Дене тәрбиесінің құралының түрлері



1.Дене тәрбиесінің құралының түрлері.
2. Сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу.
3. Жаттығу түрлері.
Денешынықтыру жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас ерекшелік топтарында қолданылады. “Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының” “Дене мәдениетіне тәрбиелеу” бөлімінде барлық топтар үшін міндеттері және денешынықтыру жаттығуларының негізгі түрлері берілген. Емшектегі жастағы 2 айлық кезінен бастап сылбыр және сылбыр-белсенді жаттығулар үлкендердің жәрдемімен орындалып массаж жасау, ауа ваннасы, ал кешірек – еңбектеу, жүруге дайындық жаттығулары, сырғанау және доп лақтыру, сонымен бірге басқа да ойыншықтармен, “Алақан соғу ойыны” типтес ырғақты жаттығулармен үйлестіріледі.
Мектепке дейінгі 3-7 жасар балалар үшін мыналар қолданылады :
1/ Гимнастикалық жаттығулар мына түрде : а/ Негізгі қозғалыс әрекеттерін үйретуге арналған жаттығулар ; жүру және жүгірудің әр түрі оның ішінде жіңішке тар жолақпен ; түзу екпінмен келіп тереңге, ұзындыққа, биіктікке секіру; кішкене құм толтырылған қапшықты, допты бір және екі қолмен лақтыру; еңбектеу, гимнастикалық сатымен және қиялап қойылған жазықтықпен өрмелеу; би жаттығулары ; ә/ Әртүрлі құрал-заттармен және оларсыз жалпы дамыту жаттығулары, басында имитациялық, үлкен балалар (6-7 жас) топтарында абстракталы ; б/ Жұбымен сапқа тұрғызу, қайта тұрғызу, шеңберге, қысқа лекке (колонналарға) және қатарға (шеренгаға) ;
2/ Негізінен мазмұнға әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдаланып құрылған қимыл-қозғалыс ойындары; мектепке дейінгі үлкен (6-7 жастағылар) балаларға - ойыншыларды командаларға бөлу (мысалы, “Барлығы өз жалауларына”) ;

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Дене тәрбиесінің құралының түрлері.
2. Сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу.
3. Жаттығу түрлері.

Дене тәрбиесінің құралдары
Денешынықтыру жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас
ерекшелік топтарында қолданылады. “Балалар бақшасындағы тәрбие
бағдарламасының” “Дене мәдениетіне тәрбиелеу” бөлімінде барлық топтар үшін
міндеттері және денешынықтыру жаттығуларының негізгі түрлері берілген.
Емшектегі жастағы 2 айлық кезінен бастап сылбыр және сылбыр-белсенді
жаттығулар үлкендердің жәрдемімен орындалып массаж жасау, ауа ваннасы, ал
кешірек – еңбектеу, жүруге дайындық жаттығулары, сырғанау және доп лақтыру,
сонымен бірге басқа да ойыншықтармен, “Алақан соғу ойыны” типтес ырғақты
жаттығулармен үйлестіріледі.
Мектепке дейінгі 3-7 жасар балалар үшін мыналар қолданылады :
1 Гимнастикалық жаттығулар мына түрде : а Негізгі қозғалыс
әрекеттерін үйретуге арналған жаттығулар ; жүру және жүгірудің әр түрі оның
ішінде жіңішке тар жолақпен ; түзу екпінмен келіп тереңге, ұзындыққа,
биіктікке секіру; кішкене құм толтырылған қапшықты, допты бір және екі
қолмен лақтыру; еңбектеу, гимнастикалық сатымен және қиялап қойылған
жазықтықпен өрмелеу; би жаттығулары ; ә Әртүрлі құрал-заттармен және
оларсыз жалпы дамыту жаттығулары, басында имитациялық, үлкен балалар (6-7
жас) топтарында абстракталы ; б Жұбымен сапқа тұрғызу, қайта тұрғызу,
шеңберге, қысқа лекке (колонналарға) және қатарға (шеренгаға) ;
2 Негізінен мазмұнға әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдаланып құрылған
қимыл-қозғалыс ойындары; мектепке дейінгі үлкен (6-7 жастағылар) балаларға
- ойыншыларды командаларға бөлу (мысалы, “Барлығы өз жалауларына”) ;
3 Спорттық көңіл көтеру - шанамен, шаңғымен, велосипедпен,
самокатпен, мұз жолағымен сырғанау, ал үлкендер (6-7 жастағылар) конькимен
сырғанау, жүзу, спорт ойындарының элементтері (стол теннисі, бадминтон).
Өмірдің гигиеналық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған күн режіміндегі ұйқы, тамақтану, серуендеу, жас
өскен сайын белсенді қызмет әрекетімен барынша қанығады. Күн режімінің
бұзылмай сақталуы сыртқы өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделуді,
қамтамасыз етіп, мақсатты бағытталған өзін жақсы сезінуді қамтамасыз етеді.
Табиғаттың табиғи күштері арнайы шынығу процедурасы ретінде пайдаланылады.
Сол сияқты, дұрыс ұйымдастырылған сыртқы орта факторлары : таза ауа,
тазартылған жарық бөлме ; режімге сәйкес және жыл мезгілдерінде таза ауада
жүру, серуендеу.
Ілімдік мәліметтер тарауының мазмұны негізгі үш тақырыпқа
топтастырылуы тиіс: гигиена – жалпы дене жаттығулары, Қазақстандағы дене
мәдениеті және дене жаттығуларымен өзбетінше шұғылдана білуге қажетті
мәліметтер. Әрбір сыныпта оқушылар өз жасындағылар үшін күн тәртібі туралы
білімді алуы, шынығу процедурасы, сонымен бірге мыналарды білуі тиіс: І
және ІІ сыныптарда дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған киімді және
одан кейінгі гигиеналық процедураларды, дене тұлғасы пішіні, дұрыс тыныс
алу және таңертеңгілік гигиеналық гимнастика туралы; ІІІ-ІV сыныптарда -
белсенді демалыс түрлері туралы; V-VІ сыныптарда- балалардың дене
құрылысына дене жаттығуларының әсері және тамақтану күн тәртібі туралы (жас
жеткіншектердің қарқынды өсуінің басталуымен байланысты); ІХ-ХІ сыныптарда
- жарақат алған жағдайда бірінші көмек көрсету жайлы, зиянды дағдылардың
(темекі, алькоголді ішімдіктер) денсаулыққа әсері туралы. Сыныптан сыныпқа
өткен сайын дене тәрбиесінің адам ағзасына жан-жақты әсері мен оның маңызы
туралы балалардың ұғымы кеңейе түседі. Орта және жоғары сыныптарда спорт
жайлы, оның қоғамдық - саяси мәні туралы мәліметтер кіреді. ІХ-ХІ
сыныптарда “Дене тәрбиесінің осы заманғы кеңестік жүйесі”, “Денешынықтыру
және әскердегі қызмет” тақырыптары жан-жақты оқытылады. Өз бетінше дайындық
жайлы білім мен біліктілік дағдыларын меңгеруге лайықты есептелген мәлімет
Президент тест талаптарынан сынақ тапсырумен тығыз байланысты. VІІІ
сыныптан бастап әдістемелік білімнің рөлі арта бастайды, оқушылар өз
бетінше шұғылдану кезінде өзін-өзі бақылау ережелерімен танысады. ІV
сыныпта ілімдік мәлімет бағдарламаның әрбір практикалық тарауында болады.
Олар жоғарыда айтылған үш тақырыппен топтастырылып, сонымен бірге әрбір
жаттығу түрінің ерекшелігіне қарай қауіпсіздік және ойын ережелерімен
жарыстағы төрешілік, спорт қондырғылары, спорт құрал - саймандарының
күтімі, сабақ өтілетін орынды дайындау және т.б. туралы қосымша
міліметтермен толықтырылады. Ілімдік мәліметтің кешенін түгелдей бір
уақытта оқытып үйретуге болады. Мысалы, жеңіл атлетикадан дене тәрбиесі
сабағында өзбеттерінше қыздырынуға арналған жаттығуларды таңдау ережесін
мазмұндау, өзін-өзі бақылауға арналған мәліметтерді айтып, жеткізу және
нақтылы жеңіл атлетикалық жаттығуларды үйрену кезіндегі қыздырыну кешенін
құрастырып жасауға тапсырма беру; Бағдарлама ережесі бойынша ілімдік
мәліметтерді оқушыларға айтып жеткізуге арнайы сабақ сағаты бөлінбейді.
Дегенмен, оқу жылында жаңа практикалық тарауды бастар алдында қажетті
жағдайда 1-2 сабақ берілуі мүмкін. “Дағдылар және меңгеру” тақырыбы бойынша
практикалық материалдың мазмұны денешынықтыру жаттығуларының түрлері
бойынша топтастырылады.
“Гимнастика” тарауы оқушылардың жалпы дене дайындығының негізін
құрайды. Майда сыныптарда гимнастиканың қозғалыс жүйесін құру, жасау үшін,
яғни қозғалыс әрекеттерінің берік негізі мен ережелерін оқытып, үйретуде
ерекше маңызы бар. Гимнастиканың ерекшеліктеріне сәйкес тарау
материалдардың әрбір сабақтағы әртүрлілігімен сипатталады. Гимнастиканы
оқып, үйрену жекелеген әдістерді меңгерумен шектелмейді. Жаттығу
элементтерін дәл орындау барысында күрделіленген қозғалыс әрекетін қосуды
дамыту қабілетін үйлестіреді.
Қозғалыс тәжірибесін жинақтай келе гимнастикалық жаттығуларды әртүрлі
варианттарда, кедергілер жолағы түріндегі комбинацияларда қолдана бастауға
болады (комбинация стандартты, мысалы тек Президент тесті жаттығуларынан
тұруы). Тарауға келесі жаттығулар түрі кіреді:
Сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу. Мұнда жаттығулар бір орында және
қозғалыста саптағы әдістерді меңгеруге лайықталып әсіресе майда сынып
оқушыларына есептелген. Мұнда жаттығулар кеңістікте бағдарлауды дамыту,
ұйымшылдықты тәрбиелеу, ұйымшылдық әрекеттерге баулу, сонымен бірге тұлға
пішінін жетілдіру, терең ырғақпен тыныс алуға әсер етуге есептелген. Орын
ауыстыруға байланысты жаттығулар жүру және жүгіруді жетілдіруге
жәрдемдеседі.
ІV сыныптан бастап саптағы дайындыққа байланысты ұғымдар, терминдер
қаралады (“Фланг”, “Интервал” және т.б.).
Орта сыныптарда қозғалыста бұрылу әдістері, күрделі саптан - сапқа
ауыстыру, сапта жазылу-жиналу, қозғалыс қарқынын өзгерту оқытылып,
үйретіледі. Саптағы бұйрықтар мен оның орындалуы Қ.Р. қарулы күштерінің
саптық жарғысына жақындайды, ал ІХ-ХІ сыныптарда соған сәйкес дәл келеді.
Қол, аяқ, дене, бастың қозғалысы мен негізгі қалпы түріндегі жалпы дамыту
жаттығулары (Ж.Д.Ж.) тірек-қозғалыс аппаратының қозғалыс үйлесімділігін
дамыту үшін және қатаң мөлшермен таңдап алып әсер ету жолымен оны бекітуге
арналған. І-ІІІ сыныптарда тапсырылған қозғалыс параметрлерін дәл орындау
талаптары басты сауықтыру әсері болып табылады. Жалпы дамыту жаттығулары
затпен, спорттық құралмен және онсыз орындалады. Біртіндеп қозғалыстарды
үйлестіру күрделіленеді, мысалы ІІІ-сыныпта 16 санды кешенді жаттығулар
үйретіледі. Жалпы дамыту жаттығулары спорт құралдарымен және онсыз
орындалады. І-ІІІ сыныптарда бағдарламаға әртүрлі өлшемдегі доппен,
таяқпен, жалаушалармен жаттығулар орындалады. Бұл жаттығулар затпен, спорт
қондырғысымен амал-айла әрекетін жасай білуді дамытады. ІV сыныптан бастап
гигиеналық гимнастика тектес жалпы дамыту жаттығуларының кешенін
(комплексін) содан соң қыздырыну сияқты және күшті, иілгіштікті дамытуға
бағытталған жаттығулар кешенін қолдану ұсынылады. Гимнастикалық
орындықтармен, швед қабырғаларымен жаттығулар пайдаланылады, ауырлықпен,
жаңа заттармен жаттығулар ендіріледі. Атап айтқанда тығыздалған доп,
балалар үшін гантелдер, қыздарға гимнастикалық - сақина. Бұл бағытта жұмыс
жүргізу үйлесімділікті, дәлдікті, белгілі жаттығу түрін орындау кезіндегі
күш салудың сәйкестігін жетілдіруді жалғастыру болып табылады. Дене мүсінін
қалыптастыруға арналған жаттығулар дене тұлғасының қалпын дұрыс бұлшық ет
сезінуін жасау үшін қолданылады. І-ІІІ сыныптарда орындалатын акробатикалық
жаттығулар сезім органдарының орнықтылығына және әбжілдікті дамытуға
бағытталған. Олар әртүрлі аунап түсу, айналып түсу, домалау түрінде
біртіндеп бастапқы және соңғы қалпын күрделілендіру түрінде орындалады. ІV-
VІІІ сыныптарда жаурында, баспен және қолмен тұру, сол сияқты артқа аунау
(ІV сыныпта), жанымен айналып түсу (V сыныпта) үйретіледі. Қыздар мен
балалар үшін оқу материалы біртіндеп иілгіштікті (көпір) біреулер үшін тепе-
теңдікті, ал басқа біреулер үшін күшті (қолмен тұру) басым талап ететін
элементтер барынша көп дифференцияланады. Үйренген элементтер комбинацияда
үйлестіріледі.
Президент тесті кешенінен комбинация оқушылардың сол жаттығу
түрлерінен дайындығын анықтайды.
Би жаттығулары биге дайындық, яғни ырғақтылықты және әсемдікті
дамытуды, сонымен бірге шоқырақтап билеу адымымен, полька, вальс және
олардың үйлестігін қамтамасыз етеді. Төменгі сыныптарда бұл балалар мен
жасөспірімдердің билері мен ұлттық билер, орта сыныптарда бұлармен бірге
қозғалыс мәдениеті мен серігінің (партнер) көңіл-күйін тәрбиелеуге
мүмкіндік береді. Өрмелеу және асып түсу қолданбалы дағдыларды қалыптастыру
міндетін шешеді. Төменгі сыныптарда- гимнастикалық швед қабырғасына,
сатыға, өрге өрмелеу, биік емес қабырғадан, бөренеден асып түсу.
Орта сыныптарда - әртүрлі әдістермен күш жүктемелерін арттыру арқылы
арқанға және сырғауылға өрмелеу (аяқтың жәрдемінсіз жылдамдыққа).
Бұл жаттығулардың бағалылығы олардың тікелей қолданбалылығында ғана
емес, үйлесімділікті, күшті, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуді дамыту
мүмкіндігінде жатыр. VІІ сыныптан бастап қыздардың салыстырмалы күшінің
көрсеткіштері төмендеуіне байланысты өрмелеу алынып тасталады.
Асып түсу төменгі сыныптарда үйретіледі, ал кейінірек әртүрлі
кедергілер жолақтары кіреді. Қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған жаттығулар үйлестікті дамытуға және дене тұлғасын дұрыс
қалыптастыруға, оның бұзылуының алдын алу үшін пайдаланылады.
Тепе-теңдік гимнастиканың маңызды қолданбалы түрлерінің бірі.
Жаттығулар күрделілігінің біртіндеп артуы сыныптан сыныпқа өткен кезде
үш бағытта жүреді: тіректің азаюы, оның артуы және осы тіректе жаттығудың
күрделіленуі едендегі қалыптағы жаттығудан орындықтағы, содан кейін
бөренедегі жаттығуларға денені күрделі теңеру. Олардың арасында заттан
аттап өту, затты алып өту, жүгіру, биіктегі тіректен тарау тектес
қолданбалы жаттығуларды, сол сияқты дәл, сұлу форманы талап ететін жаттығу
- бір аяқта денені қалыпты жағдайда ұстау, тепе-теңдіктегі жаттығулардың
ерекше бағалылығы сезім органдарының қалыптылығы мен ерік сапаларының
біртіндеп дамуы, яғни қорқынышты басу. І-ІІ сыныптарда жүру, жүгіру, секіру
және лақтыру гимнастика тарауларына енген, яғни бұл өте қажетті табиғи
әрекеттің жалпы білім беру маңызын көрсетеді. Басты міндет- ұтымды әдіс
негіздерін меңгеру болып табылады.
Оқытып, үйрету барынша маңызды соңғы қозғалыс формасын меңгеруді ғана
болжалдамайды (мысалы, тура жүгіріп келіп аяқты бүгіп секіру), сонымен
бірге қозғалыс тәжірибесін жан-жақты байыту, қозғалыс әрекетінің мүмкін
болатын вариантын жетілдіру (мысалы, бір орында, жіппен тереңге, айналып
әртүрлі биіктікке секіру).

Тартылу және тіреу жаттығулары

ІІІ-ІV сыныптарда жаттығуларды аралас дұрыс орындау негіздері
құрылады, содан соң қарапайым белтемірге тартылудың әртүрлі варианттары
орындалады. Одан әрі Ү-ХІ сыныптарда бағдарламаға әртүрлі тартылу,
көтерілу, аунап түсу, жай және секіріп жерге түсу кіргізілген. Балалар мен
жасөспірімдер үшін күрделі жағдайда күш қуатының артуымен қолды тіреп (бел
темірге, жарыспалы сырғақ) тұрып орындалатын жаттығулар ұсынылады (жоғары
сыныптарда- биік белтемір), қыздар үшін – басымырақ аралас тартылу мен
тіреп орындалатын жаттығулар (әртүрлі биіктіктегі жарыспалы сырықтар).

Қолды тіреп секірулер (опорные прыжки)

ІІІ-ІV сыныптарда кедергіге секіріп міну және секіріп түсу
үйретіледі. Бұл секіру түрінің сипатына арналған көпіршеден (мостик) екі
аяқпен серпілу және жерге аяқты жұмсақ басып түсуді жақсы меңгеру маңызды.
V-VІІІ сыныптарда барынша әдеттегі мына секіру түрлерін меңгеріп алу
жүреді: аяқтың басын алшақ ұстап тізені бүгіп, жанымен (әсіресе ІХ-ХІ
сыныптарда) бір уақытта секіруді орындау жағдайының күрделіленуіне баса
назар аударылады: әртүрлі спорт қондырғыларын қолдану, олардың биіктіктерін
арттыру, спорт қондырғысынан секіру көпіршесін алшақтату, секірулердің
жүйелілігін үйлестіру.
“Гимнастика” тарауын үйреніп, білу күрделі спорт қондырғыларымен
байланысты. Мектеп дене тәрбие сабағы үшін аса қымбат тұрмайтын бір уақытта
бірнеше оқушылардың жаттығуларды орындай алуына бейімделген балалардың
спорт қондырғыларын алған дұрыс. ҮІІ-ХІ сыныптардың бағдарламасына екі
тарау кіргізіледі, өйткені бұл сыныптарда балалар мен қыздар оқу материалын
бөлек оқып, үйренеді.

Грек-рим күресі (балалар) мен көркем гимнастика

“Көркем гимнастика” тарауында спорт қондырғысымен және онсыз
жаттығулар оқытылып, үйретіледі. Спорт қондырғысынсыз жаттығулар көркем
гимнастикаға сәйкес келетін жүру мен жүгіру (өткір, домалатқыш, жоғары),
секіру (астынан қағу, адыммен, аяқты ауыстырып) және тепе-теңдікке арналған
жаттығулар түрлері ұсынылған. Доппен және секіргіш жіппен (резина) VІІ
сыныпта, лентамен және гимнастикалық сақинамен ІХ-ХІ сыныптарда орындалатын
жаттығулар сермеу, шеңбер жасаумен, “жылан” сияқты лентамен “спирал”
жасауды және т.б. меңгеруге мүмкіндік туғызады. Осы әдістердің комбинациясы
би адымдарымен үйлестікте, әсіресе музыкалық сүйемелдеу арқылы эмоциялық
мәнерлілікке, ырғақ сезімін көрсетуге жәрдемдеседі және қыздардың
өнегелілік тәрбие құралы болып табылады. Х сыныпта топпен немесе жеке 32
санды жаттығу комбинациясын орындау талап етіледі.
“Грек-рим күресі” тарауында палуанның тұрысы және кілем үстіндегі
күрес әдістері, сонымен бірге өзін-өзі қорғау қауіпсіздігі әдістері енеді.
Әрбір әдісті меңгеру, оны қолдану тәсілін игерумен қатар жүреді. Балуанға
әдістер, қарсы әдістер, қорғану және өз қауіпсіздігі тығыз байланыста
оқытып, үйретіледі. Әдістерді бекіту оқу-жаттығу айқастарында іске асады:
екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері
Дене жаттығуларына сипаттама
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен маңызы
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер