егер төреші мынадай сипаттарға ие болуы керек: еркін, мұсылман, әділетті, оңды-солын таныған, осы мәселеде шариғат үкімдеріне жетік. Төрешілер ағайын ішнен шығуы шар емес. Олар шамасы келгенінше жарастырулары керек. Соңында қабылдаған шесімді сотқа ұсынады. Араларын айру керек болса сот араларын айырады. Бұл айырылысу баин талақ үкімінде болады [13] .
Негізі мұндай жағдайға жеткізбегені абзал. Әр нәрсені ұрыс-жанжалсыз, келісіммен шешкен жөн.
В. 1. Неке мәселесі
3. Шариғат бойынша неке қию:
Неке ұғымы және оның мәні: неке сөзі араб тілінен “нәкәха” етістігінен туындаған сөз, еркектің әйелге үйленуі немесе онымен жыныстық қатынасқа түсуі деген мағынаны білдіреді.
Фиқһ термині ретінде неке; шариғат бойынша үйленуге кедергісі жоқ әйелдің, жыныстық жағынан пайдалануды еркекке мүбах ететін ерікті ант болып табылады [14] .
3. 1. Неке қиюдың шарттары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz