Жас өспірімдік достық пен махаббат



1 Жас өспірімдік достық пен махаббат
2 Жеткіншектік және жас өспірімдік жас
3 Бозбаланың интеллектісі
Көбінесе махаббаттың бүкіл сан алуандығымен толықтырыла, кейде алмаса отырып, достық бозбалалар мен бойжеткендер үшін қатынастардың маңызды формаларының бірі болып келеді. «Жоғары сынып оқушыларының формалды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болады», – дейді М.Ю. Кондратьев, олар «қандай да бір зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің стратегиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексереді.
Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласына бейімділікке, өмірлік талаптарға бағадарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюнктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек ғана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық өзін-өзі анықтауы жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады.
Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау қажеттілігі (Л.И. Божович) жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды. Бұл ең алдымен оқу орнын, тереңдете дайындау сыныптарын таңдауға, қандай да бір айналымдағы пәндерді елемеуге қатысты: гуманитарлық немесе жаратылыс-ғылыми. «Маған математика қызықсыз, мен ешқашан математикамен, физикамен айналыспаймын, мен тарихты ұнатамын, және де оқуды жалғастыруда маған тарих ғана қажет болады», – деп, көбінесе жоғары сынып оқушылары тұжырымдайды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жас өспірімдік достық пен махаббат
Көбінесе махаббаттың бүкіл сан алуандығымен толықтырыла, кейде алмаса
отырып, достық бозбалалар мен бойжеткендер үшін қатынастардың маңызды
формаларының бірі болып келеді. Жоғары сынып оқушыларының формалды емес
өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болады, – дейді М.Ю. Кондратьев,
олар қандай да бір зерттеу полигонының рөлін атқарады, онда бозбалалар
мен бойжеткендер болашақ үлкендер өмірінің стратегиялары мен
тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексереді.
Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық
таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін
дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы
сезінетін іс-әрекет саласына бейімділікке, өмірлік талаптарға
бағадарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық
дамуының нақты ситуациясындағы конъюнктурасынан, пайдасынан, практикалық
құндылығынан туындайды. Тек ғана мақсатқа ұмтылған және шынымен де
әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық
өзін-өзі анықтауы жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады.
Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі
анықтау қажеттілігі (Л.И. Божович) жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-
әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды. Бұл ең
алдымен оқу орнын, тереңдете дайындау сыныптарын таңдауға, қандай да бір
айналымдағы пәндерді елемеуге қатысты: гуманитарлық немесе жаратылыс-
ғылыми. Маған математика қызықсыз, мен ешқашан математикамен, физикамен
айналыспаймын, мен тарихты ұнатамын, және де оқуды жалғастыруда маған тарих
ғана қажет болады, – деп, көбінесе жоғары сынып оқушылары тұжырымдайды.
Бір жағынан, бұл тұлға бағыттылығының көрінісі, өз кескінін болашаққа
көшіру, кәсіби бағдар болса, екінші жағынан – бұл оқу орнындағы білім беру
бағдарламасының жалпы талаптарын орындамау, мұғалімдер, ата-аналар
тарапынан наразылық пен айып тағуға негіз, қақтығысқа түрткі. Жалпы мұндай
ұстаным неғұрлым ересектік, бірақ бұл жерде кейде қарапайым практицизм
мен техницизм байқалады, соның ішінде гуманитарлық пәндерді дұрыс
бағаламау, себебі олар кейін қажет болмайды.
Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау.
Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі
үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз
досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.
Жас мөлшері жігіттік пен жасөспірімдік шақтың аралығынан табылатын 15-
17-дегі, кейбірі әлі де мектепте оқитын, енді біреулері әр түрлі қызметке
араласқан бозбала- жігіттердің, осы кезде бойлары өсіп, салмағы артып,
кескін-келбеті ересек адамға жақындайды, жан қуаттары мен дене күшінің
(бұлшық еттері, сүйектері) мүмкіндіктері арта түседі. Жас адамның жыныстық
жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан дүниесіне ерекше үңіле түсуі, құрбы-
құрдас, жора-жолдастарымен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы, бойымен
қатар ақыл-ойының да біршама толысуы – осы жастағыларға тән негізгі
психологиялық өзгешіліктер.
Балғын жас тасқындаған күш-қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен,
өзіндік сенімімен бәрін де елжірей қабылдай беретін, өзіндік ерекшелігімен
көрінетін қайталанбас тәтті дәурен. Осы жастағылардың арманы да, мақсаты да
көп. Бұл өған зор түрткі болып, ылғи да мазасын алып, тыным таптырмайды.
Кім болам? Не үшін бұл дүниеге келдім? Тірлікте не тындырам? Жұртқа қандай
пайдамды тигізем? Өзімді қоршаған дүниенің сыры неде? Оның жақсылығы мен
жаманшылығы қоса жүретіні несі? Адам қатарлы өмір сүру үшін қандай мінез
керек, оны қалай тәрбиелеугек болады? Бозбала шақтың аса бір сұлулығы,
өзіндік романтикасы, әсіресе, болашаққа деген таудай талабы мен үлкен
үмітінде. Балғын жастың осындай психологиясын ойшыл ақынымыз С. Торайғыров
Адасқан өмірде былайша көрсеткен:
        Жастық шақ – адам өмірінің көктемі. Бұл жайлы халқымыз аз айтпаған.
Мәселен, Ақыл – жастан, Жастық – жалын, Болымдының баласы, он бесінде
баспын дер, – деген сөздер бозбалалық шақты адамның ақыл ойы қауырт
өсетін, қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа құштар албырт, романтикалық
кезі екенін өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың басты белгісі – адамның жаны
мен тәнінің сапалық, сандық жағынан үлкен өзгерістерге түсуінде.Осы жаста
адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесстерінде есепке алу
Пәндер