Дербес компьютер туралы түсінік


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Дербес компьютер
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады. Мазмұны
1 Үстел компьютерлері
2 Тасымалы компьютерлер
2. 1 Лаптоптар
2. 2 Қалта компьютерлері
2. 3 Планшетті компьютерлер
3 Тағы қараңыз
Үстел компьютерлері
IBM 5150 as of 1981
Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.
Тасымалы компьютерлер
Лаптоптар
Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар («ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.
Қалта компьютерлері
Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.
Планшетті компьютерлер
Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.
1968 жылғы 9 желтоқсанда америкалық өнертапқыш Дуглас Энгельбарт компьютермен жұмыс жасаудың жаңа тәсілін әлемге алғаш рет көрсетті.
1968 жылы Сан-Францискодағы конференцияда Энгельбарт көрсеткен алғашқы компьютерлік тінтуір қызыл түймешігі бар ағаш корпусты өзімен ұсынды.
Бұл ретте курсорды жылжыту үшін заманауи құрылғылардағы сияқты шар емес, екі дөңгелек пайдаланылды.
Сол конференцияда көрсетілген көптеген технологиялар заманауи компьютерлердің жинақтары мен бағдарламалық қамтамасыз етуі елесі ретінде қызмет етеді. Калифорнияда компьютерлік тінтуірдің мерейтойында 40 жыл бұрын оны құруға қатысқан көптеген зерттеушілер жиналды.
Энгельбарттың тапсырысы бойынша алғашқы компьютерлік тінтуірді оның әріптесі, инженер Билл Инглиш құрастырды.
Жаңа құрылғының 1968 жылы жаңа құрылғының көмегімен Энгельбарт таңырқаған көрермендерге мәтіндік файлдарды қазір қалай көшіруге және сақтауға болатынын көрсетті.
Инглиш «электрондық нұсқаушымен» жұмыс үдерісінде ол әртүрлі құрылғыларды, оның ішінде сәулелі қалам мен джойстиктерді тәжірибеден өткізгенін әңгімелейді. «Тінтуірді пайдалану өте қарапайым. Оны ұстау жеңіл - қаламға қарағанда әлдеқайда оңай, және сізге керектіні жоғары дәлдікпен экранда бейнелейді», - деп Инглиштің сөзіне дәйек келтіреді Times.
Компьютерлік тінтуір өз атын ағаш блоктан түскен сымның арқасында алды және Энгельбарт командасына шын тышқанның құйрығын елестететін.
1970-жылдары Билл Инглиш Xerox компаниясына жұмысқа ауысып, ол жерде шарлық қозғағышы бар тінтуірлер әзірлеуге көмектесті. 1981 жылы Xerox компьютерлік тінтуірлердің топтамалық өндірісін алғаш рет іске қосты. Алайда тінтуір компьютерлік пайдаланушылар арасында Apple компаниясы тек 1984 жылы өздерінің Macintosh компютерлері үшін осы құрылғы өндірісіне патентті сатып алғаннан кейін ғана таныла бастады.
Компьютерлік тінтуірлер мысықтарды қызықтырмағанымен, бірақ адамдарға үлкен пайда келтіреді. Компьютерлік тінтуірлер нағыз даңқ Microsoft өзінің Windows операциялық жүйесі үшін оны таңдаған кезде келді.
Көптеген сарапшылар қол жеткізген қырық жылдықта компьютерлік тінтуірлер жақын арада зейнетке құрметпен шығарылады. Оны алмастыруға жаңа технологиялар - сенсорлық экрандар мен планшеттер, ауани пернетақталар келеді, тіпті ақыл-оймен компьютерді басқару жолдары әзірленуде. Тінтуірлерді қорғайтын компьютерлік мамандар оны есептен шығаруға әлі ерте дейді. Заманауи оптикалық және лазерлік тінтуірлер оның ішінде сымсыз нұсқалары компьютерлік пайдаланушыларға әлі қызмет етеді, деп санайды сарапшылар.
Apple компаниясы IPhone деп аталатын қалта телефонын жаңадан жасап шығарғандығын жариялады
Технология саласындағы тың жаңалық - Apple компьютер компаниясы қалта телефонының IPhone деп аталатын жаңа ұрпағын қолданысқа енгізді, онымен сөйлесіп қана қоймай, музыка тыңдап, сол музыканы телефонның миында сақтай аласыз. Сонымен жұдырықтай ғана қалта телефонында IPod музыка ойнатқышы, суретке, видеоға түсіретін камерасы және интернетке қосыла алатын мүмкіндігі бар.
Мобил телефонын тұтынушылар мен жанкүйерлер сонымен Apple компаниясына бұл жақсы жаңалық, жетістіктері үшін алғыс айтқан, қуанышты хаттарын үздіксіз жөнелтіп жатыр десе болады. Apple компьютер компаниясының бас басқарушысы Стив Жобс бұл жайында Сан-Францискода өтетін жылдық конференцияда жариялады. Жиналғандар, әрине, бұны ерекше қуанған жағдайда, ыстық ықыласпен қабыл алды.
- Бұл әрі музыка тыңдайтын IPod, әрі телефон, әрі интернетпен байланыстырушы. Міне, енді сіздер оны қолдана аласыздар. Бұл арада үш бөлектенген құрал, аппарат жоқ, бұл бір-ақ құрал және біз оны IPhone деп атаймыз. Міне, ол енді өмірге жолдама алды.
Стив Жобс жаңа телефонның қалай жұмыс істейтінін экранннан көрсетті. Жобс енді бір сәтте әуендік клиптерді қалай таңдауға болатынын көрсетіп берді.
- Мен музыканттарымның тізімі арасынан өзіме керектісін қалай таңдаймын, ол үшін тек телефонның бетіне саусағымды тигізсем болды-деді.
Apple технологиясының жанкүйерлері осыдан біраз бұрын IPhone деген жаңа қалта телефоны құрастырылып жатыр деген сөздер естілген уақыттан бері, бұл жаңалықты тағатсыздана күткен болатын. Және бұл арада аса бақытты болып, технологияның мұндай жетістігіне қуанып тұрған тек қана жанкүйерлер емес. Инвесторлар да нарыққа IPhone-ның келуі Apple компаниясының үлесін 8 процентке дейін көтереді деп бағалап, қуанып отыр.
Компания басшылығы осы бір нәзік құрылғы қазір музыка ойнатушы аспаптар - плайер нарығында жалпы сатылу құны 70 миллион доллардан асып, басымдыққа ие болған IPod сияқты аса үлкен табысқа жетеді деп үміттенеді.
Ал мобилді телефондар сатудың ғаламдық нарығы әлдеқайда кең, ол тек өткен жылдың өзінде 1 миллиард долларды құраған. Сонымен енді сарапшылар болса, IPhone енді Apple компаниясы үшін ең мықты табыс көзі болады деген тұжырым жасайды. Дегенмен де жаңа телефонның қазіргі бастапқы бағасы да оңай емес, ол кемінде 500 доллар тұратын болады, бұның өзі IPhone-ның тез арада бұқаралық нарыққа шығуына тез арада жол бере қоймаса керек. IPhone жаңа мобил телефоны Apple компаниясының жария еткен жалғыз жаңалығы емес. Компанияның электроника саласындағы тұтынушыларының саны өсіп отырғандығын ескере келе, енді ол тек қана Apple Inc деп аталатын болды.
IBM және Cisco бірдейленген коммуникациялар үшін жаңа платформа құрады IBM және Cisco корпорациялары бірдейленген коммуникациялар мен топтық жұмыстардың қолдауымен клиенттік қосымшаларды әзірлеу үшін жаңа платформалар құру жөніндегі бірлескен жоспарлары туралы жариялады. Eclipse және OSGi ашық технологияларына негізделген бұл платформа әзірлеушілерге өз шешімдеріне коммуникациялар мен топтық жұмыстарды қолдау үшін қызметтердің аумақты жиынтығын оңай қосуға мүмкіндік беріп қосымшалар құру үдерісін жылдамдатады. Одан басқа екі компания да тапсырыс берушілер үшін арнайы ұсыныстар шығару жөніндегі жоспарларын, оның ішінде коммуникациялар мен топтық жұмыстарды қолдау үшін арналған IBM және Cisco өнімдерін өзара байланыстыру үшін клиенттің жаңа платформасы мен қосылатын модульдер жиынтығы базасындағы бірлескен шешімдерін ұсынды.
Unified Communications and Collaboration Client Platform (UC2 Client Platform) жаңа тұтынушылық платформасы әртүрлі коммуникациялық қызметтерге оның ішінде дыбыс пен бейне беру үшін сервистерге қол жеткізуге Cisco API-интерфейстері жиынтығында және топтық жұмыстарды қолдау үшін Lotus Sametime тетіктерінің көбеюге қарастысын өзімен бірге ұсынатын IBM API-интерфейстері жиынтығында негізделген. Өз кезегінде Lotus Sametime шешімдерінің тетіктері OSGi және Eclipse ашық технологияларын пайдаланатын IBM Lotus Expeditor өнімінде негізделген. Бұл тапсырыс берушілер мен серіктестерге ДК-да, ноутбуктерде және ықшам мобилдік құрылғыларда Веб-браузерлерде орындалуға қабілетті қосымшалар мен сервистерді жеңіл басқарудың жаңа түрлерін құруға мүмкіндік береді.
Cisco және IBM коммуникациялар мен топтық жұмыстарды қолдау үшін өз клиенттерін құрған кезде UC2 Client Platform платформасын қолданады. 7. 5 болжамасының Lotus Sametime өнімі ендігі UC2 Client Platform платформасында орналасады. IBM корпорациясының жоспарларына сәйкес осы шешімнің жаңа шығарылымдары да көрсетілген платформаның мүмкіндіктерін пайдаланатын болады. Cisco корпорациясы сонымен қатар UC2 Client Platform платформасының базасында клиенттік қосымшалардың мынадай Cisco Unified Personal Communicator болжамаларын құруды жоспарлауды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz