«Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»


Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми Министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Таирх-педагогика факультеті
«Жалпы психология» кафедрасы
Тақырыбы: «Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»
Ғылыми жетекшісі: п. ғ. д., профессор Б. А. Оспанова
Орындаған: ППП-911 тобының студенті Ж. Б. Серикова
Түркістан-2011
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ3
1 БӨЛІМ. АҚЫЛ -ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ8
1. 1 Ақыл-ой кемістігі туралы жалпы түсінік және олардың түрлері8
1. 2 «Кемтар бала» туралы ұғым, кемтарлықтың даму ерекшеліктері және олардың тілдік қорын дамыту13
2 БӨЛІМ. АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІН ІС-ТӘЖІРИБЕДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ 17
2. 1 Көмекші мектептің дидактикалық прициптері және ондағы ақыл-ойы кем балалардың қоғамдағы орны17
2. 2Көмекші мектептегі ұжымның жалпы коррекциялық әдістерді жүргізу жолдары және ондағы ойынның маңызы23
ҚОРЫТЫНДЫ28
Пайдаланылған әдебиеттер30
КІРІСПЕ
Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және т. б. жағдайлар адамның жан-жақты дамуына ықпал етуде. Бұл ең алдымен дүние есігін жаңа ашқан балалар үшін аса қолайсыз болып отыр. Жан-жағымызға көз жіберсек, дене және психикалық дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалар саны өте көп екенін байқауға болады. Бірақ олардың қоғамның бір мүшесі екенін ескеру аса маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеудің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын дефектология ғылымы қарастырады. Дефектология мамандығы аса үлкен жауапкершілігі бар мамандық. Осы тұрғыда дефектолог маманының негізгі міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Яғни дефектолог- бұл осы категориядағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және кемістіктерін түзетумен айналысатын, ең негізгісі әлеуметтік ортаға қосуды қарастыратын арнайы маман болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бағдарлау, бейімдеу, кәсіптік және еңбектік реабилитациялау-қоғам алдында тұрған күрделі міндет болып табылады. Бала бойындағы қандай да бір кемістік оның толық дамыуына кедергі келтіреді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бағдарлау, бейімдеу және қайта қалпына келтіру психологиялық көмек, қолдау және арнайы оқытуға байланысты. Бейімдеу міндеттерінің ішіндегі аса күрделі үрдіс әлеуметтік бағдарлау болып табылады. Бұл міндеттер арнайы ұйымдастырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
Балалар ақыл-есiнiң артта қалуына негiзгi екi себеп бар: бiрiншiсi, туа пайда болады, екiншiсi, жүре пайда болады.
Туа пайда болған ақыл-естiң кемуiнiң бiрден-бiр себебi - гендiк ауру. Былайша айтқанда, даун ауруы деген атпен белгiлi болған ол хромосомалардың нормадан ауытқуынан болады. Мұндай аурумен туылған балалардың беттерi дөңгелек, көздерiнiң көлемi кiшкентай, саусақтары және алақан сызықтары өзгеше болады. Көбiне ол белгiлер балада туылған кезден байқалады, ал кейбiреулерiнде өсе келе айқын бiлiне бастайды. Бiзде даун ауруын облыстық перинаталдық орталықтағы цитогенетикалық лаборатория мамандары анықтайды
Ал, жүре пайда болған ақыл-ес кемiстiгi үш жағдайда: жатырда даму кезiнде зиян тиюден, босану кезiнде, туылған соң пайда болады.
Жоғарыда айтылған ақыл-ес кемiстiгiнiң бiрiншi түрi - көбiнесе әйелдердiң жүктiлiк кезiндегi түрлi ауруларынан болады. Олардың iшiнде ең көп тараған түрi - анемия, яғни қаназдық. Анемия адам жанына батпайтын ауру болғанымен, ол жатырдағы баланың бас миының дамуын тежеуге өте көп әсер етедi. Жүктiлiк кезiнде анемияны болдырмау қажет. Оның белгiлерiн күнделiктi айнаға қарап сәнденiп жүрген әйелдiң байқамауы мүмкiн емес. Ең бiрiншi, әйелдердiң терiсi мен ерiндерiнiң түсi бозарады. Қалыпты жағдайда ерiннiң түсi қызыл болуы керек. Сондықтан дәрiгерге көрiнетiн кезде әйелдер мүмкiндiгiнше ерiндерiн боямай барғаны абзал.
Көбiнесе аналардың босану кезiнде пайда болатын кемiстiктiң себептерi өте көп, сондықтан ең негiзгi түрлерiне тоқталып кетейiк: бiрiншi, әйелдердiң кiшi жамбас қуысының нормадан тар болуы. Мұндай негiзде аяғының ауырлағанын бiлген аналар дәрiгер-гинекологқа қаралуды өзiне мiндет етiп алуы керек. Екiншi, жатыр iшiндегi ұрықтың iрi болуын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтауға болады. Мұндай аппарат қат емес. Ол барлық бөлiмде жеткiлiктi және қолжетiмдi, жүктi әйелдер ақысыз өткiзiледi. Үшiншi, баланың кiндiгiнiң мойнына оралып туылуы, төртiншi, баланың жамбаспен келуi және аналардың әртүрлi жұқпалы аурумен ауруы.
Туылғаннан кейiнгi кезеңдегi зиян түрлерiнiң негiзгiлерiне бас, ми жарақаты, нейроинфекция, уланулар жатады.
Ақыл-естiң артта қалуына әкеп соғатын себептердiң негiзгiлерi осы. Ал, ендi оның белгiлерiн қалай бiлiп-тануға болады? Ол үшiн әр жастағы баланың психоневрологиялық даму нормасын бiлу қажет.
1 жастағы бала өз бетiнше аяғынан тұрып жүредi, алғашқы қадамын сүйеусiз жасайды, тамақты өзi iшуге әрекеттенедi, дауыстарды тани бастайды, айналадағылардың күлкiсiн келтiрген нәрсенi өз бастамасымен қайталайды, дұрыс және түбекке уақтылы отырғызған кезде үлкен және кiшi дәрет сындырады. «Болмайды» деген сөздiң мағынасын түсiнедi. 2 жастағы бала 5-6 кубиктан бағана тұрғызады, қолына қалам алып сызады, ересектердiң кейбiр әрекеттерiне елiктеп қайталайды. Тамақ iшкiсi, түбекке отырғысы келгенiн сөзбен жеткiзедi, қасықпен өзi тамақтанады. Түнгi уақытта асты құрғақ болады. Сөздiк қоры тез өсiп, 300 сөзге дейiн жетедi. 3 жастағы бала өзiнiң ұл немесе қыз бала екенiн айта алады, бiр аяқпен бiрнеше секунд тұра алады. Жуынады, әннiң мағынасы мен музыка ырғағына қарай өзiнiң қозғалысының бағытын, белсендiлiгiн өзгерте алады. Қысқа әңгiмелердi, бұрын естiген тақпақтарды, өлеңдердi, ертегiлердi қайта айтып бере алады. Суретке қарап әрекеттердi таниды. Сөздiк қоры 1200-1500 сөзге дейiн ұлғаяды. 2-3 санды, өзiнiң жасын, тұратын жерiн, өз атын бiледi.
Ал үш жастан кейiнгi баланың ақыл-есi оның тәрбиелену ортасына, әлеуметтiк-мәдениеттiк жағдайларға, конституциялық ерекшелiктерiне (сангвиник, флегматик, меланхолик, холерик) байланысты болады. Балабақшаға бару балалардың ақыл-есiнiң дамуына көп көмек бередi. Келісілген Ақшалай Жәрдемақылар бағдарламасы көмекке зәру отбасылардағы аналар мен балалардың бірнеше санатына қолдау көрсетеді. Осындай санаттардың бірі - ата-аналарымен үйде тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар. Бағдарлама тарапынан бөлінетін жәрдемақыны алу үшін ата-ана мүмкіндігі шектеулі балаларға үй жағдайында күтім көрсетуге арналған сабақтарға қатысу керек.
Мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келгенде ата-аналар алдында оны арнайы мекемеге беру керек пе, әлде үй жағдайында қарау керек пе деген таңдау шығады. Ата-аналар бала туылғаннан кейін психологиялық және өзге де қажет кеңестер алмайтындықтан, бұл өте қиын таңдау. Осы ретте балаларынан бас тартып жататындар да кездеседі. Десек те, баланы Алланың сыйы деп қабылдап, оны отбасы жағдайында тәрбиелеуге бел буатындардың саны басым. Ерекше қажеттілігі бар бала туу нәтижесінде осы уақытқа дейін аялап келген асыл армандары мен үміті, барлық жоспары бір күнде күл-талқан болғанына қарамастан, шындыққа тура қарап, алдағы қиындықтарға мойымастан баланы өздері тәрбиелеуге бел буған ата-аналар шын мәнінде «ерекше» екені даусыз. Ал белгілі бір жарақат не ауру салдарынан денсаулығынан айрылып, мүмкіндігі шектеулі болып қалған балалардың өздері және ата-аналары туралы не айтуға болады деп ойлайсыз?
Мүмкіндігі шектеулі баланы үй жағдайында тәрбиелеу туралы шешім қабылданып, алғашқы қадам жасалғаннан кейін олармен толыққанды жұмыс жасау міндеті тұрады. Десек те аналардың бәрінде сауықтыру бағдарламалары мен мамандардың кеңестеріне қол жеткізуге мүмкіндігі, не уақыты бола бермейді. Осындай аналарға арнап, КАЖ бағдарламасының мамандары арнайы оқыту тренингін дайындады. Бұл тренингке біздің пилотты облыстар болып табылатын Қызылорда мен Ақмола облысының мүмкіндігі шектеулі балалары бар тұрғындары қатыса алады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үй жағдайында көмек көрсету бойынша тренинг - ерекше тренинг. Бұл оқыту емес, балаларға күтім жасаудың тиімді жолдарын анықтау үшін ата-аналарға көмектесу. КАЖ бағдарламасы шеңберінде бенефициарлар болып 4 пен 16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар табылады. Десек те оларды біріктіретін осы көрсеткіш қана: әр баланың өз диагнозы бар және көбінің диагнозы бір болғанымен, әр балаға жеке көмек, жеке кеңестер беретін білікті мамандар керек. Біздің мақсатымыз - ата-аналарға балаларына күтім көрсету жолдарын жақсартуға, олармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өзіне және отбасы мүшелеріне деген қамқорлықты жақсартуға ынталандыру. Қолдау топтарының сабақтарының нәтижесінде ата-аналар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мамандарға және кеңес алу үшін КЕҰ-ға баруға қызығушылықтары оянады деп есептейміз.
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен жұмыс жасайтын әлемнің барлық бағдарламалардың ұранына айналған төмендегі сөздер, КАЖ бағдарламасының қызметкерлері мен еріктілерінің де ұранына айналды:
Сіз жалғыз емессіз. Әлемде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны сіз ойлағаннан әлдеқайда көп. Өзіңізді осындай мәселеге тап болған жалғыз отбасымыз деп ойламаңыз. Бәрі соншалықты жаман емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларда толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата-ана растайды. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Бүгінде қиын деп отырған мәселелер ертең Сізге жеңіл немесе кем дегенде үйреншікті болып кетуі мүмкін. Ерекше балаңызды тәрбиелеу Сізге де өзгелерге сынды қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.
1 БӨЛІМ. АҚЫЛ -ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. 1 Ақыл-ой кемістігі туралы жалпы түсінік және олардың түрлері.
Ақыл-ой кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения гректің «oligos» - сәби, «ptaen» - ақыл дегенді білдіреді. Ол қазақ тілінде ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психияторы Э. Креплин енгізген. Олигофрения ауруының белгілері болып табылатындар:
- Тұрақтылық;
- Қайталанбаушылық;
- Дефектінің органикалық түрде туындауы;
- Тез дамымаушылық;
Дамуында кемістігі бар балалардың көпшілігін ақыл-ойында кемістігі бар балалар (жалпы балалар популяциясының 2% ал кей маліметтерге қарағанда 3% ке жуығын) құрайды. Бүгінгі таңда ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларды төмендегі кестеде көрсетілген ретпен түсіндіругі болады.
Генетикалық формадағы ақыл-ой кемістігінде аурудың храмасамды Формаларын жатқызуға болады. Хромосомды форамлар бүгінгі таңда барлық ақыл-ой кемістік жағдайларын 15, 7% құрайды.
Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және сапалық жәрежесінің өзіне тән өзгешілігіне қарай олигофрения: идиотия, имбецильность және дебильност болып басты-басты үш топқа бөлінеді.
Идиотия-гректің сөзі. Оның қазақ тіліндегі мағынасы нақұрыс ұғымға тура келеді. Демек, идиотия туа біткен психикалық бұзылуының нәтижесінде болатын ақыл-ой кемісітігінің ең ауыр түрі.
Біріншіден, идиот балалардың физикалық дамуы өтте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және оның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған. Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздіктерінен емін еркін отырып-тұрып, түзу жүреде алмайды. Олар бүкіл денесімен аударылып төнкеріліп немесе теңселіп-шайқалып таспақаша митыңдап жүреді.
Екіншіден, идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан ары бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір - екі, буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді. Айткенменде бұлардың жеңілдеу түрлеріндегі сөйлеу тілдерінің бір шама сақталатындықтарын байқауға болады. Бірақ олар айтқан сөздерінің мағыналарын өздері түсінбейді.
Үшіншіден, бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайм деген шартты рефлекстерінің өздері өте қиыншылықпен орындалады.
Төртіншіден, идиот балалардың мінез-құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Олардың кейбіреулері өлі денеге ұқсап айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақты күнге қимылсыз сұлайып жатып алады немесе қозғалмастан бір орында мелшейіп отырады да қояды; ал басқа біреулері керісінше тынымсыз жүгіреді, секіреді немесе тонқалап асып құлайды немесе тісін ақситып шықырлатып қайрайды аузына іліккенді тістеп алып шайнайды.
Имбецил - латынның сөзі. Оның қазақ тіліндегі мағынасы әлсіз, дәрменсіз деген ұғымды білдіреді. Имбециль идиотқа қарағанда ақыл-ой кемісітігінің жеңілдеу тобына жатады. Олардың потологиялық кемістіктеріне зерттеу жүргізген кезде жүйке жүйелерінің әсіресе оң жағының құрылысы мен оның қызметіне залал келтіретін әр түрлі аурулар жиынтығының бітіраңқы қалдықтарының болатындығы анықталды. Сонымен қатар, мұндай балалардың бас миы қыртысының астындағы тораптардың бір қалыпты жұмыс істеуінің бұзылғандығын көрсететін бірнеше неврологиялық белгілердің де болатындығы жиі байқалады.
Имбециль балалардың ақыл-ой кемістіктері идиоттарға қарағанда бір шама жеңілдеу болғанымен, бірақ олардың қимыл қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Демек мұндай балалардың да қимыл қозғалыстары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дара бітімдерінің құрылыстары да қисайып-мйсайып бұзылған. Олар өздерінің дене мүшелерін кез-келген нысанаға бағытқа бұрып және бір-бірінен айырып қимылдатып, қозғалтуға шамалары келмейді. Мысалы, бір көзіңді қыс десең ол бүкіл бетін тыржитып-жиырып екі көзінде қысады, кейде қолымен жабады.
Толық жетілмей кем болып қалған дене мүшелері баланың көздеген мақсатына қарай емін еркін қимылап қозғала бермейді. Сондықтанда олардың дене мүшелері, әсіресе қолдары ешқандай бағыт бағдарсыз бет алды салдыр салақ сілтеніп қимылдайтындары жиі байқалады. Қолдарының, аяқтарының және саусақтарының қимылдары өте әлсіз және ебедейсіз шала жансар болады, емін еркін иіліп-бүгіліп, ашылып жазылмайд. Сондықтан да, мұндай балалар өздерінің ұсті бастарына қарап күтінуге шамалараы келмейді. Қолдары мен саусақтарының кемістігі олардың жазуы үйренулерінде қиындық туғызады.
Имбецилдердің мінез-құлықтарына олардың эмоционалдық ерекшеліктері белгілі бір дәрежеде белгілі бір ықпалын тигізеді. Олардың кейбіреулерінің көңіл - күйлерінің сіркесі су көтермей өне бойына реңдері солғын тартып айналасындағыларға енжарлана селсоқ қарап бір орнынан қозғалмай мелшиіп отыратын болса, ал екінші біреулері керісінше қолды - аяққа тұрмайтын ұшқалақ айналасындағыларға өте кішіпейіл, бауырмал және ақ көңіл, оның үстіне күн ұзаққа жағы бір тынбайтын көк ауыз, мылжыңдығымен жанындағыларды мезі қылады және не болса соған бұртиып өкпелегіш, ашуланшақ болады.
Қағида бойынша олардың сөйлеу түрлері мүлде дерлік жетілмей қалған, бар болғаны саналы сөздерді, оның өзіне тек заттардың аттарын ғана біледі. Олар білетін сөздерін бұзып айтады. Өздерінің де, басқалардың да сөйлеген сөздерінің мағыналарын түсінбейді. Имбецил балалардың ақыл - ойларының танып білу қызметімен талдау және қорытып жинақтау процесі өрескел бұзылған немесе мүлде жетілмей қалған. Ақыл - ойдың бұл сияқты күрделі кемістіктері оқудың, жазудың және есеп - амалдарының тіпті қарапайым оңай жолдарын үйренулеріне қиындық туғызады.
Имбецил деп аталатын ақыл - ой кемістігінің микроцефалия, гигроцефалия, дауна ауруы деген белгілі түрлері де бар.
Дебилдік - латынның сөзі. Оның қазақ тіліндегі аудармасы «деліқұлы» деген ұғымға тура келеді.
Баланың іштен туатын физикалық және психикалық дамуындағы патологиялық кемістігін «дебилдік», - деп атайды. Дебилдік олигофренологияның идеот пен имбецилден кейінгі үшінші тобына жатады. Дебил балдар қосалқы мектепте (негізгі оқу мерзімі еңбекке үйретуге жұмсалатын арнайы оқу программасы бар сегіз жылдық мектепте) оқиды. Дебилдер ондай мектепті бітіргендер: столяр (ағаш шебері), слесарь, киім тігуші, картонажник (қатырма қағаздан бұйым істеуші), сылақшы, токарь, кітап түптеуші және т. б мамандықтар алады.
Кемақылдық түрлі жағдайда үш жастан кейін де пайда болуы ықтимал. Оны жарақаттар, мидағы аурулар (менингит- делбе, менингит - энцефалит - мидың қабынуы) психологиялық аурулар т. б тудырады. Мұндай балалар олигофрендер емес, кем ақылға жатады.
Алайда олигофрен балалар мен кемақыл балаларға тән болатын бүкіл психикалық процестер - ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және басқа қабілеттер дамуының бұзылуы. Ақыл - ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік ойлану процестерінің жетілмеуі, атап айтқанда қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы болып табылады. Ойлауудың төменгі дәрежесі - олигофреннің негізгі кемістігі. Бұл жалпыға бірдей оқу программасы бойынша оларды оқытудың мүмкін еместігінің басты белгісі. Өйткені ондай прграмманы игеру адамның танымдық (ойлау) қызметінің әлдеқайда жоғары дәрежеде болуын талап етеді. .
Мысалы француз прогресшіл психологтары олигофрен балалардан интелекттің сақталып қалған белгілерін іздейді. Ақыл - ой интелектісінің даму дәрежесін төмендегі кестеден байқауға болады.
1. 2 «Кемтар бала» туралы ұғым, кемтарлықтың даму ерекшеліктері және олардың тілдік қорын дамыту.
Дефектологияда “Кемтар балалар” деп дене және психикалық ауытқуларының олардың жалпы дамуының бұзылуына әкеп соқтырған балаларды айтамыз. (грекше anomalos-дұрыс емес деген сөз) .
Дефект (латынша defectus-кемшілік, кемістік деген сөз) бала дамуының функциясын белгілі бір жағдайларға ғана байланысты бұзады. Бір кемістіктің болуы кемтар болып дамуды белгілемейді. Бір құлақтың естімей қалуы, әйтпесе бір көздің зақымдануы міндетті түрде даму кемістігіне әкеп соқпайды. Өйткені бұл жағдайда есту және көру сигналдарын қабылдау мүмкіндіктері сақталған. Кемістіктің бұндай түрлері ортамен қарым-қатынас жасауға, оқу материалдарын игеруге, орта білім беретін мектептерде оқуға бөгет бола алмайды. Яғни, бұл ақаулықтар кемтар дамудың себептері бола алмайды.
Жалпы дамудың белгілі-бір сатысына жеткен үлкен адамдағы кемістік, психикалық дамуы дұрыс жағдайда өткендіктен ешқандай ауытқуға әкеп соқпайды. Сондықтан, кемістіктің әсерінен психикалық дамуында бұзылуы бар және арнайы оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін балаларды кемтар балаларға жатқызады.
Кемтар балалардың негізгі категорияларына жататындар мынадай топтарды ќұрайды: есту ақаулықтары бар балалар (кереңдер, саңыраулар, кеш есту қабілетінен айрылғандар) ; көру ақаулықтары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер) ; сөйлеу ақаулығы бар балалар (логопаттар) ; ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар (ақыл-есі кем балалар, психикалыќ дамуы тежелген балалар) ; психофизиологиялық дамуында комплексті ақаулықтары бар балалар (керең, соқыр, мылқау, ақыл-ойы кем немесе соқыр, ақыл-ойы кем керең балалар - слепоглухонемые-орысшасы), тірек қозғалыс аппараты бұзылған балалар.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды өмірмен араластыру, оларды өндіріске бейімдеу - өте қиын әлеуметтік және педагогикалық мәселе.
Кемтар балалар - қиын және әртүрлі мінезді топ болып табылады. Дамудағы әртүрлі ақаулық баланың әлеуметтік қалыптасуына, олардың танымдық мүмкіндіктеріне және еңбек іс-әрекетіне өз әсерін тигізеді. Дефектілер сипатына қарай баланың даму процесінде кейбіреуі толыќ түзеледі, енді біреулері ыңғайланады.
Баланың дұрыс дамуының қиындығы мен сипатын олармен жасалған педагогикалық жұмыстың әртүрлі формалары анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz